logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1161

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 911

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 882

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 729

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 1015

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 979

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 698

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 931

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 868

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 874

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 744

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 939

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 04 Қыркүйек 2015 18:00

МҰСЫЛМАНБАЙ

 
Дауыс бер
(1 Бағалау)

 

Қытай патшасына «Албан күлік» ақбозат сыйлаған Әл­мерек бидің туажаты Мұсыл­манбайдың 1758 жылғы ел­шіліктегі ерлігі және оның ұр­пақ­тарының өктем­дікке қар­сы жүз жылға созылған соғы­сы туралы тарихи деректер мен оқиғалар тізбегі тыңдау­шысын бейжай қалдырмайды. Мұсылман рухты тұлғаның даралығы әркімге үлгі болары анық.

Батамен көркейген кейуана

1928 жылы атақты қолмерген, 1916 жылғы Албан көтерілісі батырларының бірі Жақып­берді (Жансейіт) жасақ жинап, Қулық тауында Кеңес үкіметіне қарсы көтеріліс бастайды. «Дін-иманды талақ еткен, қызыл кәпір қазақты жер бетінен жояды» – дегенді ашық айтып, Айы­р­лы асуына бекінеді. Сөйте жүріп, бірде шабуылдап, бірде шегінген олар «Қызыл отрядқа» қырғидай тиеді. Атқан оғы мүлт кет­пеген мерген бір күні дұшпанның барлаушы ұшағын атып түсіреді. Оқ жанармай багын жарып жіберген­діктен ұшақ бензині таусылып, құлайды. Шыны керек, сол тұстағы оқы­ған, көзі ашық және молда-имам­дар, қожа-діндәрлар Жақып­берді жағында еді.

Жақыпбердіні көзімен көріп, Мұсыл­ман­байдың ұрпағынан бата алып, перзент сүйген Қазына әже жүз жасап, Тәуелсіздіктің қар­саңында дүние салды. Тегі Торы Қыпшақ, ата­лары Қостанай-Торғай жақтан келген, Әл­мерек абыздың Тоқан еліне келін боп түскен, ауыл «қыпшақ әже» дейтін кейуананың үйінде талай болып, қолынан дәм татқан едім. Бір сөзін­де: «Балам, мен бір перзентке зар болып, мойныма бұршақ салып Жаратқанға жалынып жүргенде бір топ серік­терімен кездейсоқ кел­ген асқан батыр, «киелі кісі» атанған Мұсыл­ман­бай­дың ұрпағы Жақыпберді қайыны­мнан бата алғанмын. Ол кісі бата берген соң көп өтпей тұңғышым Жұмаділ дүниеге келді. Бұл өткен ғасырдың жиырмасыншы жылының соңы болатын», – деп кейуананың Жақаң­ды егіле еске алғаны бар. Отызыншы жылдардың ойран соғысы кезінде 12 жастағы бала әкем Дөң­генбай да атақты батырды көрген. «Мойнында үш бұрыш тері тұмары бар, астында жарау сәйгүлік тұлпары ауыз­дығымен алысқан, бес­атар мылтығын тастамайтын, қоңқақ мұрынды қарасұр, өте ірі кісі елу-ал­пыс адаммен әкем Құнанбайдың үйіне келіп, бір түнеп кеткені әлі есімде. Содан бері арада алпыс жыл өтті. Анда-санда батыр түсіме кіреді», – деп отыру­шы еді Қадыр түні қайтқан қария. Жақыпберді жайында естіп, білгендерімді зерделеп және жүр­ген жерлерін көріп, көңілге түйгендерімді түйіндеп, яғни, шындықты арқау етіп, сек­сенін­ші жылдардың соңында «Жеті­су» газе­тіне, кейін «Қазақ әде­биетіне» мақала жаздым. Еке­уі де жария­ланды. Өкініштісі, жазғаным өзіме сор болып, соңында жазалана жазда­дым. Мені 1991 жылы КСРО-да болған «Тамыз бүлігі» құт­қарды. Өйт­кені, осы жылы Кеңес өкіметі құлаған болатын.

Кісе белдік немесе туған елмен қоштасу

«Қазақ әдебиетінде» Жақыпберді «банды­ға» байланысты мені айыпта­ған мақала шыққан соң елде дүрбелең туып, Жақаңның туған ауылы Жылы­сайда сол кездің белсен­ділері «автор жазалануы керек» деп шу шыға­рады. «Батырға да жан керек» деген. Қауіп күшейіп, не істерімді білмей әрі-сәрі күйде жүргенмін.

Құдай бар ғой. Бір күні қалай қор­ғануды ойлап, жалғыз өзім жұмыста отыр едім. Бір жас жігіт кіріп келді. «Аға, мен сіз мектеп бітірген Шыр­ғанақ ауылынан келдім. Әкем Нөкер­бан Жақыпберді жайында жазған мақалаңызды оқып, сізге қатты риза болды», – деп батыр жайында жазыл­ған үш-төрт шумақ өлеңді көрсетті.

«Қайқының шығып тұрмын кезеңіне,

Артыма қарағанда өрт түсті өзегіме», – деген шу­мақ қатты әсер етті. Жау күш алып, көзін құртпақшы болған соң батыр туған жерімен қимай қоштасып, жат жұртқа кетерде осылай күйзелген екен. Бақсам ол «бандит» емес, жүрегі жылы, иманды, мейірімді адам болған екен. Дін-иманы үшін ол қызыл өкіметпен ымыраға келмеді. Боль­шевиктер оны халыққа «бандит» деп қаралап, «банды» деп жария­лай­ды. Ешкімнің жанына не малына тимеген, халық үшін туған шын ер екеніне кейін әбден көзім жетті. Өйткені, халықтың аяусыз жаза­дан, нәубет аштықтан қырылатынын біліп, елдің өмірін сақтау үшін күндіз-түні Қытай мен Ке­ңес үкіметінің арасындағы бей­тарап шека­ралық аймаққа ел көшір­ген. Көш қауіпсіздігін өз мойнына алған. Үркіншілік кезінде шекара асып, аман қалғандар және олардың ұрпақ­тары қатал Кеңес заманында Жақаңды жылап отырып еске алатын еді. Әсіресе, молдалар батыр рухына бата жасап, дұға оқитын. Бұған өзім талай куә болдым. Бір сөзбен айтқанда Жақыпберді 1916 жылы ақ патшаға қарсы қол бастап соғысты. 1928 жылы қызыл үкіметке бағынбай, кейін шетелде шейіт болған, бос­тан­дық туын көтер­ген боздақ еді.

Жақаңның арғы атасы Мұсылман­байға қатысты деректі естимін және құнды жәдігер, белгі-тәбәрікті көремін деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Түп аталары Жәнібек – Бай­сейіт – Қонысбайдан тарайтын Мұсыл­манбай­дың зәузаты, Қытайда дәрігер­лік білім алған Нөкербан аға көргені көп, түйгені мол сұңғыла бола­тын. Батыр бабаларға деген құрмет, сүйіспеншілік әр сөзінен аңғарылатын. Жақып­берді батырға қатысты басым пәлеге қалып, не істерімді білмей жүргенімде бірде: «Інім, мен сені айып­таған­дармен ашық шайқасамын. Жақып­­берді олардың әкесін өлтірген жоқ. Пұсырман (Мұсыл­манбай) Таза­бек, Әубәкір­лердің ұрпағы біз не көрмедік?! Солардың аруағын көтерген сені Құдай пәле-жаладан сақ­тасын», – деп құрбандық шалып, шын тіле­ген еді. Әсіресе, рухтандырып, мере­йімді өсі­ріп, баталы сөзін айтқаны да есімде. Бәрінен бұрын кім көрінгенге көрсете бермейтін Мұсылманбайдың кісе белдігін сандық­тан алып көрсетіп, дұға оқығаны көз алдымда. Сол жолы Мұсылман­байдың қара кісе белдігі маған жәй зат емес, әулиеден қалған бір асыл тәбәріктей көрінді. Онда бір тылсым қасиет бар сияқты сезілді. Қазір кімнің қолында екенін білмеймін. Есімі ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан жаны аруақтан рухқа айналған Мұсылманбай киесі оның үрім-бұтағына дарыған.

«Албан полковник» немесе Бәукейдің Құлжаға баруы

Екі мыңыншы жылдың ортасында Мұсыл­манбайдың ұрпағы, Тазабек бидің шөбересі, «Қилы замандағы» атақты Әубәкір болыстың бел баласы Бәукей Әубәкірұлы дабыра қылмай Құлжаға барды. Осы қаланың маңындағы мұсыл­ман қорымына жерленген 1916 жылғы ұлт азат­тық көтерілістің көсемі, әкесі Әубәкірдің басына құлпытас қойып, дұға оқытып, мұсыл­мандық сауапты іс жасады. Ұлттық рух пен намыс, иман, ілім, дін-зерде ұлы атасы Мұсыл­ман­байдан дарыған қарияның бұл әрекеті ерлікпен пара-пар еді. Әлмерек дүние саларда туажаты Мұсыл­манбайға бата беріп, соңғы өсиетін осы ұрпа­ғына айтып кеткен. Әлмерек абыз кесене кеше­нінде Бәукей шырақшы болып жүріп, тәуекел етіп, жолын тауып, Құлжаға барады. Шетелге шығу ол кезде қиын болатын. Бәукеңнің туа біткен батыр, әке-аталарына тарт­қан әскери адам екенін жұрт жақсы білетін. Ол қырқыншы жыл­дардың ортасында Шығыс Түркістан Республикасында әскери командир болған. Кейін Қытай армиясының бір полкінде әскери қызмет атқарады. 1955 жылы Қытай үкіметіне өтініш жазып, туған жері, атамекені Кеген ауданына келеді. «Сен басында орысқа қарсы болған Тазабек бидің ұрпағысың, бауырың Жақыпберді Кеңес үкіметінің қас дұшпаны болды. Еліңе барғанда сені есірке­мейді, ұстап әкетеді», – деген қытайлар оны жібергісі келмейді. «Мейлі, атып тастаса да ма­ған бәрібір. Туған еліме барып, топырағын иіскеп өлсем арман жоқ», – деп тоқетерін айт­қан оның бойын­дағы батырлық қасиет Отанына осылай оралтты. Алдымен Алматыға келіп, бұрын Қытайда қалада тұрған Бәукеңс ол кездегі астанада қалғысы келеді. Сөйтіп, үй сұрап сол кездегі «совминнің» төрағасы, атақ-даңқын Қытайда жүргенде талай естіген Дінмұхамед Қонаевқа хат жазады. Көп өтпей Алматының бір мөлтек ауданынан пәтер берілетіні жөнінде Үкімет адамы қол қойған хат алады. Қуаныштан төбесі көкке екі елі жетпей, қайын жұртына хабарласады. Қонақтап келген жүкті әйелінің боса­нып, ұл туғаны жөнінде олар сүйінші сұрайды. Берілейін деп тұрған үйге қара­май Бәукең Қарқараға тартады. Сөйтіп үйден құр қалады. Мұсылман­байдың ұрпағы «Албан полковник» өзіне әкесіндей жақсылық жасаған нағыз мұсылман Димекең – Дінмұха­медке өле-өлгенше риза болып кетті. Әлмерек басында шырақшы болып жүргенде әр ғибада­тында Қонаев рухына дұға оқып, қазақтың бағы­на туған кемеңгерді есінен бір сәт шығармады.

Димекең Әлмерек абыз жайында, оның аңыз­ға айналған ұрпағы Мұсыл­манбай туралы көп білетін. Тоғыз жа­сын­да (1921 жылы) «Әлмерек» жазы­­ғында, осы аттас өзен маңында діндәр­лар тасаттық бергенде әкесімен ілесіп келіп, абыз мазарын көрген. Әлмерек оның ұрпағы Жәнібек және бидің зәузаты Мұсыл­манбай жайында әкесі Меңліахмет қария айтқан әңгіме, жыр толғаулары Димекең есінде өле-өлгенше сақталады.

Мұсылман әлеміндегі ұлы тұлғаның сыртқа білдірмей нәпіл ғибадаттар жасағаны, өмірінің соңында Меккеге қажылыққа баруға ниет еткені және Түркияға барғанда: «Менің қырық жыл на­маз оқығанымды түрік бауырлар сезіп тұр», – деп әзілдеуінде мән бар. Әлмерек, Мұсыл­манбай, Жұмабай, Бөйіт сопының мұсылмандық ғұрып пен салтты бұлжытпай ұстаған өнеге-ғибраты, өсиеті Димекеңе бала кезінен белгілі еді.

Қазір Әлмерек абыз кесенесі жанындағы намазханаға келгендер Мұсылманбай, Дін­мұхамед, Меңліахмет рухына дұға оқиды. Үйсін дәуірінен келе жатқан Әлмерек қорым сайында Мұсылманбай да жерленген болуы керек. Өйткені әулиенің Әлмеректен кейінгі атасы Жәнібекке топырақ осы жерден бұйырған.

Әлмеректің болжау және өсиет

Мұсылманбайды мен көрген жоқпын. Оның қасиетін рухы мен ұрпақтары арқылы біліп, әбден танып зерттеп, соңында жазуға бір тылсым күш әсер етті. Бойларында аталарынан дарыған қасиет бар Мұсакеңнің тікелей ұрпақтары офицер Бәукей, молда Шәйім, ақын Айтуған және дәрігер, шипагер Нөкербанмен әңгімелесудің, сұхбаттасудың арқасында аруақ рухы, тылсым күштер кемеңгер бейнесін елестетті. Әсіресе, Франциядағы Халықаралық М.Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі, Ресей мұсылмандар қоғамының алтын медалін алған, «Әлмерек рухани-сауықтыру» орталығының ұстазы, тегі Әлмеректің жаужүрек ұлы Жәнібектен тарайтын Ермек Мырза­гелдіұлында Мұсылманбайдың «рух-ұшқыны» сезілетін. Өйткені, ол көріпкел, бір тылсым күш дарыған жан еді. Оған Алла Тағала «аруақ әлемін» көрсететін. Оған өзім талай куә болдым. Әлмерек жайында менің естіп, білгендерімнен басқа неше түрлі таңғажайыптарды айтатын. Кейін оның бойындағы тылсым күшке көзім жетті. Атасы Жәнібектің қайда жатқанын, қанша жасында жау қолынан қаза тапқанын дәл тауып, басына құлпытас орнатқан.

Қазақтың бойында о бастағы Тәңір­лік ілімнің (дін емес) қасиеттері мен кие, белгілері сақталған. Өкініштісі, оны білмейміз және білуге құлық­сызбыз. «Таңғы ас Тәңірден» деп ерте шаруасын бастап, атқа қонатын қазақ ұланғайыр жерді оқу-білім емес, ілімнің арқасында ежелден иеленіп келе жатыр. Ежелгі біздің ілім-дінімізде қиял ертегі, фанатизм жоқ.

Мұсылманбай бойында ежелгі «ілім» мен кейінгі «құран қасиеті» қатар қонақтаған. Ол өмірдегі ақыл-ой жет­пей­тін күрделі мәселелерді, бас қаты­ратын шаруаны, ертеңгі болатын ауа райы мен келесі жылы қыс кезінде не істеу керектігін алдын ала айтып отыратын теңдесі жоқ ғұлама, сәуегей ретінде аты аңызға айналды. Қалың қабақты оның «ой көзі» төңіректі түгел түнегіне дейін көретін бір ерекше қасиет иесі болғанына сан түрлі дерек, мысал, дәйек келтіруге болады.

Ұлы атасы Әлмерек бәйбішесінен туған төрт ұлдың, тоқалынан туған бір баланың және соңғы әйелінен өмірге келген үш баланың қасиеттерін алдын ала біліп, сол ерекшеліктеріне байла­нысты тәрбиелеп, баулыған Әлмеректің «тәрбие әлемі» әлі сыры ашылмаған ұлттық ерекшеліктің бір өнегелі үлгісін көрсетеді. Мұсылманбай туғанда Әлмерек біраз жасқа келген екен. Бала нысаналы болып туып, әке-шешесін, ағайын-бауырды ширақ қимыл-қылы­ғымен, тосын мінез-әрекетімен, ойын-ой, арман-қиял ерекшелігімен қайран қалдырады. Сексеннің сеңгіріне шыққан Әлмерек туажаты өмірге келгенде: «Адам ұрпағымен мың жасай­ды, мен жүзге жақындап дүниеден өтемін. Алла Тағала маған туажатты көрсетті. Өмір жасы ұзақ болсын. Күлкісінен күн көрініп, айдарынан жел ессін, мұсыл­ман­­ның пірі болсын», – деп азан шақы­­рып, атын Мұсылманбай қояды. Өйткені Әлмерек сексеннен асқанда мұсылман ғұрпы бойынша пірәдәрлік жолға түсіп, оқшауланып, күндіз-түні намаз оқып, ғибадат жасап, жарат­қан иеге жақын­даудың жолын таңдағаны белгілі. Бұл жерде ерекше айта кететін нәрсе о бастағы Мұсыл­манбай есімін орыс отаршылары «басур­ман» деп кемсітіп, айтатын әдет бойынша «Пұсырман» деп жылнама-құжаттарына жазады. Мұсыл­манбай Жетісуға келе бастаған орыс отаршыларына алғаш қарсы болып, ел ішінде насихат жүргізеді. Бұрынғы көнекөздер болмаса кейінгі ұрпағының өзі қазірге дейін Мұсыл­манбай демей әлі күнге «Пұсырман» деп айтады, жаза­ды. Отаршылдықтан қал­ған дерттің бірі осы.

Әз Тәуке хан тұсында жас жігіт, Абы­лай­хан кезінде шау тартып, қарттыққа бой ұрған Әлме­рек алпысқа жеткенде айтқаны дәл келетін, бер­ген батасын Алла қабыл алатын «ғажайып қасиет­ке» ие болады. «Мұғжизалық киенің» көрі­нісі сезіледі. Өтеген, Бақай, Тайлақ, Малай батырлардың жекпе-жекке шығарда немесе жорық­қа аттанар алдында Әлмеректен бата алып, жауын жеңіп оралатындары сол кезден жалғасқан әңгіме-аңыздардың бәрінде айты­лады. Оның ішінде Райым­бекке берген «баталы сөзі» әлі ұмытыл­ған жоқ. Жолы болмай­тындар­дың жо­лын ашқан, білмейтін­дерді білгізіп, көзін ашқан, шаруасы тұйыққа тірелген­дердің ісін оңдаған Әлмерек шын мәнінде қасиеті бар әулие еді. Мұсыл­манбайға қасиет сол жарықтықтан дарыған.

Райымбектен кейін өзінің туажаты Мұсыл­манбайға бата беруі және Құран аят­тары жазыл­ған зерлі ақ туын оған аманаттап, соңғы өсиетін айтуы оның көреген, асқан дана екенін дәлел­десе керек. Әлмеректің қасиетті ақ туы Мұсыл­манбайдан Тазабекке, Тазабек­тен Солтанбекке, Солтанбектен Жақып­бердіге дейін жалғасты. «Батырлық кие» белгісі 1929 жылғы шекарадағы қырғын, қанды көште жоғалады. Тудың жоғал­мауы керек еді. Қызыл қарақшы, қанды­балақ комотряд әскерінің тосыннан қырғын салуы тудың түбіне жетті. Сөйтіп, Әлмерек, Жәнібек, Тазабек, Мұсыл­манбайдан жалғасқан әулеттік ерлік дәстүр соңында еріксіз тоқтады. Туды соңғы рет 1928 жылы көтеріп шыққан Жақып­берді атылды. Бұл 1933 жыл болатын...

«Хан тұқымы» немесе қалмақтың мұсылман болуы

Әлмеректің әйгілі ұрпақтарының билік шежіре-дерегі ауызшада айты­лып, кейде бір тосын жағдайларда жазы­лып отырған. Мұсылманбай зама­нында медреседе оқыған молдалар және молдадан дін сауатын ашқан кісі­лер қатары елде біразға жеткен. Араб әрпімен өткен-кеткенді сауатты жазатын зерек молда, шежіре жылна­машылардың болғаны күмән тудыр­майды. Байсейіт батыр жөніндегі шындық оқиғаның күні бүгінге дейін қаз-қалпында ұрпаққа жалғасуы осыны дәлелдесе керек.

Мұсылманбайдың әкесі Қонысбай, оның әкесі Байсейіт (Әлмеректің немересі) атасына тартып батыр болып туады. Оның шешесі бір ханның қызы екен. Айттырған жеріне бармай ханның жылқышысымен көңіл қосып, қашып келе жатқанда серігі тосын кездескен Жәнібек батырдан қарадай қорқып, сүйгенін орта жолда тастап кетеді. Қапаланған хан қызы қанжарын алып, өзін жарып тастамақшы болғанда Жәнібек райдан қайтарып, жағдайды білген соң хан­шаның өзіне кетары емес екенін сезеді. Қоянжүрек қорқақ сері­інен көңілі қалған хан қызы Жәнібекке олжа болып, оған тиеді. Үйленерде Әлмерек қай ханның қызы екенін сұрай­ды. «Айтпаймын, айтсам бала­ңыз­дың басы кетеді» деп қысқа қайы­рады. Осы хан қызынан, яғни, Жәні­бектің екінші әйелінен Байсейіт батыр туады. Одан Қонысбай, оның ұлы Мұсылманбай дүниеге келеді. Яғни, Мұсыл­манбайдың түп нағашыларының хан тұқымынан екені айтпаса да түсінікті. Байсейіттердің өзде­рін хан тұқымымыз деуінің сыры осында. Ол кез­де қараға шықпайтын хан қызы қалай Жәнібекке жар болды деген заңды сұрақ туады. Бұл жерде Әлме­ректің көрегендігі мен ақыл­дылығы және «хан дәрежелеріндегі» би болғаны есте тұрады. Әлмерек Әз Тәуке хан орда­сында талай болып, билер мен хандар­дың кеңесіне қатысқан сұңғы­ла­лардың бірі еді. Тарихта Әз Тәуке жаны­на батырлардан гөрі даналарды, ғұла­маларды, молда, сопыларды және ке­мең­гер билерді көбірек жинап, олармен үнемі ақылдасып отыратыны айтылады.

Әлмерек терең ойлап, ақылға салып, үлкен той жасап, батасын беріп, хан қызын Жәнібекке ақ некелі етіп үйлендіреді. Келіні Әлмеректі ерекше құрметтеп, алдынан қия өтпей, хандар салты бойынша өмір сүруді қалайды. Арғы әжесі әйгілі хан қызы, аталары Әлмерек, Жәнібек, Байсейіт батырдан тамыр алып, ержетіп, өніп-өскен Мұсыл­манбайдың шынында текті тұқымнан шыққан асылзада екенінде еш дау жоқ. Әлмеректің назарына ерте ілініп, сөзін тыңдап, өсиетін өле-өлгенше ұмытпаған Мұсылманбай бозбала кезінде жауынгерлік машықтан өтеді, діни сауатын ашады, сол заманға тән ілім-білімді бойына сіңіреді. Бәрінен бұрын атын Мұсылманбай деп айғайлап айтып тұрғандай мұсылмандық өнеге, тәрбиені, қасиетті қатты сақтайды. Оның жаугершілік жорықтары жөнінде біраз айтуға болады. Солардың бірі «Шебік қалмақ» оқиғасы. Қалмақ баты­ры Шебік бір шайқаста қолға түседі. Пен­де болып, сардарға бас иеді. Оның жәй жерде емес, жойқын соғыста шай­қасып, тосын қолға түскенін біліп, қалмақ батырын өлтірмейді. «Кәлима» айт­қызып, Құран ұстатып, шариғат-хадисті түсіндіріп, соңынан сүндеттеп, мұсылман дініне кіргізеді. Сөйтіп, жалғыз Шебік қана емес, біраз серігі де мұсылман дініне кіреді. Ақырында Шебік Мұсакеңнің әскеріне елубасы бо­лып, жорыққа бірге аттанатын батыр­лар­дың біріне айналады.

Мұсылманбай әскерінде үш жүздің бәрінен жауынгер, садақшы, найзагер және мергендер болған. Орта жүз Арғын Ахмет батыр, Кіші жүз он екі ата бай ұлы Бөжеке батыр сардар қол­астында небір ауыр шайқастарға қаты­сып, асқан ерлік көрсетеді. Бөжеке ту ұстаушы болады.

Тәңірге табынып, Құдайдан бала сұрауы

Тәңір сөзі Құдай сөзімен мағыналас. «Бір Құдай, Құдай оңда» деп сөз бас­тайтын қазақтар «Көкте Құдай» деп те айтады. Сондай-ақ, «Тәңір-Ие», «Тәңір Жарылқасын» деген бата-тілек сөзі тілдік қорымызда бар. Бір Жаратқанға, яғни, бір Құдайға табыну мен сыйыну Ислам дінінен бұрын қазақта болғаны дәлелдеуді қажет етпейді. «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деп атам қазақ қалай тауып айтқан?!

Мұсылманбай көпке дейін бір пер­зентке зар болып, қапаланып қатты на­лып жүреді. Бір туысының «сенің батыр­лығың, байлығың кімге керек, дүниеден қубас болып өтесің» деген қорлық сөзі оны қайғыға батырып, қамық­тырады. Бір күні ешкімге білдірмей жалғыз өзі үйінің маңындағы қалың шеңгелдің ішіне түнейді. Ертеңінде сәске түсте шеңгелдің ішінде жар­тылай жалаңаш денесін тікен бұталарына тіл­діріп, тұла бойын қып-қызыл қан қылып, Жарат­қанға жалынады. Налып, мұң-зарын айтып, жы­лайды. «Құдай мені шын мұ­сыл­ман – Мұсыл­манбай ғып жара­тсаң маған бір «шикі өкпе» бер» деп қатты дауыстайды. Сол күні түнде бір кере­мет, бірақ қорқынышты түс көреді. Түсін­де тоғыз қасқыр қоршап, оған сес көрсетіп, бір кезде ғайып болады. Ертеңінде жұма күні бес уақ намазын қаза қылмайтын, руы Тоқан, ғұлама молдаға кезігіп, көрген түсін айтады. Әлгі кісі: «Тоғыз қасқыр көрген екенсің, Құ­дай саған тоғыз ұл береді. Соның ішінде біреуі көкжал қасқырдай мықты, батыр әрі ел билейтін би болады», – деп түсін жорып береді. Мұсекеңнің Құдай­ға жалынуы Тәңір-Иеге жетіп, ол соңын­да оншақты перзент сүйеді. Сүйікті әйелі Шапырашты Наурызбай елінен келін болып түскен Шақа­найдан кенже ұлы Тазабек өмірге келеді. Орыс­қа он жыл бағынбай, он жыл соғысып, отар­шылар қолынан қаза табатын, «тау көк­жалы» Тазабек бидің тағдыры орыс, қытай тарихында «бүлікші» деген атпен белгілі болып, әлем тарихында қалды.

Тазабек би жайында Жамбыл мен Сарбас ақынның айтысында мынандай жолдар бар: «Пұсырманның (Мұсылман) ба­ласы, Тазабек деген ер шыққан. Орыс пенен Орманнан әсте беті қайт­паған». Атақты Ілияс Жансүгіров батыр, би жайында арнайы еңбек жазған. Ал, Көдек ақынның жоқтауы оның ерлігін ұрпақтан ұрпаққа жалғады. 1846 жылы Жетісудің Семей өңірімен Шектесетін бір жайлауда би-болыс­тардың, хан-сұлтандардың Құрылтайы болып, оған Албан елінен Тазабек би қатысады. Сол жолы аға сұлтан, Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлымен кездеседі. Жазушы Әскер Тойғанбаевтың «Қайран елім» атты тарихи-деректі шығарма­сында Тазабек бидің тағды­ры, ерлігі, кемеңгерлігі бейнеледі. Әлмеректен бастап, Мұсылманбайдан тартып, соңы Жақыпбердіге дейінгі ерлік шежіре Қытайдан шыққан осы кітапта жақсы баяндалады.

«Албан күлік» арғымақ немесе Қытайға елшілікке бару

Жоңғар мемлекеті құлаған соң Қытай патшасы мен Қазақ хандары­ның арасындағы елшілік-диплома­тиялық байланыстың күшей­гені белгілі. 1758 жылы Мұсылманбай Хангелді батыр және Төле бидің бала­сы Жолан, тағы да бірнеше белгілі кісіден нөкер ертіп, Қытайға елшілікке барады. Қытай тарихында бұл елшілік сапары ай-күніне дейін жазылған. «1798 жылы қарашада Төле бидің баласы Жаулен (дұрысы Жолан – О.Қ.), Хангелдінің інісі Мұсыл­манбай елші болып, астанаға барып, Шаңлуң патшаға жолықты». Бұл деректе одан ары елшілер тобына патшаның қонақ­асы бергені айтылады. Не үшін патша арнайы қонақасы берді? Өйт­кені патшаға Мұсылманбай нөкерле­рімен жолығып, сол кезде даңқы шыққан «Албан күлік» ақбоз, күрең­қасқа ар­ғымақ сыйлаған. Осы салта­натты сәтті сол кезде Қытай астана­сында бол­ған Италия суретшісі қаз-қал­пында айнытпай салады. Суреттің түпнұсқасы Парижде Лувр мұра­жайын­да сақтаулы тұр. Классикалық туындының көшірмесі менің қолыма кездейсоқ түсті. Оны Қазақстанға кім­нің әкелгені беймәлім. Суретте топ адамның ішінде дара көрініп, үстінде қызыл шапаны, басында қара бөркі бар, беліне кісе белдік таққан, шоқша сақал­ды кісі тұр. Маңғаз, тау қоз­ғалса да қозғалмайтын, сабырлы, ойлы кісінің суретін көргенде көз алдыма ерекше сүйек-саны, түр-тұлғасы, қазандай басы, кескін-кел­беті аңыз болған Мұсылманбайдың бейнесі келді. Бәрінен бұрын Мұсыл­манбайдың ұрпағы Нөкербан ағаға біраз ұқсастығы еді және ол кісінің үйіндегі мен көрген кісе белдіктің көзіме оттай басылғаны – қатты әсерге бөледі. Суретте нағыз тау қазағы иілмей, бүгілмей тұр. Қалған­дары Қытай императорының алдында бір нәрседен секем алғандай күйде. Мұсылманбайдың жанындағы белбеу тақ­қан қара шапанды кім? Ол – Хангелді болар?! Ол бір нәрсе деп сөй­леп тұрғандай.

Суреттің Мұсылманбай екенін дәлелдейтін тағы бір белгі – ол өзі жарау, үйретілген, жүген-шылбыры бар сәйгүлік ақбозат. Бір өзіне бес мың жылқы біткен Мұсылманбайдың күрең қасқа, ақбоз арғымақтары қы­тай ұлықтарының «көзқұрты» болған. Мұны білетін Мұсылман­байдың «сый атты» өз жылқысынан таңдап, жүген­деп әкелгені суретте көзге ұрып тұр. Пәлең мың жылдық тарихы бар «Ма­нас» жырында көп мақталатын және түркі батырлары мінетін «Албан күлік» атты тұлпар­лардың шыққан жері Қарқара жазығы мен Мыңжылқы тауы жән Қулық, Торайғыр деген жылқы атта­рымен аталатын жайлау, өрістер екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ шығар. Мұсылманбай жылқы қасиетін білетін, атбегі де болған. Оның өмір-жасын ұзартқан, бойына күш-қуат бер­ген жоғарыда айтқан сәйгүліктер мен тұлпарлар еді. Сондықтан әулие­нің: «Мінгенім Мұзбел болса, сүйгенім Қызбел болса, мен қалай қартаямын», – деген қанатты сөзі тәмсілге айна­лып, бүгінге жеткен.

Бұл жерде Мұсылманбайдың сәйгүлік, тұлпарларына қатысты адам айтса сенгісіз оқиғаны айтудың реті келіп отыр. Мұсакеңнің туажаты, Тазабек бидің немересі Жақыпберді батырда тұқымы әулеттен-әулетке жал­ғас­қан айғыр болған. Мұсыл­манбай кезіндегі тұлпарлардың тұқымы болса керек. Жақаң атысып-шабысып Қытайға барғанда астын­дағы айғырға көзі түскен бір шонжар әдейі қонаққа шақырып, соңында: «Айғырыңды маған тастап кет», – дейді. Бұған батыр көнбейді. Міне, Жақаңа байланысты Қытайда қуғын-сүргін басталып, оның соңы немен аяқталғаны белгілі.

Италия суретшісі салған карти­нада Мұсылманбай бейнесімен оның сәйгүліктері туралы әңгіме жалғасты ғой. Олай болса белгілі картинадағы Мұсылманбайдан басқа үш-төрт адам кім? Қайсысы Хангелді, қайсы­сы Жолан? Осы сауал зерттеушілерге ой салып, олар да өз болжауын, топшылауларын айтса екен деген тілек бар. Мен шамам кел­генше өз бол­жам деректерімен, тарихи оқиға­лар ізімен, кездесіп, жолыққан сар­дар ұрпақ­тарының көзбен көрсетіп, қолмен ұстат­қан (кісе белдік, ат) заттары арқылы қазақ тари­хын­дағы бір соқталы тұлғаның бейне-су­реті жайында осылай ой түйдім.

Маған еуропалық суретші салған «картина-дерек» қатты ұнады. Таң қалдым. Қазақ хандығы дәуірінің Абылай хан тұсында Қытайға елшілік­ке барған, аты-жөні таңба­ланып, тарих­та қалған және суретін еуро­палық суретші салған, елші, пірәдар, батыр, сардар Мұсыл­ман­бай шын мәнінде айтулы тұлға екенін «сурет-дерек» осылай дәлелдеп тұр.

Әз Тәуке хан тұсында би болған Әлмерек абыз жайында отыз жылдан бері зерттеп келемін. Құдай өзі терең­дей берсең – небір деректерді, оқиға­ларды кездестіреді екен. Мен тұлға кейіпкерім Әлмеректің қара ошағы мен қабірінде бүлінбей сап-сары болып жатқан сүйегін көрдім. Сөйтіп, қабір басында дұға оқыдым. Бұл туралы бүге-шүгесіне дейін жазылған мақала ертеректе бір басылымда жарияланды. Соңында Әлмеректің туажаты Мұсылманбайдың суретін, суреттегі сәйгү­лігін көремін деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. «Құ­дай қолдайды, аруақ оңдайды» деген қазақ көрегендігіне тең келетін әлем­де даналық жоқ екен. Біз аз болсақ та ақыл-ойы өзгелерден көш ілгері озық, кемеңгерлігі өзінің кең дала­сын­дай, батырлығы тіпті басқа­ша халық екеніміз Мұсылманбай өмір-тағы­лымынан көрінеді.

Ораз ҚАУҒАБАЙ,

жазушы.

 

Оқылды 828 рет

Күнтізбе

« Ақпан 2020 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Сайтта: 105 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане