logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1086

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 845

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 829

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 672

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 938

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 899

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 647

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 877

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 797

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 802

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 698

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 879

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 28 Тамыз 2015 18:00

ТЕМІРҚАЗЫҚ

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Ата Заңымыздың жиырма жылдығы сол байырғы дала­лық мемлекеттерден бастау алған ақ бастауы­мыздың тазалығын һәм өміршеңдігін паш етеді. Мем­лекетіміз бен қоғамымыздың, барша халқы­мыздың ай­рықша қадір тұта қастерлеп, ардақтауы арқа­сында Конс­титуция бет-беделінің одан әрі артып, нұрлана түсуі – үлкен абырой.

Әлбетте, оның күнделікті қоғамдық қарым-қатынастар барысында елдік қалпымызбен етене қабысып жатқан қабырғалы қағидаттары таңдаған жолымыздың оң екендігін әйгілеп қана қоймайды, ертеңге деген үкілі үмітіміздің отын жарқырата жағады. Міне, осылайша құқықтық мемлекет қалыптастыру барысындағы ізденіс-талпыныстарымыз ең алдымен әркімнің ерік-жігерін ұштап, белсенділігін арттырып отыр. Демек, Ата Заң аясында өзін еркіндікте әрі қауіпсіздік қалыпта сезінетін ел тұрғындары осы жетістіктердің барлығын Ұлт көсемі, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен етене байланыстыра отырып, қалтқысыз ережелердің қатаң сақталуына өздері де құлшына атсалысуда.

Тәуелсіздіктің тірегіне айналған темірқазық Ата Заңымыз мезгіл-мезгіл туындап тұратын барша адамзатқа тән қиыншылықтарды бір атаның балаларындай топтаса жеңе білуіміздің де шамшырағына айналған. Айталық, бүкіл жаһанды шарпыған осы жолғы экономикалық дағдарыс жағдайында қазақстандықтардың бұрынғыдан да белсене, ұйымдаса күш-қайрат көрсетуін біз сөзіміздің жарқын мысалы деп ұғамыз! Иә, Конституциямыздың шарболат кепіліне айналған Тұңғыш Президентіміз өзі бас болып теңгенің нарықта еркін бой көрсетуі жағдайындағы жаңа экономикалық саясатты барынша байыпты да бағдарлы жүргізіп отыр. Ел-жұртының Елбасына деген шексіз сенімі – бұл сынақтың да сын-сымбатымызға селкеу түсірмесін алдын ала айғақтап отыр. Халықтың күші – жойқын сел секілді. Ел біріксе алынбайтын қамал жоқтығын тауанды тарихымыз сан мәрте әйгілеген. Сөз жоқ, бұл үрдіс бүгінгі таңда да жарасты жалғасын таппақ. Тауып та келеді.

Еуразия кеңістігін еркін иемденген далалық тайпалардың адамзат өркениетінің айшықталуына қосқан айтулы үлесін нақтылы бедерлеген ғалымдар арналы тарихымызды тұтас төрт мың жылдықтың құшағына еркін ендірді. «Ештен кеш жақсы» деп қоялық мұндайда әдетте. Түрік бітік жазуын былай қойғанда, тасқа басылған шырайлы шежіресінің өзі ұлылығына шек келтірмес мемлекеттілігіміздің ақ бұлақтары билік жүйесінің байырқылы бейнесін алға тартады. Сол мыңжылдықтар көгінде ата-бабаларымыздың көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас қалыптастырып, үлкенді-кішілі келісімдерге келгендігі, мәдени-экономикалық байланыста отырғандығы түрлі деректермен көмкерілген. Төрт құбыласын тең ұстап, ен даласына ешкімнің көз алартуына жол бермей, шекарадан аяқтыны астырмауы соқталы мемлекеттілігіміздің айшықты нышаны.

Түйсіне білсек, ата-бабамыздан алмасқан қоғамды замана ағымына сай реттеп отыру тағылымы, айқын жолы – көздің қарашығындай сақтайтын ұрпаққа ұласар асыл мұрамыз. Қолда бардың қадіріне жетіп, алдағы күннің ажарын болжай білген далалықтар ұғымы Ұлы даланың даңқын ғасырлар – көгінде асқақтатты. Биліктің шыңы – тақта отырған Тәңірқұтынан желі тартқан сақтар мен ғұндар, Ұлы Түрік қағанаттары ( «Төре» заңы) мен Еке ұлысы империясының («Ұлы Жасақ») тәлімі кейінгі Алтын орда мен Қазақ хандығы құрылымында да өзіндік көрінісін тапты. Бірін бірі толықтырған аталмыш заң жүйелері көшпенділердің әлеуметтік ортада түзілген жол-жосын, жөн-жоралғыларының ғасырлар бойы жинақталған айнымас, қатаң тәртіпке түсірілген мемлекеттік жарғысына айналған. Осы арада Рашид-ад-Диннің: «Әрбір көшпенді өзінің ат үстіндегі, кең даладағы еркін өмірін, әдет-ғұрпын мақтан еткен және өз нәсілін әлемдегі ең таңдаулы халық деп санаған» деген жағымды лебізі ойға оралады. Қарап тұрсақ, далалық демократияның алтын өзегі табиғат пен биліктің мол мүмкіндіктеріне негізделген. Мәселен, әз Тәуке хан Түрік қағанаты тұсындағы жаз шыға тау етегінде жиылып, қордаланған мәселелерді кеңесе шешу дәстүрін өзінше жаңғыртты. Хан-сұлтандар мен би-батырлар, ру басшылары бас қосатын «Күлтөбенің басында күнде жиын» деп аталар дәстүр соның сабақтастығы. Атақты «Жеті жарғының» да Күлтөбеде өмірге келгендігі белгілі. Бұл қой үстіне бозторғай ұялаған заман орната білген ақылман Тәукенің жаңашылдығымен қатар данышпандығын да паш етсе керек.

«Еңкейгенге еңкей ол атаңның құлы емес» ұстанымынан ауытқымаған кейінгі хандар да дала демократиясына тән төзімділік пен кеңдікті, әділдікті, әлімжеттілік жасамаушылықты ел басқару ісінде кеңінен басшылыққа алып отырды. Ел ішіндегіні айтасыз, қайсібір реттерде таяу, тіпті қиырда орын тепкен мемлекеттермен арадағы небір талас-тартыс, дау-дамайлар да бір ауыз кесімді сөз, кесікті пікір құдіретімен шешімін табатын-ды. Қазақтың заңы да, шежіресі де ел бірлігіне, ердің ерек ерлігіне қызмет етті. Қазақ Ордасы уақытында бар қазақ - бір қазақ, Қазақ деген ұлы бабамыздың ұлағатты ұрпағы (Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс) деген идеология қалыптасты. Сол қанатты қағидат, терең түсінік елді өрге самғатты да! Бүгінгі Ата Заңымыз табиғатының да осынау ұлық ұғымдармен тонның ішкі бауындай астасып жатқандығы әмбеге аян. Ендеше, мұның өзі ежелгі елдік дәстүр, салт-сананың мыңжылдықтар төріндегі ерен өміршеңдігін көрсетсе керек. Олай болса, жиырма жылдық торқалы тойымыздың түпкі мән-маңызы да осында деп білгейсіз!

ӘМІРЕ ӘРІН

Оқылды 644 рет

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сайтта: 233 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане