logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1037

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 821

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 805

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 648

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 914

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 864

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 624

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 852

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 781

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 786

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 676

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 852

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 18 Қыркүйек 2015 18:00

Шаһарымыз ғарыштан да жарқырап көрінеді

 
Дауыс бер
(1 Бағалау)

Бұрын облыс әкімдерінің рейтингісі түзілетінін білуші едік. Сондықтан шаһар басшыларының (облыс орталықтарын айтып отырмыз) ауыс-түйісіне аса мән берілмейтін. SAIGEZ.KZ ақпараттық қоғамдық-саяси сайты медиасарап­шылар мен жергілікті белсенді тұрғын­дардан құралған шағын топпен бірлесіп, тұңғыш рет қала әкімдерінің бедел-биігін анықтау үшін сауалнама жүргізіпті. Сонымен, «Үздік төрттік», «Ортаңғол бестік» және «Бес аутсайдер» номинацияларының ең алғаш­қы «Үздік төрттігінің» үшіншісі болып абырой жинаған Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысовтың алдымен ашықтығы жоғары бағаланыпты. Сауал­намаға қатысушылар оның мемлекеттік қызметкер болғанымен қоғамдық шараларға бастамашы болып, қала тұрғындарына жақын жүретіндігін айтқан. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің қаладағы іс-шаралар мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін Ермек Амантайұлының аккаунтынан оқитынын білдік. Жыл басында қазақ блогерлерінің басын қосуға себепші болған оның медиакеңістіктегі беделі де біршама жоғарылаған көрінеді. Жуырда шаһар басшысымен сұхбаттасудың сәті түскен болатын.

 

– Сырт көзге бірден байқа­латыны, бүгінде қала өмірі тыным­сыз тіршілікке толы. Яғни, облыс орталығында құрылыс жұ­мыс­тары қарқын алған. Оң жа­ғыңызға да, солға да көз таста­саңыз, кірпіш қалаған жұмыс­шылар, ауыр жүк көтерген кран­дар. Бір сөзбен айт­қанда, шаһарда бір мезетте бірнеше іргелі ғимарат­тың ірге­тасы қа­лануда. Әңгіме­міздің әлқис­сасын сол нысандар­дан баста­саңыз. Бір жылдың өзінде қанша ғимарат іске қосылмақ?

– Сіз атап өткен жайт мемлекеттік бағдарламалардың Жетісу жерінде жүйелі атқарылуының жемісі. Бүгінде қаламызда жаңа Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданы бой көтеріп, ол тұтас құрылыс алаңына айнал­ды. Ағымдағы жылдың бірінші жарты­жылдығында қала аумағындағы құрылыс-мон­таждау жұмыстарының көлемі 5,6 млрд. теңгені құрап, 36,5 мың шаршы метр тұр­ғын үй қолданысқа берілді. Салыстыр­малы түрде алғанда, өткен жылға қарағанда құрылыс ауқымы 1,7 есеге ұлғайды. Жыл басынан бері Оңтүстік-Батыс тұрғын ауда­нында жас отбасыларына арналған жалпы ауданы 9,7 мың шаршы метр 128 пәтерлік 2 жалгерлік үй, ауданы 4,4 мың шаршы метр 50 пәтерлік коммуналды үй қолда­нысқа берілді. Осы жерде айта кетерлік жайт, жаңа ауданның бой көтеруі мемле­кеттік бағдар­ламамен ұштасып, жас отбасыла­рында баспана мәселесінің түйі­нін тарқа­туға өз септігін тигізді. Тек аталған аудан­ның өзінде 120 пәтерлік екі үй, 195 пәтерлік бір және бұдан бұрын атап өткен 128 пәтерлік қос үй жастардың игілігіне берілді. Жалпы алғанда 443 жас отбасы осы бағдарлама шеңберінде жаңа ауданда баспаналы болды. Мұның өзі ауыз толты­рып айтарлық көрсеткіш емес пе?! Мұның сыртында, өздеріңізге белгілі, «Қаратал» шағын ауданында 300 орынды жаңа аурухана салынуда. Медицинаның зама­­науи үлгісінде жабдықталып, облыс орта­лы­ғының тұрғындарына қызмет ететін әлеуметтік нысанға Жетісу жерінде тапшы дәрігер-мамандар шақырылып, оларға лайықты жұмыс орны мен баспана мәселесі шешімін таппақ. Бұл мақсатта қазір «Шы­ғыс» шағын ауданында дәрігерлерге арнал­ған 60 пәтерлік көп қабатты үй тұрғы­зылуда. Дәл осы үйдің жанында жетім балаларға арналған 60 пәтерлік көп қабатты үй салынуда.

Жоспар бойынша жыл соңына дейін Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында жалпы ауданы 21,6 мың шаршы метр 340 пәтерге 6 коммуналды үй, 15,5 мың шаршы метр 180 пәтерге 4 несиелік үй қолданысқа беру қарас­­тырылған. Сонымен қатар, бұрынғы «Арман» зауытының ғимараты көпке дейін қала көркін бұзып, тек қаңқасы ғана тұрған болатын. Қазіргі уақытта бұл нысан мем­лекет меншігіне қайтарылып, мұнда жалпы ауданы 6,3 мың шаршы метр 88 пәтерлік шағын отбасылық тұрғын үйге қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Құрылысшылар қарқынынан таймаса, 2016 жылы ел игілігіне берілмек.

Баспанадан бөлек, қала аумағында бірнеше әлеуметтік нысан бой көтеруде. Атап өткен 300 орынды ауруханадан тыс Оң­түстік-Батыс тұрғын ауданында ауы­сымында 1800 баланы қамтитын Оқу­шылар сарайының құрылысы жалғасуда. Бұл нысан Талдықорған үшін ерекше бо­лып табылады. Себебі, ғимараттың жоба­сын талдықор­ғандық мекеме дайын­дап, тиісті сараптама­дан өтті. Ғимарат пайда­лануға берілісімен мұнда көптеген үйірме мен түрлі секция өткізіліп, оқушылардың мектептен тыс уақытын тиімді пайдала­нуына жол ашыл­мақ. Күллі қазақстан­дықтың мақтаны­шына айналған Айдын Айымбетов бір кездері жас техниктер стан­циясында алғашқы ғарыш кемелерінің маке­тін жасап, бала кезінде аспанға қарап, космонавт болуды арманда­ғанын барлы­ғымыз білеміз. Аталған стансы да осы ғимаратқа орналасатын болады. Сондай-ақ, балаларға тұңғиық ғарыш әле­мін зерттеу үшін обсерватория да қарас­тырылған. Бұдан бөлек, Жетісу жеріндегі барлық БАҚ-тың басын біріктірген «Баспа үйі» ғимаратына қарама қарсы жерде «Жастарға қызмет көрсету» орталығының құрылысы басталды. Келер жылы пайда­лануға бері­летін нысанда жастардың әлеуе­тін ашып, қанатын қатайтуға бар мүмкін­діктер жасалмақ. Осы орайда айта кетерлік бір нәрсе, тоқсаныншы жылдардың тоқырау кезеңінде шаһардың жастары жұмыс іздеп өзге қалаларға кеткендіктен бірер уақыт Талдықорғанға «зейнеткерлер қаласы» деген балама атау қоятындардың саны артқан еді. Қазір, өздеріңіз көріп отыр­ғандай, қаламыз, керісінше, жастарға көп екпін беруде.    

Талдықорғанның әлеуметтік-эконо­микалық дамуы жеке инвесторлардың да қызығушылығын тудыруда. Мәселен, қазір­гі уақытта Оңтүстік-Батыс тұрғын ауда­нын­да 4 жұлдызды, 16 қабатты қонақүй құры­лысы жүргізілуде. Жуықтап алғанда 20 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба аяқталысымен 100-ге жуық талдықорған­дық тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады. Қаланың сәулетін ашатын ғимарат­тың маңайында жаңа аллея құрылып, демалыс орны да қарастырылған. Сәулет демекші, облыс әкімі Амандық Баталовтың тікелей қолдауының арқасында Талдықор­ғанда жаңа драма театры, көрме залы, Салтанат сарайы, жабық бассейн, теміржол вокзалы сынды жобалар қолға алынуда. Әлеуметтік маңызы бар жаңа ғимараттарды тұрғызу үшін олардың эскизіне халық­аралық байқау жарияланып, Қазақстанның түпкір-түпкірінен және Еуропадан жоба­лаушы мекемелер, үздік сәулетшілер өз ұсыныстарын жолдады. Естеріңізге сала кетсем, байқаудың ақырғы айналымына шыққан жобалар Талдықорғанда «Жастар» спорт сарайында көпшіліктің назарына ұсынылған болатын. Осылайша, біз сәулеті ерекше және экономикалық жағынан тиімді эскиздерді таңдау мүмкіндігіне ие болдық.

Ел аузында осыншама жаңа ғимарат­тардың қажеттілігі қанша деген қауесет бар. Енді осы мәселеге тоқталып кетейін. Өзде­ріңіз­ге белгілі, Бикен Римова атындағы об­лыс­тық драма театры орналасқан қазіргі ғима­рат кезінде өзге мақсат үшін тұрғы­зылған. Облыс орталығы Талдықорғанға қай­тып келген соң мәдениет ошағына азды-кемді жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Алайда, бұл залда театрдың тың тылсымын сезінуге жағдай жасалмағандығын әртістер түгілі қара­пайым көрерменнің өзі-ақ бірден аңғарады. Сондықтан, не көрермен, не театр ұжымы­ның көңілінен шықпайтын ғимараттың орнына өнердің биік шыңын жоғары дең­гейде тамашалау үшін жаңа театр салын­бақ. Қазір театрдың жобалық-сметалық құ­жат­тары дайындалуда. Сол секілді, көрме павильо­ны­ның құрылысы да қажеттіліктен қолға алы­нуда. Бір ғана мысал, жоғарыда жаңа ғимарат­тар эскизінің көрмесі «Жастар» спорт сарайын­да өткендігін айтып кеткен болатын­мын. Спорт ғимаратының басты залы үнемі бос емес, мұнда ылғи түрлі деңгейдегі жарыс­тар, жаттығулар өтеді. Сондықтан көрмелер Ілияс Жансүгіров атындағы Мә­дениет сарайының фойесінде өтіп жүр. Бірақ бұл көрмені ұйымдастырушылар үшін де, көрмеге келушілер үшін де қолайсыз. Себебі, дәліздің аты – дәліз. Сол сияқты, теміржол вок­залы, Салтанат сарайы сынды ғимарат­тар­дың да бастамасы қажеттіліктен туындауда.

– Облыстың кіндігі – Талды­қорған. Сондықтан кез келген адам­ның алғашқы әсері орталық қала арқылы қалыптасатыны айдан анық. Қалаға кіреберістегі «Талды­қорған» деген үлкен жазу Кеңес одағын еске түсіретінін жасырып қала алмаймын. «Табалдырық ал­дын» көркейту қай жылдардың еншісінде тұр?

– Талдықорғанға деген ерекше көзқа­расыңыз осы сауалдан-ақ көрініп тұр. Расында, қалаға кіреберістегі «Талдықорған» жазуы – Кеңес өкіметінен қалған мұра. Ал, сол тұстағы Алматы облысының гербі бекітілген арка облыс көшіп келгенде, екі мыңыншы жылдардың басында жасалған конструкция. Яғни, тозығы жетіп, моральді түрде көнерген. Қаланың кіреберісі – шаһар­дың айнасы іспетті. Сондықтан бұл мәселені қараусыз қалдыруға болмайды. Бірақ біз бұл жұмысты әріден бастап, ең алдымен, кеңестік идеоло­гияның нышаны болған оңтүстік айналма жолдағы бағананы жаңартудан бастадық. Естеріңізде болса, осыдан бір-екі жыл бұрын ескі конструкцияны алып, жаңа «Жетісу» монументінің құрылысы бастал­ғанда, кейбір қала тұрғындары өз қарсы­лығын білдірген болатын. Алайда, қалалық ақсақалдар кеңесі ел арасында «Факел», яғни «Шырақ» деген атауға ие болған бағанды бұзудың кезі келген­дігін, бұл керек десеңіз кеңестік идеологияның тамыры деген пікірді алға тастап, түрлі жаңсақ ойларды теріске шығарған болатын. Шындап келгенде, келмеске кеткен Кеңес дәуірінде Ілияс Жан­сүгіров көшесі – Киров, ал Тәуел­сіздік көшесі Лениннің атында болатын. Қала­ның басты күретамыры іспетті қос көше­нің «Шырақта» түйісуі осы ойдың негізсіз емес екендігін аңғартады. Міне, осы себептен ең алдымен «Жетісу» монументіне көңіл бөлінді.

Ендігі кезекте сіз қозғап отырған мәселеге облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауы­мен назар аударылып, «қала қақпасының» жобасы бекітіліп, тиісті құрылыс құжаттары дайын­далуда. Қаламызда шаңырақ көтерген жас жұбайлар той күні дәл осы тұсқа келіп, есте­лік­ке суретке түсіп, «ырымдап» ағашқа бау байлайтыны баршаға мәлім. Жаңа жобада арка өзгеріп, «Талдықорған» деген жазу заманауи келбетке ие болады. Сонымен бірге, арнайы тұрақ жасалып, Жетісу жерінің тарихынан сыр шертетін барельефтер орна­тылады. Сол секілді облыс әкімінің қолдауы­мен биыл Талдықорғанның әр аумағынан жаңа демалыс орындары жасалып, шаһарды көркейту ісі жаңа деңгейге көтерілмек. Талды­қорғанға Алматыдан кіреберіс жолға ұсақ тас мастика­лық асфальтбетонды төсем төсел­мек. Қара жолдың бұл түрі Талды­қорғанда алғаш рет қолданылады. Еркін айналмасынан әуежайға дейінгі трассаны абаттандыру бойынша да ілкімді істер атқарылды. Былтыр қолға алынған жұмыс биыл да оң жалғасын тауып, қазіргі таңда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа жарық бағаналары орнатылып, қара жолдан малдың бейберекет өтпеуі үшін арнайы қоршаулар орнатылды. Дәл осы Еркін ауы­лының тұсында, Жансүгіров пен Тәуелсіз­дік көшелерінің Алматы – Өскемен тас жолымен түйісетін орын бар. Ел аузында осы аумақ сырт пішініне бола «Пентагон» деп аталған. Осы аумақ та абаттандырылып, Еркін ауылы мен «Тоғызыншы алаң» және «Шығыс» шағын ауданының тұрғындары үшін демалыс орны құрылмақ. Демалыс аумағы дегенде көз алдарыңызға жаңадан отырғызылған ағаштар мен бірен-саран орындықтар елестеуі мүмкін. Бірақ біз қарастырған жобада жастар үшін ролик тебу алаңдары, түрлі спорттық жабдық­тар қарастырылған. Демек, бұл аймақ сала­уат­ты өмір салтын ұстанатын қала тұрғын­дары үшін таптырмас мекен болмақ. Қазір бұл бағыт­та «Корпорация «Тас» ЖШС қызу жұмыс­қа кірісуде. Сондай-ақ, көгалдағы хок­кей стадионының алдында да аллея құрылып, спорттық жабдықтар орналастыру көзделуде. Ал, Қаратал өзенінің Жансүгіров көшесіндегі көпірінен бастап, перинаталдық орталыққа дейін жаңа жағалау абаттандырылмақ. Мұнда соңғы жылдары қарқынды дамып, тұрғындар саны күрт өскен аудан тұрғындары мен қала қонақтары үшін қолайлы жағдай туғызылып, талды­қорғандықтардың жас ерекшеліктері мен талғамдарына сай арнайы спорттық жарыс­тар, концерттер ұйымдастыруға қажет­ті шағын сахна сынды түрлі инфра­құрылым жасалады деп жоспарланған.

«Қаратал» шағын ауданында қалалық аквапаркке қарама-қарсы шағын бос алаң бар. Біз бұл жерге жаңа ғимарат тұрғызудан гөрі тұрғындар үшін демалыс орнын құруды жөн көрдік. Бұл жердің басты ерекшелігі сол, үл­кен шахмат тақтайшасы орнатылып, мидың дамуы­на септігін тигізетін, осы логикалық ойын­ды ұнататын талдықорғандықтардың игі­лігіне жұмыс істемек.

Қаладағы ең үлкен демалыс орны қайта құру жұмыстары қызу жүріп жатқан «Жастар» саябағында орын тебетіні сөзсіз. Алдағы уақытта «Жастар» саябағы қаланың мәде­ни-көпшілік шаралары өтетін алаңға ай­нал­мақ. Қазір олардың дені Орталық алаңда өтеді. Бұл жерге әр мереке сайын әртістерге сахна, көрер­мендерге көлеңке түсіретін ша­тыр орнатылып келеді. Алайда, бұл аумақ көп­шілік шараларды өткізуге арнайы лайықталып жобаланбаған­дықтан біршама қолайсыздық туғызады. Ал, жаңа «Жастар» саябағындағы сахнаны жобалау барысында күн сәулесінің түсуі, акус­тика сынды ерекшеліктер ескерілуде. Соны­мен бірге, саябақта Хан тәңірінің мұзба­лағы Мұқағали Мақа­таевтың бюсті орнатылып, әдеби жыр кештерін өткізуге қолайлы жағдай жасалмақ. Саябақ­тың тағы бір ерекшелігі, Талдықор­ғандағы, тіпті Алматы облысындағы ең биік әрі ең үлкен Мемлекеттік Ту орнаты­лады. Аталған мәселелердің барлы­ғы бола­шақ­тың еншісінде. Қазір оны жүзеге асыру үшін жүйе­лі жұмыс жүргізіліп, құрылыс барысы қа­ла және облыс басшыларының назарына алынған.

– Енді өнеркәсіп саласына көш­сек. Қаладағы ірі кәсіп­орын­дардың тамыр соғысы қалай, олар шаһар өміріне қаншалықты үлес қосуда? Талдықорғанның өзінен шығатын өнімдер көп пе?

– Бізде өнеркәсіп саласында негізгі ірі 21 кәсіпорын бар. Жыл басында еліміздің стратегиялық әріптесі Ресей валютасының тұрақсыздығы біршама қиындық туғызғаны рас. Мәселен, Қазақстанда аккумулятор батареялары тек Талдықорғанда шығары­лады. «Қайнар – АКБ» ЖШС аккумулятор зауыты шығаратын өнімнің басым бөлігі Ресей нарығына экспортталады. Ал, рубльдің құнсыз­дануы талдықорғандық тауардың Ресей нарығындағы шетелдік аккумуля­торларға қарағанда позициясын әлсіретті. Дәс осындай мәселеге «АСПМК - 519» холдин­гіне кіретін өзге зауыттар да тап болды. Дегенмен, бұл жағдайға Үкімет тікелей араласып, сол кездегі Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев ақпан айында Талдықорғанға арнайы келіп жиын өткізген болатын. Облысымыздың ірі кәсіп­орын­­дары бас қосқан шара барысында үш­жақ­ты, жалпы сомасы 22,6 млрд. теңгені құ­рай­тын ынтымақтастық туралы 17 мемо­рандумға қол қойылды.

Алайда, өңірлік индустрияландыру кар­тасы бойынша, «JLC Сүт» ЖШС, «Темір­бетон» ЖШС-нің үйқұрылыс құры­лымдар цехы және «Алматы бояулары» ЖШС жоба­лық қуатынан асып түсіп, біршама жетіс­тік­тер­ге қол жеткізді. Сонымен бірге, қала­мызда центрифугалық тіректер, тауарлық бетон және арнайы электрод шығаратын үш жаңа цех ашылып, нәтижесінде 46 жаңа жұмыс орны ашылды.

Талдықорғанның өз ішінен шығарылатын өнім жайлы айтар болсақ, жыл басынан бері, яғ­ни сегіз айдың қорытындысы бойынша сала­да 26,2 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Олардың әрқайсысына тоқталмай-ақ, талды­қорғандық кәсіпорындарға ғана тән өнімді айтар болсақ, бірінші кезекте аккумулятор бата­реялары, электр желілерінің темір немесе бетонды бағандары, жол жиектеріне арналған бояулар және тағы басқа өнімдер ел игіліне жарауда. Өздеріңізге белгілі, бұрындары Алматы облысының салалық бағыты тек ауыл­шаруашылығы болса, қазіргі кезде аграрлы-индустриалды аймаққа айналуда. Бұл іске талдықорғандық кәсіпорындар да атсалысуда.

–Ал, қалаға қарасты ауылдар­дың даму әлеуеті қай деңгейде? Іргедегі елді мекендердің жұрты көбіне қандай шаруашылықтармен айна­лы­сады?

– Талдықорғанға қарасты Еркін және Өтенай ауылдық округтерінің бүгінгі аяқ алысы елімізде қабылданған әкімшілік реформалар мен салалық бағдарламалардың же­місі десек, артық айтпаған болармыз. Об­лыс орталығына қарасты қос округ тұрақты даму даңғылында. Ауылдың инфрақұ­ры­лымы нығайып, жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Мәселен, Еркін ауылының оқу­шылары биылғы оқу жылын жаңа 300 орынды мектепте қарсы алды. Бұған дейін Көктал ауылындағы №11 және қаланың өзге мектеп­теріне қатынап оқуға мәжбүр болған оқушы­лар мен олардың ата-аналары бұл жайтты зор қуанышпен қарсы алды. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында 100 орынды шағын орталықтың қарастырылуы ауылдағы балабақша мәселе­сінің оңтайлы шешімі болды.

Еркін ауылдық округіне қарасты Көктал ауылында былтыр 140 орынды балабақша қолда­нысқа берілген болатын. Өтенай ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылының балалары былтырға дейін тозығы жеткен мектепте оқып келсе, 2014 жылы қала күні мере­кесінің қарсаңында 360 орынды жаңа мектеп бой көтеріп, ауылдың 80 бүлдіршіні шағын орталықпен қамтылды. Биыл аталмыш ауылда ескі мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, мұнда ауылдың Мәдениет үйі, ФАП, фитнес-зал, ардагерлер бөлмесі, кітапхана сынды мәдениет ошақтары орналасты. Сонымен бірге, былтыр Өтенай ауылында 150 орынды балабақшаның есігі айқара ашылды. Өтенайға қарасты, Талды­қор­ғаннан ең алшақ орналасқан Мойнақ ауы­лындағы клуб-кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша ауыл­дық фельдшерлік пункт және пошта қызметі орналастырылды. Бұқаралық спорт­ты дамыту жолында ауыл мектебінің аума­ғында шағын футбол, баскетбол және волей­бол ойындарына арналған спорт алаңы салынды.

Елді мекендерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында да оңды өзгерістер орын алуда. Ауылдың басты көшелеріне өз кезе­гімен асфальт төселіп, қосалқы жолдарға қиыршық тас жабыны төселуде. Жол жөндеу барысында бірінші кезекте қоғамдық көлік қаты­найтын бағыттарға ерекше көңіл бөлі­нуде.

Ауызсу мәселесі де шешімін тауып, 2014 жылы Еңбек ауылына орталықтандырылған су құбыры жүйесі жүргізілді. Бұдан бөлек, ауылдарды жарықтандыру мәселесі де бірте-бірте шешімін тауып, жарықтандырылған көшелер саны жылдан жылға артып келеді.

Өтенай және Еркін ауылдық округ­теріндегі мал бағу, егін ору сынды шаруа­лар­мен айналысу барысын өзге ауылдармен салыс­тыруға келмейді. Себебі, Талдықорған – об­лыс орталығы. Яғни, жер тапшы. Десек те, тек Еркін ауылының өзінде үлкенді-кішілі 154 шаруа қожалығы бар. Округте асыл тұқымды мал өсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға мемлекет тарапы­нан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру үшін қолдау көрсетіліп келеді.

– Саяжай аумақтарының ішінде Үйтастың жайы ел аузында көп жүреді, неге?

– Жалпы, саяжайдың негізгі мақсаты қала тұрғындары жаз мезгілінде өздеріне қажетті ауылшаруашылық өнімдерін өз бау-бақша­сында өсіріп, күзде жинап алу екендігі белгілі. Бұрындары солай болып та келген. Алайда, қазір­гі жағдай мүлде бөлек. Әу баста маусымдық мақсатта салынған үйлерде қазір ел қысы-жазы қоныстауда. Бар мәселе осыдан туындауда. Жасыратыны жоқ, саяжайдағы үйлердің нарықтағы бағасы қала аумағына қарағанда бірнеше есе төмен болғандықтан шетел асып келген қандас бауырларымыз, сонымен бірге, тұрмысын түзеу үшін Шығыс Қазақ­стан облысының Үржар сынды аудан­дарынан қоныс аударған жұртқа бұл тиім­ді. Халық санының артуы, бұрындары бір ғана көлікке бейімделген көшелердің тарылуы, осыншама халықты қысы-жазы электр қуаты­мен қамтамасыз етуге бағдарланбаған транс­фор­маторлар үшін ауыр тиюде.

Ал, сіз атап өткен Үйтастың жөні мүлде бөлек. Үйтас атауы айтып тұрғандай, бар мәселе жер қыртысынан туындауда. Ауызсуға қол жеткізу үшін жерге күрек салған жұрттың көбі бір қабат қара жердің астында тау жыныс­тарының жатқандығына көз жеткізеді. Мұнда су бағандарын орнатуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан қала әкімдігі тығырықтан шығар жолды саяжайдың іргесінде тұрған «Шы­ғыс» индустриалды аймақтан іздеп, оның инфрақұ­рылымын қалпына келтіру жұмыстары бары­сында аумақтан су құбырын тартып, саяжайға жеткізуді жоспарлауда. Қазір бұл мәселеге қатысты тиісті құжаттар әзір­ленуде. Бұл іс бола­шақ­тың еншісінде, өз уақытымен шеші­мін табатын болады. Қазіргі уақытта саяжайға №16 автобус қатынайды, яғни саяжайлар қоғамдық көлікпен қам­тылған. Тозығы жеткен электр желісін жаңар­ту бойынша да ілкімді істер өз кезегімен атқарылуда.

– Жұмыс істеймін деген адамның «екі қолына қашанда бір күрек» та­былады деп жатамыз. Ал, Сіздің ел-жұрт жұмыспен қаншалықты қамтылған?

– Жал­тармағанға жұмыс табылады. Мен мұнда статистикалық мәліметтерге сүйеніп, сандарды сөйлеткеннен гөрі өмірге жақын, шындыққа жанасатын мысалдарды келтіріп, еңбек нарығындағы бірер мәселеге назар аударғым келеді. Әңгімеміздің барысында Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында құрылысы қарқын алған ғимараттар мен қала аума­ғын­дағы өзге де нысандарға тоқталдық. Олар өзді­гінен құрылып жатқан жоқ. Адамның күшімен салынуда. Енді мынаған назар ауда­рыңыз: Талдықорғандағы құрылыстарда, өңірі­мізді айтпағанда, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан келген жұмыс­шылар еңбек етуде. Шығыс Қазақ­стан іргеде тұрған аймақ деп оны сана­мағанның өзінде Қызылорда және Жамбыл облыста­рынан келген жұмысшылар, жолай Алматы қала­сынан өтіп бізге келіп, екі қолға бір күрек ұстауда. Немесе тағы бір мысал: қаламыздың тазалығына жауапты қос мекеме: «Көркем Талдықорған» ҚМКК мен «Жигули» серіктес­тігін­де үнемі жұмысшы тапшы, ол тұрмақ биыл «Жасыл ел» бағдарламасы аясында құрылатын маусымдық штабтың штаттық бірлігін толтыру барысында бірер түйінді мәселеге тап болдық. Қандай дейсіз ғой? Еңбек­ақы төмен дер болсақ, онда өзге облыстардан отбасы, бала-шағасын жырақта қалдырып, бізге келіп несі бар дейсің? Мұн­дағы гәп мүлде тереңде жатыр. Алғаш бұл мәселеге қала әкімінің орынбасары кезімде қа­ла­дағы жылу қазандықтарындағы жұмыс­шылардың дені зейнеткерлік жасқа таяған­дығына назар аударған едім. Мәселені түбе­гейлі зерттей келе, оның тамыры дүниетаным, яғни менталитетте екендігіне көз жеткізесіз. Себебі, біздің түсініктегі жұмыс ұғымы костюм-шалбар киіп алып, таңғы сағат тоғыз­дан алтыға дейін кеңседе, компьютерге телмі­ріп отыруға сайып келеді. Жұмысшы мәртебе­сінің біртіндеп жоғалып бара жатқан­дығын осыдан аңғарамыз. Сондықтан біз Қала күні мерекесі қарсаңында шаһар тынысының маңызды бөлігі – қарапайым еңбек адамы арқы­лы жұмысшылардың мәр­тебесін өсіру мақсатында «Сала үздігі» бай­қауын өткіземіз. Байқауда «Үздік жүр­гізуші», «Үздік сылақ­шы», тіпті «Үздік көше сыпырушы» номина­циялары қарас­тырылған. Жоғарыда атап өткен құрылысшылардың еңбекақысы кеңседе отырған жұмысшыларға қарағанда әлдеқайда жоғары екендігінің өзі экономикалық тұрғыдан алғанда біршама мәселенің бетін ашады.

Мұндай мәселенің тағы бір қыры білім беру ошақтарында жатыр. Бұрын мектеп қабырғасында жоғарғы сыныптарда арнаулы ма­мандық курстары өткізіліп, әр оқушы он бір жылдық білімімен қатар электрик, слесарь, шаштараз не жүргізуші деген қосым­ша мамандықты игеретін. Қазір бұл үрдіс тоқтатылды. Оның сыртында арнаулы оқу орындарында да түйсікке келмейтін мәсе­лелер орын алуда. Атын атамай-ақ қояйын, қаламыздағы жаратылыстану бағытындағы колледждердің бірінде экономистер мен бухгал­терлерді оқытуда. Әрине, бұл маман­дықтарға мемлекеттік грант жоқ. Десе де, ел арасында әлгіндей «мәртебелі» маман­дықты игеруге асыққандардың санында шек жоқ. Ертеңіне осы мамандықты игерген­дерге жұмыс табыла ма, ол өзге мәселе. Мәсе­лен, кез келген ірі мекемеде негізінде бір заңгер мен бір білікті экономист отыр. Кейде ол бөлім де болуы мүмкін, дегенмен, онда да ары кетсе бес-алты штаттан аспайды. Сонда оқу бітірген қалың заңгер һәм экономистер қайда кетпек? Ел арасында қазір екінің бірі заңгер деген мысқылдың туындауы да бекер емес.

Осы мәселенің алдын алу үшін мен қаладағы колледждердің бірін экспери­менталды түрде арнаулы жұмысшы маман­дықтарын даярлайтын оқу орнына айнал­дыруды ұсынып отырмын. Сонда қаламызға өзге облыстан келіп жұмыс істеп жатқан­дардың орнын өзіміздің талдықорғандық мамандар басады. Ал, жұмысшы маман­дар­дың саны артса, Талдықорғанда жұмыс орны тапшы болмай ма деген ой туар болса, тағы бір мысал келтіруге болады. Ішкі істер департаменті таратқан ресми дерекке сүйенсек, Алматы облысында 160 мыңнан астам шетел азаматы уақытша заңды тір­кеуге тұрып жұмыс істеп жүр. Салыс­тырмалы түрде бұл тұтас Талдықорған тұрғын­дарына жетерлік. Қазір қала халқы­ның саны 164 мыңнан асты. Демек, облысы­мыздың жұмыс орындарының мүмкіндігі де жетерлік деген сөз.

– Апатты мектептер бар ма? Бар болса, олардың мәселесі қашан шешіледі? Жалпы, қаланың білімі қалай дамып келеді? Биылғы оқу жылында оқулық жетті ме? Жоғар­ғы оқу орнын бүгін бітірген жас ұстаздарға қандай қолдау-көмек бар?

– Қуанышымызға қарай, Талды­қор­ғанда апатты жағдайдағы мектептер жоқ. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қала­мыздың 844 түлегі қатысып, орташа балл 81,3%-ды құрады. ҰБТ қорытындысы бойынша облыстық орташа балл 77,0%-ды құраса, Талдықорған алғашқы үштік қата­рына ілікті. Ал, оқулықтармен қамтамасыз етілу жағ­дайына тоқталсақ, қазіргі кітап қорынан тыс, жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп кітапха­наларына 222 мың дана оқулық алынды.

Қазір қаламызда 24 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оқулықтарды үлестіру барысында ең алдымен жетім балалар, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасы­ларында тәрбиеленетін балаларға басым­дық беріледі. Қалған оқулықтар өзге оқушыларға теңдей үлестіріледі. Жаңа оқу жылында бүгінгі күнге дейін ата-аналар тарапынан оқулықтар жетіспейді деген шағым түскен жоқ.

Жас мамандарды қолдау бойынша мем­лекеттік бағдарламалар қолданылуда. Мәселен, сіз атап кеткен мұғалімдер «Дип­ломмен ауылға» бағдарламасы аясын­да Еркін және Өтенай ауылдық округте­рінде жұмысқа орналасып, мемлекеттік біржолғы көтерме ақы алып, баспаналы болу үшін төмен пайызды несие алуға мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек, жас маман шаңырақ көтерген болса, «Жас отбасы» бағдарламасы шеңбе­рінде баспаналы болуға да мүмкіндігі бар.

– Ал, қаланың «денсаулығы» һәм «тәртібі» қалай?

– Денсаулық саласында оңды өзгерістер орын алып, бруцеллез, туберкулез, вирусты гепатит және паразитология ауруларының көрсеткіші біршама төмендеді. Ана өлімі тіркелген жоқ. Жоғарыда атап өткендей, саланың тынысын кеңейтіп, халық денсау­лығын жақсартуға үлес қосатын көпсалалы 300 орынды аурухана құрылысы өз кезеңі­мен жалғасуда.

Қылмыстың алдын алу мақсатында облыс бойынша Талдықорғанда алғаш рет «Көр­шілер бақылауы» қызметі құрылды. Қала көшелерінде орнатылған 26 бақылау камерасы жүргізушілерді тәртіпке шақыруға оң септігін тигізді. Статистикаға көз жүгірт­сек, жол-көлік оқиғаларының саны былтыр­мен салыстырғанда төмен­дегені байқалады. Сонымен бірге, «Қауіпсіз аула» бағдар­ламасы шеңберінде қала аумағында 800 бақылау камерасы орна­тылмақ. Бұл өз кезегінде «Таза қала» акция­сымен ұшта­сатын «тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік» ұстанымын түбегейлі орна­тып, ұсақ заң­бұзу­шылықтардың алдын алуға қолайлы жағдай туғызбақ. Қылмыс­тардың ашылу деректерінде де өсім байқа­лады. Жалпы алғанда, қаладағы эпидемио­логиялық және криминогендік жағдай тұрақты.

– Кәсіпкерлер тойхана, дәмхана ашуға құмар, қаржысын балабақ­шаға салуға да жұмсаса ғой дейсің осындайда? Қанша бүлдіршін бала­бақша кезегінде тұр?

– Қазір жағдай біршама түзеліп, кәсіпкерлер мемлекеттік және жекеменшік әріптестік үлгісінде балабақшаларды ашу­ды бір жолға салды. Жекеменшік балаба­қашалар тек қалада ғана емес, Талды­қорғанға қарасты ауылдық округтерде де ашылуда. Биыл қаламызда 8 жекеменшік балабақша ашылады деп жоспарланған болатын. Қазір олардың жетеуі ашылып, 640 бүлдіршін тәлім алуда. Оның үстіне Солтүстік­– Батыс ауданында 280 орынды, «Шығыс» шағын ауданында 320 орынды балабақша ашылады деп көзделуде.

Келер жылы жекеменшік балабақша ашуға 5 кәсіпкер ниет білдіріп, құжаттарын әзірлеп, ғимараттарын талапқа келтіруде. Жекеменшік балабақша ашудың тиімді­лігіне кәсіпкерлер енді ғана көз жеткізіп, салаға көңіл бөлінуде.

Талдықорғанда 3 пен 6 жас аралы­ғындағы 7717 бүлдіршін бар. Олар­дың 5855-і балабақшамен қамтылған.

– Жолаушыларды нығарлап тиеп алып қара жолда құстай ұшатын «Газель» автокөліктерін істен алып тастағалы біраз болды. Шыны керек, жолда жүру тәртібі жақсарды. Бірақ соңғы кездері ел ішінде осы шағын көліктер қайта шығады екен деген әңгіме желдей есіп жүр. Бұл әлде қауесет пе?

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. «Газельдер» өткен күндердің еншісінде қалды. Қазір, керісінше, сыйымдылығы үлкен автобустардың санын арттыру және заманауи технологияларды енгізу, қоғам­дық көлік инфрақұрылымын жаңғы­рту бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Тың бастамалардың барлығы қала тұрғындары мен шаһар қонақтарына көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруды көздейді. Бұл жайында алдағы уақытта кеңірек тоқталып, БАҚ арқылы жұртқа жариялайтын бола­мыз.

– Бір сұхбатыңызда қаланы велосипедпен аралаймын деген болатынсыз, әлі де солай ма?

– Алдыңғы жылдарға қарағанда веложорықтардың жиілігі алшақтағанымен бұл үрдісті үзгенім жоқ.

– Биылғы жазғы демалысыңызды қайда, қалай өткіздіңіз?

– Еңбек демалысымды тиімді өткізіп, бірнеше ірі қаланың шаруашылығымен танысып, олардың Талдықорғанға тиімді болады-ау деген тұстарына назар аудардым.

– Егер сізге кино түсіру мүмкіндігі туса, оның сюжеті қандай оқиғаға құрылған болар еді?

– Менің кином сүйікті қаламыз Талдықорғанға арналар еді. Талдықорғанның басты байлығы – талдықорғандықтар, яғни қала тұрғындары. Сондықтан азаматтардың еңбегіне, күнделікті тіршілігіне басымдық берер едім. Оның бір тұсын былтыр қала күні қарсаңында түсірілген қаламыз жайлы промороликтен аңғара аласыздар.

– Ең жиі қоңырау соғатын адамыңыз?

– Қазір жұмыстың қызған шағы. Сол себепті ең жиі қоңырау соғатын адамдарым – орынбасарларым.

– Сіз үшін қанттан басқа тәтті не (кім)?

– Әрине, балаларым.

– Әңгімеңізге рахмет. Көппен бөлісіп отырар жағымды жаңа­лықтар азай­мағай.

Сұхбатты жүргізген

Нұржамал ӘЛІШЕВА.

 

Оқылды 997 рет

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сайтта: 154 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане