logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1038

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 821

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 805

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 648

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 914

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 864

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 624

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 852

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 781

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 786

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 676

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 852

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 18 Қыркүйек 2015 18:00

Арық малдың жілігі татымас

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Нариман бүгін де түскі асқа барған жоқ. Соңғы кезде асқазаны ауырып, жан таптырмай жүрсе де әдеттегі тұтынып жүрген тамағымен ауқаттана салды. Мекеменің қасындағы дүңгіршектен «Шаурма» алып жеп, соңынан газды сусынмен шөлін қандырды. «Шаурманы» асқазанға асығыс жөнелткенімен, тамақ кептеліп, өңештен өте алмай, жұтқыншақты қинайды. Ол қасына «Кока-коланың» бір шөлмегін әкеліп қойып, қақалып-шашалып отырып, тамақтанған болды. Ары қарай компьютердің пернетақтасын тықылдатып, жұмысын істей берді. Мекемеде компьютер бағдарламашысы болып істейтіндіктен жұмыс көп.

 

Кей шаруаларды түскі үзіліс кезінде отырып істейді. Бүгін де асқазаны бүріп бара жатқандай болды. Көп ұзамай ол ішін жаза алмай қалды. Кеңседе бірге отыратын әріптестері «Жедел жәрдем» шақырды. Ауруханада оған дұрыс тамақтанбағандықтан асқазан ойығы кеселі пайда болғандығын, ағзасы қалпына келу үшін ұзақ уақыт емделу керектігін айтты. Ас жұту жолы, яғни, өңешіне де зақым келіпті. Дұрыс тамақтанбағандықтан жүрек қантамырлары жүйесінде де кесел пайда болған. Нариман емделу орнында көзі бозарып екі ай жатты. Жүдеп, қу сүйек болып барып, әрең оңалды. Жүйрік уақытпен жарысамын деп асығыс тамақтанудың соңы ауыр дертке әкеліп соқты.

Ас – адамның арқауы. Мұнда дұрыс, халал, құнарлы аспен ауқаттану жайлы айтып отыр. Сондай-ақ, бұған кереғар «Ауру – астан» деген де нақыл бар. Яғни, адам денінің сау болуы үшін тұ­тын­ған тамақтың тигізетін әсері мол.

Жүрек қантамырлары жүйесі ауруы әлемдік деңгейдегі эпидемиялық сырқаттар қатарына еніп келеді. Өлім-жітім бойынша жүргізілетін есепте жүрек қантамырлары ауруы алғашқы сатыға шықты. Мәселен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, бұл ауру дамыған елдерде өте шапшаң қарқын алуда. Яғни, қарбалас, қым-қуыт өмір, уақытымен дұрыс тамақтануға көңіл бөлдірмеуде. Бұл – табыс табу машақатының денсаулыққа мән бермеудің нәтижесін білдіреді. Денсаулық сақшыларының зерттеуіне қарағанда, 2020 жылға қарай халықтың жұқпалы емес ауру түрлерінен қайтыс болу көрсеткіші 70-80 пайызға жетеді деген болжам бар. Ал соның ішінде жүрек қантамырлары ауруы бірінші орынға шығатыны алаңдатуда.

 Жүрек талмасы сырқатының бірден-бір салдары қан тамыры бітеліп қалады. Немен бітеледі дейсіз ғой – майлы шөгінділермен. Оны медицина тілінде холес­терин дейді. Кәдімгі еттің майынан. Қазір дәрігерлер күнбағыс майын да дұрыстап тұтынбаса зиян келтіретінін айтады. Мысалы, шелпек пісірген майдың қалдығын біраз уақыттан кейін қарасаңыз кәдімгі желімге айналады. Сондықтан бір рет пайдаланғаннан қалған маймен қайтадан тамақ жасауға болмайды. Ал көшеден сатып алған самса пісірілген майдың неше қайтара пайдаланылғанын біліп болмайтынымыз рас. Ол ағзаға сіңсе, қан айналымын нашарлатады. Қанды өз деңгейінде айналдыра алмаған жүрек қиналмағанда қайтсін.

Тамақты дұрыс тұтынбаудың зияны жайлы дәрігер кеңесіне құлақ түруді жөн көрдік. Бұл орайда сауалымызды облыстық кардиологиялық орталықтың директоры Рахымберді СҰЛТАНБЕКОВКЕ қойған едік.

«Адам денесінде бір кесек ет бар, егер ол сау болса барлық денең сау болғаны. Егер ауру болса барлық денең ауырғаны. Біліп койыңыз, ол – жүрек» деген екен Мұхаммед Пайғамбар,– деп бастады сөзін дәрігер. – Осыны барлық адам түйсініп, жүреке салмақ түсірмеуге тырысу керек. Өмір болғаннан кейін ашуланбай, ренжімей, күйгелектенбей тұра алмайтынымыз белгілі. Қатты ашуланғанда қантамырлары тарылып, қанның ұю қаупі туады. Содан барып адамның қан қысымы көтеріліп, тамырдың бір жеріне қан ұйып, кішкентай түйіршік (тромб) пайда болады. Ұйыған қанның түйіршігі, қан ағысымен тамырларды аралап жылжи береді. Егер тамыр тарылып, жіңішкеріп кетсе, онда қан түйіршігі бір жерге барып кептеліп, осы маңдағы тін қоректенбей қалады. Жүрекке күш түсірмеудің бір жолы – дұрыс тамақтана білу. Тамақты бірінің үстіне бірін кептей бермей, әлсін-әлсін ағзамыз­ды демалдырғанымыз абзал. Дұрыс тамақтану арқылы қантамырларын тазалап тұрған жөн. Анда-санда ағзаны демалдырып, ашыққан дұрыс. Ашығу – қанның ұюын төмендетеді. Адам кенеттен ашуланған жағдайда сұйық қан оңайлықпен ұйымайды. Яғни, сақтанудың арқасында түйіршіктенудің алдын аласыз. Біз майлы тамақты жақсы көреміз. «Арық малдың жілігі татымайды» деп шылқыған майлы етті жеуді ұнатамыз. Мұның соңы ағзада удың шоғырлануына әкеліп соғады. Ағза майды көп қажет етпейді. Сондай-ақ, тұз бен қуырылған тамақты да жиі тұтынбаған жөн.

Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының салдарына дене қозғалысының аздығы, салмақтың шамадан тыс жоғарылығы, дұрыс тамақтанбау, темекі мен iшiмдiктi тұрақты қолдану, жүйке жүйенің тыныш болмауы кері әсерін тигізеді.

Аталмыш ауруды болдырмау үшін әркім өз салмағын тұрақты түрде қадағалап отыруы тиіс. Мысалы, адамның бойы170 сантиметрдесек, салмағы 70-75 киле айналасында болуы шарт. Ғылыми есеп бойынша дене салмағын азайтудың арқасында жүрек ауруларын 25 пайызға кемітуге болады. Салмағы жоғары адамдар дене шынықтырумен айналысып, тамақты тежеп iшiп, тұтынатын азық-түліктің санатында жеміс-жидекті көбейтуi керек, – деп топшылады сөзін кардиолог-дәрігер.

 Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінеміз? Оның сыры неде? Бұл сұрақтарды облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығының директоры Ж. Сатыбалдиевке қойған едік.

 – Біз дұрыс тамақтану жайлы аяқастынан жүдегенде немесе шамадан тыс толысып бара жатқанда немесе асқазан сыр бергенде ойланамыз. Кей жағдайда дәрігердің кеңесінен кейін ғана көңіл аудара бастаймыз. Бұл кезде кеш болуы мүмкін. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда тамақтанудың рөлі зор. Адам тамақты бей-берекет жей бермей, ағзаға қажетті азық-түлікті пайдаланғаны жөн. Өкінішке орай, тұрғындардың басым бөлігі тамақты дәмді немесе дәмсіз деп бағалайды. Алайда, ағзаға макро және микроэлементтерге бай тағам пайдалы. Кейбіреулер тамақтануды тек қарын тойдыру деп түсінеді. Олардың пайдалы азық-түлікті тұтынуға көшуі кәдімгіндей қиындық тудырады. Көбінесе адамдар ас-суды жеңілдетуді ұннан жасалған тамақтан бас тарту деп түсінеді. Немесе бірден ашығуға көшеді. Кейбіреулер жанындағылардың кеңесімен көк шай іше бастайды. Есте сақтайтын тағы бір жайт, көк шай қан қысымын төмендетіп жібереді. Осылайша, «жаңаша» тамақтанудың соңы асқазан ауруына әкеліп соғуы мүмкін.

Емдәмді (диета) ұстасаң сымбатты боласың деп ойлайтындар да бар. Бірақ, емдәм сақтауды бірден тастап кетсең тез салмақ жинап, бастапқы қалпыңа қайта келетініңді де естен шығармаған абзал. Оны да ескеру керек. Ағзаны қалыпты ұстап, денсаулықты күтудің бірден-бір жолы дәрумені мол тамақ ішу. Мәселен, жеміс, көкөніс тағамның төресі. Олар иммунитетті жақсы көтереді. Ал иммунитеті мықты адам ауруға көп шалдықпайды. Адам бір тәулікте әралуан тағам тұтынуға дағдылану керек.

Алдымен ағзаны бір мезгілде әлденуге бейімдеген жөн. Яғни, ас ішуді бір жүйеге келтіріп, тәулігіне әлсін-әлсін 5-6 рет тамақтанған дұрыс. Бірақ, жиі ас ішуді асқазанды нығыздап алу деп түсінбеңіз. Тыңқия тою да зиян. Тағы бір есте сақтайтын жайт, тұтынатын тағамыңның 40-45 пайызы көкөніс пен жеміс-жидекті құрауы тиіс. Наннан, ұннан жасалған өнімдерден біржолата бас тартуға болмайды. Тек, оның көлемін азайтсаңыз болғаны. Майлылығы төмен сүт өнімдерін және табиғи йогуртты жиі пайдаланыңыз. Ет, балық, тауық етін сатып алғанда өте майлысына жоламаңыз. Тамақты буға пісіріп жеген абзал. Қуырылған асқа қарағанда буға пісірілген тағамның дәрумені жақсы сақталады. Әрі асқазан тез қорытады. Тамақтан соң минералды немесе табиғи су, бар болса шырын ішкен дұрыс. Қан қысымыңыз төмен болмаса көк шай ішкеніңіз абзал. Кофе, какао дегенді жиі пайдаланбаған пайдалы. Денсаулықтың зардабын тартқыңыз келмесе ішімдік пен темекіден біржолата бас тартыңыз.

Дұрыс тамақтанудағы басты мақсат – ас қорыту жүйесі мен зат алмасуды қалпына келтіру. Бұған дейін асқазанға зор салмақ түссе енді соны ретке келтіруге тура келеді. Нәтижесінде ас қорыту жеңілдейді. Тамақтану рационының негізгі бөлігі таңертеңгі және күндізгі уақытқа түсу керек. Таңертеңгі ас – орташа, күндізгі ас – толыққанды, ал кешкі ас – жеңілдеу болған жөн. Кешкі сағат жетіден соң желінген тағам ағзада сіңіп үлгермейді. Соның салдарынан денеде майлы шөгінділер қалыптасады. Тамақ ішер алдында міндетті түрде бір стақан су ішуді әдетке айналдырған дұрыс. Тамақты баяу, әбден шайнап жеу керек. Себебі, асқазанның толғаны шамамен 10-15 минуттан соң барып білінеді. Егер шектен тыс артық тамақ ішсеңіз асқазан қорыта алмайды. Соның салдарынан демалысыңыз қиындайды.

Ересек адам тәулігіне 80-100 гр. ақуыз, 400-500 гр. көмірсу, 80-100 гр. май, 12 гр. дәрумен, барлығы 20 түрлі микроэлемент тұтыну керек. Ал, балалардың тамақтану рационы үлкендерге қарағанда өзгеше. Ересектер тамақтанғанда күш-қуат жинайды. Ал балаларға тағам өсіп, дамып, иммуниетінің қалыптасуы үшін қажет. Балаға тәттіні мөлшерден тыс артық беруге болмайды. Қазіргі таңда чипсы, шоколад, қытырлақтарды көп жегендіктен гастрит, асқазан, панкреатит, тоқ ішек және тік ішек аурулары көптеп белең алуда. Ата-ананың қадағаламауынан және салғырт­тық салдарынан балалар осы тағамдарды көптеп тұтынады. Жеткіншек дәруменге бай тағамды көбірек жегені дұрыс. Мысалы, табиғи шырын, жеміс-жидек, көкөніс және балғын етпен тамақтанса денесі тез жетіледі.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру дұрыс тамақтанумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, спортпен шұғылдану, зиянды әдеттерден бас тарту да денсаулықтың кепілі. Облыс бойынша темекі шегетіндердің саны 11,75 пайыз, ал ішімдікті мөлшерден тыс пайдаланатындар – 1,32 пайызды құрайды, – дейді дәрігер аурудың алдын алу жөніндегі ойын түйіндеп.

Көп жағдайда адамның денсау­лығы өзіне байланысты. Әлемдік медицина қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, денсаулықтың 20 пайы­зы ғана дәрігердің қолында. Ал, қалғаны күтімге байланысты. Күн тәртібін дұрыс ұстанып, уақытымен тынығу да ағзаның күш-қуатын арттыратынын есте сақтаған жөн.

 Гүлжан Тұрсын

Оқылды 755 рет

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сайтта: 134 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане