logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1087

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 845

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 829

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 672

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 938

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 900

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 647

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 877

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 798

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 803

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 698

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 879

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 28 Тамыз 2015 18:00

КЕМШІЛІККЕ КЕҢШІЛІК ЖОҚ

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыстық ауылшаруашылық басқармасының Қазақстан Республи­касында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдар­ламасын жүзеге асыру жұмысын саралаған алқа мәжілісі болып өтті. Алқалы жиынды ашып, жүргізіп отырған облыс әкімі Амандық Баталов алдымен соңғы уақытта тағайын­далған басшыларды көпшілікке таныстырды. Облыс әкімінің өкімі­мен аппарат басшысының орынбасары болып таға­йындалған Қобылан Манапов пен облыстық қаржы басқар­масының басшысы болып тағайындалған Болат Сәтпаевтің жұмысына сәттілік, табыс тіледі.

Аудан, қала әкімдері, бар­лық деңгейдегі мәслихат хатшы­лары, облыстық депар­тамент және басқармалардың, «Нұр Отан» партиясы облыс­тық филиалының, кәсіподақ ұйымдарының, аудандық, қала­лық ауылшаруашылық бөлім­дерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл­дері шақырылған жиында қаралған бір мәселе – Алматы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының Қазақстан Рес­публикасында агро­өнер­кәсіптік кешенді дамыту жөнін­дегі 2013–2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» мемле­кеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы жөнінде облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров баяндама жасап, өңірде атқарылған жұмыстар мен жетістіктерге тоқталды.

Баяндамашының айтуынша «Агробизнес – 2020» мемле­кеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс көле­мінде нақты іс-шаралар жос­пары әзірленді. Осыған бай­ланысты шаруа құнттаған елге бағдарлама мәнісін түсіндіру және насихаттау мақсатында «ҚазАгро» АҚ-ы өңірлік фи­лиал­дарының және агро­өнеркәсіп кешені қызметкер­лерінің қатысуымен өңірлік семинар-кеңестер өткізілген.

– «Агробизнес – 2020» бағ­дарламасы агроөнеркәсіптік кешенді төрт бағыт бойынша дамытуды көздейді. Екінші және үшінші бағыт шеңбе­рінде 2013–2014 жылдары облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қолдау және дамыту үшін 41,2 миллиард теңге бөлін­ген, – деген Серікжан Бес­кемпіров бағдарламаның тиім­ділігін көріп отырған шаруа қожалықтары өз жұмысын алға жылжытуға мүмкіндік алғанын атап өтті. – Оның ішінде екінші «Агроөнеркәсіп кешені нысан­дары үшін тауарлар, жұмыс­тар мен қызметтердің эконо­микалық қолжетімділігін арт­тыру» бағыты бойынша 34,8 миллиард теңге субсидия қа­рас­­тырылған.

Егін шаруашылығы сала­сы­ның субъектілері 8,1 мил­лиард теңгеге, мал шаруа­шылығы – 20,8 миллиард тең­ге­ге, қайта өңдеу – 1,1 мил­лиард теңгеге субси­дияланды, инвес­тицялық салым­дар кезін­де агроөнеркәсіптік кеш­ен субъектілеріне келтірілген шығынның бір бөлігі 4,8 мил­лиард теңге көлемінде өтелген.

Соның арқасында басым­дық берілген дақылдар егістігі 740,9 мың гектарға дейін ұлғай­тылып, 30,7 мың тонна минер­алды тыңайтқыштар (153,5 мың гектар) және 145,9 мың литр гербицид (145,9 мың гек­тар) арзан­датылған баға­мен сатып алынды, 677,5 гек­тарға жеміс ағаштары отыр­ғызыл­ды, оның ішінде алманың «Апорт» сорты отырғы­зылған алқап 392,0 гектар.

Облыс фермерлері шет елден асыл тұқымды 4557 бас ірі қара, елімізден 3570 бас ірі қара, 17035 бас қой, 1559 бас шошқа, 758 бас жылқы сатып алды. Сондай-ақ, 145,8 мың тонна мал еті мен құс еті (жалпы өндірістің 23,5%), 60,4 мың тонна сүт (4,5%), 1 092,2 миллион дана жұмыртқа (59%), 2154 тонна биязы жүн (13%) субсидияланған. Агро­өнер­кәсіп кешенінің нысан­дарына 16,5 миллиард теңге инвес­тиция берілді. Соның ішін­де егін және мал шаруа­шылы­ғына 6,9 миллиард теңге, қайта өңдеу саласына 2,7 миллиард теңге бөлінді. «ҚазАгро» қаржы институты тарапынан ауыл­шаруа­шылық техникасын сатып алу үшін және басқа мақсат­тарға 27,4 миллиард теңге көлемінде несие берілді. Бағдарлама аясын­да 5 гектар жерге жылы­жай салынып, 498 гектарға тамшы­латып суару технологиясы енгі­зілген, 6593 гектарға жаңбыр­лату жүйесі орнатылған, 800 мал басына арналған мегаферма іске қосылды, 1200 басқа арналған типтік ферма, 5 шағын ферма қызметі кеңейтілген, 50 мың басқа арналған асыл тұқымды шошқа өсіру кешені қайта жаңар­­тылған, қуаттылығы жы­лы­на 16 мың тонна ет шыға­ратын құс фабрикасы пайда­лануға берілді, жайылымдарды суландыру үшін 30 шахталы құдық қайта жаңар­тылды, жиынтық жылына 9,0 мың тонна өнім шығаратын сүт зауыттары қайта жаңғыр­тылды, жүгері дәнін тереңдетіп өң­дейтін 2 зау­ыт өндірісі кеңейтілді.

Бұның бәрі жетістік. Баян­дамашы «Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқар­масы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді да­мы­ту жөніндегі 2013-2020 жыл­дарға арналған «Агро­бизнес – 2020» бағдарла­масын жүзеге асыру бойынша жұмы­сында бірқатар кемшіліктердің орын алғанын да атап өтті.

– Атап айтсақ, бөлінген бюд­жет қаржысын уақтылы игеру мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Мысалы, бүгінге дейін ауыл шаруашы­лық тауар­ларын өндіруші­лер­дің герби­цидтер мен биопре­парат­тар сатып алуға жұм­салатын шығындарына субси­дия бөлін­беген (265,2 миллион теңге). Агроөнеркәсіп кешені субъек­тілерінің қаржы инсти­тутта­рының алдындағы қарыздарын сақ­тан­дыру/кепіл­дендіру арқылы не­сие­лердің экономи­калық қолжетімділігін арттыру үшін бөлінген қаржы игеріл­меген (32,0 миллион теңге). Же­міс-жидек дақыл­дарын, жүзімді отырғызу мен өсіруді қамта­масыз ету үшін бөлінген субси­диялар тек 5,7%-ға игерілген (барлығы – 353,1 миллион теңге).

4 аудан мен 2 қаланың комму­­налдық меншіктегі суару арна­ларын паспорттау үшін бөлінген бюджет қаржысы тиісті деңгейде игерілумеуде. Алакөл, Панфи­лов, Райымбек аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалала­рындағы суару арналарын құжат­пен рәсімдеу жұмысы бастал­маған. Облыстың аудан және қала әкімдіктері көзделген бюджет­тік бағдарламалар бойын­ша өнді­рісті қаражат­тандыруға өтінім беруді қадағаламайды, бұл бөлін­ген бюджет қаржысын игеру ісін қиындатып отыр. Атап айтқанда, биылғы 7 айдың ішінде Райым­бек және Ұйғыр ауданда­рының әкімдігі ауыл­шаруа­шылық да­қыл­дарына қаражат бөлуге тиісті өтінім бермеген. Осын­дай жағ­дай Балқаш, Жам­был ауданы мен Қапшағай қала­сынан басқа, бар­лық аудандар мен қала­ларда, суармалы су беру қыз­метінің құ­нын қаражат­тандыру бойынша да орын алған.

Мал бордақылау алаңда­рының жұмысы тіпті тұралап тұр деуге болады. Экспортқа бағыт­талған ірі қара мал етін өндіруді жүйелендіру жұмысы жөнге қойыл­маған. Атап айт­қанда, «ІҚМ етінің экспорт­тық әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде тек 24,5 тонна сиыр еті экспортқа шығарылған. Бұл 1700 тонна жалпы жоспардың 1,4%-на тең. Қайта өңдеу саласындағы 279 кәсіпорын өз қызметін тоқтатқан. Соның кесірінен Еңбекшіқазақ, Қара­тал, Көксу, Райымбек, Ұйғ­ыр аудандары мен Текелі қала­сында өңделген өнім көлемі 4,6 миллиард теңгеге төмендеген.

Осыған байланысты бір­қатар аудан, қала әкімдеріне қаратасын айтқан облыс әкімі Амандық Баталов негізінен ауылшаруа­шылығы басым ай­мақ саналатын Жетісу өңі­рінің көрсеткіші өзге өңір­лер­мен салыстырғанда тө­мен екендігін атап өтті.

– Бұл жұмыспен әкімдерден басқа кім айналысады? Мен сіздерге облыстағы кәсіпкер­лермен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырған болатынмын. Жа­қын арада сіздердің жұмыста­рыңызға сараптама жасатамын, сонда кімнің қалай жұмыс істегені анық көрінеді, – деген Амандық Ғаб­бас­ұлы ісі жүрген аудандар мен қалалардағы қозғалысқа тоқтал­ды. – «Қаз­Агро қаржы» мекемесі арқылы ауылшаруа­шылық тех­ни­касын алу көрсет­кіші 43,1 пайыз­ды құраған. Кейбір аудан­дарда ауылшаруа­шылығын қар­жы­ландыру қоры арқылы бір ғана шаруашылық 20,5 миллион теңге алған. Егер 19 аудан мен үш қаланың ішінен іріктесек, кімнің алғаны белгілі болады. Облысқа ірі-ірі кәсіпкер­лерді шақырып, жиналыс өткіз­генде олардың бәрі ұсынысқа қуана-қуана келісе­тіндерін жеткізген болатын. Сондықтан олармен іскерлік байланыс орнату аудан, қала әкімдерінің міндеті. Айналы­сыңыздар, той тойлау­ды тоқтата тұрып, ауыл­шаруа­шылық сала­сы­на қажетті жұмыс­тарды жүргі­зіңіздер. Сіздер­дің міндеттеріңіз – өз аудандарыңыздағы шағын шар­уа­­шылықтар мен кәсіпкер­лердің басын біріктіріп, мемле­кеттен берілетін жеңілдіктер мен мүмкіндіктерді ұсыну. Астықты себу, жинау шаруаның ісі, сіздер­дікі оған көмектесу.

Облыс әкімінің орынбасары келтірген деректердің ішінде «Етті бағытты мал шаруашы­лығы саласын дамыту» жос­пары тұралап қалған. Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдар­ламасы бойын­ша биылғы 7 айдың ішінде әке­лінуі тиіс 9900 бас малдың 1453-і ғана әкелінген. Ал, 735 бас алуы тиіс Ұйғыр, 670 бас алуы тиіс Жамбыл, 620 бас алуы тиіс Қаратал, 500 бас өсіруі тиіс Ескелді, 185 бас әкелуі тиіс Қарасай аудандары мен 120 бас мал жоспарлаған Қапша­ғай, 100 бас мал жоспарлаған Талды­қор­ған, 70 бас малды өсіруді меже­леген Текелі қаласында бірде-бір аналық мал сатып алынбаса, Көксу, Райымбек және Сарқан аудандарының деңгейі облыс­тық көрсеткіштен төмен.

«Сүтті мал шаруашылығы сала­сын дамыту» жоспары шең­берінде 2015 жылы 14 шағын сүтті-тауарлы ферма құрылуы тиіс болса, оның тек қана біреуі Жамбыл ауда­нында іске асырылған. «Ал­тын Асық» бағ­дар­­ламасы бойынша биыл облыс фер­мерлері 30,0 мың бас саулық­тың орнына бар-жоғы 2,6 мың бас саулық сатып алған. Ұйғыр, Кербұлақ, Талғар, Қара­тал, Балқаш, Сарқан, Іле, Қара­сай аудандарында және Талды­қорған қаласында фер­мерлік шаруашылықтар мүлде құрыл­маған.

«Құлан» бағдарламасы бой­ынша Балқаш ауданы 175 бас, Талғар ауданы 165 бас, Іле ауданы 120 бас бие сатып алуы тиіс болса, осы аудандар жаңа жылқы шаруашылығын құру жөніндегі шараларды қабыл­дамаған. Жайылымдық жерді суландыру жұмысы тиісті дең­гей­де ұйымдастырылмаған. Алакөл ауданынан басқа бар­лық өңірлерінде биылғы 7 ай­дың ішінде салынуы тиіс 61 құдық­тың тек 17-сі ғана жаң­ғыр­тыл­ған. Көксу, Панфилов, Сарқан, Ұйғыр аудандары және Қап­шағай қаласының әкім­дік­тері әлі күнге құдық құры­лысын жаң­ғыртуды жобалауға кіріс­пеген. «Қайта өңдеу сала­сын дамыту» жос­пары шең­берінде жеміс-көкөніс өнім­дерін, тері, жүн қабылдау пункт­­терін, сон­дай-ақ оларды өңдеу мен өт­кізуді дамытуға тиісті дең­гейде мән берілмей отыр.

Осындай кемшіліктерге жауап­ты әкімдерді орнынан тұрғызып, жауап алған облыс әкімі жоспардың орындалуын қатаң тапсырды.

Осыдан кейін жарыссөзге шыққан облыстық шаруашы­лық басқармасының бастығы Ерлан Жантөрин, Панфилов ауданының әкімі Бердәулет Абдулдаев, Қаратал ауда­нының әкімі Қайрат Бисем­баев, Көксу ауданының әкімі Ғалым Тоқпе­йісов атқарылған жұмыстарды таныстырып, кемшіліктердің себебін түсін­діріп өтті.

Алқа мәжілісін қорытын­дылаған облыс әкімі Амандық Баталов биыл өңірдің ауыл­шаруа­шылық саласы үшін жақ­сы жыл болып тұрғанын атап өтіп, облыстың ауыл­шаруа­шы­лық саласына жауап­ты орынба­сары Серікжан Бескем­піровке, ауыл­шаруа­шылық бас­қар­ма­сының бас­тығы Ерлан Жан­тө­ринге, аудан, қала әкім­деріне және аудандық, қалалық ауыл­шаруашылық бөлімдерінің бас­шыларына жыл соңына дейін жоспарды толық орын­дауға, кеткен кемшіліктерді түзетуге тапсырма берді. Әсіресе мал бор­дақылау орын­дарының жұ­мы­сын жүргізу керектігін қатаң тапсырды.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Оқылды 607 рет

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сайтта: 85 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане