logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1161

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 911

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 882

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 729

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 1015

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 979

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 698

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 931

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 868

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 874

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 745

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 939

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 04 Қыркүйек 2015 18:00

Әннің де естісі бар, есері бар

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Ән – өте кең тараған музыкалық шығармалар жанры. Ал соны талғап тыңдай білу әркімнің еншісіндегі дүние. Дарқан даламызды әнмен аралаған күміскөмей әншілер де аз емес бізде. Кешегі шайырлардан Ақан сері Қорамсаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Мұхит Мерәліұлы, Кенен Әзірбаев және Әміре Қашаубаевтардың әндерін барша халық тыңдап, еліміздің мәдениетін, өнерін таныды десек артық айтпағанымыз. Осы әндер әуенімен, сөзімен, тарихымен қашанда құнды болып қала бермек.

Сағындырған әндер-ай...

«ВАЛЬСТІҢ КОРОЛІ» атанған Шәмшінің әндерін жатқа білмейтін қазақ жоқ шығар сірә! Осы тұста «Қазақ­тың 100 әні» атты жинақтың жарық көруі де ән өнерінің мерейін еселеді десек те болады. «Сағындырған әндер-ай» музы­калық-бағдарламасы да дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Сонда байқаса­ңыз көрер­меннің басым көпші­лігі орын­даушымен бірге қосылып әнді айтып отырады. Тіпті эфирдің бергі жағынан көргеннің өзінде бір сергіп қалатынымыз жасы­рын емес. «Құлақтан кіріп бой­ды алар, әсем әнмен тәтті күй», – деп Абай атамыз да өз заманында әннің қаншалықты құдіретті екендігін тілге тиек еткен. Ұлы дала бауырында дүниеге келгеніңді, қазақ деген киелі ұлт­тың ұрпағы екеніңді айт­қызбай сездіреді ғой. Ән деп, әуен деп осыны айтсаңыз бола­ды. Ал енді осы бір құнды дү­ние­міздің бетіне қара бұлт кө­леңке түсіре бастағандай кө­рінеді. Олай деуге «заманауи жырау­лардың» қаптағаны себеп. Қай­ран біздің отты тілді, адуын­ды жыраулар. Саналы ұрпағына сапалы дүние қалды­ра білді. Бірақ жасөспірім­дердің басым көпшілігі осы музыкалық ағым­ның яғни рэптің арнасына ауы­сып бара жатқандай. Бұл қоғам үшін оның ішінде Мәңгілік ел­дің ұрпақтары үшін өте өкінішті жағдай. Даңғаза музыканың пайдасынан көрі зияны басы­ма­рақ екендігін көпшілік түсінеді. Алайда оған көп мән бермейді. Бізді құртатын да осы дүние ғой. Өкінішті-ақ.

Бүгінгі шоу бизнеске қарап, қарныңыз ашатыны жа­сы­рын емес. Концерттік бағдар­ламалар болса болды бейтаныс әншілер фонограмма қосып, ауыздарын жыбырла­тып, ән салған сыңай танытады. Өнер деген киелі ұғымның бұлағын лай­лаған деген осы болар. Мы­салы, осыдан біраз уақыт бұрын «Тұрсынбек, Зат­ты­бек мен сіз­дерді сүйемін», – деп әуелетіп ән салған қаршадай қыз клип түсір­ді. Сөзін де әнін де өзі жазған екен. Барлығымыз ол қыздың маза­ғын улап-шулап көріп алдық. Түрлі пікір де айттық. Тіп­ті, «КТК» арна­сындағы «Той­BestStar» бағдар­ла­масының ұжымы әнші сымақ қаракөзі­мізді арнайы бағдар­ламаға шақырып, қарша бора­ған сұ­рақ­тың астына алғанда: «О баста қалжыңдап сөзін жаздым. Кейін ән шығарып, клип түсі­ріп, ғаламторға енгізіп қойдым. Тұрсынбек аға әзілді жақсы тү­сі­не­тін шығар деп ойла­ғанмын. Бірақ ол ойым дұрыс болмады. Бірақ менікі өнер ғой», – деп бұлтармастан жауап берді. Өнер­ді осынша деңгейге төмен­деткен қаракөз­дің санасы улана бастағандай. Бірақ оған ақыл айтатын бір адам да болмағаны жанымызды мұздатты.

Араға көп уақыт салмай-ақ тағы да ғаламтор бетінде «МС Сай­лаубек» деген есіммен ақтө­белік рэпер азамат пайда бола қалды. Интернеттегі мә­лімет бойынша мектепті үздік оқыған біздің кейіпкер басынан ауыр жара­қат алған. Кейіннен ішім­дікке әуестеніп кетіпті. Бірақ оның бойында «ерекше қасиет бар» дейді ақпарат тарату­шылар. Ерек­шелігі – түсініксіз тілде ән айту екен. Осыны да дарын деген дархан халық-ай. Үлкен қате­лік­ке бой алдырып отыр­ға­нымызды өзіміз де бай­қамай қал­дық-ау. Тағдыр тәл­кегіне түскен аза­матты мазақ ет­кендер де жетіп артылатын көрінеді. Оған құттықтау айтқы­зып, бейне­камераға түсіріп келемеж­дейтіндердің де қатары сирейтін емес. Мұны да қызық үшін бол­ған оқиға деп есептейді көп­шілік. Түсініксіз тілде ән сала­тын «әнші сымақтың» ән деп айтып жүрген «әридәйін» көп­шілік жаттап алыпты. Сөзін біз тұрмақ өзі түсінбейтін орын­даушы не ана тілінде, не ағыл­шын тілінде шырқамайды. Тіпті жер бетіндегі ешбір халықтың тіліндегі ән емес екендігін де арнайы мамандар дәлелдеген. Осындайда не күлеріңізді не жыларыңызды білмейді екенсіз. Сайлаубектің ешбір мәнсіз, мағынасыз әндерін біздің шоу бизнестегі мүйізі қарағайдай өнерпаздарымыз қолдап отыр­ғандығы расымен де көңілге қаяу түсірді. «Ринго» тобы Сай­лау­бекпен дуэт айтуды жоспар­лапты. Осындайда қазақ «кірер­ге тесік таппадым» дейтін еді ғой. Соның кебі келіп тұрғандай. Мағынасыз әнді шүлдірлеп айтып, оған билеп жүрген қазақтың қаракөздері өзімен өзі мәз. Шаш ал десе, бас алатын за­ман­дағы еріккеннің ермегі дер­сіз мұны.

Даудың басы – даңғаза музыка

Өткен жолы ауылға бара қалсам балалар қалта телефон­дарына біз әңгімеге арқау еткен «әнші сымақ­тардың» әндерін жазып алып, қосылып орындап жүр. Сұрасам: «Прикол рэп қой. Американ­дықтардың барлығы осылай ән айтады. Жақсы емес пе? Билеге­ніңе де әуені ке­ліп тұр», – деп жауап берді. Осы­дан кейін бір нәр­се айту әсте қиын. Қылжақ­тың бәрін ән деп, орындау­шы­ның бәрін әнші деп бағаласақ, ұлт­тық болмысы­мыздың, қадір-қасиетіміздің аяққа тапталғаны емес пе? Осы орайда қаптаған қылжақтың ара жігін ажырату мақсатында «Тал­дықорған әуен­дері» Халықтық, фоль­клорлық-этнографиялық ән-би ансамб­лінің жетекшісі, сазгер, ақын Жангелді Немере­байдың пікірін білген едік:

Абай атамыз: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлең­мен жер қойнына кірер денең» деген. Қысқасы ән-жыр арқылы халықты да баланы да тәрбие­леуге болатындығын ата-бабалырымыз о бастан білген.

Жастар тыңдап жүрген даң­ғаза музыканы Мұхтар Шаха­новша айтсақ «қират­қыш» музыка дейміз. Оның не сө­зін түсінбейсіз, не әуені ойы­ңызда қалмайды. Сананы улап мәң­гүртікке жетелейтін музы­каны «қиратқыш» демей не дейсіз? Әнде не сезім жоқ, иірім деген­нен мүлдем ада қалған музыканы тың­даған жас ұрпақ әннің «естісі» қайсысы «есері» қай­сысы айыра алмай қала ма деп алаңдаймын. Мен Сайла­бектің әнін ән деп қабылдай ал­май­мын. Бірақ өзіміздің бауыр­ларымыз оны көкке көте­ріп жүр. Тойларға да шақырады екен. Бүгінде әлеу­меттік желіге тосқауыл бол­маған соң пайда­ланушылар саны бар да сапасы жоқ дүиелерді ен­гізе береді. Солай еріккен біреу Сай­лаубек­тің «былдырын» жазып, ғалам­тор арқылы қалың тұтыну­шыларға таратқан. Белгілі ән­шілер дуэт айтамыз десе, онда біздің шоу бизнестің деңгейі төмендеп кеткен деп түсіну керек.

Қазіргі жас буын неге осындай мағынасыз дүниеге құ­мар екендігін түсіне алмадық. Оларды жіпсіз байлап тұрған құді­ретті күшті де анықтай алма­дық. Расымен де, бүгінгі тыңда­латын әндер бұрынғы әннен әлдеқайда өзгергені шын­дық. Осы мәнсіз де мағынасыз дүние миымызға шөгірдей кіріп кетпей тұрғанда әрекет етудің жолын қарастырғанымыз да жөн. Кейін опық жеп, сан соғып қал­мас үшін ертеңгі күнді бүгіннен бастап ойлағанымыз абзал. Бос әуреге уақытымызды кетіріп, миы­мызды шаршатқанымыз әсте жақсылық емес. Ал, осы даңғаза дүниелер адамның ой-өрісін, ойлау қабілетін де тарылта­тындығы жанымызға батады. Сол себепті психолог маманның кеңесіне жүгінген едік.

Күнделікті өмірде қандай дүние орын алып жатса да таң қалмайтын болдық. Бойымыз үйреніп кеткен сияқты. Кейінгі уақытта теледидар көретін, кітап оқитын жастар азайып кетті десем сіздер де қосы­латын шығарсыздар. Қазіргі ба­лалар кітаппен емес, теле­фон­мен сырлас. Оған шектеу қою, біржола тиым салу мүмкін емес. Меніңше, осы жаңа ғасы­рыңыздың пайдасынан зияны көп тиіп жатқан секілді біздің ұрпаққа. Бір қарағанда бәрі жақсы сияқты көрінеді. Бірақ, сәл тереңірек үңілсеңіз бұлың­ғыр әлемді көресіз. Даудың басы даңғаза музыкадан басталады десем де болады. Өйткені, мек­тептегі кез-келген баланың телефонын алып, тыңдайтын әндерін саралап қарасаңыз, кілең рэп стиліндегі әндер. Оның адам психо­логиясына пайдасынан көрі зияны басым. Адам шар­шаған уақытта классикалық музыканы тыңдаса, ми клетка­ларымен қоса адам ағзасы да тынығады. Бірақ осыны көпші­лігіміз түсіне бермейміз. Оқу­шы­­ларға «Қай әнші ұнай­ды? Қай әншінің әндерін тың­дай­сың?», деген сауалдар қою ар­қылы, психологиялық анкета ұсы­­на­­мыз да, жауаптарына қа­рап қарнымыз ашады. Олар­дың сүйікті әншілері Тимати, Сон Паскаль, Энрике Иглесияс сын­ды шетелдік әншілер. Тақылдақ әндердің ханзадасы сана­латын, мағынасыз дүние­лерден жас ұрпақтың бойын аулақ ұстауы­мыз керек. Сол үшін ата-ана ең алдымен бала­ңыздың немен айналысып жүр­геніне көбірек мән берсе екен. Бала – өмірдің мәні. Олай болса, өмірлеріңіздің мәнін мәнсіз дүниемен алмас­тырып алмаңыз­дар, – дейді психолог Бота Най­за­герова.

Өзіміздікіндей болмайды

Психологиялық тест­ке осы­лайша жауап берген оқушы­лардың бүгінгі беталысы бізді біраз тұңғиыққа батырды. Бұл жақсылықтың нышаны емес. Өзгенікі өзіміздікіндей болмай­тынын түсінетін уақыт қашан жетер екен бізге? Мүмкін санасы улана қоймаған балабақ­шадағы бүлдіршіндерге де музыканың пайдасы мен зиянын үйретуіміз керек шығар. Жас өркеннің та­мырына балта ша­был­маса екен, оларды тұн­шық­тыратын вирус бойларына түс­песе екен деп ті­лек­тес болатын ағайынның қа­расы көп. Тек тілек қабыл болса болғаны.

Сонымен ән туралы сөз қоз­ғай отырып, интернет желісінің де мәнді, мәнсіз жағын байқа­дық. Кім көрінген аузына кел­генін айтып, соны интернет же­лі­­сі­не жіберіп, содан ой туғы­зып, әлдекімдерден жұлдыз жасап жүргендер қаншама. Ол сол адам­ның таным түсінігіне тіке­лей қа­тысты. «Әнші сымақтарға» елік­теген жастар­дың да танымының, тал­ға­мының және сана мен білім дең­гейінің мүлдем төмен екен­дігін көріп, солар үшін ұялатын, арла­натын болдық. Біз кімді тәрбиелеп, кімге еліктеп жүрміз өзі...

Еңлік САҒЫНДЫҚОВА

Оқылды 1723 рет

Күнтізбе

« Ақпан 2020 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Сайтта: 101 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане