logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1311

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 1073

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 1059

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 876

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 1221

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 1206

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 833

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 1045

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 1010

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 995

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 873

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 1085

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 04 Қыркүйек 2015 18:00

Қос қуаныш қанатында

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Мың өліп, мың тірілген соқтықпалы, соқпақты жолымызға қарап отырсақ, бүтін халықтың аманаты азаматтың азаматына ғана жүктелген. Сол нардың жүгін бекем көтере білген арыстардың арқасында осынау Ұлы дала сақталып, мыңжылдықтар көгінде дәуірлеген тұрандықтардың қара шаңырағы – Қазақ хандығы құрылған-ды. Ал Қазақ елі болса, Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың байрақты жеңісі, төл туындысы. Бұл енді төрткүл дүние тұтас мойындаған талассыз шындық. Сенім төрінен көрінген саңлақ саясаткердің ел рухын көтеріп, бабалар жолын жаңғыртуға қатысты қағидатты бастамаларын хас батырлардай қабылдап, ойланбай отқа да, суға да түсіп кетер нар жігіттер қазір де ортамызда баршылық. Солардың бірінің Жетісу жеріне құс қанатындай жеткізген қос қуанышына куә болғайсыздар дегіміз келеді.

 Малайсары бабамыз Ұлы Даланың ұлылығын одан әрі ұйыта білген маңдайға басар қадау-қадау батырларымыздың алдыңғы легінде тұрса, қазақ, қала берді кешегі одақ өнерінің айтулы мақтаныштары - Қанабек пен Күләш, Еркеғали қазақ өнерінің батырлары. Ал Қуат болса, тәуелсіздік туындысы, бүгінгі күніміздің батыры! Дәл осындай батырлар Елбасы көрегендігімен қайталай жаңғырған «Мәңгілік Ел» идеясы ұлттық идеологиямызға айнала бастаған бүгінгідей додалы дәуірде ауадай қажет. Ел тағдыры, ұрпақ келешегі таразыға түсер ғасырлар тезінде шыңдалған ұлық дәстүріміздің шыңдалуы озғанымыздың белгісі деп түйсінеміз!

Қанабек пен Күләш

Арғы-бергі тарихта ауызға жиі алынар Арқарлы жотасының үстіне іліне сол қапталға бұрыла тоқтадық. Алдағы дала салтанатының нышаны айшықталып-ақ тұр. Ыңғайлы жерге қайта орын тепкен Қанабек пен Күләштің белгі тасы жарқырай көз тартады. Айналасы қоршалып, аяқ дамылдатар орындықтар қойылған, алды асфальтталған. Еңіске ток беретін қондырғы орнатылып, микрофоныңыз да сайланыпты. Кербұлақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары Күмісбек Айпейісов ініміз өз командасымен кер жолдың екі бетінен де асыға жеткен қонақтарды емен-жарқын қарсы алуда. Көңіліңізді әп сәтте-ақ шұғылалы сәуле кернеп, нұрландырып жібергендей. Өзімізді бастап келген әз ағамыз Жомартқали Жексембінов: «Әп, бәрекелді, бастама байғазылы болсын, жігіттер!» деп онсыз да өрекпіп тұрған жүрегімізді аттай тулатады. Өйтпей қайтелік. Қазақтың есімін ақ әлемге паш еткен Қанабек пен Күләштің жиырмасыншы ғасырдың Қыз Жібек – Төлегені атанғандығы ел-жұртқа ертеден аян. Қанабек ағаның осы Жетісудің төл перзенті, Күләштің айтулы келіні екендігі жүректерде жаттаулы. Бұрнағы жылы беделді бір жиын үстінде махаббаттың символына айналған екеуіне Талдықорған шаһарында еңселі ескерткіш тұрғызу мәселесі көтерілгені де есімізде. Ғұмыр жасы ұзақ болғыр Қуат Есімханов есімді Алаш азаматының осыдан алты жыл бұрын мына тұсқа құлпытас орнатқандығынан да хабардармыз. Жақын арада өзі бас болып, сол белгі тасты жол құрылысы жүргізілуіне орай жаңа жерге орнатыпты деген жайдарман хабар да құлағымызға жеткен.

Жұртшылық аяғы жиналды-ау деген мезгілде жүргізушінің рөліндегі аудан әкімінің зерделі орынбасары Болысбай Момбаев жиынның тізгінін қолына ала берген-ді. Сол-ақ екен, кешегі атпен жүріп-ақ, ен даланы күмбір-күмбір тағылымды әңгімеге бөлер дария ақсақалдар жүз аунатқалы бермен тәтті сөзге сусап тұрған кер даланың маңдай қыртысы жазыла түскен. Киелі сөз қасиеті теңіздей тербетпей қойсын ба, маңдайларынан Күн аймалап, самал жел желпіген жұртшылық тік тұрған қалыптарында ұйып қалған. Ұйытқан кім оларды? Енді осы орайға ауысалық. Алдымен ортаға шыққан Алаштың айтулы азаматы, әр жылдарда ел көлемінде салмақты қызметтер атқарған, ал қазір Астанада Қазақстан теміржолы «Теміржол Су» АҚ-ның президенті болып отырған – Қуат Есімханов еді. Өмір жолын тәптіштеп айтпасқа болмайды, бұл өңірге өте кеткені баршылық. Жомартқали ағаның күні бұрын құлағымызға құйған мақтау лебізіне қанықпыз ғой, дегенмен көзбен көргенге не жетсін?! Азаматтың сөзі де, келбеті де келісті-ақ екен.

– Ардақты ағайын, – деп бастаған әңгі­ме­сін. – Бұл шаруа қарт Балқаштың бауырындағы әлемге аян, КСРО Халық әртісі, Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиев ағамыздың үйінде, Клара жеңгеміздің күрең шайын ішіп отырған мезгілде қозғалған еді. Ерағам: «Менің бойымда бір аманат кетіп барады», деп істің мән-жайын түсіндірген. «Ана ауылға барғанда қара шалға не дермін!» – дегені бар.

– Маған көрсетсеңіз сол араны, – дегенімде ожырая қарады маған, алыстан сен келіп жасайсың ба енді, деген сыңайда. Уағдаластық. Өзгесі өздеріңізге белгілі. Содан мына алдарыңызда тұрған үлкен қызғылт гранит тасты үштөбелік азамат Кенжебай Сейітов екеуміз Текеліден алдық. Бетіндегі “Қазақтың әйгілі әншісі Күләштің Жетісу еліне келін ретінде алғаш келген сапарында Қанабек Байсейітұлы екеуінің ат шалдырып, дастарқан жайған жері” – деген сөздерді халқымыздың қадірлі ұлдарының бірегейі Ақселеу Сейдімбековке жаздырып, астына кесе-шәйнектері бар дөңгелек үстелдің суретін салдырттық.

Тұла бойы қазақтың рухына тұнып тұрған Қуаттың сөзіне өзі сай, жүрек алауына өмірдегі қалауы сай. Тазалыққа тұнып тұрған ой-тұжырымы марғау тартқан санаңызды селт еткізбей қоймайды. Сөйтесіз де өзі қимастықпен толғаған мына бір сырына құлай иланасыз:

– Мен жалғыз туып, жалқы өстім. Екі ананың ортасында. Өзімнің анам және нағашы әжем. Ерке де, серке де болдым. Шындықты айтайын, ол кезде ұлттық руханият деген болған жоқ. Әлде болды ма екен? Болды. Бірақ, нақты айтылмады. Сол кездің ата-аналары балаларына «Мынау ұлттық руханият, сен соны біліп өс» деген жоқ. Өздерінің өмір сүру қалпымен, бағыттаған тәрбиесімен «мынау сенің руханиятың» дегенді ұқтырған болар-ау.

Мен әкесіз өстім, соған қарамастан қос анам мені тәрбиелегенде қатарынан қалмасын, еңсесі биік болсын, оқысын дегенді мақсат еткен секілді. Апам: «Істеген ісіңе өзің түгілі маңайыңдағы адамдар қызармайтын болсын» дегенді жиі айтатын. Апам марқұм домбыра шертетін, батырлар жырын, қисса-дастандарды көп білетін. Маған мектепке жетпей жатып хат танытты, «Батырлар жырын» оқытты. Ол кісіні жұрт «бәйбіше» дейтін, мені Есімханның баласы деп емес, «Кәмештің ұлы» дейтін. Әлі есімде, 6 жасымда маған домбыра тартуды үйретіп, ән салғызды. 9 жасымда «Итальянка», 11 жасымда «Беларусь» дейтін сырнай (гармошка) сатып әперді. Жұрт: «Ішер ас, киер киім алмай, кішкене балаға гармошка әпергені не теңі?» десті. Кейде төмен қарап, еңкейіңкіреп отырғанымды көрсе, апам арқамнан қағатын: «Еңкеймей, еңсеңді тік ұста, тура қарап, көзіңді жасырмай жүр» дейтін. Есті бала болдым ба, есер бала болдым ба, білмеймін, мені өмірге қайраттандырған, айбаттандырған осынау ұлы тәрбие еді.

Жоғарыда айтылған аманатқа қиянат жасамай, Қуат бауырымыздың құлағына сіңіре білген, Жетісудың жампоз перзенттернің бірегейі, Мәдениет министрі болған, қазақ опера өнерін әлемге жайған даңқты Еркеғали Рахмадиев ағамыздың бәйбішесі Клара апайымыздың осы жиынға келуі қуанышымызды үстемелей түскен. Сөз алғанда тура бір су жорғадай төгілді дерсіз. Ұлы адамдардың сүйген жарлары да осал болмас әу бастан.

– Қазақтың біртуар ұлы Ерекеңе тұрмысқа шыққан соң басыма бақ орнады, – деп бастады сөзін сүйікті жеңешеміз. – Отбасы берекесін былай қойғанда, аттарын естігенде сырттай мақтаныш тұтатын небір өнер саңлақтарымен табақтас болдым. Мұқан Төлебаев, Қалыбек Қуанышбаев, Ахмет Жұбанов, Қапан Бадыров, Шолпан Жандарбекова, Хадиша Бөкеева секілді ғазиз жандарға өз шаңырағымызда дастарқан жайдым. Бақытты кезіміз еді ол шақ. Бүгін әңгіме Қанабек аға туралы қозғалып отыр ғой. Жас айырмашылықтарына қарамастан Еркен екеуі жолдас болып кетті. Еркеннің достары да ол кісімен тығыз араласты. Бір жолы Пернебек деген азамат менің оқушыларым қарсы алады деп ауыл жаққа шақырған ғой. Бәрі барады. Содан не керек, құрақ ұшып жатқан ешкім жоқ. Қатқан қара нан мен қара шайға қарап қалады. Ертеңгісін осы жақтың перзенті, кейін Мәдениет министрі болған Жексенбек Еркімбеков мұндайын білгенде апамның картопиясын жеп үйде жатар едім-ау деп қиналғансиды ғой. Сонда Қанекең: «Оу, Пернебекте кінә жоқ, кешелі бері бізді сатып-ақ жібергісі келіп жүр, өтпей жатқан өзіміз емеспіз бе?» – деп жұбатыпты. Көп ұзамай колхоздың бастығы Қанекеңнің келгендігінен құлағдар болып, зыр жүгіріп ханды қарсы алғандай-ақ күткен екен.

Қанекең өте қазыналы, әзілқой жан еді, жарықтық. Айналасындағы жігіттердің бәріне өзінше ат қойып алатын. Еркеғалиды «қиқар қажы», Жексенбекті «қара ояз», Мәмбетті «сары ояз» дейтін.

Айтары не, сол кездегі өнер адамдарының бәрі ешқандай консерватория бітірмесе де тума талант еді ғой. Қазақ авторларымен қатар әлемдік деңгейдегі классикалық шығармаларды шебер сахналады. Өнердің көгінде шын мәнінде жұлдыз болып жарқырады. Сөйте тұра «біз жұлдызбыз» деп бүгінгі жастардай кеуде қақпады. Байлық пен атақ қумады. Өнері де, өздері де мұнтаздай таза еді-ау, шіркін! Қанекең мен Күләш бұлбұлымыз бүгін бір аунап түсіп жатқан шығар. Жатқан жерлері жарық болғай!

Өмірдегі серігін, ұлтының адал ұлын жүрегінде мәңгілікке ұялатқан апайымыздың жүрекжарды лебізінің қанатында айдынды ағамыздың мына бір естелігі ойымызға орала берген еді: «Жалпы, “Қамар сұлу” атты операмды Қанекең сахналағанына ризамын. Өйткені, ол Қамар сұлу өмір сүрген уақытты, сол кездегі қазақ даласындағы өмірді, хал-ахуалды, әлеуметтік жағдайларды, салт-дәстүрлерді менен артық білетін еді. Операны қою барысында мұның, әрине, пайдасы тиді. “Қамар сұлуды” қою үстінде Қанекеңмен жиі кездесіп, әңгімелесіп, пікірлесіп, ағалы-інідей болып кеттік.

Ал кейінірек Қанекеңмен тіпті бір үйде тұрдық. Бұрынғы Совет көшесі мен Төлебаевтың бұрышында. Ол кісі 1965 жылы пенсияға шықты. Содан көшеде көріп қалса:

– Әй, сары бала, сен ауыл жаққа барайын деп жүрген жоқсың ба? – деп сұрайды.

– Барамын, жақында, – деймін.

– Мені ұмытпа, – дейді. “Ала кет” дегені, көлігі жоқ қой. Клараны “қызым” дейді, әкесімен тұстас қой. Клараның әкесі тұратын колхоздың бастығы, Социалистік Еңбек Ері Әбдіқадыр Дайыровпен құрдас болатын Қанекең. Менің қайын атам Әбдіқадыр Дайыровпен жолдас болатын. Содан Клараға келіп айтам:

– Әй, бір-екі шөлмегіңді ыңғайла, тамағыңды дайында, ана кісі, Қанабек әкең елге барайын деп жатыр, – деймін ғой. Ол кезде жағдайымыз түзеле бастаған.

Сөйтіп, бірде жолға шықтық. Анау Арқарлының тауы бар ғой, соған жақындадық. Өзі кәдімгідей алыстан көз тартып, биіктеп тұрады. Соның маңында Малайсарының асуы бар. Арқарлының асуынан асып, ары қарай жүре бергенде “осы жерге тоқта” деді. Өзі алдында отырады. Қанекең марқұм аяғы қысқалау, кеуделі, денесі ауырлау болатын. Салмақты адам ғой. Содан қиқалақтап шықты. Мен Клараны түртіп қалдым, аналарыңды алып шық деп. Асудан асқанда, сол тұста жерүсті біраз тегістеліп кетеді. Сол тегіс жерден елу-алпыс метрдей жерде жартастар басталады, гранит тастар.

– Мына жерге дастарқаныңды жай, балам, – деді Клараға. Клара дастарқанын жайды. Мен күлдім. Күліп едім, үндемеді. Содан дастарқан жайып, шөлмектің аузын ашып, құйып, ет, анау-мынау тамағымызды жайдық.

– Сары бала, сен ғой, мені баяғы арақ ішкісі келіп тоқтатты деп ойладың, күлгенің сол ғой сенің, – деді. Үндемедім. Сезе қойдым, артық кеткенімді. Содан айтты: – Сен менен көп кішісің ғой, – деп. Расында да ширек ғасыр, жиырма бес жас кішімін ғой.

– Есіңде жүрсін деп бір әңгіме айтайын деп отырмын, – деді. – 1934 жылы Күләш екеуміз үйленгенде жазғы демалысымызды алып, ат-арба жегіп, Күләшті алғаш елге апара жатқанымда, осы араға келіп тоқтап, дастарқан жайып едік. Күләшпен екеуміздің алғашқы дастарқан жайған жеріміз осы еді. Соны сен біле жүрсін деп айтып отырмын. Сен баяғы арақ ішкісі келіп тоқтатты деп күліп отырсың ғой маған, – деді.

Ақырында сәті түсіп, 2009 жылдың күзінде менің сол бір баяғыдан аңсаған ісім жүзеге асты. Қалай дейсің ғой. Жаз айында, Балқаш көлінің жағасында демалып жатқанымда, негізгі мамандығы құрылысшы, бірақ өзі қазіргі кездің ыңғайына қарай кәсіпкерлікпен айналысып жүрген қазақтың бір есті азаматы Қуат Есімханов маған сәлем беруге сол жерге келді. Сөзден сөз шығып отырып мен баяғыдағы Қанекең мен Күләштің алғашқы шай ішкен жері туралы әңгімемді айтып қалдым.

– Мәшинемен бірге барсақ, сол жерді көрсете алар ма едіңіз? – деп сұрады ол.

– Сен оны қайтейін деп едің? – дедім.

– Біз де қазақтың баласы емеспіз бе? Сол жерге белгі қоюды көп жылдан бері мойныңыздағы аманат секілді сезініп келеді екенсіз. Күләш пен Қанабек – халқымыздың жұлдыздары ғой. Сіздің сол тілегіңізді іске асырайық та, – деді ол.

Сөзіне риза болдым. Балқаш пен Арқарлы тауының арасы екі жүз шақырымнан сәл асады. Мен мәшинемен жол жүргенді онша ұнатпасам да, жаңағыдай сөздерді естіген соң, бірге барып, көрсетіп қайттым.

Азамат айтқанында тұрды. Кейін байқасам, бұл Қуат деген жігітіңіз халқымыздың нағыз ұлтын сүйетін ұлдарының бірі екен. Өнерге, әдебиетке жақын жүретінін бұрыннан ептеп білуші едім. Сәби кезінде әкеден жетім қалып, қиындықты көп көріп өссе де, “болат кездік қап түбінде жатпайды” дегендей, зеректігінің, алғырлығының арқасында мектепте де, жоғары оқу орнында да жақсы оқыпты. Еңбек баспалдағымен биіктеп, жасы отызға жетпей жатып-ақ аудан басшысы дәрежесіне көтеріліпті. Қуаттың атақ-даңқы, әсіресе Павлодар облысының қазіргі Ақсу (бұрынғы Ермак) ауданын басқарып тұрған кезінде шықты. Тәуелсіздіктің сол алғашқы жылдарында, солтүстік облыстарда отаршылдық пиғылдың беті әлі қайтпай тұрғанда, қазақ даласын баяғыда қанға бөктірген Ермак сынды қарақшының ескерткішін құлатып, ауданның “Ақсу” деген ежелгі атын қайтадан қалпына келтіру оңай шаруа емес болатын. Сондай ерлікті Қуат жасады. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тұрған кезінде де ұлт мүддесі үшін жанып-күйді. Кейінгі жылдарда өзінің негізгі мамандығы бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналыса жүріп, туған халқының жоғын әлі күнге дейін түгендеумен келе жатқан азамат қой».

 Малайсары батыр

Арқарлы жотасындағы әсерлі басқосудан соң Малайсары бабамыздың мәңгілік мекеніне бет алғанбыз. Алдымызда сағымға оранып еңселі тау көлденеңдей көсіліп жатыр. Анау тұрған батыр атындағы ауыл. Біз, міне, айналасы әдемі қоршалған, ортасында еңселі ескерткіш бой көтерген қасиетті жерде тоқайласып жатырмыз. Есімізді біліп, етек-жеңімізді жиғаннан Малайсары батырдың есімі жадымызға берік ұялаған. Қазақтың басын қосып, үш жүзінің ханы атанған Абылай хан туының астында Ұлы Даламыздың пұшпағын да жау қолына қалдырмаған баһадүрлердің бірегейі. Сонау Баянауыл аймағынан әкелініп, қойылған он тонналық ескерткіш тастың басында Жоламан ауылдық округінің әкімі жас болса да бас болып үлгерген, елдігіміздің ен шежіресіне жастайынан қанып өскен Дәулет Нүсіпбеков қонақтарға қарата сымбатты сөз арнады. Жалпы, көп дүниеден хабардар екендігі аңғарылып-ақ тұр. «Көнекөздердің айтуынша, Малайсары Қызылсораң биігінде қайтыс болған. Бұл қазіргі осы ауылдан 12 шақырым жер, Малайсары аталған алып жотаның ең көрнекті тұсы. Жотаның өзі Сарыөзектен басталады да, Салмырза тұсында жайдаққа айналады, сол себептен Салмырзаны жотаның тұмсығы дейді. Малайсары тауынан әрі Желдіқара, одан әрі Алтынемел таулары. Кезінде жергілікті халық Малайсары батырдың жатқан жерін нақты көрсетіп берген. Малайсары тауының бөктерін мекендеген біздің ауыл, жалпы Күреңбел өңірінің жұртшылығы ерен батыр есімін жадында ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатыр. Данагөй қарияларымыз ауылдың жастарына бұл ретте көптеген ұлағатты әңгіме айтып отырады. Алыс сапарға шығатындары батырдың басына арнайы келіп дұға оқиды. Бұл жердің маңынан қатты жүруге болмайды деп Малайсары батыр жерленген оба тұсынан жаяулап өтеді. Осы ауылдың іргесіндегі бұлақ та “Малайсары бастауы” деп аталады.

Мейірлене түскен күн сәулесі Малайсары атындағы мектептің алдында жиналған үлкенді-кішілі жұрттың ажарын тіптен аша түскен. Бұдан асқан қандай мереке болсын! Сүйікті мектептерінің алдына бабамыздың мүсіні тұрғызылған. Салтанатты түрде ашылмақ! Оның үстіне бүгін Ата Заңымыздың жиырма жылдық торқалы тойы! Мұның бәрін алдымен сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыстық ұйымы төрағасының бірінші орынбасары Серік Мейірханұлы өрнекті ойымен көмкеріп берді.

Хас батырдың қырандай қияға зер салған тас мүсіні ашылғаннан кейін Кереку өлкесінен арнайы келген топтың атынан сөз алған «Малайсары-Тархан» қорының төрағасы Ермат Байқұрманов мектеп ұжымына естелік ретінде үлкен картина тарту етті. Бабамыздың өміржолына қатысты әңгімесі де желісті жалғасты.

– Малайсары батыр арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан. Әкесі Тоқтауыл – батыр, балуан, анасы Мөлдір – қалмақ қызы, қарындасы Гауһар (Қабанбай батырдың әйелі) – ерлігі аңызға айналған қаһарман қыз. Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған. Шоқан Уәлихановтың жазуына қарағанда, Абылай хан Малайсарының батырлығын, ақылы мен қайратын жоғары бағалаған. Малайсары Ресейдің қол астына кіруге қарсы болған. Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып, екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын ұстанды. Ол жоңғарларға қазақтың елшісі болып барған. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы іргелі мекенге де Малайсары есімі берілген.

Ғалымдардың пікірінше, Малайсары 1708 жылдары Сырдың бойында Түркістан атырабында туып, кейін Арқаға көшкен. Әкесі түйені көтерген, жолбарысты жалаң қолымен жарып өлтіретін Тоқтауыл батыр. Малайсарының шешесі қалмақтың атақты нояндарының қызы, түп-тегі хошоуыт тайпасы болса керек. Малайсарының Сырдың бойында туғанына дәлел – інілерінің аттары. Бірінің аты – Бағыс, екіншісінің аты – Қарнақ. Бұл екі жер де тарихи орындар, қазақ баласына белгілі. Бағыс осы жақында ғана Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара мәселесіне байланысты елдің құлағында, ал Қарнақ Әзіреті Түркістанға 25 шақырым жерде орналасқан қала. Бұл Қарнақта қасиетті Әзіреті мешітіндегі қазанның жасалғаны, революцияға дейінгі заманда Қарнақтың бір өзінде қазақ балаларын дін жолына тәрбиелейтін 22 медресенің болғаны бәрімізге белгілі.

Бір ғажабы, Шақшақ Жәнібектің Ресейден, ал Малайсарының Жоңғариядан “тархан” атағын алуы қатар болған. Бұл кездейсоқтық емес екені айдан анық. Қазақ басшыларының алдында, Шоқан айтқандай, екі кеменің біреуінің құйрығын ұстау міндеті тұрды. Бірақ Абылай өзінің кемел ақыл-парасатының, ұстамдылығы мен кемеңгерлігінің арқасында екі жаққа да бой алдырмай, мемлекет тәуелсіздігін қорғай білді.

Жоңғар қонтәжісі тарапынан Малайсарыға тархан атағының берілуі Орталық Азияны мекендеген көшпелі қазақ және қалмақ елдерінің бейбіт қатынасының тамаша бір дәлелі. “Тархан” атағы көнеден келе жатқан лауазым, дәреже, бұл атақтың иелері алым-салықтан босатылады, анау-мынау ұсақ қылмыс бойынша тек хан алдында ғана жауап береді. Көне түркілік “тархан” дәрежесі XVІІІ ғасырда Жоңғария мемлекетінде барынша көрініс табады.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Малайсары батырға қатысты қызықты әнгімелерді қазақ батырларына, оның ішінде Олжабайға арналған аңыздар топтамасында келтіреді. Шежірешінің айтуына қарағанда: “Осы Малайсары өз заманында ебедейсіз ірі, дөкей батырдың бірі есепті болған” – деп суреттейді. Одан әрі былай деп жазылған: “Малайсары… баласы Тілеуқабылды қалмаққа ақ үйліге бермек болып, ақ мылтықтың аузын жаласып, анттасып қайтқан екен. Сонан үйіне келіп жаңа “үһ” деп демін алып отырған үстіне қалмаққа қосын жасап, ту тігіп Абылай хан келіп қалыпты.

– Отырма, атқа мін, жүр! – дейді ғой.

Малайсары:

– Мені қой, мен бармаймын, қалмақпен жауласпаймын деп ақ мылтықтың аузын жаласып, анттасып қайтқан едім. Антқа ұшырап қалармын, – дейді.

– Қалмақ шіркіннің анты не қылар дейсің, жүресің, бармасаң болмайды,– деп еркіне қоймай ертіп алып, аттанып қалмаққа барған екен. Барса қалмақ күні бұрын естіп, күтініп, дүние-дүние болғалы, жер-су болғалы жау беттеп бұзып кіріп ала алмайтұғын бір берік қорғандары болады екен. Тас-түйін болып бәрі соған қамалған екен. Сонда Абылай хан төрт батырды жіберіпті, қорғанды айналып, болжап келіңдер, бұзып кірер жері бар ма екен деп. Сонда Уақ Сары, Баян жоғары өтіп, қорғанның үстінен үңіліп ішіне қарай бергенде дулығаның қақ маңдайынан оқ тиіп, дулығаның артына қарай, қайқайып қалғанын қалмақ мергендері көріп, жығылды ғой деп қорғанның үстіне шығыпты. Көре сала батырлар жалт беріп қашқанда артынан оқты жаңбырдай жаудырыпты. Сонда Абылай:

– Бір қанды ауыз мылтықтың аузы Малайсарыға дөп келді-ау, құдай-ай, сақтай гөр дегенше болмай, Малайсарының сауытының жыртық жиегінен оқ тиген екен, жөремелете сол қалмақ үш атыпты.

Абылай хан: “Малайсары аман емес, аты кирелеңдеп қалды”, депті. Айтса айтқандай, Малайсарының белін оқ қиратып тастаған екен. Қосына алып келіп түсіріп, жатқызыпты. Абылай:

– Өзге тамақты бұған бере беріңдер. Жалғыз-ақ ескі қатқан сүр ет бермеңдер, ішегі аман екен. Қатқан сүр ет берсеңдер ішегі жыртылады, онан соң үйірге қосылмайды, – депті. Малайсарыны бақыршысы бағып, қоста жата береді, өзгесі күнде аттанып қорғанға бара береді.

Қалмақ қорғанда қамалып жатыр, бұлар елсіз-күнсіз далада қамалып жатыр. Түсте бірін, кешке бірін сойып тұратұғын қой-қозы бар ма? Малайсары бақыршысын шақырып:

– Қызыл турам етке тісімді тигізбесең, басыңды шауып тастаймын, – деп қаһарланыпты. “Ала қоржын қайда, алып кел, соның түбінен қызыл турам ет табылмаса, менің құрығаным ғой, қарам суалғаны ғой!” – деген соң, бақыршы ала қоржынды алып келіп, ақтарып қараса, бір қазы жатыр екен. Ортасынан тұтамдап кестіріп алып, астырып жепті.

Абылай хан келген соң көрсе, Малайсарының түрі бұзылып, келіспей қалғанын байқап, сүр ет бердіңдер ме дегенде бақыршы:

– Қазының ортасын беріп едік, – депті. Хан:

– Енді болмады, жалғыз-ақ ілініп тұрғандағы ішектің бүтіндігі, әй, қап әттеген-ай, келіспеді-ау, – депті. Сонда Малайсары батыр:

– Әзірейіл, шіркін, бұл қайда жүр өзі дей беруші едім. Сөйтсем, ала қоржынның түбінде бұғып жата берген екен. Сөйтіп, амалын тауып, айласын асырып алмаса, біздей кісіге бадырайып тура келуге оған да жан керек қой, – деген екен. Сол сапарда демі таусылып, сүйегін елге алып келіп қойыпты”.

Қаратал өзені екі ғасыр қалмақ қон­тәжі­лерінің ордасы (ұрға) болған үлкен саяси орталық. Қалдан Серен заманында көтерілген құрылыстардың орны бұл жерден әлі де көрінеді. Онымен қатарлас Алтынемел жотасы тұр. Алтынемел атанатын жердің билікке тікелей қатысы бар. Қазақшаға аударғанда “алтын ердің қасы, немесе ердің алтын қасы” деген ұғымды білдіреді. Осы Алтынемел тауының бір сілемінде Малайсары батыр оққа ұшты. Сол заманнан бері бұл жота Малайсары атанады: биіктігі 1446 м, батыс­тан шығысқа қарай 100 шақырымға созылып жатыр, ені 10-20 шақырым. Жоңғар Алатауының басталатын тұсы да осы жер

Иә, дария кеуде, жария жүрек оқырман, ұлы аманаттың өз ретінде аманатқа қылдай қиянат жасамайтын иесін табуының өзі ғанибет. Арыс ата-бабаларымыз болса баршамызға осынау қасиетті жерімізді, ұлттық құндылықтарымызды, тіліміз бен дінімізді, ділімізді, ел бірлігі, мәнді ғұмырды аманаттап кетті. Енді біз ел болып Тәңір алқалаған осынау аңсарлы асыл мұраттарымызды жүзеге асыру шеруінде Тәуелсіздігімізді табандылықпен темірқазақ тұтуға тиіспіз! Сол себепті де болар-ау, ел рухын асқақтатудағы маңызы ерен аталмыш екі шараның барысында да қатысушылардың шынайы пейіл, шалқар көңілін айдынды аңғардық. Ел ағалары, қоғам қайраткерлері Жомартқали Жексембінов пен Төленді Сарыбаев, Клара жеңешем, аудан, ауыл әкімдігінің, мектептің ақжүрек азаматтары, Астана мен Алматыдан шақырылған ШаҺмардан бастаған өнер жұлдыздарының бәрі-бәрі де салтанат соңын тәтті ән мен күмбір күйге ұластырып, ұзақ қоштасты, қимай-қимай тарасты!

Елхан РАМАЗАН.

Кербұлақ ауданы.

Оқылды 492 рет Қайталау: Жұма, 04 Қыркүйек 2015 15:54

Күнтізбе

« Қыркүйек 2020 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Сайтта: 213 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане