logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Жексенбі, 10 Сәуір 2016 14:53

Әлем назары Алатау бөктерінде

 
Дауыс бер
(1 Бағалау)

11universiadaЕстеріңізге сала кетейік, 2011 жылы Астана мен Алматы қаласында VII қысқы Азиада ойындары өткен болатын. Сол кезде қазақстандық спортшылар толайым табысқа қол жеткізіп, жалпы есепте бірінші орынды жеңіп алған еді. Ұл-қыздарымыздың жетістігін былай қойғанда мемлекет тұңғыш рет ірі көлемдегі доданы ұйымдастыруда да алдына жан салмады. Әлемнің назары ауған бәсеке көпке үлгі болғандай. Тіпті сол жарысқа Қазақ елі бірінші рет алау эстафетасын ұйымдастырып, Азиада ойындарының бағдарламасына енгізген еді. Мұндай ерлікті көрген әлем жұртшылығы мен олимпиадалық комитет те жоғары бағасын берді. Астана қаласында жалауы желбіреген қысқы жарыстың ашылу салтанаты да талайдың таңдайын қаққызған. Жарыс өткен спорттық ғимараттары да заман талабына сай келіп, мәртебеміз бір көтеріліп қалған болатын. Тіпті сол жарыстан кейін Ресейде қысқы Олимпиадалық ойын өткені де есімізде. Мұндағы менің айтпағым, жарысты ұйымдастырушы жақтың бірнеше маманы келіп біздің өткізіп отырған додадан көптеген мәліметтер мен жарысқа енген бірқатар дода түрлерін де бақылады. Нақтырақ айтқанда, шаңғымен бағдарлау жарысына қызығушылық танытқаны да есімізден кете қойған жоқ. Міне, сол кездегі бедел мен мүмкіндікті анық байқаған олимпиадалық комитет Қазақстан Республикасына Дүниежүзілік Универсиада ойынын да сеніп тапсырды. Оны өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Осы орайда келер жылы Алатау баурайында шымылдығын түретін додаға аз-кем тоқталайық.

Алматыдағы 2017 жылғы қысқы Универсиадаға 55 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысады. Жарыс­ты ұйымдастыруға 3 мың ерікті жұмылдырылады (шетел мен Қазақстанның әр өңірлерінен). Жарыс уақытында 30 мыңға жуық шетелдік қонақ пен турист келеді деп күтілуде.

Алматы – студенттер қаласы. Қазақстанның әрбір 4-ші студенті оңтүстік астанада білім алуда. Қысқы Универсиаданы 80 елден 1 млрд. адам телеарналардан тамашалайды.

СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАМА:

2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 12 спорт түрінен өтеді: биатлон, шаңғы спорты, кёрлинг, коньки спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғымен жарыс, шаңғымен тұғыр­дан секіру, сноуборд, мәнерлеп сыр­ғанау, фристайл, шайбалы хоккей, шорт-трек.

Жарыс 8 спорт нысанында өте­ді: «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы, «Медеу» спорт кешені, «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешені, Б. Шолақ атындағы спорт және Мәдениет сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон кешені, Мұз сарайы, Мұз аренасы және Алматының орталығындағы уақытша спорт кешені. Универсиада тарихында бірінші рет спортшылар жарыс уақытында тұратын атлеттер қалашығы болмақ.

НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ:

Универсиада нысандарының ашы­луы – 12 мың орынды Мұз аре­насы, 3 мың орынды Мұз сарайы және атлеттер қалашығы – Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлау­ға арналған биылғы тамыз айында өтеді. Әлемдегі экономика­лық тұрақсыздыққа қарамастан, құ­рылыс жұмыстары дәл уақытында аяқталады.

Алматы қаласында болатын Универсиада – ең біріншіден, қаладағы бұқаралық спорттың дамуына жаңа күш беретін және қала тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ететін әлеуметтік жоба. Универсиаданың 3 спорт нысанын қазақстандық құрылыс компаниялары жүргізуде.

Универсиаданың жаңадан бой көтеріп жатқан спорт нысандары 2016 жылдың 30 тамызында өткізіледі. Биылғы жылдың 28-ші нау­рызында Медеу ауданындағы сыр­ғанау алаңы өткізілді, ал шілденің 6-сында бас аренаның, әкімшілік ғимараттың құрылысы және аймақтың абаттандыру жұмыстары аяқталады. Одан бөлек, әкімшілік ғимараттың, бассейннің, 12 мың орынды Мұз аренасының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, ал негізгі блок 2016 жылдың мамырдың 9-ында тапсырылады. Атлеттер қалашығы алаңының абаттандыру жұмыстары тамыздың 1-інде аяқталады.

Жарыс алдында барлық спорт нысандары халықаралық дәрежедегі жарыстарды өткізе алатындығын растайтын халықаралық сертификациядан өтеді. Қазіргі уа­қытта Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешені сертификациядан өтті. Уни­версиада алдында спорт нысандарында 2016 жылдың күзінен бастап тестік жарыстар болады.

Қазіргі таңда 5000 адамға арналған, жарыс уақытында спортшылар тұратын атлеттер қала­шы­ғының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атлеттер қалашығында әлеуметтік инфрақұрылым (кафе, ресторандар, емханалар, банк бө­лім­шелері және т.б.) жақсы дамып, көлік торабы кеңейтіледі. Бұл Ал­маты қаласы Алатау ауданының да­муы­на қосымша мультипликативті күш береді.

12 000 және 3 мың адамға ар­нал­ған Мұз кешендері Универсиа­даның ескерткіштері болып қалмақ. Болашақта жыл сайын 800 мың көрерменді қабылдай алатын Қазақстанның ірі спорт нысандарының бірі болады.

Мұз сарайы. Мұз сарайы ең бірінші рет өз жұмысын 2017 жылғы қысқы Универсиада кезінде бастайды. Ареналар, студенттік ойындар аяқталғаннан кейін де қолдануға болатындай мақсатпен арнайы жасалған. Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты, керлинг, мәнерлеп сырғанау жарыстары осында өтеді. Мұз сарайы кәсіпқой спортшылар дайындық жасауға келетін спорттық нысан болады. Аренаның мүмкіндіктерін кез келген адам қолдана алады.

Мұз аренасы. Бүкіләлемдік қысқы Универ­сиа­да уақытында Мұз аренасы ерлер арасында шайбалы хоккейден жарысты қабылдайды. Спорт кешені көпфункциялы. Мұз аренасы 3000 көрермен сиятын трибунадан және 300 көрерменге арналған кіші аренадан тұрады. Бұл жер волейбол, баскетбол, шағын футбол және т.б. спорт түрлері алаңына трансформациялана алады.

Атлеттер қалашығы. Қысқы Универсиадалар тари­хында бірінші рет атлеттер қала­шығы болмақ.

Атлеттер қалашығы 8-9 қабатты 8 ғимараттан және 14 қабатты 4 ғимараттан, орталық алаңнан, 800 орынды асханадан, бассейн, медициналық орталықтан, кинотеатр және тұрмыстық қызмет көрсететін бөлмеден, 2 қабатты, инфрақұрылысы дамыған, Универсиадаға қатысушыларға қызмет көрсететін платформадан тұрады.

Елімізде өтетін дүбірлі доданың қай жерде және қандай спорттық нысанда өтетіні жайлы қысқаша ақпарат бердік. Келер жолы жарыстың тұмары жайлы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Оқылды 2554 рет Қайталау: Жексенбі, 10 Сәуір 2016 17:02

Күнтізбе

« Қазан 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сайтта: 397 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане