logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1086

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 845

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 829

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 672

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 938

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 899

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 647

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 877

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 798

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 803

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 698

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 879

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 28 Тамыз 2015 18:00

Есеппен некелесудің ертеңі

 
Дауыс бер
(1 Бағалау)

Қоғамның негізі – отбасы. Ал, отбасының негізі – ер мен әйелдің татулығы, бір біріне деген мейірімділігі мен қамқорлығы. Өміріміздің жалғасы балаларымыздың алғашқы мектебі де өзін дүниеге әкелген ата-анасының қарым-қатынасы мен отбасының қалай қалып­тас­қа­нына тәуелді емес пе?! «Ұяда не көрсең ұш­қанда соны ілесің» деген сөз осыған байланысты ай­тылса керек. Дегенмен, бақытын бақай есеп­тен іздеп, шаңырақ шаттығын шотқа салып шарт­тасып, неке құрған отбасында дүниеге кел­ген баланың көзін ашып көретіні есеп-қисап бол­са ұядан нені көріп ұшады? Мейірімі аз, жү­регі мұз, бүйрегі без болып өспесіне кім кепіл?!

«Отан отбасынан басталады» деген сөзді жиі айтамыз. Ота­нымыз­дың ішкі бүтіндігін, береке-бірлігін ой­лағандықтан болар. Негізі тату­лық, мейірімділік, қамқорлықпен қа­ланған отбасы ұрпағының жаны, тәні сау болып өсетінін жақсы біле­міз. Өкінішке орай, есепсіз есіне­мей­тін мына нарық заманында есеп-қисап үйлену мәселесіне де ке­ліп жеткен сияқты. Неке шарты де­ген­ді естігенде шалқамыздан түсе жаз­да­ған едік, енді оған да құ­ла­ғы­мыз үй­рене бастағандай. «Қыз­дар­дың абы­рой – беделінің түсіп кетуі, аққу де­гені қаз, сұңқар дегені қарға бо­лып алданып қалғандардың өкіні­ші, тас­танды балалардың көз жасы амал­сыз неке шартына итермелеген шы­­­ғар?» деп өзімізді сендіргіміз кел­­­гені де жасырын емес. Бірақ, шарт деген сөздің өзі күндердің кү­нін­де шарт сынады дегенді сездіріп тұр­ған, сенімсіздіктен туындаған се­ке­мі көп дүние сияқты. Жарымен өт­кі­зер бақытты болашаққа деген үмі­­тінің жібек жібі шаңырақ көтер­мей жатып үзіліп, жамандықты өз­дері шақырып тұрғандай. Үйлен­бей жа­­тып ұтылып қалмайын деп үрей­лен­­гендерді көргенде базарда жүр­ген бір ұрының жанынан өтіп бара жат­­қан адамға қарап: «Мынау менің бірдеңемді ұрлап кетпесін» деп ой­ла­ғаны еске түседі. Өзі ұры болған соң елдің бәрін ұры көретіні сияқты болашақ жарынан күдік­те­ніп неке шартына отырайық деп жүр­ген жанның өзі жар сүйіп, ша­ңы­рақ көтеруге дайын емес болуы мүмкін.

Дәстүрлі қазақ қоғамында бар­лы­ғы ғашық болып үйленген десек, әрине өтірік болар еді. «Қатын алма, қайын ал», «Шешесін көріп, қызын ал», «Теңін тапса, тегін бер» деген сияқты ескертпелер ғасырлар елегі­нен өтіп, бізге жеткен бабала­ры­мыз­дың есеп-қисабы емес деп қалай айта аламыз. Осылай ескерте келе «Азамат екеніңді біліп өлген ажал тәтті, ақ некеден туған бала тәтті» дейді. Енді қараңыз: «мен саған осын­дай-осындай жағдай жасай­мын, сен маған екі бала тауып бе­ре­сің» деп үйленетіндер бар. Сонда бұл ақ, адал некеге жата ма? Есеп-қисап­тан туған бала тәтті бола ма? Жара­тушы оларға бала бере ме? Берген күн­нің өзінде сезімнен емес келі­сім­нен туған ба­ла­ның қолына каль­ку­ля­тор ұстатып дүниеге әкелмесіне кім ке­піл?! Бұл сауалдарға бірауыз сөз­бен бір жақты жауап беру қиын. Менің білетінім, есепті жақсы мең­гер­ген бала ата-анасы қартайған ша­ғында еш пай­дасы жоқ екенін жақсы есептен шы­ғарады. Нәтижесінде қарт­тар үйінің тұрғыны болатын­ды­ғы еш күмәнсіз.

Некеге байланысты ұрпақтан ұр­паққа жалғасып келе жатқан шарт­тың бірі, басты шартымыз немесе бас­ты арманымыз текті жермен құда болу. Балпық би бабамыз: «Көріп бет­ті қыз алғанша, көрмей текті қыз ал­ған артық» деген екен. Өйткені ұрпа­ғының дұрыс болуы алған жары­на көп байланысты екендігін білген. Бүгін­де текті деген ұғымды бай деген ба­қай есепке ауыстырып алдық. Бар жермен, бай елмен құда болсақ деп армандап жүргендерді көрдік. Ата-анасы осылай тәрбиелеген балаға «саған неке шарты не үшін керек?» – деп түсіндіре алмайсың. «Ақымаққа ақыл айтсаң атаңның басы» дегеннің кері келеді. Рухани байлықтан қадір кет­келі қашан?!

Шынайы сезімнің орнына «Туыс­қаның, достарың бәрі екіұшты, Сол себепті досыңнан дұшпан күшті» деп Абай айтқан екіұшты сезімнен құ­рыл­ған, секемі көп, сенімі аздау не­ке­нің досынан дұшпаны көп бола­тыны анық. Ал, біз білетін, құрмет­тейтін, адал, ақ неке жайында: «Неке – махаббат жібі, ерлі-байлы адам қаншама бірін-бірі көрместік болып, араздасса да, неке тұрған жерде махаббат үзілмейді», – дейді Бейім­бет Майлин «Талақ» деген әңгіме­сінде. Некелі жолмен дүниеге келген бала да мейірімді, рахымды, шапа­ға­ты мол, ел қамын ойлайтын жүзі жар­қын жан болып өседі.

Осы жерде дінге де бір ден беріп көрейікші. Қасиетті Құранның «Нұр» сүресі, 32-33-ші аяттарында: «Ара­ла­рың­дағы бойдақ құлдарың мен күң­деріңді үйлендіріңдер. Олар кедей болса, Алла тағала өз жомарт­тығы­мен байытады», – деп Жаратушы уәде беріпті. Қарап тұрсаңыз, байлар ғана үйленсін демеген. «Кім маған ар­қа сүйеп үйленсе байытып ала­мын» – дей­ді. Олай болса отбасын құр­­ған­­да­ғы келісімшартыңыз сіздің жағ­да­йы­ңызды жақсарта ала ма? Екін­ші қы­ры, сіздің келісімшартыңыз дүние бай­лығына ғана бағытталған. Ал Алланың айтып отырғаны-руха­ни бай­­лық. Адам баласы дүние жоқ­шы­­лы­ғына рухани кедейліктен кейін барып ұрынады. Шаттанып емес, шот қағып жүріп шаңырақ көтеру, кеңесіп емес, келісімшартпен кереге керу сол рухани кедейліктің жемісі.

Үйде қартайған әке-шешем бар, соларды күтесің немесе болашақта маған екінші әйел алуға рұқсат бере­сің деген сияқты талаптар қоюға бо­лады. Ал ішетін тамағын, киетін киі­мін, мінетін көлігін, дүниеге келетін баласын, қорадағы малын есептеп, шарттасып үйлену бола­шағына се­нім­сіз, азғындықтың алғашқы бас­пал­­дағында тұрған ақымақтардың тір­лігі.

Осындайда Абай атамыздың: «Бір сөз үшін жау болып, Бір күн үшін дос болып, Жүз құбылған салт шықты», – деген өлеңі еске түседі. Бір сөз үшін талағы тарс айырылып «талақ» деп әйелін тастап кететін некенің жүз құбылып жүгенсіз кеткен тұстарын да көріп жүрміз. Соның ішінде не Құдайдың, не үкіметтің есебінде жоқ «азаматтық неке» деген шықты. Аты әдемі, ал затына зер салып көрсеңіз «азаматтықтан садаға кеткір» деп айтқың келеді. Некеге ешбір қатысы жоқ зинаның бір түрі. Ең өкініштісі, осылардан некесіз бала дүниеге келіп жа­тыр. Мүмкін Құбыламыз Мекке емес батыс елдері болып, бағы­ты­мыз­­ды соларға қарап түзеп, теле­ди­дар­дан күні бойы күйеуінің көзіне шөп салу, некесіз бала туу, есі кетіп сүйісу тағы басқа да жанымызға жат дүниелерді насихаттап жүргеніміздің нәтижесі шығар?!

Жалпы қазақ халқының ешкімге еліктемей-ақ қыз ұзатып, ұлын үй­лен­­діруде ежелден қалыптасқан жақ­сы дәстүрі бар. Шартпен үйлену де­ген, мына өтпелі кезеңде, өмір сүріп жатқан қазақ халқының басына түс­кен тағы бір сынақ қана. Римнің атақ­ты ойшылы Сенека Луций: «Біздің жанымызды қинаған қиянаттан емде­луге болады, жалғыз-ақ біз емделуді қала­сақ, түзелуге бет алсақ», – дейді. Жақсы дәстүрлерімізді тәрк етіп, ұлттық ділімізге жат өзгенің күлімсі сасыған салтын тықпалаған тәй­тік­терге тәйт деп түзелуге бет алсақ бұл сы­нақтан да сүрінбей өтетініміз кә­міл.

Жұмахмет ЖАНАХМЕТҰЛЫ.

Оқылды 2608 рет Қайталау: Жұма, 28 Тамыз 2015 19:06

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сайтта: 135 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане