logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1086

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 845

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 829

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 672

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 938

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 899

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 647

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 877

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 797

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 802

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 698

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 879

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 28 Тамыз 2015 18:00

БІЗ ДЕ СЕНДЕРДЕЙ БОЛҒАНБЫЗ, сендер де біздей боласындар...

 
Дауыс бер
(2 бағалау)

Біресе адыр-адырдың астымен ылдиға түсіп, біресе үлкенді-кішілі қыраттарды қиырлап жүйткіген көліктен жеңілтек ән естіледі. Музыканың жүйесіз ырғағы адамды Алладан алыстатып, осы өмірдің қы­зылды-жасылды қызығына елітіп барады. Әйтеуір үнсіздіктен үдере қашқан жұрт қайда да даңғаза дауыспен өз-өзін алдаусыратып қоя­ды. Тіршіліктің тар қамытын мойнына ілген жұмырбастылар та­бан астындағы тамаша табиғаттан тағылым алуды ұмы­тып­ты. Тіпті, мына төрт құлақты, жарты Айы жарқыраған жалаң мазарға да қарар емес. Тек жүргізуші ғана манадан бері махаббат туралы шырқалған сүреңсіз сөзі көп арзан әннің даусын сәл бә­сеңсітіп, жол шетіндегі өлілер өлкесін атүсті аза тұтты. Ары қа­рай... Ары қарай көлік тізгінін ұстаған кексе кісі тағы да қызу тір­шілік пен тәтті өмірдің қызығына түсіп, қара жолмен қайтадан жүйтки жөнелді.

«Сендер қайда да, тіпті мықты қорғанда болсаңдар да, өлім жетеді».

Ниса сүресі.

«Ол сондай Алла, ізгі істе қайсыларың жақсы екенін сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан. Ол тым үстем, аса жарылқаушы».

Мүлік сүресі.

«Расында, қашқан өлімдерің міндетті түрде сендерге кездеседі. Сосын көмес пен көр­неуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда ол сендерге істеген істеріңді ха­бар­лайды».

Жұма сүресі.

«Қашан біреудің ажалы келсе, Алла оны әсте кешіктірмейді және Алла іс­тегендеріңді толық біледі».

Мунафиқун сүресі.

«Әркім өлімнің дәмін татады. Негізінде дүние тіршілігі алданышпен ләззаттану ға­на».

Ғимран сүресі.

«Қабірлерді зиярат етіңдер, ол сендерге ақырет күнін еске түсіреді».

«Мен сендерге екі насихатшы қалдырдым, біріншісі тірі – Құран, екіншісі өлі – қа­бір».

«Сендер қабірге топырақты үш рет уыстап, алғашқысын: «Бізді топырақтан жарат­тың», екіншісін: «Осы топыраққа қайтарасың», ал үшіншісін: «Осы топырақтан қия­мет­те қайта тірілесің», – деп салыңдар».

Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар.

Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзі қайдасың, білемісің,

Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.

Абай.

Қартаң шалдың тамырындай та­рам-тарам болған ескі жол бізге қам­шының сабындай қысқа ғұмырды ұқтырып тұрды. Әр адым сайын ал­дымыздағы уақыттың қысқарып, аяқ астында жатқан, көзге ыстық жал­ған­мен ерте ме, кеш пе, қош айты­саты­ны­мыз сезіле берді. Себебі, ат шаптырым жер­ді бағындыра қалсақ, қарсы ал­дымыздан мелшиген мазар­лар мен­мұн­далайды. Анау белді ассаң да, мы­нау қырқадан төмен түссең де, шоғыр-шо­ғыр қорым. Біреуінде мұ­нар­ланған әне бір ауылдың, біреуін­де мұрын ас­тында тұрған мына бір бес-алты үйдің ет жақындары мәңгілік тыныс тапқан.

Ажалдан қашамын деп арып-ашып, өлімнің суық құрсауына ша­ра­сыз сұлқ құлаған Қорқыттың көрі ма­ңай. Қобызын сарнатқан сүлей жұмыр жерді жүз айналса да, өлік жөнелтіп жатқан қайғылы жұртқа жолыға берді. Көреген қарттың тәні тозғанмен, жа­ны жеті қат көкті кезіп жүрді. Кірсіз көңілі мәңгілік өмірді аңсады. Ол өмір ақиқатында бар-тын. Ұйқы мен тамақ­ты талап ететін тәтті тіршілікті тәрк етіп, мәңгілік ғұмыр­дың ғаламатын се­зінгісі келді. Жарат­қанның құл­шы­лық алаңынан шығып, шын әлемге еніп кетуді армандады. Сол жолда ние­­тін тазартып, он сегіз мың ғалам­ның иесіне бас ұрды.

Құдайдың құдіретімен тамшыдан түзілген әлжуаз тәніміз ертең мына ма­зарлардың арасынан орын алады-ау. Дә­лірек айтсақ, жер басып жүрген адам атаулының ағзасы қара топы­рақ­тың құшағында шіріп, аздаған жыл­дың ішінде қаусаған қу сүйектің өзі үгітіліп сала беретіні ақиқат. Со­сын... Бәрі осы шіріндімен шекте­ліп қалса, қа­неки. Жаратқанның жаз­у­ы таң­ба­лан­­ған қасиетті Құран кітабында ап-ай­қын мысалдар тізіліп қойы­лыпты. Санасына сәуле қонбаған қоғам әу бас­та қайта тірілетіндерін түсінген жоқ. Күн көзіне сарғайып, тарыдай ша­шырап жатқан кеуек қалай бәз-бая­ғы сұлу қалпына келуі мүмкін? Ме­йі­рім­ді Алла азғындық пен адал­дық­тың ара­сында ауытқып тұрған пен­делеріне қаталдық танытқан жоқ. Кері­сінше, жүрегін жібітіп, көкірегін нұр­ландыру үшін сан мың елшілер жібер­ді. Солар ар­қылы айқын әрі ой салатын мы­сал­дар жасады.

Бірақ... Бірақ адамның жүрегі тап­жыл­­майтын тасқа айналған ба дерсің. Діни ілім алғаш таралған күнді қойып, тап қазірдің өзінде күмәні мен күдігін көзінен білдіріп отыратын адам көп. Ел көзбен көріп, қолмен ұстайтын ма­те­риа­листік өмірге бейім емес пе? Әз-пай­­ғамбардың қайсысы болмасын Құ­дайдың құдіретін сездіретін ға­жа­йып­тар жасап, мысалдар келтірсе де, олар­дың ізгілікке шақырған жанай­қайына еш­кім құлақ асқан жоқ. Са­наулы топ­тан басқасы, әрине. Ал қалың нөпір мейі­рім мен рақымға үгіттеген елші­лер­дің ісін еріккен сиқырға теңеді. Қан­дай қорқынышты еді.

Пайғамбарлар дәуірін сағынам осын­дайда... Кәдімгі әлемді билеген қаһарлы Перғауынның заманында елді иманға шақырған аса таяқты Мұсаны елестетем. Өзін Құдай санаған патша­ның су түбінде сәжде қылған шарасыз кей­пін көремін. Отыз ұлы бір күнде опат болған Дәуіттің төзіміне таң­да­нам. Тұла бойын жегіқұрт жеп, дерт ден­деген Аюптың сабырын іздеймін. Хал­қына хақты танытам деп, дар аға­шы­на асылған Мәриям ананың ұлы Иса­ны ойлаймын. Сосын... Соңғы пай­ғамбарым Мұхаммедке ғашықпын. Аш­тығын сездірмей, ішіне ауыр тас бай­­лап жүрген әзіз бейнесін сағы­на­мын. Бүтін елдің басшысы болса да, ар­қа­сына қамыс батып ұйықтайтын ұлы­лы­ғын көргім келеді соңыра. Шір­кін-ай, сол кезеңде ғұмыр кешсем ғой. Қай­дам, сол уақыттағы сорақылық пен на­дан­дық, сол уақыттағы дүние­қоңыз­дық пен зұлымдық әлі бәз-баяғыдай. Әлі жал­ғасып келеді. Әлі қылмыс, әлі өл­тіру, әлі зорлау, әлі ұрып-соғу, әлі қор­қыту, әлі тонау. Әлі... Әлі...

...Кенет мазар көрсе музыкасын бә­сең­сіте қоятын әлгі көлігім кілт тоқ­та­ды. Қаралы үйдің қасына келіппіз. Азан-қазан. Есік алды қаз-қатар тізіл­ген еркектер. Әдет-ғұрып па, әлде салт па, алыстан әлдекімнің қарасы көрінсе, жуан дауысты еркектер ебедейсіз боз­дай жөнелетін сол әдеті. Қазаға қабыр­ға­лары шын қайысқан шығар. Мүмкін, ел­дің ерніне екі елі қақпақты осылай қою­ды құп көрді. Әйтеуір, жұрт ертеңгі кү­ні өлікті жөні түзу жөнелтпеді деп тілдеп қалмасынның әлегі. Сай-сүйекті сырқырататын ащы дауыс үй ішіндегі әйелдермен жалғасқан. Бәрі – дұрыс, бәрі – қазақтың атадан қалған дәстүрі. Осы­мен тәмамдалса еді ғой. Жоқ, тірі адам­ның теріс қылығы мұнымен тоқ­та­май­ды.

Боздаған дауыс пен ауыр қайғы кө­ңіл айтушының аттап басқан ады­мы­мен өлшеніп қойыпты. Жаңадан келген кісі қаралы үйдің қайғысын таразылап, баға беретіндей. Көріскен кезде ғана көз жасын көлдетіп, сосын қайтадан күйбең өмірін әңгімелей жөнелетін жұртта есеп жоқ. Тіпті, кейбірі жан дау­сымен жылағансып, құрғақ көзін қол ора­малмен бүркеп алыпты. Көз­дерінде өлім­ге деген құрмет аз. Келуші де көз жа­сын сыққан соң, өлімге жи­налған ха­лықпен бірге тіршіліктің те­зіне қайта тү­седі. Күбір-күбір әңгіме. Жер алған, үй салған яки қала шетінен енді ір­ге­та­сын қалап жатқан адамдар – бір топ. Кө­лігін саудалап, арзан я қымбат ба­ғасын талқылағандар анау тұсқа шо­ғыр­ланыпты. Егістігін ойлап, ша­бын­дық жайлы әңгімелескендер өзінше бө­лек. Ал мына қапталда жұ­мысын жүз ауыс­тырғандар жиналыпты. Біресе, мәз емес айлығына көңілі тол­май мің­гір­лейді. Біресе, маңын­дағы­ларға қомақты еңбекақысын айтып, сыртын қом­пай­тып қояды. Әне, шікі­рей­ген тағы бір бей­таныс қымбат кө­лі­гі­нің кілтін шыр айналдырып, бірде жы­лап, бірде тір­ші­лік туралы шүйір­ке­ле­се кететін мына қа­ралы топқа мен­мен­сіп көз тастайды.

– Уа, ағайын! Сендер торқалы тойға емес, топырақты өлімге келдіңдер! – Ауыл молдасы саңқ еткен кезде бәріміз үде­ре қарадық. Қаздың даусындай анық әрі жуан сөйлейді екен. Әр адымын нық ба­сады. Елді иманға үйіріп әлек. – Лә-и-ләһә-илла-аллаһ! Лә-и-ләһә-илла-аллаһ!

Қай­талай берді. Қайталай берді. Бір емес, он, жиырма, тіпті, отыз рет. О дүниеден бейхабар жұрт тағы да дег­бір­сізденіп барады. Сол са­быр­сыз­дық мына дүйім жұртты әбден жайлап алыпты. Имам оқыған Құран аят­та­рын да асығыс тыңдайды. Бәрі асы­ғыс. Бәрі сабырсыз. Анау жатаған үй­дің бір бөл­месінде сұлқ түсіп жатқан суық дене ше? Оған енді сабыр да, асы­­ғыс­тық та, жер де, егістік те, көлік те керек жоқ. Ол мына жұрттың ақша мен дүние ту­ра­лы пыш-пыш әң­гі­ме­сіне мұқтаж емес. Оған мына имам­ның шын көңіл­мен көмейден төгілте оқыған Құран сү­релері ғана қажет. Тек өмір сүруге құштар, ыстық дүниесін дөң­гелетіп, ақшаға көміліп отырған адамдар аз ғана уақытқа қасиетті Құ­ранды үнсіз тың­даса... Болды... Басқа ештеңе де керек емес. Сонда сұлқ жатқан суық тәннің тірісінде жасаған жақ­­сылығы азат ру­хымен бірге Ал­ла­ның рақымына бө­ле­неді.

Өлім! Бұл сөзді құлағым қар­ша­дайымнан шалса да, мән беріп көрген емеспін. Өлім! Бұрын өте қорқы­ныш­ты естілетін. Қазір олай емес. Балалық шақтағы қорқыныш есейе келе ғиб­ратқа ұласты бар болғаны. Өлімді аза тұт, тірі адам! Өлікті ардақтап жуын­дыр, арулап жерле! Бұл біз үшін үлкен ғибрат. Жаназаға жиналған жұрт ауыл молдасының айқайымен әзер ты­ныш­талды. Тіршілік туралы күбір-күбір әң­гіме бес минутқа толас тапты. Ех, әл­­сіз пенделер-ай! Тыншыған жоқ, қа­те­лесіппін. Қала шетінен жер алған аға­йын Құран аяттарына мән берген жоқ. Нөпірдің арасында бастарын бү­гіп, бір-біріне құлақтарын тақап сы­быр­ласуға көшкен.

...Өлік жөнелтілді.

– Балалары қайда? Балалары кел­сін. Уа, ағайын, тыныштық сақтаңдар, – Молданың сөзінен кейін жансыз де­нені көтеретін адамдар жинала қалды. – Жаяу апарамыз!

Асыққан жұрт тағы аңтарылды. Ен­ді жаназаға жиналған ел бұрын-соң­ды жаяу жүрмегендей таңда­ныс­пен қа­рады. Көше бойына қаңта­рыл­ған кө­ліктерімен көрдің аузына тақала тоқ­тағысы келеді. Ауыл іргесіндегі өлі­лер мекеніне ақыры ауыл молда­сы­ның айтуымен жаяу ағылды. Таяқ тас­там жерде сияқты көрінген күмбез­ді бейіт алыстау болып шықты. Жоға­ры өр­леу жұмсақ көліктен түсіп көр­ме­ген ха­лық­қа қиындық туғызды. Мек­кеге ұшақ­пен бара салатын қажы­лардың за­­­манында ма­зарға жаяу ағы­лу ке­зек­­­ті бір то­сын әрекет болып қала бер­­­ді.

Небәрі он бес минут. Сенің жыл­дар­ға жалғасқан тынысың тоқтаса, қара жер он бес-ақ минутта жансыз тә­ніңді топырағымен жаба салады екен. Қасыңдағы дос-жараның, туған­дарың, көз көрген замандастарың, қыз­меттестерің – бәрі-бәрі сені жер астына жасыра салуға асығады. Ал­ла­ның әмірі осылай, амал нешік. Тап-тар көр түбінен көкке қарай қою шаң кө­те­рілді. Он бес минуттың ішінде әлгі суық денеден бар болғаны кіш­кен­тай тө­бешік қалды.

Әлгі күйбең өмір туралы күбір қа­лың мазардың ішінде де тоқтаған жоқ. Имам айтып жатқан пай­ғам­бар­дың ха­дис­тері де, Құранның қазақша кел­тір­ген мағынасы да, ислам ғұла­ма­ла­ры­ның сөздері де ешкімге әсерсіз сияқ­ты.

Жұрт енді жаназадан кейін жайы­ла­­тын дастарқаннан дәм татуға асық­ты...

Өлілер мекенінен төмен түскен ел әлі күбірлеп келеді. Әңгімелері өлім­нен ғибрат алу емес, күнделікті тірші­лік түйінін тарқату ғана. Жер, үй салу, көлік, жұмыс, айлық...

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Оқылды 2898 рет Қайталау: Жұма, 28 Тамыз 2015 19:07

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сайтта: 144 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане