logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Сенбі, 23 Сәуір 2016 00:00

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

1alamana Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз сегіз балуан бақ сы­нап, мықтыны анықтады.

Жыл санап төл өнеріміз төрге озып келеді. Бәсекеге қатысқандардың арасында осалы жоқ. Сайдың тасындай іріктелген оғландар қарсыластарын алып та, шалып та жығып, жеңістің туын желбіретті.

Балуандар ортада сап түзеп, жарыстың ашылуын тағатсыздана күтті. Бәсекенің шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев пен Мәскеу Олим­пиадасының чемпионы Жақсылық Үш­кем­піров, ҚР қазақ күресінің бас жаттық­ты­рушысы Жеңіс Биткөзов ашты.

Салтанатты шарада сөз алған Бақтияр Әлтайұлы облыс бойынша спортқа жаса­лып жатқан қамқорлық пен жетістіктерге тоқтала кетті. Соның ішінде ұлттық спорт­қа облыс әкімінің ерекше көңіл бөліп отырғанын тілге тиек ете келіп, осымен алтыншы рет жалауын желбіретіп отырған «Жетісу бөрісі» турнирінде бақ сынайтын балуандарға сәттілік тіледі. Мұнан кейін Жақсылық Үшкемпіров ағамыз жігіттердің намысын қайрап, жалынды сөз арнаса, Әлімғазы Райымбеков атамыз ақ батасын берді.

Мәртебелі қонақтардың сөзінен кейін балуандар жеребе тартып, өз қарсы­лас­тарын анықтады. Мақаламыздың басында айтқандай, күрестің әлеуеті жоғарылап, сапасы да артып келеді. Жаңа есімдер мен үздік балуандарымыз да додада бой көр­сетіп, шымырлықтарымен, өзгеше әдіс-тәсілдерімен айшықталды. Солардың ішінде 2011 жылы тұңғыш «Қазақстан Барысы» атағын жеңіп алған балқаштық Ұлан Рысқұл, Әлем чемпионы Тоқтар Қаркатеров, өткен жылғы «Жетісу бөрісі» атанған қарасайлық Александр Касачев, Жәнібек Дүйсенбаев белдесудің беделін одан ары жоғарылатты.

Сонымен екі топқа бөлінген балуандар бә­секесі де басталды. Қос қапталдан ал­ғалаған ағайынның қолдауы құлақ тұн­ды­рады. Намысты қолдан бермейтін жігіттер жан алып, жан берісті. Моншақтап тер төккен мықтылары алға озды. Алакөлден Ала­тау баурайына дейінгі, мына жағы Хантәңірінен Балқаш көліне дейінгі ау­мақтан жиылған балуандардың ішінде бәсі биіктер суырылып шығып, ширек финалға сегіз балуан өтті.

Осы сегіздіктің ішінен үздікті таңдау қиынға соқты. Балқаштың барысындай айбаттанған Ұланның ерлігіне қол соқ­паған жанкүйер болмады. Ширек финалда Алакөлдің тумасы Жомарт Болатханұлы мен Ақкөлдің жігіті Ұлан Рысқұл белдесті. Екі мықты көп аңдысып жүрмеді. Бірден кірісіп, әдіс жасауға талпынды. Алакөлдің жігіті қанша тырысқанымен қарсыласын құлата алмады. Салмағы жағынан да ауыр тартатын Ұлан белден қапсыра құшақтап, Жомартты алып ұрды. Ортадағы төреші таза деген жеңісті белгілегенше жан­күйерлер де қиқулап сала берді. Осылайша Ұлан жартылай финалға жолдама алды. Сарқандық Жігер Сәкенұлы мен қара­сайлық Қазыбек Рамазановтың арасындағы белдесуде Жігердің бағы жанды. Екі мәрте бүк ұпайын еншілеп, соңында жартылай тастаған Жігер жеңіске жетті. Жартылай финалда оның жолын Ұлан тосты. Ал екінші кілемде көксулық Айдос Қаңлыбаев пен текелілік Нұрсұлтан Аманжолұлының арасындағы күресте тау баласының бағы жанды. Айдостың аты көпшілік жанкүйер­ге жақсы таныс. Бірнеше рет аталмыш до­даның бас жүлдесін қанжығасына байлаған. Нұрсұлтан болса жүлдеге қол жеткізбеген жас спортшы. 140 келі тартатын екі мықты бір-бірін жеңе алмай біраз әбігерге түсті. Ақырында «Күш атасын танымайды» де­гендей, жас балуан Нұрсұлтан көксулық жігітті алып ұрды. Таза жеңіске қол жет­кізді.

Екінші болып ортаға Александр Касачев шықты. Ол алакөлдік Олжас Қайратұлын қапы қалдырды.

Ұлан мен Жігердің арасындағы белдесу көптің көкейінде ұзақ қалатыны сөзсіз. Кескілескен додада Жігердің қабағы жыры­лып, жанкештілік көрсетті. Жарақатқа қарамай, тайсалмай күрескен Жігер Бал­қаштың балуанына тегеурінді қарсылас бола білді. Ақырында оң жамбасына оң­тайлы жатқан Жігерді таза тастаған Ұлан ақтық сынға жолдама алды. Бұл осы тур­нир­дегі ең әдемі, сауатты, таза жасалған әдіс болды десек артық айтпағанымыз. Ал екінші кі­лем­нен суырылып Александр Касачев шық­ты. Ол алып Нұрсұлтанды қаң­­бақша лақ­тырды. Салмағы басым бол­ға­нымен шебер­лігі жетіспеген текелілік жас балуан жеңі­луге мәжбүр болды. Фи­налда Қарасай мен Балқаш ауданының балуандары кездесті. Ұлан мен Алек­сандр­дің белдесуі де қы­зықты өтті. Шын мық­тыға тұсау жоқ. Ай­да­рынан жел ескен Ұлан кеудесінен асыра лақтырып, таза жеңіске қол жеткізді. Жуыр­да ғана Сыр бойынан Жетісуға келіп, қазыққа атын байлаған Ұлан Рысқұл 2016 жылғы «Же­тісу бөрісі» атанды. Үшінші орынды Жігер Сәкенұлы еншіледі.

Осылайша дүркіреп өткен дүбірлі додада жеңімпаз атанған балуандарды облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнер­баев, Жақсылық Үшкемпіров және облыс­тық спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шәрапиев марапаттады. Алтын тұғырдан қол бұлғаған Ұланға «Темір тұлпардың» кілті мен алтын белбеу табыс етілді. Екінші орын иегері Александр Касачев 300 мың теңгемен марапатталса, қола жүлдегер Жігер 100 мың теңгеге қол жеткізді.

Ұлан мен Александр алдағы республикалық додада Алматы облысының намысын қорғайтын болады. Сәттілік жолдас болғай!

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Оқылды 538 рет Қайталау: Жексенбі, 24 Сәуір 2016 13:44
Тағы осы тақырып бойынша: « «ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сайтта: 62 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане