logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1311

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 1074

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 1061

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 876

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 1221

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 1207

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 833

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 1046

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 1011

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 997

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 874

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 1086

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 25 Қыркүйек 2015 18:00

Тастүлек

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Кей кезде теледидар қарап отырып, не көріп отырғаныңды өзің де түсінбейсің. Әсіресе, балалар қойылымы, мультфильмдері алаңдатады.
Батыстың небір анимациялық туындылары біздің ұрпаққа керегі бар ма? Көк жәшікті жаулап алған «Спанч боб», «Миньоны» секілді мультфильмдерінің қандай мағынасы бар. Осыны көрген баладан ертеңгі болашақты күту қиын. Мұндағы менің айтпағым, «Тастүлек» атты төл туындымыз.

 

Фильмді жасаушы шығарма­шылық топ Т. Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер акаде­мия­сының үздік түлектері. Сце­нарий авторы – Ербол Бораншы, қоюшы режиссер-аниматорлар – Тұрдыбек Майдан, Тілек Тө­леу­ғазы.

Ел аузында құсбегілердің атасы Жалайыр Шора жайлы «Мен аспанда жүрсем қанатым талат, жерге қонсам Жалайыр Шора алат» деп келетін аңыз-әңгімелер әлі күнге айтылады. Сол құсбегілердің атасы Жа­л­а­йыр Шора аспан еркесі, құс біт­кеннің патшасы бүркіттерді бабына келтіріп баптап, қайы­руын тауып саят құрған кісі екен. Оның үстіне сол қырын құстарды түсі мен сипатына, тұрқы мен жаратылысына қарай «Сен Ақ­шегірім Нарынның еркесі бол, Сабалақ сарым Сауыр тауды ме­кен ет, Қаракерім бара ғой, Боғда таудың еркесі бол, Сен Ақиығым Алтай тауын мекенде» деп төрт сілемге ұшырыпты дейді. Осы­дан бастап бүкіл қазақтың кең- байтақ даласы мен асқар тау­ларын мекендеп, зеңгір көгінде еркін самғаған құс еркесі қыран­дардың иесі Жалайыр Шора деген наным қалып­тасыпты. Құсбегілікті кәсіп еткен сахара хақында осы Жал­айыр Шораны пір тұтып құрмет­тейтін, тіпті Жалайыр Шора аян берген екен дейтін де дәстүр бол­ған. 

Ықылым заманнан бергі осындай дәстүрдің негізінде ел аузында айтылатын құсбегілікке байланысты аңыз-әңгімелердің ішінде «Тінейдің сары құсы» дейтін аңыз бар. Осы аңыз-әңгімелердің желісінде жазылған Қытай қазақтары арасынан шық­қан ғалым, зиялы азамат Нығмет Мыңжанидың «Тінейдің сары құсы» дейтін этногра­фиялық әңгімесі жарияланған. Дәл осы әңгіме «Тастүлек» фильміне негізгі арқау болған. Демек, қазақ анимациясындағы соңғы жыл­дары іркес-тіркес жарыққа шық­қан «Мұңлық-Зарлық», «Тола­ғай», «Қошқар мен теке», «Ертөс­тік және айда­һар» атты фильм­дерден кейінгі, ұлттық фоль­клорлық қазынамыз­дан нәр алған тағы бір сәтті туын­дыға куә бо­лып отырмыз. 

Ендеше, «Фильм несімен сүйіндірді, сәтті шыққан тұстары қайсы, «Тінейдің сары құсының» әдеби нұсқасын пайдалануда қандай тәжірибені қолданған, ұтқаны қайсы, ұттырған, әтте­ген-ай дегізген тұстары бар ма? Көркемдік деңгейі қандай?» деген мәселелер төңірегінде картинаға талдау жасап көрейік.

Фильм авторлары әдеби шығарманың бас кейіпкері мен негізгі оқиға желісін алып, қайта сюжет құру тәсілін қолданған. Бұл экранизация тәсіліндегі тәжірибеден өткен әдіс. Осы жер­дегі қолданған тәсілдерді әдеби нұсқа мен фильмді салыстыра отырып қарастырсақ, фильмнің өзіндік ерекшеліктері мен ұтқан тұстары айқындала түсетін сияқты. 

Мысалы, алдымен фильмдегі әдеби нұсқадан алынған, ұқсас екі мәселеге тоқталсақ: бірі, фи­льм­дегі негізгі қаһарман – бас кейіпкер қыран құс әдеби нұсқадағыдай қаз-қалпында қалып, тек атауы ғана өзгер­тілген. Әдеби нұсқадағы Сары құс – Тастүлек деген атпен берілген. Екіншісі, әдеби нұсқадағы Сары құстың нағыз қыран, есті құс екенін айғақ­тайтын Айдаһарды өлті­ретін, жын буып, көтеріліп ауырған кісінің жынын қағып алатын, иесі қайтыс болған соң бір жылдан кейін иесінің асына келетін, соңында иесі­нің зира­тына соғылып өлетіні сияқты оқиғалар фильмнің негізгі сюжеттік желісін құ­райды. Осы сюжет­тер негі­зін­де дү­ние­ге келген «Тас­түлек» фи­льмі­нің нұсқа­сы, атап айтқан­да жаңа сюжет, жаңа компо­зициялық құры­лым, Тінейдің Сары құсына байла­нысты ел аузында ай­тылатын әңгіме­лер­дің нұсқа­сынан мәні мен мағы­насы жа­ғы­нан да, көрер­менге беретін әсер қуа­ты жағы­нан да ешкем шық­паған. 

Қуантатыны сол, әлмисақ­тан бері ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарап келе жатқан фольклорлық жауһарымызды бүгінгі күннің көзқарасымен, еркін ойдың қуатын сіңіре отырып дамытады. Фильмнің ұлттық дәстүр, құндылық­тарымызды ұрпақтар сана­сына таныстыру, сіңіру пары­зын толықтай ақтап шыққа­нын айтпағанда, фильм идея­сы қайсыбір замандардан бергі адамзат қоғамының мәңгілік трагедиясы болған ТҰЛ­ҒА мен кішкентай адамдар ара­сын­дағы әділетсіздікпен аяқта­латын ащы да болса шындықты, дүние­қоңыздық пен көрсеқызар-суық қолдықты һәм кішкентай адам­дар жағынан ауыр траге­диялық жағдайларға ұшырай беретін ТҰЛҒАЛАР тағдырын көр­сетуге тырысады. Тырысып қа­на қой­майды, оп-оңай жет­кізеді. 

Ал әдеби нұсқадағы сюжетке ұқсамай­тын өзгерістерге үңіл­сек, төмендегідей төрт түрлі өзгерісті бай­қай­мыз. Алғаш­қысы оқиға­ның басталуы әдеби нұсқада­ғыдан басқаша. Әдеби нұсқада оқиға ауыз әдебиетінің ертегі жанрларының дәстүрі бойынша, бошалап кеткен бие­сін іздеп шыққан құсбегі Тіней, мұз үстіне құлындаған биесінің шуын жеп, тояттап отырған Сары құсты жолық­тырады да оны ұстап алады. Бұл жерде құсбегі ақиық қыранды арнайы іздемеген. Ал фильмде Ақиықты арнайы тұзақ құрып ұстайды. Бұл оқиғаның басталуы болға­нымен, фильм басталмас бұрын баяндалатын, қыран құстың жаратушыдан өз салауатын алған тіршілік иесі екенін айғақ­тайтын, тамаша кіріспе эпизод­ты айтпай кетуге болмайды. Бұл бір тапқыр шешім болған. Олай дейтініміз, дәл осы кіріспе эпи­зод фильмнің не туралы екенін сездірумен бірге көрерменді фильмге бірден ендіріп жібереді. Ары қарай фильм сюжеті өрбіп кетеді. Әрі осы шешім әдеби нұсқадағы «Тінейдің сары құсы­ның» анимациялық нұсқасын жасауда сценарист пен режис­сердің тама­ша бір тетікті таба біл­гендігінің айғағы.

Екінші өзгеріс – құсбегіге қолындағы қыранының не үшін тышқан мұрнын қанатпай қойғанының себебін айтып, қыранның қасиетін түсін­діретін оқиға. Әдеби нұсқада қолға түскен тұтқын Сары құс­тың Алтай асып келген Ақиық қыран екенін, оның қасиеті мен бабын құс иесі Тінейге түсінді­ретін еді. Ал фильмде бұл мәсе­лені Жалайыр Шора бабаның өзі түсін­діреді. Жалайыр Шора қыраны аңға түспей қапа болған құсбегінің түсіне кіріп, аян береді. Дәл осы түс көргізіп, аян бергізу әсілі орынды пайдала­нылған әрі фильм құсбегілікке байланысты болғасын Жалайыр Шорадай аңыздық ірі тұлғаны көрерменге таныстыруға үлкен пайдасы тиген. Күміс сақал абыз­дың өз аузымен берілген аңыздарда айтылатын диалог­тары керек жерінде сәтімен пайдаланылған әрі өте көңілге қонымды шыққан. 

Үшінші, бір үлкен өзгеріс бұл – әдеби нұсқада жоқ жаңа бір кейіпкер, жаңа бір образ дүние­қор, нысапсыз пенде бейнесі фильм сюжетіне сәтті кірісті­рілген. Бұл кейіпкер 23 минут­тық фильмнің өн-бойын­да үш-ақ рет көзге шалынады. Демек, кішкентай ғана эпизод­тық ке­йіпкер. Алайда, осы кішкен­тай кейіпкердің сәтті шыққан об­разы бүкіл фильм­нің айтар ойы мен негізгі идея­сын арқа­лап тұрған сияқты. Фильмнің драматургиясы адамзаттың серігі, Ұлы дала­ның еркесі болған қыран құстың айда­һармен алысып, жын-шайтан­мен жұлысқан ерлігіне қара­мастан сол адам­дардан опа­сыздық көруі, әрі сол опасыз­дыққа төзбеген текті де қа­сиетті қыранның өз-өзін жа­зым етуі дейтін болсақ, осы дра­малық тартысты шырқау шы­ңына жеткізуге әсер етуші дәл осы дүниеқор, пайдакүнем кішкентай образ. Аталмыш образдың бейнесі фильмде үш-ақ эпизод арқылы шебер ашылған. 

Дәл осы тұста фильмге тауып қосылған тағы бір жайт­ты айтпай кетуге болмайды. Ол – Тастүлектің Айдаһармен алысқанда зақымдалған тегеу­рі­нінің орнына салынған ал­тын тегеурін. Дәл осы тегеурін дүниеқордың болмысын ашуға және қыран құстың ауыр траге­диялық хәлге ұшырауына себепкер болады. Міне, осы тауып қосылған деталь біз ай­тып отырған өзгерістердің төртіншісі болмақ. 

Жоғарыдағыдай экрани­зация тәсілдері мен ұтымды шешімдер жиналып келіп кейде қырандық пен асылдық­тың, тоғышарлық пен пасық­тық, дүниеқоңыздық сынды кішкентай пенделіктің құр­баны болып кететін трагедия­ны алға тартады. 

Біз фильмнің драматургия­лық құрылысы мен сценари­лік шешімдеріне ғана тоқталдық. Ал фильмдегі кейіпкерлер образының (Тастүлек, Айда­һар, адамдар бейнесі) қыран­ның қырандай, айдаһардың айдаһардай, т.с.с. нанымды болып сызылуы мен күрделі әрекеттердің шынайы да ши­рақ­­тығы, композициялық құ­ры­лымның шымырлығы, ре­жис­серлік шешімдердің дәл­дігіне дейін қай-қайсысы да жоғары кәсібилікті, шебер суретшілікті дәлелдейді. 

Бұдан бөлек фондық сурет­тердің салынуы мен фильм музыкасының сазды, әуенді көркем болып, картина мазмұ­нына қабыса жазылуы да өз алдына бөлек тоқталуға тұрар­лық дүниелер.

«Тастүлек» анимациялық фильмі қазақ киносындағы үзілейін деп тұрған фольклор­лы-экрандық байланыс дәс­түрін жалғаған сәтті туынды. Сондай-ақ, қазақстандық ки­не­­ма­тографистерге ұлттық кино өндірісін өркендетуде, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет үлгілерінен пайда­лануды ұмыт­пауды тағы бір рет ескерткен туынды болды деп есептейміз.

 Жанат СҰЛТАНҒАЗЫ.

 

 

Оқылды 853 рет

Күнтізбе

« Қыркүйек 2020 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Сайтта: 159 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане