logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1161

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 911

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 882

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 729

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 1015

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 979

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 698

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 931

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 868

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 874

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 744

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 939

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 04 Қыркүйек 2015 18:00

БАҚЫТЫН БАҒАЛАЙ БІЛГЕН

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жыл өткен сайын түрленіп, кемелдене түсуде. Өзіндік ерекшеліктерімен көпшіліктің көңілінен шығып келеді. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған бұл шараға ден қоятындардың саны көбеюде. Осынау мерейлі топтың қатарында облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына Еңбекшіқазақ ауданынан қатысқан екі отбасы бар. Солардың бірі – Доңбаевтар шаңырағы.

Доңбаевтар аталған байқаудың «Өрелі рухты отбасы» номинациясы бой­ын­ша жеңімпаз деп таны­л- ды. Жақында біз жүл­дегер шаңырақта болып, олар­мен емен-жар­қын әңгі­мелесіп қайтқан едік. Олар­дың «Өрелі рухты отбасы» деп аталуы­ның жөні де, себептері де бар екен.

Кеңесбек Доңбаев 1936 жылы бұрынғы Нарын­қол ауданы, Сүмбе ауы­лын­да дүниеге келіпті. Әкесі Доң­бай оның төрт жасын­да қайтыс болғанға ұқсай­ды. Содан кейін бар­лық ауырт­палық анасы Жа­ңыл­дың мойнына тү­седі. Асыл ана шеттей баланы жетіл­діру үшін не көрмеді?! Ота­ғасының дүние салғаны аздай, Отан соғысы бас­талды. Қасірет-қайғы ең­се­лерін басқан қаралы кезеңдерді де бастан ке­шір­ді. Қиналды. Бірақ келе­шектен үміт үзген жоқ.

Бастан өткен қиын­дықтар әлі күнге дейін есім­де. Үлкен ағам Ескел­діні Қарағандыдағы қара жұмысқа алып кетті. Соғыс аяқталғанша сонда еңбек етті. Оқ атылмады деме­сең, бұл жердегі азап май­даннан кем болмады. Ше­шем күні бойы үй көр­мейтін. Өгізге мініп жер жыр­тады, күнге қақталып астық жинайды. «Бәрі де майдан үшін!» деген ұран­ның соңында бәріміз жүрдік. Ол кезде бұғанасы қатпаған кішкентай бала­лармыз. Біз балалықтың бал дәмін татқамыз жоқ. «Осы мен бала болып көріп пе едім?» – деген Мұқа­ға­ли­дың сөзі нағыз шын­дық. Шешемізбен бірге даланың жұмысына ара­лас­тық. Адам аяғанмен, уақыт аяған жоқ. Ерте есей­геніміз сондықтан. Ақыры қанды­балақ соғыс та аяқталды. Халық Жеңіс­ке жеткеніне «тәуба» деді. Өмір деген өтпелі дүние ғой. Бірте-бір­те бәрі қай­тадан қалпына келе бас­тады. 1954 жылы Алматы­дағы зоотех­ника­лық-мал­дәрігерлік инс­титутына оқу­ға түстім. Ұл­жан апаң да сол оқу орнына студент болып қабыл­данған екен. Тағдыр екеу­мізді осы жерде жолық­тырды, – дейді Кеңесбек ата жас­тық шағына саяхат жаса­ғандай толқып. Бұдан кейін ата сөзін Ұлжан апамыз жал­ғады. Ол кісінің де айтары аз емес екен.

Біз бір өңірдің перзент­тері екенімізді институтта жүріп білдік. Мен де Сүмбе ауылының тумасымын. Бел­гілі себептермен отбасымыз Есік қаласына қоныс аудар­ған екен. Екі сүмбелік осылай жолығады деп кім ойлаған. 1963 жылы шаңырақ көтер­дік, – дейді апамыз жадырай күліп.

Аталған оқу орнын екеуі де ойдағыдай бітірді. Ауыл­шаруашылық жұмысына бел­сене араласты. Жігерлі жас­тар үшін бұл оқу аздық ет­кендей болды. Тағы бір жо­ғары оқу орнын бітіруге бел байлап, ҚазПИ-дің сырт­тай бөліміне құжаттарын тап­сырып, мұғалім маман­дығын да ойдағыдай мең­герді.

– Мұғалімдік сала бізге ерекше ұнады. «Ұстаздық ет­кен жалықпас» деген ұлы Абай сөзінде көп мағына бар. Әрі мұғалімдік ол кезде өте беделді мамандық еді. Екіншіден, бұл жолды таңда­уыма мектепте өзіме сабақ берген сынып жетекшім, Ке­ңес Одағының Батыры Ра­хым­жан Тоқатаев ағамыз әсер етті. Ол кісі нағыз ұстаз еді. Тыңдасаң жалықпайсың. Тұлабойы тұнған өнеге. Еш­кімді алаламайды, әр оқу­шыны өзінің баласындай көретін. Сыныптағы 32 оқу­шыны білім нәрімен сусын­датты. Барлығы бір-бір ма­ман атанып, еліне қалтқысыз еңбек етті. Асыл ағаның, батырдың шәкірті болға­ныма мақтанамын, – дейді Ұлжан апа.

Қол ұстасқан екі жас ұс­таздық саладағы алғашқы еңбек жолдарын өздерінің ата­мекені Сүмбе ауылын­дағы орта мектептен баста­ды. Ұлжан апа химия-био­логия пәндерінен сабақ бер­ді. Кеңесбек атамыз геогра­фия пәнінің мұғалімі болды. Жинаған білімдерін, тәжіри­бе мен тәлімдерін шәкірт­теріне үйретуден жалыққан емес. Отбасының бәйтерегі де көгеріп, көктеді. Тұңғыш­тары Кәрім дүниеге келді. Одан кейін Нұрбол, Бекбол, Ғани есімді балалар туды. Дәм тартып 1970 жылы бұл әулет Есік қаласына көшіп келген. Осындағы мектеп-интернатында жұмыс істеді. Сол жерден зейнет демалы­сына шығып, бүгінде қоғам­дық жұмыстарға атсалысып жүр.

Көк аспанның бір шетін кенеттен бұлт торлайды деп кім ойлаған. Бұл отбасы үшін қиын күндер туды. Аяқ-қолы балғадай, сымбатты да қабі­летті боп ержеткен Кәрім аяқ астынан Ауған соғысына аттанды. Сол күндердің қиын сәттерін Ұлжан апамыз мұң­ая отырып еске алады.

Кәрімнің Ауғанстанға кеткенін білмей де қалдық. Ұзақ уақыттан соң естіп күн құрғатпай хат жазамыз. Көздің жасын көл етіп әскери комиссариаттың есігін тоз­ды­рамыз. Ешкім маңдытып тіл қатпайды. Бұдан өткен азап жоқ екен. Осындай күйде екінші жылды қарсы алдық. Есік қағылған сайын «қара қағаз» келіп қалды ма деп жүрегіміз дір ете түседі. Үмітіміз үзілді. Сөйтіп жүр­ген­де Кәрім соғыстан аман-есен оралды. Аман орал­ғанын қайтейін, баяғы күлім­сіреген, мінезі жарқын Кәрімім енді жоқ болды. Екі жағы пышақ жанығандай, құр сүлдері қалған. Жүйкесі жұқарған. Небір сұмдықты басынан кешкені бірден байқалады. Соғыстың жа­ра­сы асқына-асқына келіп ақыры баламды алып тын­ды. Дертке қуат болатыны – артында қалған жалғыз тұяғы – ұлы бар. Бәріміз соның амандығы мен бақы­тын тілейміз. Біздің бақы­тымыз тек қана ұрпағымыз. Осылармен біз баймыз, – дейді көзінен жас тамшы­лаған Ұлжан апа.

Екінші ұлы Нұрбол аза­мат­тық борышын өтеген кез­де әскери теңіз фло­тын­да, сүңгуір қайықта қызмет етіпті. Елге келген соң об­лыстық мемлекеттік авто­инс­пекциясында еңбек етті. Өкінішке қарай, оның да өмірі қысқа болды. 1997 жылы қызмет өтеу кезінде қаза табады. Айдың, күннің аманында ұлдарынан айы­рылу ата-анаға оңай ма?! Қара шаштарын ақ қырау басты. Қайғының өткір пы­шағы жүректерін тілді. Басқа салған соң бәріне кө­неді екен. Уақыт емші, бір­те-бірте ол күндерді де арт­қа тастады. Үшінші ұлы Бек­бол жоғары білімді заңгер атанды. Қазір отставкадағы майор. Бекболдың зайыбы Гүлмира аудандық өрт сөндіру бөлімінің белді қыз­меткері. Бес бала тәрбие­леп отырған үлгілі отбасы. Қариялардың кіші ұлы Ғани да ата-ана үмітін ақтады. Бір ұл, бір қыздың әкесі. Ұлжан апамыз зейнетке шыққанмен, қол қусырып отырған жоқ. Мәселен, 1995 жылы «Алтын адам» атты әжелер ансамблін құруға атсалысты. Мәдени шара­ның барлығына белсене атсалысады.

Білім мен білік енді ұр­пақ­тарына ауысқандай. Үлкен немересі Меруерт Нұрболқызы Франциядағы жоғары оқу орнында оқып, халықаралық менеджер факультетін тәмамдады. Қазір Алматыда жұмыс істеп жүр. 2010 жылы «Жетісу аруы» байқауына қатысты. Бас жүлдені иеленді. Осының бәрі атасы мен әжесінен дарыған тәлім-тәрбиенің арқасы. Осындайда «Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген, Не тындырдың басымды ием­менен» деген ақын жыры ойға оралады. Доңбаевтар әулеті сол сұраққа ойда­ғыдай жауап бере алған сияқты.

Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы.

Оқылды 550 рет

Күнтізбе

« Ақпан 2020 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Сайтта: 120 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане