logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1137

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 879

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 864

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 709

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 987

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 948

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 678

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 911

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 841

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 843

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 729

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 917

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2015 18:00

Батырлығына абыздығы сай еді...

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Ұлы Отан соғысында Қазақстаннан барған жауынгерлер өздерін өшпес даңққа бөледі. Ерлік пен өрліктің үлгісін көрсеткен батыр аталарымыздың айбыны жайлы әңгімелер күні бүгінге дейін жұрттың жадында. Кеңестер Одағының Батыры атанған жаужүректер саны бойынша біздің елдің алдыңғы топтан көрінетінін де орынды мақтан етеміз. Соның ішінде Жетісу жерінен шыққан батырларды ерекше әспеттейтініміз де рас.

 

Мүмкін көзден таса, көңілден тысқары қалған кейбір жайттар да болған шығар. Дегенмен, сол қаһармандарды көзі тірісінде шамамыз жеткенше қадірлеуге тырыстық. Алматы облысының Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында тұрған Ұлы Отан соғысының Қазақстандағы көзі тірі соңғы батыры Иван Васильевич Косенков өмірден озды дегенді естігенде мен еріксіз осындай ойға келдім. Қалай болғанда да бір кездегі Кеңестер Одағын ғана емес, әлемді фашизмнің улы тырнағынан арашалап қалған, сол жолда өмірлерін қиып, денсаулықтарынан айырылған аға ұрпақтың алдында мәңгі өтелместей борыштармыз. Олар ешқашан мен ерлік істедім, Отан үшін қан төктім деп кеуде қаққан емес. Майданнан оралысымен көппен бірге елінің ертеңі үшін ерінбей еңбек етті.

Тірлігінде қарапайымдылығынан ажырамаған, өзі өсіп-өнген қасиетті Қаратал даласын ешбір елге, жерге айырбастамаған Кеңестер Одағының Батыры Иван Васильевич Косенковтың қазақстандықтар, оның ішінде жетісулықтар үшін орны бөлек. Қай кезде де көптің ортасынан табылып, мақтау мен марапатқа мардамсымай, қолында барды жерлестерімен бөлісуге асығатын марқұм мына өмірдегі батырлығынан ажырамаған, абыздығынан айнымаған шын мәніндегі ақсақал еді.

Алматы облысын басқарған жылдары ол кісімен жиі жолығып, ақылдасып, кеңесіп тұратынмын. Сол кездері оның қолында барға қанағат ететін, басқаға болсыншы дейтін жүрегі кең адам екеніне көзім жетті. Ұзақ жылдар шойын жол саласында қызмет етіп «Қазақстанның Құрметті теміржолшысы» атанғаны өз алдына, ауданның, облыстың беткеұстары сол кісі еді. Теміржол саласындағы басшылар тұрмысқа қолайлы баспана бергенде бала-шағасы өсіп-өрбіген қарашаңырақты тастамай, өзіне ұсынылған үйді баласы көп, жағдайы күрделі отбасыға беруді өтіну екінің бірінің қолынан келе бермейді. Одан кейін де бірнеше мәрте осындай пәтерлер ұсынылғанда, шамам барда өз қолыммен тұрғызған үйден кетпеймін дегенін ел жақсы біледі. Бойынан күш, қолынан қуат кеткенде барып тұрмысқа қолайлы пәтерге көшті.

Өмірде адамның басынан небір жағдайлар өтеді ғой. Бірде бақыттан басың айналып, аспанға ұшып кетердей болсаң, енді бірде ауыртпалықтан еңсеңді көтере алмай езіліп кете жаздайсың. Бозбала шағында қанды қасапқа түсіп, қаруластарын шабуылға бастаған, жиырма жасында саны да, күші де басым дұшпанға бірнеше күн тойтарыс берген, сол үшін кеудесіне «Алтын жұлдыз» таққан батырдың да қиындықтан жол таппай қысылған кезінің болары анық. Сондай дағдарған шағында қасында болып, мәселесін шешуге атсалысқан едім.

Сексенге толып, жұрты мерейтойын атап өтіп жатқан кезде ақсақал тағдыр сынағына тап болып, оған да шарболаттай төтеп бере білді. Ресейде тұратын жалғыз тұяғы Михаил көрші елдің алыс түкпіріндегі аймақтан ата-анасының қал-жағдайын біліп, немересін көрсету үшін ат арылтып келеді. Араға біраз жылдар салып қауышқан ата-ана мен баланың сағынышы да басылып үлгермей ұлы жүрек талмасымен аурухананың жансақтау бөліміне түседі. Тағдырдың жазуына амал бар ма? Дәрігерлер қанша күш жұмсағанымен Михаил есін жимаған қалпы көз жұмды. Ата-ана үшін бұл дүниеде баладан айырылудан үлкен қайғы жоқ-ау. Анасы ауыртпалықты көтере алмай, төсек тартып жатып қалды. Жасанған жаудан қайтпаған батырдың өзі де сол кезде шөгіп қалып еді-ау...

Көңіл айта барғанымда Ресейдегі келіні жұбайының мәйітін Кемероваға әкеліп жерлеуді сұрап отырғанын, бір жағынан, оның талабының да дұрыс екенін айтып, ұлының сүйегін көрші елдің қиырдағы аймағына қалай жеткізуді білмей отырғанын мұңая отырып жеткізді. Балалары Ресейге қоныс аударып, әке-шешесін қаншама рет сол жаққа көшіріп әкетпек болғанда Қазақстаннан ешқайда кетпейтінін, Үштөбеден табан аудармайтынын ашық айтқан батыр ақсақалдың басына түскен ауырпталықты жеңілдетпесек, елдігіміз қайда!? Қарияға ештеңге алаңдамауды өтіндім де, Кемерово облысының басшылығына хабарласып, мына жақтан шекараға дейін жеткізетін арнайы автокөлік дайындатып, Иван Васильевичтің ұлының сүйегін Ресейге апаруды қамтамасыз еттік. Сол кездегі батырдың ризашылығын, қазақ еліне деген пейілі мен көңілін жанында болған жандар ғана жеткізе алады.

Жеңістің 65 жылдығында жасы тоқсанға таяған ақсақал жер үйдегі көбедей-көп шаруаларға шамасы келмейтіндіктен ақыры тұрмысқа қолайлы пәтерге көшті. Мерекелік тартуымды алып, арнайы құттықтай бардым. Сол кезде ол: «Қазақстан – менің тарихи Отаным. Қазақ елі мен жерінсіз ғұмырымды көзге елестете алмаймын. Семейде өмір есігін аштым. Жергілікті жұртпен бар қиындықты бөлісіп, жетістікке қосыла қуанып жүріп жетілдім. Туыстар мен балаларға да өзімнің ешқайда көшпейтінімді айттым. Өлсем топырақтың осы Үштөбеден бұйырғанын қалаймын», – деген еді.

Батыр екі сөйлемейді. Ағайындары қанша мәрте қолқалағанымен өзінің қолының табы, табанының ізі қалған Үштөбеден ешқайда көшпеді, ол туралы ойлаған да жоқ. Осылайша Батырдың тірліктегі соңғы бір өзекжарды тілегі орындалды – қасиетті Қаратал ауданының қарабұйра топырағын жамылып, қазақ даласынан мәңгіге қоныс тапты. Бақұл болыңыз, абыз ақсақал! Топырағыңыз торқа, жатқан жеріңіз жайлы болсын, Жетісудың жеке батыры.

 Серік Үмбетов,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

 

Оқылды 2618 рет

Күнтізбе

« Қаңтар 2020 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сайтта: 131 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане