logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2015 18:00

Заманауи емхана

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғанда бұл қуанышқа халықаралық қауымдстықтан бірінші болып қол соққан, егемендігімізді ресми таныған Түркия Республикасы еді. Қазақта «қанына тартпағанның қары сынсын» деген мақал бар. Түрік бауырларымыз сол мақалдың шындығын іс жүзінде көрсетті. Содан бергі кезеңдер ішінде екі ел арасындағы рухани-экономикалық қарым-қатынастар тек нығаю үстінде. Достастық мысалдары екі халықтың игілігіне арналып жатыр.

Соның бірі 2011 жылы Алматы қаласында ашылған Almaty Sema Hospital емханасы. Ол ТМД аумағында бірінші болып біздің елде шаңырақ көтерді. Осы оқиғадан қазақ пен түріктің бір-біріне деген құрметі мен сенімі анық байқалады. Екіншіден, оның отандық медицинаға жасайтын ықпалы аз емес. Әлемдік жетістіктерді әріптестерден үйренудің пайдасы зор. Үшіншіден, талантты жастарымыз, білгір мамандарымыз Түркия емханасында өз­дерінің біліктерін сынайды, тәжірибелерін шыңдайды. Ең бастысы, еліміздегі науқасқа шалдыққан адамдар ерекше ем іздеп шетелге аспайды. Қаржыларын босқа шашпайды. Өйткені, әлемдік деңгейдегі үздік мамандарды аталған емханадан табасыз.

Sema емханасы бас директорының орынбасары Майра Бөгембаева осындай елдік байланыстардың халқымыз үшін оң ықпалы бар екенін айта келіп, біраз жайлардың мәнісіне тоқталды.

– Төрт жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Түркияға барды. Осы кезде бірқатар екіжақты келісімдер жасалды. Соның ішінде медицина саласындағы қарым-қатынастар да бар еді. Екі ел басшылары әсіресе кардиохирургия бойынша емделуге зәру науқастарды аурудан айықтыру үшін күш біріктіру қажеттілігіне тоқталды. Соған байланысты нақты шешімдер қабылданды.

Ол кезеңде қазақстандық кардиохирургияның деңгейі бүгінгідей емес болатын. Мамандар аз, науқастар көп. Жүрекке ота жасау кезегінде 3,5 мың адам тұрды. Емханаларды білікті мамандармен, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жайы кемшін соғып жатты. Осындай сәттерде бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін түркиялық әріптестеріміз көмек қолын созды.

4 жылдың ішінде Almaty Sema Hospital-інде 1000-нан астам күрделі ота жасалды. Оның 600-ге жуығы жүрекке ашық жасалды. Осы жұмыстардың 90 пайызы мемлекеттік тапсырыстар бойынша орындалды. Нәтижесінде қаншама адам өмір есігін қайта ашып, қатарға қосылды. Адамдардың алғысы – біз үшін ең үлкен марапат.

Қазір Sema Hospital-ға емде­лу­ші­лердің қатары күн санап көбеюде. Облыс орталықтарында да емхананың бөлімшелері көптеп ашылып жатыр. Енді науқастардың қайда емделгісі келеді, таңдау мүмкіндіктерінің аясы кеңейді.

Емхана мамандарының әңгімелеріне құлақ түрсек, бәрі де түрік медицинасының даму деңгейін мақтанышпен айтады. Оны әлемдегі ең жетілген медицинаның қатарына қосады. Емхана Жапония, АҚШ, Германия, тағы басқа еуропалық елдердің атақты фирмалары шығарған медициналық қондырғылармен қамтамасыз етілген. Дәрігер бойындағы сапалы білімге, саналы білікке өркениеттің құрал-жабдықтары қосылса, оның қандай нәтиже беретіні айтпаса да түсінікті. Мәселен, кардиология бөлімінде тарылған күретамырды балондық ангиопластика әдісімен стентирлеу отасы ойдағыдай жасалады. Туа біткен жүрек талмасын емдеп жазу қолға алына бастады.

Емхана меңгерушісі Әсет Жаңабек мұндағы жұмыс үдерісімен жан-жақты таныстырды. Жалпы хирургия бөлімін аралағанда ол жерден бейнеэндоскопиялық қондырғылармен таныстық. Бұл қондырғылардың өзіндік ерекшелігі мынада екен: қан ағызбай, зонд арқылы ішкі құрылысты, кеудені, жамбас қуыстарын айнадан қарағандай анық көре отырып ота жасауға болады. Бұлай етудің зардабы аз, жолы жеңіл.

Емханадағы хирургиялық бөлім 24 сағат үзіліссіз жұмыс істейді. Мұнда әкелінген науқастың хал-жағдайы бір сағаттың ішінде жедел анықталады. Шұғыл көмек көрсетіледі. Емхана палаталары кең де жарық. Осынау терезелердің арғы жағында ақ желеңді дәрігерлердің маңдай терін он төгіп, күндіз-түні өмір үшін күресіп жатқанын біреу білсе, біреу білмейді. «Емделген әрбір науқас толықтай жазылғанша жанымыз жай таппайды», – дейді бізге жолыққан емхананың бас директоры Эркан Женгиз. Дәрігердің өз ісіне деген жауапкершілігі, адамдарға деген ықыласы мен сүйіспеншілігі айтылған осы бірауыз сөзден де анық көрініп тұрғандай.

Енді бір сәт деректерге зер салсақ, көңіл сүйінетін көптеген жайларды байқаймыз. Түркия медицинасының қарқынды өсіп, дамыған елдердің санатына қосылғанын біз жоғарыда айттық. Елдегі емханалардың көпшілігінде халықаралық JCI аккредитациясы бар. Осындай негізде жұмыс істеп отырған Түркия медицинасы – медициналық туризм еліне айналды. Елдегі бас емхана Sema Istanbul-ға жыл сайын 20 мыңнан аса еуропалық келіп, аурудан айығып жатады екен.

Талғамы жоғары еуропалықтардың кез келген жерге бармайтыны белгілі. Олар ең алдымен озық инновацияларға ден қояды. Дәрігерлердің үздігін таңдайды. Осы тұрғыдан алғанда, бұл жердегі барлық емдеу шаралары олардың ойынан шыққаны сөзсіз. Сол сияқты, Түркиядағы дәрігерлік емдеудің сапасы жоғары, ал бағасына келсек – ол Германия мен Израильдегі мөлшерден екі есеге жуық арзан. Ізденістер мен еңбектің арқасында осындай қолжетімді мүмкіндіктерге ие болған. Бауырлас елдің мұндай тәжірибесін ортақ игілікке пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан, Sema – медициналық жаңа технологияларды Қазақстанға жеткізетін көпірдің рөлін атқаруда.

Түркияда медициналық кадрларды даярлау жүйесінде үлкен өзгерістер өріс алған. Бұл жерде дәрігерлік мамандықты таңдаушылар қатаң іріктеледі. Білімімен қатар бейімділігі, дәрігерлік мамандықты ерекше ұнатқаны барынша ескеріледі. Медициналық оқу орнына түсу балы өте жоғары. Дәрігерлікті мектепті үздік бітіргендер ғана таңдай алады. Олар теорияны жетік меңгеруі керек. Практикалық даярлығында кемшілік болмауы қажет. Өйткені, ақ желеңді абзал жандар – өмір үшін күресетін денсаулық сақшылары.

Түрік еліндегі медициналық университеттің орны бөлек. Медицина ғылымының соңғы жетістіктері осы жерде қолданылып, тәжірибеден өтеді. Жан-жақты зерттеледі, зерделенеді. Мәселен, Америкада жарық көрген үздік монография осы университеттің арқасында аз уақыттың ішінде түрік тіліне аударылады. Содан кейін оны барлық дәрігерлер жете оқып, үйреніп, жұмыстарына еркін пайдаланады. Кардиология, кардиохирургия, офтальмологиядағы жаңа тәсілдердің Еуропа аймағында ең алдымен Түркияда сынақтан өтетіні сондықтан. Анталиядағы онкологиялық емхана Еуропадағы емдеу орындарының көшбасшысы болып отыр.

– Қазақ елінде қызмет етіп жатқан соң Sema жергілікті мамандарды да даярлауға барынша көңіл бөледі. Біздің емханамыз – Фатих университетінің жанындағы Sema Istanbul университеттік емханасының бөлімшесі.

Осы негізде емханамыз үшін қазақ жастарынан кадр даярлауға белсене кірістік. Ұлттық медициналық университет пен медициналық колледждер түлектері арасынан арнайы байқау арқылы талапты әрі талантты жастарды іріктейміз. Үйрену дәрістері ең алдымен Ыстамбулда басталады. Одан кейін Алматыдағы емханамызда жалғасады. Қазақ жастары қабілет-дарынымен көзге түсіп, көңілден шығуда. Бүгінгі таңда олардың арасынан 100-ден астам коронография, ондаған стентирлеу жұмыстарын ойдағыдай орындағандары бар. Қолқаны коронарлық шунтирлеу, клапандарды протездеу жұмыстарын да жақсы меңгерген дәрежеге жетті. Сонымен қатар, ізденуге ден қойған мамандардың мақалалары ғылыми басылымдарға жарияланады. Олар халықаралық конференцияларға қатыса алады. Қазақ жастары шетел аспай-ақ өз жерінде отырып осындай зор мүмкіндіктерге қол жеткізуде.

Бас дәрігер Адем Дженкжи, кардиолог Исмаил Атеш, кардиохирургтер Энвер Левент, Нұрәлі Шәкіров, Еркебұлан Мағауин, Бауыржан Дүйсенбин, сәулелік диагностикадан бас маман Бағдат Медеев, офтальмолог Лунара Мәмеқадырова, уролог Әсет Жаңабектер өз істерінің жетік білгірлері. Біздегі дәрігерлік құрам осылай болып жалғаса береді, – дейді Майра Бөгембаева.

Біздің анық білгеніміз, Алматыдағы түрік емханасы – заманауи емхана. Оның келешегінің кемел екендігіне күмән жоқ. Қазір нейрохирургиямен, урологиямен, гинекологиямен, отоларингологиямен де белсенді айналысуға бетбұрыстар жасалды. Диагностика мен емдеудің аз инвазивті әдістерін пайдалануды жоспарлап отыр. Жедел кардиологиялық жәрдем көрсету жұмысы жолға қойылды. Күн тәртібінде тұрған басқа да өзекті мәселелер аз емес.

Ең бастысы, Almaty Sema Hospital-дің Қазақстан жұртына тигізетін пайдасы күн өткен сайын еселеп арта түсуде.

Болат МӘЖИТ

Алматы.

 

Оқылды 889 рет Қайталау: Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2015 18:37

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сайтта: 172 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане