logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1038

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 821

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 805

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 648

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 914

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 864

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 624

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 852

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 781

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 786

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 676

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 852

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 18 Қыркүйек 2015 18:00

Жоғары жауапкершілік жүктелді

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында облыстық учаскелік полиция инспекторларының слеті болып өтті. Алқалы жиынды ашып, жүргізген облыс әкімі Амандық Баталов облыс көлемінде өткізіліп отырған ауқымды кеңеске облыстық сот, прокуратура, ҰҚК облыстық департаментінің басшылары, барлық аудандар мен қалалардың әкімдері, аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтердің учаскелік полиция инспекторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылғанын атап өтті.

 

Алғашқы сөзді алған облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов өңірдегі қылмыс пен қоғамдық тәртіптің көрсеткішіне тоқталды. Көрсеткіштер бойынша, биылғы 8 айдың ішінде 19 мың 227 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 138-і аса ауыр, 1274-і ауыр, 3957-сі аса ауыр емес және 11 мың 12-сі орташа қылмыс саналады. Орын алған 299 қасақана-зорлау қылмыстарының 59%-ы қысқа уақыт ішінде ашылған. Сондай-ақ, 31 мың 107 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, заңсыздықтың жолы кесілді. Қоғамдық тәртіпті қадағалау және қылмыстың жедел алдын алу, азаматтардан түскен арыздар мен хабарламаларға жауап беру үшін тәулігіне мың екі жүзден астам полиция қызметкері жұмысқа кіріседі. Одан бөлек, қылмысты болдырмау мақсатында биыл 56 шұғыл-профилактикалық шаралар өткізіліп, саяжайлық аумақтар тексерілді. Тексерулер кезінде күдікті деп танылған 785 адам тіркеуге алынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезеңіндегі қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары табысты өткізілді. 

Бүгінгі күні облыс көлеміндегі 258 учаскелік полиция бекетінде 638 учаскелік полиция инспекторы еңбек етеді. Олардың ішінде 225 учаскелік полиция қызметкері автокөлікпен, 514 тәртіп сақшысы радиостансылармен, 237 учаскелік бекет компьютермен қамтамасыз етілген. Дегенмен 5-6 ауылға полиция инспекторлары жетіспейді. Ал, бекітілген тәртіп бойынша әрбір полиция инспекторына шаққанда ауылдық жерлердегі тұрғындардың саны 1800, қалаларда 2300 адам болуы тиіс. Сондықтан әлі де 423 учаскелік полиция қызметкері керек. Шындығында тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қадағалайтын полиция қызметкерлері елді мекендерді қылмыстық әрекеттерден сақтандырып, бұрын сотталғандар мен психикалық науқастарды бақылауда ұстайды. Қазіргі есеп бойынша ішкі істер бөлімдерінде қылмысқа бейімділігі бар 12 мың 870 адам тіркелген. Олардың 2 мың 973-бұрын сотталғандар болса, 911-і мерзімінен ерте босағандар, 446-сы әкімшілік бақылауға алынғандар, 5 мың 513-і ішімдікқұмар, 12 мың 74-і нашақор.

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция-генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов келтірген деректерге қарағанда, облыс көлеміндегі халықтың саны жыл өткен сайын өсіп келеді. Мысалы, 2015 жылы облыс көлемінде 2 миллион 18 мың 200 адам тіркелген. Одан бөлек, жыл басынан бері облысқа 160 мың 635 шетелдік азамат келіп, кеткен. Шетелдіктердің қатысуымен орын алған 106 қылмыс анықталып отыр. 7 мыңнан астам шетелдік еліміздің заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, басқа облыс тұрғындары жасаған қылмыс көлемі артып отыр. Атап айтқанда, өзге өңірлердің тұрғындары Жетісу жерінде 406 қылмыс жасаған. Оларды қадағалау өзінің әкімшілік учаскесіндегі әрбір тұрғынды білуге тиісті учаскелік полиция қызметкерлеріне жүктеліп отыр.

 – Құрметті Амандық Ғаббасұлы! – деген Мұрат Жәлелұлы облыс әкімдігі тарапынан жасалып жатқан қолдауларға тоқталып өтті. – Сіз көрсеткен қолдаудың арқасында облыстың ауылдық округтерінде учаскелік инспекторға арналған тұрғын үйі бар 215 учаскелік полиция бекеттерінің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі күні солардың үшеуі – Талдықорған қаласында, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында пайдалануға берілді. Бұл жобаның жүзеге асырылуы полиция қызметкерлерінің жеделдігін арттырып, тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Өңірдегі қылмысқа негізінен бұрын істі болған азаматтардың қатысы бар. Биыл еңбекпен түзеу мекемелерінен босаған 1467 адам Алматы облысына оралды. Солардың 999-ы қысқа уақыттың ішінде қылмыстық жауапкершілікке қайтара барды. Әдетте бұрын істі болғандардың қылмысқа баруына істейтін ісінің жоқтығы әсер етеді. Бостандыққа шыққан соң олардың жұмысқа орналаса алмайтыны былай тұрсын, көпшілігінің тұратын, баратын жері болмайды. Ұзақ мерзімдік жазаны өтеп шыққандардың қоғамға сіңісуі қиын және олар әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Биыл бізге өтініш білдірген бұрын сотталған 39 жанның 9-ы ғана жұмысқа орналастырылды. Ал, Талдықорған, Қапшағай қалаларына келген Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кербұлақ, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Ұйғыр аудандарына оралған адамдардың бірде бірі жұмыс таппаған. Текеліге оралған 42 адамның төртеуі, Қаратал ауданындағы 57 адамның екеуі жұмысқа орналасып, өз күнін өзі көріп кетсе, 91 адам оралған Ескелді ауданында бір, 33 адам оралған Көксу ауданында бір, 121 адам оралған Талғар ауданында бір адам ғана жұмыс тапқан. Осыған байланысты аудан, қала әкімдеріне бас бостандығынан айыру орындарынан оралған азаматтарды бақылауда ұстап, еңбекпен қамтамасыз ету керектігін ескертемін.

Бұдан кейін баяндамашы жасалған қылмыстардың басым бөлігі ішімдіктің кесірінен орын алатынын атап өтті. Биылғы 8 айдың ішінде мас адамдардың қатысуымен 660 қылмыс орын алыпты. Көшелер мен қоғамдық орындарда мас жүрген 7 мың 427 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көбіне ішімдік ішкендер қылмыс жасауға бейім тұрады. Уақытша қамау орындары мен айықтырғыштардың жетіспеуінен ішімдікқұмар тұлғаларды тыныштандыру қиындық тудыруда. Ал, жаңа заңнама бойынша ішімдікті шамадан тыс ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды тәртіп сақшылары 3 сағаттан артық ұстай алмайды. Одан асып кетсе қамаудан босатуы тиіс. Мастығынан айықпаған ондай жандар құқықбұзушылық жасауы немесе қылмысқа ұрынуы мүмкін. Спирттік ішімдіктерді сату мерзіміне шектеу қою туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы №57-ші Қаулысын жүзеге асыру мүлде тоқтап қалған. Ауылды жерлердегі дүкендердегі спирттік ішімдіктер саудасын ешкім қадағаламайды.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарында іске қосылған «Көршілер бақылауы: тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» бағдарламасы арқылы осы уақытқа дейін азаматтардан 12 мың 353 хабарлама келіп түскен. Оның 10 мың 354-і нақтыланып, шаралар қолданылды. Атап айтқанда, қоқысты рұқсат етілмеген орынға тастағаны үшін 2 223 азамат жауапқа тартылды. Рұқсат етілмеген орындарда сауда жасау, қоқыстар мен коммуналдық қалдықтарды тастау облыс орталығы Талдықорған қаласы үшін басты мәселенің біріне айналды. Қоқыс төгу алаңдары шалғай ауылдар мен елді мекендерде қарастырылмаған. Соның кесірінен тұрғындар тұрмыс қалдықтарын кез-келген жерге тастайды. Осыған байланысты аудан, қала әкімдеріне елді мекендерге қоқыс контейнерлерін орнатуды ұсынған полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов учаскелік полиция бекеттерін жылыту маусымына дайындау жұмыстарының кешеуілдейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Балқаш, Сарқан, Панфилов, Қарасай, Ұйғыр, Жамбыл және Алакөл аудандарындағы бірқатар ауылдық округтердің полиция бекеттері қыста жылытылмайды. Ал, Іле ауданына қарасты Қосөзен ауылдық округіндегі полиция бекеті апатты жағдайда тұрса, Жамбыл ауданының Шиен, Үлгілі ауылдық округтерінде учаскелік полиция бекеттеріне ғимарат берілмеген. Кейбір аудандарда бір учаскелік полиция инспекторы бірнеше ауылды қадағалайды. Мысалы, Балқаш аудандық ІІБ-нің инспекторы, полиция капитаны А.Өскенбаев Ақжар, Аралтөбе және Желтораңғы ауылдық округтерін күнделікті аралауға мәжбүр.

Мұрат Ұрұмханов бұдан басқа жасөспірімдер арасындағы қылмыс, ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, жастар арасындағы нашақорлық сынды мәселелерге тоқталып, Алакөл ауданы Жыланды ауылында қалыптасқан жағдайды үлгі ретінде атап өтті. Сол ауылдан шыққан кәсіпкер Бауыржан Оспановтың бастамасымен физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп-лицейіне жасалған мүмкіндікке тоқталып, Лепсі кентінде ашылған спорт мектебін сөз етті. Бір айта кетері, осы ауылдағы дүкендерде спирттік ішімдіктер сатылмайды. Сондай-ақ, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентіндегі №13 мектепте ашылған кадет сыныбы өзгелерге үлгі болып отыр. Осыған байланысты балалар үйлері мен мектеп-интернаттарда кадет сыныптарын ашуды ұсынды. Бұл болашақ ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Қала мен аудан орталықтарының көшелеріне және қоғамдық орындрғаа бейнекамералар орнату құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға тікелей көмектеседі. Бүгінгі күні облыста барлығы 137 бейнекамера орнатылған. Оның 46-сы Талдықорған қаласында, 8-і Қапшағайда қаласында, 14-і Текелі қаласында болса, Қарасай ауданында 19, Еңбекшіқазақ пен Жамбыл аудандарында 8-ден, Іле және Талғар аудандарында 5-тен, Сарқан ауданында 4, Балқаш ауданында 2, Көксу ауданында біреуі орнатылған. Райымбек ауданындағы бейнекамералардың жұмыс істемей тұрғанына бір жарым жыл толса, Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Панфилов және Ұйғыр аудандарында бейнекамера орнату шаралары мүлде қолға алынбаған.Алдағы жылдан, яғни, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастайды. Жаңа заң бойынша Жергілікті полиция қызметінің құрамында учаскелік полиция инспекторлары, жол-патруль полициясы, жасөспірімдер ісі жөніндегі, табиғат қорғау, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау полициялары және уақытша қамау орындары жұмыс істейді.

Осындай өзекті мәселелерден соң Кербұлақ ауданының әкімі Бағбат Әлиев, Талғар ауданының әкімі Райхан Садықова, Талдықорған қалалық ІІБ-нің бастығы, полиция-полковнигі Ерлан Сансызбаев, Жамбыл аудандық ІІБ-нің бастығы, полиция полковнигі Данияр Казербаев, Ескелді аудандық ІІБ-нің бастығы Асқар Нұрсапа, Ескелді аудандық ІІБ-не қарасты учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Саят Сүлеймен жарыссөзге шығып, өздерін толғандырған мәселелерді талқылады. Бұдан соң ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Сәбит Құрманалиев шығып, еліміздің тыныштығы жолында қылмыскерлерді ұстаған тәртіп сақшыларын Құрмет грамотасымен марапаттады. Облыстық учаскелік полиция инспекторларының слетін қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов жиында көтерілген мәселелерге байланысты облыс әкімінің орынбасарларына, облыстық басқармалар мен департамент басшыларына, аудан, қала әкімдеріне тапсырма беріп, кеткен кемшіліктерді түзетуді тапсырды.

 – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары еліміздегі бар саланы қамтиды. Елбасы ұсынған 5 институттық реформасында жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін Жергілікті полиция қызметін құру тапсырылған, – деген Амандық Ғаббасұлы тәртіп сақшыларына жүктелген жауапкершілік жүгінің ауыр екендігіне тоқталды. – Жергілікті полиция қызметінің құзыретіне қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрмыстық қылмыстардың алдын алу, жол-патруль қызметтері, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» принципі сұрақтары кіретін болады. Жаңа реформа қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылатуға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, ішкі істер органдарының атқарушы, өкілетті, үкіметтік емес ұйымдармен және халықпен қарым-қатынасын ары қарай дамытуға, сонымен қатар құқық қорғау қызметінің қоғамдық қатынастар саласында демократиялануына бағытталған.Жиын соңында қоғамдық тәртіпті қадағалау жолында жұмысына адалдық танытқан тәртіп сақшылары марапатталып, «Үздік полиция» аталымы сыйлықтары табысталды. Қонаев көшесінің бойына қойылған облыстық ІІД-нің техникалары мен көрнекі құралдарының көрмесін тамашалаған жұртшылық «Ашық есік күніне» қатысты. Облыстық учаскелік полиция инспекторларының слетіне жиналған қауым «Арлан», «СОБР» сынды бөлімдердің қойған қойылымдарын тамашалады.

 Мәди Алжанбай.

 

 

 

 

Оқылды 679 рет

Күнтізбе

« Қараша 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сайтта: 146 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане