logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1038

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 821

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 805

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 648

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 914

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 864

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 624

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 852

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 781

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 786

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 676

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 852

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2015 18:00

Шоғансай - жердің шырайы

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Ата-бабаларымыз білек­тің күші, найзаның ұшымен қорғап, ұрпағына аманат­тап кеткен жеріміздің тіл жетпес сұлулығы шет­елдіктерді де тамсандырады. Осыған орай Елба­сымыз Н. НАЗАР­БАЕВ мемлекет экономикасын кө­теруге ерен ықпалын тигізер туризмді дамыту жөнін­де үнемі айтып келеді.

Бес реформаға негіз­дел­ген 100 нақты қа­дам­ның 57-іншісі дәл осыған арналған. Бұл ба­ғытта об­лысымызда қаралған жұ­мыс­тар, айқындалған бағ­дар­­ламалар бар. Асқар биігінде Хантәңірі шыңы, етегінде Көл­сай көлі, бау­райында Қарқара, Шұбар­тал, Екіаша, Шалкөде жай­лаулары бар, емдік қасиеті мол бастау-бұ­лақ­тары, ұйысқан қарағайы, орман-тоғайы бар Райым­бек ауданының аумағы туризм үшін жаратылған өлке. Туризм үшін таптыр­мас таулы өңірге соңғы он жыл ауанында сырттан ке­лу­шілер қатары ана­ғұрлым кө­бейе түсті. Алыс-жа­қын­дағы шетелдік турис­тер­дің де көз тігер жері осы өл­ке бо­лып отыр. Ең бас­ты­сы, осы жер­дегі бар дү­ние көңілді то­лық­тыра бер­­­мейді. Өрістетер, өр­кен­детер, қолға алар шар­уа­лары жетіп-артылып жа­тыр.

Суы бал, ауасы дауа, ұйыс­қан орманы мен көк шалғыны шипалы ауданда бірсыпыра демалыс орын­дары бар. Мем­лекет қам­қор­лығына алған Көл­сай­да «Көлсай көлдері» ұлт­тық табиғи паркі жұмыс жа­сайды. Оның сыртында «Жі­бек жолы» ЖШС-нің тұрғызып тас­таған дема­лыс орындары Көл­сай мен Шоғансайда бар. Жам­был селолық округіне қа­расты Шоғансай өңірінде ар­найы болдық. Қаратоған ауы­лынан небәрі 14 шақы­рым жер­дегі тау ішіне ор­на­ласқан «Экотуризм «Шо­ған­сай-Әлі­шер» ЖШС-ға қарасты дема­лыс орны бізді құшақ жая қар­сы алды. Бізді ең алдымен тау қапталын жапқан қа­лың қара­ғай, төмен қарай сылдырлай, сыңғырлай құ­лаған мөп-мөлдір тау өзе­ні, қапталына өскен не­ше түрлі гүлдер қарсы алды. Гүл­деріне құшағымыз то­л­ған­дай, иісі ғажап тұнық ауасынан жан сарайымыз ашылғандай күйде діттеген жерімізге жет­кен­біз. Дем­алу­ға келген жан­дар­дың қарасы мол. Оның дені Ал­маты қаласынан. Бірнеше топ Кеген ауылынан келіпті.

– Қазан-ошақ, самау­рын көтеріп келетіндей еш­теңе жоқ. Бәрі өзімізде. Бә­рін өзіміз дайын­дап бе­реміз. Сұранысқа сай қа­зақ­тың ұлттық тағамдары дайындалады. Бие байлап тас­тағанбыз. Сұраныс ие­ле­­ріне сау­мал, қымыз бе­ре­міз. Оның сыр­тында жаңа дайындалған сары май, маңыз, ірімшік, ірім­шік ара­лас­тырылған майлы сықпа құрт дастарқанның сәнін кіргізеді. Келушілердің көңі­­лінен шығу үшін бар жағдайды жасап отырмыз, – дейді «Эко­туризм «Шо­ғансай-Әлішер» ЖШС-нің жетекшісі Сәр­сем­хан Бе­рік­баева.

Айтса-айтқандай, біз ар­найы іздеп барған «Эко­туризм «Шоғансай-Әлішер» ЖШС-не қарасты демалыс орны атағы тым алысқа кеткен әйгілі Хан­тәңірінің етегінде, шыңнан 30 ша­қырым қашықтықта, Тянь-Шань тауының қылқан жа­пы­­рақты орманында, теңіз дең­гейінен 2800 метр биік­тікте ор­наласқан. Бұл ту­рис­тік базаға ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысына сәйкес туроператорлық қызмет туралы мемлекеттік лицен­зия берілген. Демалыс ор­ны­ның ие­лері ерлі-зайыпты Алдан Тү­зел­­баев пен Сәр­семхан Берік­бае­ва­ның бар мақсаты жыл өткен сайын қолда бар қаражатпен де­ма­лыс орнының іргесін мүм­­кін­дігінше кеңейте түсу болып отыр.

Бұл бізді де қуантты. Бұл өңірде жүз түрлі емдік қ­а­сиеті бар шөптің өсетіні анықталған. Таудан төмен сарқырай аққан тұп-тұнық өзендерінің де емдік қа­сие­ті жоғары. Ал арайлап таң атып келе жатқан кезде шығыс жаққа ұйысқан қа­ра­ғай арқылы көкпеңбек болып түзілген озон қа­ба­тын аңғарасың. Айтты-айт­пады, бұл көкорай өңірдің саф ауасы жаныңа шипа. Бұл жер­ден адам бір жа­сарып немесе жасын бір­неше жасқа ұзартып, жаңа туғандай болып аттанады.

Сәрсемхан сонау бір жыл­дары бір ауруға ұшы­рапты. Бар­маған жері, қа­рал­маған дәрігері қал­май­ды. Ақыры біреулердің ұсы­ны­сымен осы өңірге 1998 жы­лы көшіп келеді. Шаруа­шы­лықтан қалған мал базы, малшы үйі болды. Осы жер­дің ауасы­мен тыныстап, суын ішіп жүріп ақыры сол сыр­қа­ты­нан құлан­таза жа­зы­лып ке­теді. Бірте-бірте бұл жерді осы маңға қызық­тап келіп, саясында бір күн болса да демалып кетіп жүрген адам­­дар­дың ұсы­ны­сымен де­малыс орнына айнал­ды­ру­ды көздейді. Сол т­ы­ным­сыз еңбек, ел мен жұрт­қа қызмет етуге арналған адал еңбек же­місін бере бас­тапты.

Қарапайым ғана ауыл­дан шыққан, осы өңірде ту­ған жан­дардың туризм се­кілді игілікті істің жалын ұс­та­ғандары, соны уақытқа сай дамытып келе жат­қан­дары шын мәнінде қолдар­лық та қуантарлық. Түзел­баев­тар әулеті осы бір де­ма­лыс ор­нының жұмысын асықтай иіріп, талабына сай үйіріп отыр. 20 адамға арналған үйі, жатын орын­дары бар. Оның сыртында бірнеше киіз үй тігіліп тас­талған. Былтыр көп адам тамақ­танатын қазақүй іс­пет­ті жаздық қо­сымша ғи­марат салыныпты. Оның іші жайлы. Салқын сая­лы. Ке­лу­шілер сұраныстарына сай бір уақыт буы, иісі бұр­қы­раған қуырдақ пен сірне­ден, жақ­сы дайындалған үлкен астан дәм татып, қы­мыз ішіп отыр. Қо­нақ­тарға жаңа пісірілген жұм­­сақ, дәмді нанды да өздері әзір­леп отырады екен. Та­биғат ая­сын қызықтап, серуендеп қай­ту­шыларға арнайы ат бар, төрт дөң­ге­лекті көлік иелерінің де қыз­­мет жасап жүргенін көр­дік. Мұн­да келушілердің сұра­ны­сы­на сай дәмді ас әзір­лейтін бір­неше қазан-ошақ, самаурын бар.

Шаңырақ иелерінің ота­ғасы алпысқа тола қой­ма­ған Алдан Түзелбаев пен отанасы, серік­тестік жетек­шісі Сәрсемхан Бе­рікбае­ваның қатарын ұлы Арс­лан, келіні Жұлдыз, Сәр­сем­хан­ның сіңлісі Назгүл то­лық­­тырып тұр. Таңнан кеш ба­тып, түн қоюлана түс­кен­ше өз жұ­мыс­тары, міндеттері бойынша шапқылап, жан­дарын сала, ең­бектеніп жат­қан Түзел­баев­тар әу­летінің ісіне риза бол­дық. Кү­ні кеше ғана мұнда рес­пуб­ли­каның ең таңдаулы дема­лыс орындары жөнін­де жур­налистік жұмыс жа­зып жүрген Жанат Елші­бек­тей қалың қаза­ғына та­ны­мал қаламгер бірнеше күн болып аттаныпты.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Райымбек ауданы.

Оқылды 2810 рет Қайталау: Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2015 18:36

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сайтта: 148 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане