logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1311

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 1073

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 1059

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 876

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 1221

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 1206

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 833

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 1045

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 1010

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 995

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 873

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 1085

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2015 18:00

Жетісудың Айдыны, алты Алаштың айбыны

 
Дауыс бер
(1 Бағалау)

Асылы, адамзат алғаш жа­рал­­ған күннен аспанға ынтызар. Қырлы тастан үккіш жонып, ет кескен ежелгі қоғам да, мың сан техниканың тетігімен жұмыр жерді меңгерген бүгінгі өрке­ниет те жұмбағы көп көк зеңгірге зер салғыш. Қоршаған ортаның қы­зыл-жасылды құбылысына қы­зыға қарап, өмірдегі әр өзге­ріс­тің себебін білуге ұмтылатын сә­билік шақта кім көкке көз тікпеді дейсіз? Кеше ғана көше шаң­дат­қан шуылдақ кез жады­ңыз­да шығар әлі. Кілең ойын қуған кез­­белер қас қарая аяқасты шо­ғыр­ланып, бір ауық жұл­дыз­дар жай­лы жарыса сөйлеп жататын. Сонда шүпірлеген шибұттар тұң­ғиық ғаламды зіл батпан зымы­ран­мен емес, әлі сызат түсіп көр­меген сәби сезімдерімен сая­хаттап кетуші еді. Айдың арғы бе­тіне алып-ұшқан ақ қанатты арман, сансыз жұлдызды тал­май аралайтын бала қиял басым еді бәрімізде...

Отты ұшқын

Бақсақ, аспан әлемін айқыш-ұйқыш найзағай тілгілеп, тосыннан жер сілкінсе, тіпті, жапырақтар сәл тербеліп, ұйытқып жел тұрса да, қос қолын көтеріп, төбедегі тылсымға табына кететін көне заманның жа­лаңаш адамы тап соңғы жарты ғасыр­да-ақ ғарыш ғылымын игеріп үлгеріпті. Тастан қолаға, қоладан темірге өткен адамзат өркениеті бүгінде ғарышқа басқан тарихи қадамымен таразы­ла­нады. Кеше ғана ит пен маймылды ас­пан әлеміне қанат қақтырып, тарихи сы­нақтан тірі қайтқанда таңырқап қарап едік. Уақыт адамзаттың қиял­мен құрастырып алған арманын іс жү­зінде дәлелдеп берді. Жарты ғасыр бұрын көк жүзіне жол түсіп, ғылымның жаңа парағы айқара ашылған сәтте адамзаттық дамуда үлкен сілкініс орын алды. Юрий Гагариннің ізін басқан ұшқыш­тар аспан әлеміне ағылып, ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Кейін дербес шаңырақ кө­терген жас мемле­кеттер ұлттың абы­ройын асқақ­татып, өз ұшқыш­тарын жұлдыздарға ж­ө­нелт­ті.

Қазақ тарихында есімі алтын әріп­термен жазылған Тоқтар Әубәкі­ров пен Талғат Мұсабаевтың қатары тағы толықты. Он екі жыл қатарынан ғарыш әлеміне аяқ басуды мақсат етіп келген Айдын Айымбетов аспанға қанат қақты. Жер жаннатының төрінде туған кішкентай нәрестені алғашында ешкім ғарышқа ғашық деп ойламаса керек-ті. Шүйгінді өлкеде шөп шауып, әкесі­мен бірге күнұзақ еңбек ететін қара баланың қиялы әдеттегіден ұшқыр болып шықты. Түн қараңғылығы ба­сып, аспанда жұлдыздар жымың­даған уақытта сәби көзі көк жүзінен беймә­лім отты ұшқынды байқап қалады. Дереу жанұшыра айқайлап, әкесінен әлгі жарқ еткен сәуленің себебін сұ­рай­ды. Сол күннен бастап алты жасар баланың қиялы жұлдыздарға жол салды. Әкесінің ұлағатымен жақсы оқып, барлық пәннен «бестік» баға алып жүрді.

Талдықорған түбінде өткен бала­лық шақ Айдын Айымбетовтің жады­нан өшпейді. Жер жаннатының ға­жайып табиғаты ғарышкер жігіттің жі­герін жандырып, аспан әлеміне ынтық­тығын арттыра берді. Қанатты техни­каға деген құштарлықпен ақыры Ар­мавир жоғары әскери авиациялық училищесіне оқуға түседі. Бала кезде­гі арман кәсіби біліктілікке ұштасып, ұшақтың құрылымын жетік меңгеріп шығады. Басына бақ қонған жігіт «инженер-ұшқыш» мамандығы бойын­ша білім алып, алғаш көк жүзіне сам­ғап шығады. Оқудан кейінгі әуе қыз­метінде ол Л-39, МиГ-23МЛ және МиГ-27МД сынды ұшақ маркаларын басқа­рып, біліктілігін шыңдайды. Айдынның асқақ арман жолындағы күш-қайраты күн өткен сайын екпінді өзендей таси берді. Енді ол сонау алты жасындағы бала қиялын іс жүзінде дәлелдеуге кірісті. ҚР Ғарыш техникасы және тех­нологиясы институтында дирек­тор­дың орынбасары, Астана қаласын­дағы жас ғарышкерлер мектебінің жетекшісі қызметтерін атқара жүріп, аспан әлеміне жол ашты.

– Адам бойында орта білімді аяқтап, жоғары оқу орнына түсіп, сту­дент атанған алғашқы сәтте сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім болады. Өз басым армандаған маман­дығыма оқуға түсіп, студент болға­ным­да қат­ты қуандым. Өмірімдегі екінші қуаны­шым – өз күшіммен ұшақты басқарып, көк жүзінде тұңғыш самғаған уақы­тым. Көкке көтерілген кездегі қуаныш­ты еш нәрсемен теңестіре алмаспын. Рас, өте үлкен қуанышты сәтім тек сол кез ғана шығар, – дейді ғарыш­кер тебіреніп.

Алдымен ғарышкер-сынақшыны Елбасы қабылдады. Кездесуге Прези­денттің көмекшісі һәм қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев пен ҚР Инвестиция және даму ми­нистр­лігі аэроғарыш комитетінің төр­ағасы Талғат Мұсабаев келді. ҚР Әс­кери әуе қызметінің полковнигі Айдын Айымбетов мұнда да ағынан жарыл­ды. Мемлекет басшысын өзінің дайын­дық деңгейімен таныстырды. Ел абыройын әрдайым асқақ ұстайтынын, мойнында үлкен тарихи жауапкершілік жүгі тұрғанын жасырмады. Сонымен бірге, ол Президентке штаттық режим бойынша ұшу жөнінде баяндады әрі барлық емтихандарды сәтті тапсыр­ғанын айтты. Әрине, бүгінде мұның бәрі артта қалды. Қатталған тарих қойнауына сүңгітті. Елбасымен болған екеуара әңгімеден Айдын іштей көп нәрсе түйді. Ғарышкер Елбасының рух дарытқан жалынды сөзін ұмытпайды. Әсіресе, ғарышқа тек өзі ғана емес, туған халқының аманатын арқалап, ел абыройын көтеретінін іштей шын сезінді. Елбасы Айдынның ғарышкер болуы үшін мемлекет бар күшін жұм­са­ғанын, арнайы оқытып, білік­тілігін шыңдағанын жіпке тізіп шықты. Мем­лекет басшысының мұндай сөзі жер­ле­сіміздің жігерін жандыра түскен.

Сыр өңірі – тарихтан сыр шертетін шежірелі жер. Мұнда қазақтың аста­на­сы уығын қадаған. Қазақтың көне жыраулық дәстүрі де осы өңірде сары майдай сақталып отыр. Көмейі­нен терме төгілген дүлдүлдер де осы Сыр бойында есейді. Бүгінде сол игі дәстүрдің сарқыны сол қалпы. Осын­дай киелі өлкеде сонау 1960 жылы әлемде әлі жоқ жаңа ғарыш айлағы салынды. Қарқынды жүрген құрылыс бір жылдың ішінде аяқталып, алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин ұшты. Сол Бай­қоңыр бүгінде де әлемдегі тұң­ғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы болып саналады. Сыр өзенін сағалап орна­лас­қан қалашық құрамында Айдын Айымбетов бар экипаж ұшарда әлем мен Қазақстанның әр бұрышынан жиналған қонақтарға лық толды. Ұшу құны 20 миллион долларға есептел­ген қазақстандық ғарышкердің абы­ройын асқақтатуға жиналған көп­шілікте расында есеп жоқ. Ресейлік жә­не даниялық ұшқыштардың ет жақын бауырлары мен замандастары да ғарыш айлағында ұшуды тама­шалады.

Ғарышқа қадам

Бұған дейін адамды тек жолға шығарып салып жүріппін. Автобекет, пойыз вокзалы, одан қала берді әуежай. Жеткенде хабарласуын өтіне­мін. Екі сағат, жарты тәулік, ары кетсе үш күн. Қысқасы, ауыр қоржындарын арқалаған талай жолаушыны діттеген жеріне ізгі ниетпен жөнелттім. Ал Айға шығарып салуды бұрын-соңды бастан кешірген емеспін. Ғарыш айлағында тұрмын, міне. Бұл жолы шығарып салатын адамым – үшеу. Үш жолау­шы, дәлірек айтсақ, аспанға асыққан үш ғарышкер. Әне, көз ұшында зеңгір көкке шаншылып тұрған алып зымы­ранға үшеуі әп-сәтте жайғасады да, санаулы секундта біздің ортамыздан ғарышқа қарай ғайып болмақ.

Байқоңыр қаласына күні бұрын әлемнің 250-ден астам журналистері жиналып үлгерді. Барлығы да тарихи сәтті түсіруге, жазуға, таратуға сақа­дай-сай. Неге екенін білмеймін, ұшатын уақыт таяған сайын менің кеудемді сөзбен суреттей алмайтын беймәлім бір күш, асқақ сезім кернеп барады. Ғарыш қызметкерлерінің арасынан қайта-қайта қазақтың маңдайалды ұлын – Айдынды іздей­мін. Дөңгелек жүзі, кең маңдайы, сабырлы жүрісі, саспайтын салиқалы мінезі мені ғана емес, бар қазақты сүйсінткендей. Әр қадамын нық, сенімді басады. Өзіңіз ойлаңызшы, екі еуропалық ғарыш­кердің, Сергей мен Андреастың жанында қасы-көзі қап-қара қазақ жігіті тұр. Еуропалық­тардың табиға­тына тән мінезбен жанындағы екеу сәл ойнақшып, өз­де­рін еркін ұстаған болады. Ал Ай­дын қазаққа лайық ұстамды қал­пынан танған жоқ. Тілшілер тарапы­нан қойылған сұрақ­қа да еш мүдір­мей жауап береді. На­ғыз ғарыш са­ласының маманын елес­­теттім. Қарсы алдымнан көп жыл­дан бергі асыл ар­маны алақа­нына келіп қонған қазақ­тың бақытты жігітін көрдім.

Дәл Айдын көкке көтерілгенде қазақтың қаншама баласы ғарышкер болуды армандады екен? Өткен ғасырда ғана жұлдыздарға жол салуды қиялдайтын жеткіншектер қазір жоқтың қасы. Бұрынғылардың балалық шағы қолын қанат қылып, ұшқыш атануды армандаумен өтсе, бүгінгілерге бұл таңсық, тіпті, күлкілі көрінуі мүмкін. Бірақ Айдын сол сеңді бұзғандай әсер етті маған. Ол мил­лиондаған қазақ балаларының арма­нына қанат бітірді. Қазақ ғарышкері ұшқан айтулы күнді құрмет тұтқан кейбір отбасы жаңа туған сәбиінің есімін Айдын атап жатты. Ғарышкер боламын балалардың көмескі тарт­қан арманына Айдын қайтадан жол ашты. Айдын аспанға ұшқанда ойын баласы тұрмақ, біздің өзіміз неге ғарышкерлікті таңдамадық екен деп тосылып қалдық қой. Әрине, ешкім бұл ойын тілмен жеткізбеді. Бірақ жүздеген жанарда ап-анық жазылып тұрды. Өйткені, адам қиялын ұштап, жанын тазартатын асқақ арман тек ұшу арқылы қалыптасады екен ғой. Жұмыр жерге жұлдыздардың жаны­нан қарап, өзіңді әлемнің патша­сын­дай сезініп жүрген қандай ғажап еді.

Ұшардан бір күн бұрын кешкілік уақытта Айдынның анасы келді. Бәріміз елең ете қалдық. Айдындай ұлды өмірге әкелген ананы асыға іздедік. Дәл ғарышкердің өзі секілді. Мінездері құйып қойғандай ұқсас. Дәстүр мен салттан аттамаған ескі көздің бірі. Соғыстан кейінгі ауырт­палықта есейген кәдімгі қазақтың қарапайым кейуанасы. Өз анамды көргендей еміреніп кеттім. Басына ақ орамал тартыпты. Айдынның үш пер­зентін, немерелерін жетектеп алыпты. Ұшар алдындағы қарбалас түнде ана жүрегі де атқақтап жүр. Ұлы есейгенше төрт бөлінген түн ұйқысы ғой. Бұл жолы төрт бөлу былай тұр­сын, көз ілген жоқ тіпті. Мына нөпір­дің алдында жүр. Іштей ақсарбас айтады. Жаратқанына жалбарынады.

Таң қылаң бере ғарышкерлер ұшу алаңына қамданды. Түн жарым­да бастан-аяқ тағы бір медициналық тексеруден өткен аспан әлемін зерттеушілер енді ұшуға әзір. Жұл­дыз­ды автобус алдында Айдын Айымбетов анасымен тағы да бетпе-бет жолықты. Әрине, үлкен әсер қалдырды. Қазақ ғарышкері өте сезімтал көрінді. Бірақ көптің көзінше сыр бермеді. Анасына парасатты пейілмен ұзақ қарады да, риза кейіп­пен көлікке мінді. Сегіз жасар қар­ша­дай Даяна, ересек болып қалған ұлы мен қызы ерекше тебіреніспен қош­тасты. Түнімен көз ілмеген Даяна ас­қар таудай әкесі мінген автобустың те­резесіне ұмтылды. Туғандары сә­бидің аялы алақанын әкесінің қолына түйістірді. Бірақ арасын көліктің әйнегі бөліп тұрды.

– Мен әкемді мақтан тұтамын, – дейді ғарышкердің сегіз жасар кен­же қызы Даяна. – Мен де ұшқыш болғым келеді. Әкемнің аман-есен оралуын күтемін. Сағынатын боламын. Әке­ме ғарышқа ұшар алдында ойын­шық арыстанды беріп жібердім. Мен арыстанды жақсы көремін. Арыс­таным аспан әлемін әкеммен бірге саяхаттап қайтқанын қалаймын.

Періште көңілдің тілегі кіршіксіз тап-таза. Мен оның сәби үні Жарат­қанға бірден жетіп жатқанына толық сенімді болдым. Күннің таңғы сәулесі алдымен көз ұшында орналасқан алып ақ зымыранға түскен. Сосын, оқ бойы көтерілген Күн қазақ ғарыш­керін шығарып салуға жиналған мына жұрттың нұрлы жүзін қытықтап өтті. Үшінші қазақ тап қазір ғарышқа самғайды. Жүрегім өрекпіп, аузыма тығылған сияқты. Тарихи сәттегі тол­қыныс мені ғана емес, айналам­дағы адамның бәрін жаулап алған. Ұша­тын кілем туралы таңды-таңға ұрып ертегі айтатын кешегі қоғам тең­дес­сіз техниканың қарсы алдында қас­қайып қарап тұр. Ұзақ уақыт бойы жа­салған зымыран тасығыш осы жолы қазақ жігітін шырқау көкке көтермек.

Әр минут, әр секунд өлшеулі. Тіпті, уақыт жылжымай қалған сияқты әсер берді. Айтулы оқиғаны күткен қандай жақсы еді. Қуаныш пен толқудан көз аш­пады жұрт. Әсіресе, Айдынның ана­сы, ет жақындары зымыраннан көз ал­майды. Бәрі жоспармен жүріп жа­тыр. Тарихи секунд та туды, міне. Бай­ла­ныс­шы мен ғарышкерлердің ара­сын­дағы диалог денемді дірілдетті. Көңі­лім әлдеқашан он сегіз мың ғаламды аралап кеткен. Ал көзім зымыраннан арылар емес. «Жібер!» – деді кенет қатқыл дауыс көп сатылы пәрмендер орындалып, шешуші кезең таяғанда. Манадан бері міз бақпай тұрған ақ зы­мыранның түбі сап-сары от пен қою тү­тінге көміле кетті. Лезде естілген дүм­­пуден кейін зымыранның мойнын қысқан ұзын қармаушы темір шалқа­лай ашылды да, құшағындағы ға­жайып техниканы көкке жібере салды. Баппен көтерілген зымыран санаулы секундта ақша бұлтты қақ жарып, ғарыш әлеміне самғап, көзден ғайып бол­ды. Айдын енді арамыздан алыс­тап, жұлдыздардың жанына жақын­дай берді.

Алақан аясы

Перзентінің ойы орындалды осы күнде. Әкесі де, арыстаны да аман-есен жерге оралды. Тұп-тура он күнде Айдын Айымбетов Каспий және Арал теңіздерін ғарыштан тамашалап, фотосын түсірді. Жер бетіндегі радиа­ция деңгейіне ғарыштан сараптама жүргізді. Адам миына қатысты биоло­гиялық және медициналық мәні зор зерттеу жасады. Он күнде он міндетін орындап қайтты. Он күн бойы қалың ел көктен көз алмады. Ғарыш әлеміне бір жерлесіміздің жүргенін анық білеміз. Бірақ аспаннан Айдынды көріп қалатындай бір-бірімізге білдірмей түн жамыла жұлдыздарға көз тіктік. Адам шіркіннің қиялы жүйрік екен ғой. Ғарыштан жолдаған Айдынның бір ауыз сәлемі санамызға сәуле түсіріп, жүрегімізді тыншытты. Ғарышта да сол сабырлы қазақ ғарышкерін көр­дік. Байсалды келбетімен жерлес­теріне, туған жеріне сәлем жолдады.

Ғарышта Айдын тұңғыш рет қа­зақ­­­тың ұлттық тағамдарын қолдан­ды. Жа­нындағы шетелдік әріптес­те­ріне дәм ауыз тигізіп, ірімшік пен қы­мыз­­дың, құрт пен сүт ішіп отырды. Тіп­ті, ға­ламторда Сергей мен Андреас қазақ ірімшігінің дәмі туралы мақ­тау­лы пікір айтып, Айдынға алғыс біл­дір­ді. Халықаралық ғарыш стан­ция­сында зерттеу жүргізген ғарыш­кер­лер поляр шұғыласын тамашалап, ға­ламтор арқылы жердегі біздерге ұсынды. Тарихи сәттің уақыты бітуге тая­ғанда станциядағылар мәре-сәре болып қоштасты. Әсіресе, Айдынның ғарыштағы тыңғылықты зерттеуі өзге әріптестерінің таңданысын тудырды. Сонымен бірге, қазақ ғарышкері орбитада Мемлекеттік Туымызды желбіретіп, ұлттық киімде отырды. Ою-өрнекті ақ қалпақты та паш етті.

Міне, сенбінің таңы атты. Айдын Айымбетов мінген ғарыш капсуласы Жезқазған қаласынан 146 шақырым қашықтыққа қонды. Капсуланың ішінде қазақ ғарышкерінен бөлек, еуропалық астронавт Андреас Моген­сен, Ресейдің жаңа рекорд жаңар­ту­шысы Геннадий Падалка болды. Бұл өңірді қазақ ежелден Арқа атайды. Сарыарқаның самалы адам бойына са­быр сыйлап, екінші тынысын аша­тын әдеті. Арқаның шүйгінді шөбі желге тербелгенде, мына дала ерек­ше құлпырып кетеді. Желкені ашыл­ған ғарыш капсуласы құлдилап келіп сол Сарыарқаның төсіне қонды. Жарқ еткен жарылыстан кейін қорғанды қабыршақтың есігі ашылып, сол баяғы байсалды Айдын Айымбетовтің мейірімді жүзі көзге шалынды.

Қазақтың мақтаулы ұлы Талғат Мұсабаев капсула ішінен шыққан Айдынға қуанышын жасыра алмай: «Жарайсың, жігітсің, Айдын!» – деп айқай салды. Қазақ үшін бұдан асқан баға бар ма? Туған жерінің жұпар ауасын құшырлана жұтқан Айдын да үнсіз қалмай: «Менде бәрі бірқалыпты. Денсаулығым да жақсы. Ғарыштағы сапарым сәтті болды. Барлық тапсы­рылған ғылыми міндеттерді орын­да­дым. Тіпті, мына даланың ауасын жұтып, күшім екі есеге артып кетті», – деді. Міне, сөз! Қайран қазағым-ай, осындай ұлы далаң бар, сен бақытты ұлтсың. Мына дала үшінші перзентіне ең саф ауасын дайындап қойғандай. Ғарышкер табиғаттың қараса көз тоймайтын көркіне қарап, күлімдеп сала берді.

Астана әуежайынан қазақтың үшінші ғарышкерін Елбасы өзі күтіп алды. Шаһар тұрғындары қақ жары­лып, ақиыққа үлкен құрмет көрсетті. Айдынның құрметіне көктен Алланың нұры себелеп тұрды. Ғарышкердің алдына келген Елбасы құшақ жайып, төс қағыстырып амандасты. Прези­дент­тің мейірімі төгілгені сонша, саң­лақ ғарышкермен алақан айқастырып, қолын жібермеген қалпы жетектеп жүрді. Сол сәт ұлының жетістігіне қуанған әке елестеді.

– Айдын Айымбетовтің ғарыш­та­ғы зерттеулері елімізге үлкен пай­да­сын тигізеді, – деді Елбасы ғарышқа самғаған қыранына қарап отырып. – «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан жерінде. Еліміздің аспанда төрт жерсерігі бар. Айдын ғарышқа бекер көтерілген жоқ. Ол ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сәйкесінше, бұл зерттеулердің бізге үлкен пайдасы бар.

Мемлекет басшысының мейірімі ыстық алақанмен ғана шектеліп қал­ған жоқ. Жылы сөздермен жалғасын тапты. Елдің рухын көтеріп тастады. Бүгінде дүниежүзінде екі жүзден ас­там мемлекет барын, алайда олар өз ға­рышкерлерін ұшыруға қауқарсыз екенін атап өтті. Сондықтан, ғылыми-тех­никалық өркендеу тұрғысында ға­рыштық зерттеулермен айналысқан өте дұрыс. Бұл бағыттағы шығын ғы­лыми зерттеулермен Қазақстанның ата­ғы үшін көп ұзамай қайтып келетіні анық.

Елбасы Айдынды қарсы алғанда әр­бір баланың ғарышқа ынтық арма­ны болатынын атап өтті. Өзі де бүл­дір­шін шағында аспанға қарап, ұш­қыш атану­ды қиялдады емес пе? Ай­д­ын­мен кез­десуінде сол кез есіне түс­­кен болуы керек, аспанға қарап өсе­­тін балаларды бір сәт тілге тиек ет­ті. Маңызды кез­десуден кейін қазақ ғарышкері Мәс­кеудегі Королев сауық­тыру кешеніне аттанып кетті. Иә, бір сөз­бен айтқанда, ауыл маңындағы ал­қапта күнұзақ әкесімен бірге шөп шауып, сулы мая­ның үстінде шалқа­лай жатып жұлдыз санайтын алты жасар арманшыл баланың бағы жан­ды.

...Қою түнді жамыла салып, жұл­дыздарға сапарлатып қайтатын мил­лион­даған бүлдіршіннің қиялы есейе келе көмескілене беріпті. Ұшқыр ойы­мыз жер иіскеп, аспанға ғашық қан­ша­ма бала жүрегі тіршіліктің торына қа­ма­лып қалды. Тәңірім тек санаулы сә­бидің ғана тілегін тыңдаған тәрізді. Мыңнан, миллионнан – бір. Иә, мил­лион­ның бірі ғана ғарышқа құштар көңі­лін көкке самғатып, он сегіз мың ғаламның ғажайыбын көзбен көріп қайтады. Енді, міне, алтын күздің арай­лы таңында әкесімен бірге шөп шауып, шөмеле үстінде шалқалай жатып жұлдыз санайтын алты жасар қара баланың асқақ арманы жүзеге асты. Жеті қат көкке ғылыми зерттеу жүргі­зіп, он күнде оралған отандық ғарыш­кер, ердің ері, ұлттың ұлы Айдын АЙЫМБЕТОВТІ айтам. Күз басында Бай­қоңырдан ғарышқа сам­ғап, осы сен­біде сайын даласымен қайта қауыш­қан, жердің алапат тартылыс күшін жеңген үшінші қазақ кәдімгі.

 Қуаныш Тұнғатар

Оқылды 2979 рет Қайталау: Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2015 11:22

Күнтізбе

« Қыркүйек 2020 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Сайтта: 236 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане