×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Басып шығару
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2015 18:00

Жылы сөз жан семіртеді

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» республи­ка­­лық мем­лекеттік кәсіпорны Алматы облысы бойын­ша филиалының ди­ректоры Самат Иман­ға­лиевтың бас­тамасымен Талдықорған қа­ласындағы маман­дан­дырылған халыққа қызмет көрсету ор­талығында семинар-тренинг өтті. Оған облыс әкім­дігінің мү­ге­дектер мәселелері бойынша кеңесшісі Ро­за Ақжар­ке­нова және қа­лалық, аудандық ХҚКО-ның қыз­мет­керлері қатысты.

Мемлекет басшысының жүктеген міндеттеріне сәй­кес Үкімет халыққа қызмет көрсету аясын кеңейтті. Со­ның нәтижесінде қызмет көр­сету саны, сапасы және оның түрі де көбейе түсті. Бірақ мүмкіндігі шектеулі жан­дар­ға көрсетілетін көмек көңіл көншітпейтінін тілге тиек еткен Роза Хаджиахметқызы Көксу, Алакөл, Қаратал, Ес­келді аудандарындағы қыз­мет­тің төмендігін айтты. Мү­ге­дек жандарды жеке қабыл­дайтын терезе, арнайы теле­фон жүйесі, тіпті, әжетхана да қарастырылмаған. Ол кез келген мүгедек жанға пси­хо­логиялық салмақ түсі­ре­тін­дігі де талқыланды.

Алдарыңызға келген әрбір адамға бірінші күліп амандассаңыздар екен. Со­дан кейін ол қандай мәсле­мен келгенін, қандай көмек керектігін соңына дейін тың­да­саңыздар. Егер, сөйлей ал­майтын адамның өтінішін орындай алмасаңыздар, қа­ғазға жазу арқылы түсін­-діріңіз­дер. Олармен жылы сөй­­ле­сіп, күліп шығарып са­лу­ға ты­­­рыссаңыздар дейміз. Мүм­­кіндігі шектеулі адаммен тілдесе алмай, тиісті қызмет көр­сетуден қиналып жат­саңыздар басшылықтан кө­мек сұрауға толықтай құқы­лы­сыздар. Онсыз да тағ­дыры қиын жандарды мүсір­к­еп емес, осы қоғамның то­лық­қанды мүшесі деп қызмет көрсетулеріңізді сұраймыз, – деп қадап айтқан облыс әкім­дігінің мүгедектер мәсе­ле­лері бойынша кеңесшісі Роза Ақжаркенова ХҚКО-ның қызметкерлеріне науқас адаммен сөйлесу ережесін қа­ғазға түсіріп, әрбір ау­дан­дағы филиал қыз­мет­кер­ле­ріне табыстады. Ма­ман­дар то­лыққанды мағлұмат ал­ғанын айтып, алдағы уа­қыт­та да басқосулар жиі өт­кі­зілсе деген ұсыныстарын білдірді.

Е. БАУЫРЖАНҚЫЗЫ.

Оқылды 2488 рет Қайталау: Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2015 18:31