logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158

Ақсу өзенінің екі жағасына орныққан ел жарты ғасырға жуық нәпақасын тәтті түбір өсіруден тауып келді. Дерек көздеріне үңілсек, 82 гектар аумақты алып жатқан Ақсу қант зауыты 1967 жылы салынды.

Қайталау: Сейсенбі, 12 Сәуір 2016 04:27

Облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Серік Тұр­далиевтің жетекшілігімен жиын болып өтті.

Қайталау: Сейсенбі, 12 Сәуір 2016 04:36

1b 1

Көктем айы бірде жылы, бірде қара суығымен ерекшеленеді. Табиғат-ананың қайта түлейтін осы бір шағында ауыл еңбеккерлері үшін маңызды істің бірі – егіс науқаны басталады. «Көктемнің бір күні жылға азық» дегенді мықтап есте ұстаған шаруалар жыл бойғы азық-түліктің қамын жасауға кіріседі. Сол себепті күн жылынып, жер қарайған шақта егістік алқабы тіршілікке оранып, қауырт жұмыс қыза түседі.

Былтыр қант қызылшасы ал­қабынан мол өнім алу үшін ерте кезден қам-қарекет жасалған бо­латын. Нәтижесі жаман болған жоқ. Бағалы дақылдан жоғары өнім алынып, берекені тасытқаны белгілі. Сол толайым табысты одан әрі өрістету үшін диқандар биыл да Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы «Хильниченко и К» шаруа қожалығының қант қы­зылшасы алқабында бас қосты. Облыстық деңгейде өткен се­минар-кеңеске облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ, ауыл­шар­уа­шылығы саласының ғалымдары мен жауапты қызметкерлер, шаруа қожалығының басшылары қа­тысты.

Амандық Ғаббасұлы алдымен арнайы ұйымдастырылған көр­мені тамашалады. Онда қазақ егіншілік және өсімдік шар­уа­шылығы ғы­лы­ми-зерттеу инсти­тутының ғы­лыми жұмыстары мен жеткен жетістіктері көрсетіліп, «Генезис-М», «КазАгро-Вет-Снаб», «Син­гента Қазақстан» жауап­кершілігі шектеулі серік­тестіктері, тағы басқаларының ауылшаруашылығы дақылдары, соның ішінде қант қы­зыл­ша­сы­ның тұқымдары, арам­шөптер мен зиянды жәндіктерге, өсімдік ау­руларына қарсы қол­данатын әр­түрлі өнімдері қойыл­ған. Бұдан соң әкім «Хильниченко и К» шар­уа қожалығының жаңа тех­ни­ка­ларына және алқап басын­да жүріп жатқан дала жұмыс­тарына назар аударды.

– Біз Елбасының ауыл­шар­уа­шылығы саласын өркендетуге, соның ішінде қант қызылшасын дамытуға байланысты берген тап­сырмаларын жүзеге асыру мақ­са­тында қолда бар мүмкіндікті пай­дал­ана отырып саланы өрістетуге күш салудамыз. Өздеріңіз біле­сіздер, өткен жылды жақсы табыс­тармен аяқтап, тәтті түбірден ой­дағыдай өнім алдық. Көксу қант зауыты да жұмыс істеп тұр. Қазіргі кезде Ақсу ауданындағы зауытты іске қосу үшін тиісті іс-шараларды қолға алып, сол бойынша жұ­мыс­тар жүргізілуде. Біз Сіздердің са­ланы өркендету бағытында атқарып жатқан істеріңізді бағалаймыз, сол үшін шексіз алғысымызды біл­дір­гіміз келеді. Бұған масаттанбай, жұмыстың одан әрі жандануы үшін әлі де күш жұмсауымыз керек. Бұл үшін Үкімет тарапынан қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер жан-жақты қарастырылуда, – деген Амандық Ғаббасұлы мол табысқа жетудегі ілкімді істерді одан сай­ын жандандыру қажеттігін сөз етті.

Айта кетейік, биыл облыс бойын­ша 6423 гектар жерге қант қызылшасын егіп, барлығы 224025 тонна өнім жинау көз­деліп отыр. Өнім әр гектарынан 350 центнерден айналуы тиіс. Былтыр жаңа технологияны ба­рын­ша пай­даланған шаруа­шы­лықтар мол өнімге қол жеткізді. Солардың бірі Хильниченко и К» шаруа қожа­лығы. Биыл олар 368 гектар жерге тәтті түбір тұқымын екпек.

Егіс алқабында ауылшар­уа­шы­лығы ғылымының профес­соры, кандидаты атанған ма­ман­дар ше­берлік оқуларын өткізді. Олар өнім­нің дұрыс өсіп-же­тілуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін көктемгі егіс алдында жерді өңдеу, топырақ құнарлылығын арттыру, минералды тыңайт­қыш­тар мен гербицидтерді дер кезінде енгізу, зиянкестермен күрес жүр­гізу, ауыспалы егістік жүйесін сақ­тау, өсімдіктерді қоректендіру, оларды әртүрлі аурулар мен арам­шөп­терден қорғау, сапалы тұ­қым­дармен қамтамасыз ету, тәтті түбір­дің егіс техно­логия­сы. сияқ­ты іс-шаралардың дұрыс жүр­гі­зілуі керектігін жан-жақты тү­сін­дірді. Диқандар да өзара тәжірибе алмасып, көкейлерінде жүрген сауалдары мен ұсы­ныс­тарын, ой-пікірлерін ортаға тас­та­ды.

Айгүл Байбосынова

Ескелді ауданы.

Қайталау: Жұма, 08 Сәуір 2016 15:48
Дүйсенбі, 09 Қараша 2015 18:00

Жаһанданудың кереметі

Жақында Астана қаласында ҚР Инвестиция және даму ми­нистрлігі мен Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі бас­қар­масы екінші рет семинар-тренинг ұйым­дас­тыр­ды. Инно­ва­ция та­қырыбына байланысты өткізілген жиын­ға республикалық және об­лыстық деңгейдегі бұқа­ралық ақпарат құралдарының өкіл­дері қа­тысты.

Сәрсенбі, 04 Қараша 2015 18:00

Экономикалық әріптестікті дамыту

Сәрсенбінің сәтті күні Алматы қаласындағы алып ғимарат «Қазақстан» қонақүйінің Абай залында облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ Чехия Республикасының Ауылшаруашылық министрі Мариан Юречкамен кездесіп, екіжақты экономикалық әріптестікті дамыту жайын сөз етті.

Жұма, 11 Қыркүйек 2015 18:00

Кімге пайда? Кімге қатер?

Сонымен 20 тамыздан бастап Қазақ Үкіметі валюта дәлізін жойып, теңге бағамын еркін айналымға жіберді. Қазақстан қор биржасында таңертеңгілік саудада 1 АҚШ доллары 255 теңге 26 тиыннан сатылды. Содан бері бір өсіп, бір құлдыраған теңгенің долларға шаққандағы теңгерімі ел ішіндегі бағаның және экономикалық қарым-қатынастардың ретсіздігін тудырмай қалмады. Тіпті, кейбір жоспарларды қайта қарауға тура келді. Бір қызығы, доллардың өсуін елдегі ірі экспортерлер қуана қабылдады. Олардың пікірінше, доллардың өсуі – бұл, бірінші кезекте, елдегі үлкен бизнесті, үлкен өндірістерді қолдаудың қамы. Сондай-ақ, жұмыс орындарын сақтап қалудың, қысқартпаудың ең тиімді жолы. Доллардың қымбаттауы баға арзандығына есесін жіберіп жүрген отандық кәсіпкерлердің қуанышын еселей түсті. Өйткені билік доллар бағамы өспес үшін осыған дейін Ұлттық қордағы қаржыны пайдаланып келді. Расында, экономикалық заңдылық бойынша нарықты жасанды тежеуге болмайды.

Сәрсенбі, 19 Тамыз 2015 18:00

Бағалы дақылға бетбұрыс

Соңғы жылдары қант қызылшасын молынан өсіруге баса мән беріле бастады. Сондықтан, маңызды істің біріне ай­налған қызылшашылар мәселесі үнемі назарда. Айта кетейік, еліміз 2020 жылға қарай бұл дақыл өндірісін бес есеге көбей­туді жоспарлап отыр. Тәтті түбір көлемін арттыру қажеттігі туындаған шақта мемлекет тарапынан бірқатар көмек көр­сетіліп, қолдаулар жасалып жатқанын айта кеткен жөн. Ендігі мақсат, сол межелі міндеттің үдесінен шығып, жұмысты абыроймен атқару. Бұған сала маман­да­рымен қатар облыс, аудан басшылары да ерекше көңіл бөліп отыр.

Қазіргі кезде Қазақстанда топырақ құ­нары күрт төмендеп кеткен. Бұл туралы егістік жерлерге ұзақ жылдан бері зерттеу жүргізген ҚР Ауылшаруашылық министрлігі мәлім етті. Қазір елде 24,2 млн. гектар жерге егіс егіледі. Мемлекет 2007 – 2014 жылдар ішінде 17 мил­лион гектар немесе 70,3 пайыз егістік топырағына агро­химиялық зерттеу жүргізген. Оның ішінде 16,4 млн. гектар тәлімі, 591,4 мың гектар суармалы алқап бар. Тексеру нәтижесі бойынша соңғы 25 жылда топырақ құрамында гумусы (қарашірік) бар егістік жерлер 16,6 млн. гектардан 255,5 мың гектарға дейін азайғандығы анықталған.

Жұма, 26 Маусым 2015 21:32

Сұрауы бар судың да

Су – тіршілік көзі. Десек те, қазіргі кезде оған қажеттілік пен сұраныс күн санап артып, керісінше, жетіспеушілік орын алуда. Сонымен қатар, әлемдік экологияның ластануы мен ауызсудың тапшылығы әр елдің ішкі арналары мен мемлекетаралық су жүйелерін тиімді пайдалану міндетін күн тәртібіне қойды. Кейде судың тіршілік көзі, өмір нәрі екенін білсек те, күнделікті тұтынып жүрген суымыз қайдан, қалай келіп жатқанын біле бермейтініміз, «судың да сұрауы бар» екенін ескере бермейтініміз хақ. Соның салдарынан болар, әлемде ауызсу қоры жылдан-жылға азайып барады.

Құрметті қазақстандықтар! Еліміз аса маңызды тағы бір тарихи оқиға қарсаңында тұр. Біз Дүниежүзілік сау­да ұйымына кіру жөніндегі келіс­сөз­дерді табысты аяқтадық. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің эко­номикамыз­ды жаңа көкжиектерге бас­тайды. Кәсіп­орын­дарымыздың шетел нарықтарына шы­ғуын қамтамасыз ете­ді. Ал тұтыну­шы­лар үшін тауарлар мен қызметтер­дің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. Бүгінде сауда-сат­тығымыздың 90 пайы­зы Дүние­жүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тар­тым­ды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкін­діктер туады. Біз бұл нәтижеге жету үшін 19 жыл табанды түрде жұмыс жүр­гіздік, келіссөздер оңай болған жоқ. Осы жылдары біздің Үкімет және сарап­шыла­рымыз елімізге тиімді шарттарға қол жеткізу үшін талмай еңбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еура­зиялық экономикалық одақтың талап­тарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдде­ле­рімізді де қорғай білдік. ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қа­зақ­стан­ның жеңісі. Бұл – еліміздің жаһан­дық эко­но­миканың бөлінбес бөлше­гі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мү­шелігіне бес халықтық реформаны іс­ке асыруға кіріскен кезеңде қадам басуы­мыздың символдық мәні бар. Біз жаһан­дық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өттік. Отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасадық. Біртұтас кедендік және экономикалық кеңістікте шыңдалдық. Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі, шетелдерден келетін тауарларға біз шека­рамызды ашамыз, тауар Қазақ­станға көптеп келетін болады. Сапа­сы жоғары болса, бағасы төмендеу болса, ол тауарларды халық тұты­нып, біздің тауар өндіретін кәсіпорындар жұмы­сының тоқтап қалу қаупі бар. Барлық бизнесмендерге менің талайдан бері айтып келе жатқаным сондықтан: бәсе­кеге сай болу керек. ДСҰ беретін артық­шылықтарды пайдалана білетінімізді дәлелдеу қажет болады. Бұл Қазақ­стан­ның қолынан келеді және біз әлемнің озық елдері қатарынан лайықты орын аламыз деп кәміл сенемін.

Қайталау: Сәрсенбі, 24 Маусым 2015 14:43
Page 1 of 2

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сайтта: 83 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане