logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1037

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 821

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 805

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 648

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 914

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 864

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 624

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 852

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 781

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 786

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 676

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 852

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 18 Қыркүйек 2015 18:00

Сүттей ұйыған шаңырақ

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Отан отбасынан басталады дейміз. Дегенмен, өз отбасы мен Отанын да биікке өрлетіп, осы қымбат егіз ұғымның қадір- қасиетін тереңнен ұғып, өзгелерге үлгі болып жүрген отбасының бастауында жаны қарапайым, кішіпейіл, шығыстықтардың табиғатымен үйлескен көркем мінезді Марат ағаның өмірі кішкентай күнінен спортқа деген сүйіспеншіліктен басталған. Ариповтар отбасының өзгелерден ерекшелігі спортқа жанын берген жандардың жеткен жетістіктері мен жеңісті күндері елінің, туған жерінің, тұрған қаласының, Отанының туын желбіреткен дара жолдарында болып тұр. Бұл шаңырақты Қапшағай қаласында бәрі таниды, құрметтейді. Әңгімелесуге арнайы келгенімде, жарқын қабақпен қарсы алған үйдегі жеңгеміз ақ дастарқанын жайып, күтіп отыр екен. Жарқын жандармен ұзақ әрі әсерлі әңгімелестік.

Жастайынан шынығып өскен ауылдың қара баласы сыр елінде мектеп бітіріп, Қараған­дыдағы жоғары оқуды аяқ­таған соң, ауылдағы мек­теп­ке мұға­лім болып қайта оралады.

– Мен жұмыс істейтін мектепке ағамның алыстағы дос­тары келіп ара-тұра бас­кет­бол ойнайтын. Күндер­дің күнінде олардың бір қимыл іс-әркеттеріне аңтарылып қа­рап қызығып қалдым. Бұл не деп сұра­сам, каратэ деп тү­сін­дірді. Мен де еліктеп қимыл­дарын жасап жүрдім. Бұл 1986 жыл­дар болатын. Кеңес уақы­тында шалт қимылдауға бол­майды. Жасырынып жатты­ғатын­быз. Кешкілік милиция кіріп қалса, баскетбол ойнап жатқандай кейіп таныта­тын­быз. Түйсігім түртіп қал­ған бұл өнерді жаным қатты қалады. Осылайша ниет етіп бастаған каратэ өмірімнің мәні болды, – дейді ағамыз спорт­қа алғаш келген жалынды күнін еске алып.

Марат аға 1989 жылы Қап­шағай қаласына жаңа үйленген жары Мағира жеңгемізбен келе­ді. Мұнда орта мектепте дене­шы­нық­тыру пәнінен мұға­лім­дік қыз­мет атқара жүріп, Алматы қала­сына қатынап, арнайы «Жас та­лап» клубында сабақ алып жат­тыға бастайды. Сөйтіп кара­тэны терең игерген ағамыз алға­шында годжерю түрінен бастап, кейіннен шетерю түріне ауы­сады. 1993 жылы қалада спорт мектебі ашы­лып, оқушы­ларды каратэге алғаш­қы ұстаз болып баули бастайды. «Спорт­тың бар түрімен айналы­суға болады, бірақ каратэ үшін төзім керек» деген шығыстың қанатты сөзі Марат ағаны шың­дай түсті.

Ол бүгінде 5-ші даннан қара белбеу иегері, халықаралық судья және халықаралық жат­тық­ты­рушы дәрежесін алған білікті спортшы. Осы қалада дүниеге кел­ген қызы мен ұлы да әкесінің бұл өнерінен қалыс қалмады. Қызы Айгерім Амери­кадағы Шварце­неггер кубогына небәрі 11, ал ұлы Дамир 9 жа­сын­­­да қаты­сып жүлделі ора­ла­ды.

Айгерім Жапониядағы ха­лық­­аралық жарыста І орынды иеле­неді. Оқушы күнінен Қазақ­станның бірнеше дүркін жеңім­пазы атанып үлгерген. Ал, ұлы Дамир Қазақстанның жеті дүр­кін чемпионы. 2008 жылы АҚШ-та Диснейленд кубогында І орын, Жапония чемпионатында І орын, 2010 жылы Индонезияда Азия­ның күміс жүлдесін, 2011 жылы Малайзияда әлемдік жа­рыстан қола жүлдесін, Гон­конг қаласын­дағы өткен Азия чем­пио­натында І орын, 2013 жылы Жа­по­ниядағы жарыста әлем чем­пионы, былтыр Кувейт­те өткен Азия чем­пио­натында күміс жүлде, биыл Таи­ландта өткен халықаралық жа­рыстан І орын алды. Дамир бү­гін­де Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм ака­демия­сының І кур­сын аяқ­тады. Халық­аралық дәре­жедегі спорт шебері және ұлт­тық құрама мүшесі. Сол күні Шымкенттегі сапардан оралған Дамир кешке Кореяға жарысқа жүрмекші екен. Ал, Айгерім политех­ни­калық жоғар­ғы оқуды жақсы тамамдап, туған қала­сында инженер-технолог қыз­метін атқарады.

Сөзі мен ісіне адал, жауап­кершілігі басым, болмысы жанға жылу сыйлайтын Марат ағаның жеңіс туын желбіретіп, жетіс­тіктерге қол жеткізген шәкірт­тері жетерлік. Адами болмы­сының құндылығы осы болар, тіпті шетел асып кеткен қыз-жігіт­тер туған күнінде хабар­ласып, құттықтап, тіпті іздеп сағынып келген де екен.

Мағира апай әңгімемізге араласып, қызықты оқиғаларды айтып, ара-тұра күлдіріп те отырды:

– Мен енді бұл спортты жа­рым арқылы түсіндім. Сон­дықтан Мәкеңнің тілеуін тілеп, қолдау көрсетіп отыра­мын. Мінезі де біртоға. Сабыр­лы қал­пы­нан танған емес. Бір ұл, бір қыз деп еркелетпедім, әкесі қа­бақ шытпаса да, өзім қатал тәрбиеледім. Бұл кісінің бар ойы мен уайымы тәрбиелеп жатқан балаларында болды. Жарыс сайын тақымын қысып, көңілі алаң болып жүреді. Жеңісті күндері ол кісіден асқан бақыт­ты адам жоқ, – дейді.

Жеңгеміздің қаладағы тех­ни­калық-кәсіптік колледжде бух­гал­терлік қызмет еткеніне де он жылдан аса уақыт өтіпті. Мінезі ашық, жайдары, ойын­дағысын айта салатын тура мі­нез­ді жең­геміз кей кездегі ашуын ағамыз­дың байыпты сөздері басатынын жасырмай айтып берді. Отба­сындағы үйлесім сүюде ғана емес, ерлі-зайыпты жандардың бір-бірін жарты сөзден, жарты қимылдан түсіні­су­де екенін іштей ұғындық.

Міне, отасқандарына аттай 25 жыл уақыт өтіпті. Биыл облыстық «Мерейлі отбасына» қатысып, облыс әкімінің өз қолынан сыйлық алып қайтқан­дарына дән риза. Бақытты сезі­ну­дің әдемі сәттері деген осы бо­лар, сүттей ұйыған тыныштық пен жарасым, өнегелі тәрбие, ең­бек жемісі бұл шаңырақтың шы­рағы секілді жанып тұр.

Мақпал МЫСА

Қапшағай қаласы.

 

Оқылды 2934 рет

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сайтта: 167 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане