logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1086

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 845

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 829

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 672

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 938

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 899

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 647

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 877

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 797

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 803

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 698

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 879

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 28 Тамыз 2015 18:00

СҮЙІНШІ!

 
Дауыс бер
(3 бағалау)

Бұйыртса, үшінші қазақ ғарышкері атанатын Айдын Айымбетов 2 қыркүйекте, яғни сәрсен­бінің сәтті күні Байқоңыр айлағынан ғарыш кеңіс­ті­гіне самғайды.

ТАЛАБЫҢНАН АЙНАЛДЫМ

Иә, Тәңірім қолдай гөр,

Төге гөр және нұрыңды.

Ақ бата беріп сапарға,

Шығарып тұрмын ұлымды.

Көкбайрағын көтеріп,

Тәуелсіз елдің тұғырлы,

Айдыным Айға бет алды,

Мақтана айтам мұныңды.

 

Айдыным балам, айбарлым,

Талабыңнан айналдым.

Білім мен жігер ұштасып,

Бұл жолға ұзақ сайландың.

Алашымды асқақтатам деп,

Намысыңды қайрадың.

Тілеуіңді тілейді,

Жетісу жерің, аймағың.

Аспанға барып тігіп кел,

Қазақтың Көк байрағын!

 

Бұл жеңісті Алланың,

Сыйлығына балайық,

Мәңгілік Елдің мәртебелі,

Жеңісі деп санайық.

Жолын күтіп перзенттің,

Көз тіге көкке қарайық.

Аман қып құдай Ай-Күнді,

Аспанға ұшқан Айдынды,

Алты Алаштың баласы,

Мақтана қарсы алайық!

Әумин!

Сейдахмет Қосжанов,

соғыс және еңбек ардагері,

Алматы облысының Құрметті азаматы

 


Ауыл маңындағы алқапта күнұзақ әкесімен бірге шөп шауып, сулы маяның үстінде шалқалай жатып жұлдыз санайтын алты жасар арманшыл баланың бағы жанды. Кешқұрым әкесі маңдай терін сүртіп, нар інгеннің өркешіне ұқсас көк шөмеленің қасында сәл тыныстап алатын. Сол сәт тұңғиық көк аспанға кірпік қақ­пай қарап отырған бүлдіршіннің көз алдында отты ұшқын жарқ етті. Сұқ саусағымен жұлдызы жымыңдаған жұмбақ әлемді жанұшыра көрсетіп, жанындағы асқар тауына тесіле қараған. Сәби жүрегі сол күннен бастап асқақ арманмен жұлдыздарға жол салды. Енді күнде көк жүзінен көз алмайтын әдет тапты. Жетісудың жұлдызды аспаны мен айлы түні Айдын АЙЫМБЕТОВТІҢ арманына қанат бітіріп, түу алысқа жетелеп әкетті. Аспаншыл баланы жер жаннаты тал бесікте тербетіп, тұңғыш жұпар ауасын жұтқызды. Шөмеледе шалқалап жатып туған асыл арман, міне, алдымыздағы сәрсенбінің сәтінде орындалғалы тұр. Тәуелсіз Қазақстанның, киелі Жетісудың төл перзенті ғарыш әлеміне қанат қақпақ. Өткен ғасырдың бел ортасына дейін беймәлім болып келген көк жүзін алғаш адам бағындырғанда халқымыздың аяулы ұлы Олжас Сүлейменов шалқар шабытпен жыр төгіп еді. Ақ түйенің қарны жарылып, ақсарбас айтар күн туды тағы да. Осыдан дәл екі жыл бұрын ғарышқа ғашық жерлесімізді әңгімеге тартып, сөз түйінін: «Елі­міз­дің ендігі кезектегі міндеті Айдынның ғарышқа көтерілуі болып тұрған тәрізді. Айдынның асыл арманы орындалатын уақыт та тым жақын қалғандай. Бәрі­міз сол күнді асыға күтеміз», – деп жазған болатынбыз. Келер аптаның айшық­ты оқиғасы қарсаңында газетіміздің тілшісі, ақын Асыл Сұлтанғазы ел абыройын арқалаған жерлесімізге арнап жыр-дастан жазды. Қуан, халқым, бүгін қуанатын күн!

АЛАШ ҰЛЫ, АСПАНДА!

Тұран далам,

Дарқан далам,

Кең далам,

Керме жұлған кертөбелдей мен балаң,

Кесір тірлік келмес жаққа жоғалған,

Көркем сөзбен батаңды енді бер, бабам.

 

Батаңды бер,

Өсиетіңді өрлікпен,

Жалғастырған ерен еңбек, ерлікпен.

Ғарыш жақтан Қазақия боп көрінер,

Жампоздардың қаны тамған жер-нүктең.

 

Уа, бабалар,

Азаттықтың ақ таңын,

Сезіле ме той-думан қып жатқаным.

Ар-ожданың, айбыныңды құлатпай,

Хан Тәңірдей өрлікпенен сақтадым.

 

Хан Тәңірі тағың ба еді тәйірі,

Шабыт алған шалқар жердің шайыры.

Жұлдыздарға сенің қолың жетпеді,

Ал, ұрпағың секілді ме Ай ұлы?!

 

Уа, бабалар,

Өр ұрпағың бүгінгі,

Бекзат кеуде, кемеңгер ой, білімді.

Дұшпаныңа ұстап шапқан байрағың,

Аяқ жетпес аспанға да тігілді.

 

Бұл ерлікті жасамаған ел неше,

Дархан жұртым батаңды бер ендеше.

Аспанға да жол сап жатыр қазағым,

Алдындағы алып елмен теңдесе.

 

Ал бүгінім,

Кешегіден тым басқа,

Тақырыбы, орамы өзге, жыр басқа.

Олжас жазған Юрийындай Кеңестің,

Айдыныма неге құрмет қылмасқа?!

 

Ондай емес, одан биік Айдыным,

Қазағымның асқақтатар айбынын.

Зеңгір көкке жолбарыстай атылған,

Қайсар ұлдың ашып айтам қай қырын.

 

Айдын, Айдын,

Айды көрер жақыннан,

Жазылар жыр, шырқалады татымды ән.

О, не деген бүгінгі ұрпақ ақылман?!

Ғарыш-өлең дәмететін ақыннан.

 

Жердің бетін шаң қылады әлі Айдын,

Елдің көбін таң қылады әлі Айдын.

Айдын емес, Алаш болып аспанға,

Жер бетіне көзім тіге қараймын.

 

Мынау дала,

Жер құрсағы шайқалар,

Сонда менің тектілігім байқалар,

Зымыранға Айдын мінер, о, тәуба!

Ғарыш жаққа менен сәлем айта бар.

2.

Тарих қария,

Аңыз абыз тыңдағын,

Ғұн мен Сақтың сарқылмаған жұрнағын.

Жәнібек-Керей найзасының ұшымен,

Шегара сызып, хандығымды құрғанмын.

 

Сол заман мен бүгінгі күн арасын,

Жалғап жатыр, талай хандар – дара шың.

Жазылмаған жаңа ғасыр істерін,

Уа, тарихым, азат елден табасың.

 

Бүгін міне, егеменмін, еркінмін,

Арасына жол салғанмын жер-күннің.

Жетісудан шыққан кезде ұшқышым,

Жерлесіме тілекші боп, желпіндім.

 

Ғұмырлықпын, Мәңгілік Ел болғамын,

Бұл туралы жазылады томдарың.

Мұсабаев, Әубәкіров інісін,

Шаттанумен, мақтанумен толғадым.

 

Ғарыш жаққа телміремін паң күліп,

О, не деген ғажап еді таңғы үміт.

Жалғаған жол Жер мен Көктің арасын,

Тарихымда қалатыны заңдылық.

3.

Французбен, испан, жапон, неміспен,

Ағылшын, қытай, үнді, иран, орыспен.

Жер бетінде қанша ма ұлт болса да,

Бәрімен де қуанышты бөліскем.

 

Куан халқым,

Ұлың ұшар аспанға,

Қыран қазақ күн көзінен жасқанба!..

Текті елге тән ерлікті сезген де,

Тіл бітеді жақпар-жақпар тастарға.

 

Ну күледі,

Билер теңіз толқыны,

Қайың-қыздар сыңғырлатар шолпыны.

Қуаныштан жер-ананың жүрегі,

Атқақтайды басылмастан солқылы.

 

Бәрі күлер,

Табиғатта шаттанар,

Бәрі-бәрі осы күні бақ табар.

Ал қазағым ерлігіне Айдынның,

Жер әлемге симастай боп мақтанар.

 

Ал Жетісу жер жаннаты, шырайлы,

Қуаныштан жас ағызып жылайды.

Айдыным деп марқаяды барлығы,

Мансұқ қылмай мақтанышын былайғы.

 

Жетісудің перзенті ғой Айдын ер,

Аспанға ұш, ел көзімен Айды көр.

Ақжарма жыр жұрттың берген батасы,

Тілекші боп қос қолымды жайдым өр.

 

О, ұшқышым, самғар күнің жуықтау,

Ерлігіңді парыз бізге ұмытпау.

Ұлықтау да жөн шығар-ау, дегенмен,

Ол құрметтен жыр айдыны тұнықтау.

 

Жер пейіші Жетісудың ұланы,

Самға, самға!

Самұрық ел қыраны.

Сен арқылы аспанда да айтылсын,

Алашымның алтын сөзді ұраны.

 

Жаңа ғасыр, жаңа бетте жаңалық,

Жаңалықпен тарих жатыр жаңарып.

Жер бетінен көкке ұшады құс болып,

Пай, пай шіркін, бұл не деген даналық?!

 

Тойлат енді бар қазақтың баласы,

Алыс емес аспан мен жер арасы.

Ақанұлы атанғанмен Айдыным,

Әкесі оның – алтын тәжді Алашы.

 

Туған жері Жетісудай жұмағым,

Тамырымда тулап аққан жыр ағын.

Тәуелсіз ел ұшқышының мойнына,

Мына жырым, тағып берген тұмарым.

 

Айдын, Айдын,

Айдың бетін көреді,

Ғарыштың да бізге көп қой берері,

Ғылымыма жаңа беттер қосқайсың,

Өміріңнің сәті болсын өрелі.

 

Уа, жерлесім,

Ұшқышым-ау, ұш енді,

Ұршық жерден ұзамаған үш елі,

Қазағыңның туын тікші ғарышқа,

Тоқтар, Талғат ағаңдайын кешегі.

 

Байтақ далам,

Дархан далам,

Паң далам!

Елмен бірге қуанамын, жанданам,

Ұшқышыма, сәт сапар де халайық,

Уа, жер ана Айдын сенің жан балаң!

Азат күнде ғарыш жаққа самғаған!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Оқылды 912 рет Қайталау: Жұма, 28 Тамыз 2015 19:21

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сайтта: 164 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане