logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1087

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 845

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 829

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 672

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 938

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 899

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 647

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 877

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 798

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 803

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 698

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 879

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2015 18:00

ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАТАҢ СЫН АЙТЫЛДЫ

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Кейінгі жылдары республика­лардың басты-басты қалаларын, ауыл-аймақты көркейтіп, абаттан­дыру жұмыстары барынша қолға алынды. Сол қа­тарда облыс орталығы Талды­қорған қаласының аумағы кеңейтіліп, жаңа шағын аудандар тұрғызыла бастады. Бұл үрдіс бүгінде жалғасын тауып, қазіргі таңда қала бойынша 50-ге тарта құрылыс алаңының жұ­мы­сы жүріп жатыр. Кеше ғана облыс әкімі Амандық Баталов, орын­ба­сары Ғалымжан Әбдірайымов пен қала әкімі Ермек Алпысов, об­лыстық бас­қарма басшылары мен құрылыс компаниясы мамандарының ба­сын қосып, құрылыс алаңдарындағы жұмыс қарқынымен танысып, абат­тандырудың сапа­сын тексеріп қайтты. Осы орайда қаладағы бір­неше нысан мен жол құрылысын, орталық базарды арала­ған Амандық Ғаб­басұлы қала көркін бұзып тұрған тұстарды сынға алып, құзырлы орын­­дарға олқылықтарды жуыр арада түзету керектігін тапсырды.

Облыс әкімінің қолдауы­мен биыл Талдықорғанның әр аумағынан жаңа демалыс орындары жасалып, шаһарды көркейту ісі жаңа деңгейге көтерілуде. Сол қатарда Еркін айналмасынан әуежайға дейінгі трассаны абаттан­дыру бойынша да ілкімді істер атқа­рылуда. Дәл осы Еркін ауы­лының тұ­сын­да, Жансүгіров пен Тәуелсіз­дік көше­лерінің Алматы – Өскемен тас жо­лымен түйісетін аумақта абаттандыру жұмысы қызу жүруде. Ондағы мақсат – Еркін ауылы мен «Тоғызыншы алаң» және «Шығыс» шағын ауданының тұрғындары үшін демалыс орнын құру. Демалыс аумағында жаңадан ағаш­тар отырғызылып, орындықтар қойы­лумен бірге жастар үшін ролик тебу алаңдары, түрлі спорттық жабдық­тар қарастырылған. Демек, бұл жер сала­уат­ты өмір салтын ұстанатын қала тұрғын­дары үшін таптырмас мекен болмақ. Сонымен қатар, бұл жер қалаға кіреберіс болғандықтан Талды­қор­ғанға алғаш келген қонақтарға қа­ламыз туралы алғашқы әсерді сый­лай­ды. Сондықтан абаттандыру жұмысы жобаға сай жоғары деңгейде болғаны жөн. Өңір басшысы бірінші кезекте құрылыс жобасымен танысқан соң құрылыс жұмыстарына пайдаланы­ла­тын материалдардың сапасын тексеріп шық­ты. Оның жарамдылығы мен әдемі­лігін де назардан қағыс қалдырмады. Ал құрылысшылармен емен-жарқын әңгіме­лесіп, көзбояушылыққа салынбай, бұл жобаның ертеңгі ұрпағымыз үшін керек­ті екенін есте ұстай отырып, сапа­лы жұ­мыс істеуді тапсырды. Облыс әкі­мі­мен көз­бе-көз кездесіп, тапсырма ал­ған жұ­мыс­­шылар да міндетін мүлтік­сіз атқа­ратындықтарына сендірді.

Әкім назарына іліккен тағы бір нысан – «Қаратал» шағын ауданындағы өзен жағалауына қоныс тепкен демалыс жағажайы. Қазіргі таңда ол жердегі жұмыстар да қарқын алуда. Айтпақшы, жаңа нысанның өзіндік ерекшелігі де бар. Мұнда талдықорғандықтардың серуендеуіне оңтайлы мүмкіндіктер қарастырылған. Ол жерлерде скейт­дром және роллердром сынды спорт­тық алаңдар мен балаларға арналған ойын алаңқайлары болады. Бір сөзбен айтқанда, жас жеткіншектердің емін-еркін уақыттарын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалмақ. Сондай-ақ, әдемі орындықтармен қатар демалуға арнал­ған түрлі күркелер (беседкалар) болады деп күтілуде. Бүгінде11,3723 гектараумақты алып жатқан құрылыс алаңын­дағы жұмыстарды «Шымыр» ЖШС бас мердігер компаниясы жүргізуде. Жұмыс жағдайын таныстырған компания бас­шысы Руслан Валишанов:

– Құрылыс жұмыстары 2014 жылғы 19 ақпанда басталған болатын. Егерде ауа райы қолайлы болып жатса, міндет­тел­ген тапсырманы қараша айының басына таман бітіреміз деп жоспарлап отырмыз, – деді.

Дәл қазіргі уақытта жолдың жиек­те­ріне бордюрлер қойылып, жасыл же­лектерді суаруға арналған арықтар тар­тылуда. Жарық жүйесінің жұмыстары да аяқталуға жақын. Айта кетейік, демалыс орнының көгалдандыруына 65774, асфальт жолына 20185, серуендеуге арналған тротуарға 27220 және газон­ды аймақтарға 62774 шаршы метр орын көзделген. Сонымен қатар, белгі­ленген аймаққа ағаштар мен гүлзарлар отыр­ғызу жағы қарастырылуда. Яғни, онда қайың, қарағай және шырша сынды жасыл желектердің қатарын көбейту жоспарда бар. Өкінішке қарай, бұл жердегі жұмыстардың шалағай тұстары да көп болып шықты. Алдымен жиектастардың сын көтермейтінін ескерткен өңір басшысы демалушылар отыратын орындықтардың да сапасыз материалдан жасалғанын атап көрсетті. Қолға қысып ұстап, сәл күш салсаң опы­ры­лып кететін жиектастарды бірне­ше он жыл­дарға жоспарланған жоба­лық жұ­мысқа пайдаланған құрылысшы маман­дарға облыс әкімі қатаң ескерту жаса­ды. Тіпті, мұндай көзбояушылықтың қыл­мыспен тең екенін жеткізді. Соны­мен құрылыс саласына жауапты басқар­ма өкілдері мен құрылыс компания­л­а­рының мамандарына осы аумақтағы жиектастарды толығымен тексеріп, сапасыздарын алып тастап, басқа жиектас өндіретін компаниялардың өніміне ауыстыруды тапсырды. Бұл ескерту аяқсыз қалған жағдайда сол мекеме басшыларын қатаң жаза күтіп тұрғанын ашық білдірді.

Ал, Қаратал өзенінің Тәу­ел­­сіздік көшесіндегі көпірінен бастап, перинатальдық орта­лыққа дейін жаңа жағалау абат­тандырылмақ. Мұнда соң­ғы жылдары қарқынды дамып, ха­лық­тың саны күрт өскен ау­дан тұрғындары мен қала қо­нақ­тары үшін қолайлы жағдай туғы­зылып, талдықор­ғандық­тардың жас ерекшеліктері мен талғам­дарына сай арнайы спорт­тық жарыстар, кон­церт­тер ұйым­дастыруға қажетті шағын сахна сынды түрлі ин­фра­құрылым жасалады деп жоспарланған. «Қаратал» ша­ғын ауданында қалалық аква­паркке қарама-қарсы шағын бос алаң бар. Бұл жерде де тұрғындар үшін дем­алыс орны құрылады. Ең бас­тысы, онда үлкен шахмат тақ­тайшасы ор­на­ты­лып, мидың дамуына сеп­ті­гін тигізетін осы логикалық ойынды ұнататын талды­қор­ған­дықтар­дың игі­лі­гіне жұмыс істемек. Облыс әкімі бұл жер­де жұмыстардың да сапа­сыз­дығын бірден атап көр­сетті. Яғни, бұл жердегі жиек­тастар өлшемге сай бекітіл­меген, жол бойындағы алаң­қайларда үйі­ліп жатқан қоқыс­тар мен жол жиегін­дегі ретсіз­діктер, жаңа­дан жасалған су­ағар­лардың сапасыздығы, шы­рақ орна­татын бағандардың өлшемге лайық­сыздығы, қоқыс салатын жәшік­тердің талапқа сай жа­сал­мауы, тұрғындар оты­ра­тын орындық­тардың түсінің дұрыс таңдал­маған­дығы сияқты түр­лі кемшіліктерді тізіп көр­сеткен облыс әкімі Тәуелсіздік көшесінің Қаратал шағын ау­да­­ны жағын цементтеу жұ­мысын мүлде ұнат­пады. Ра­сында, жұмыс сапалы жасал­ғанымен көркем­дік тұрғы­сынан жетіспейтіні бірден аңға­рылады. Осы тұста өңір бас­шысы:

– Жұмыс сапалы болуы керек. Бұл, бірінші шарт. Сон­дай-ақ, тұрғындар демалатын жер­де­гі жұмыстың көркем­дігіне, әдемі­лігіне де көңіл бөл­ген жөн. Ағаш біткенді жаңа­дан отырғыз деге­німіз жоқ. Жол шетіндегі тамы­ры терең­ге кетіп, бұтағы кең жайылған ағаш­тарды қалды­рып, барлық жұмысты әдемілеп жа­сау­ға болады ғой, – деген ренішін білдірді. Қала жолдарының жа­ға­­сында қураған бұтағы мен жайы­лып өскен жаңа бұтағы араласып кеткен ағаштар жүр­гін­шілерге көп кедергі кел­ті­руде. Әсіресе, жаздыгүні бұтақ­тардан жаң­быр сорғалап, жүр­гіншінің мазасын алса, қыс­тыгүні қалың қарды көтере ал­май көшеге құлаған бұтақтар көлік қатынасына ке­дергі кел­тірумен келеді. Мүмкін осы жолғы әкім тапсырмасынан кей­ін бұл жағдай дұрысталатын шығар деп ойладық. Амандық Ғаббасұлы Талды­қорған қа­ла­сы­ның құрылыс нысандарын аралау бары­сында қала орта­лығындағы сауда үйлерінің ма­ңын­дағы сауда дүңгіршектері, ретсіз салын­ған тамақтану орын­дары, дұрыс орна­лас­ты­рыл­­маған жарнамалар, аузы-мұрны­нан шыққан қоқыс жә­шіктері мен арық жүйелеріне сын ай­тып, тиісті органдарға қала­ның көркін бұзатын олқы­лық­тарды жөнге келтіруді тап­сыр­ды.

Биыл облыс әкімінің қол­дауы­мен «қала қақ­пасының» жобасы бекітіліп, тиісті құры­лыс құжат­тары дайындалды. Қаламызда шаңырақ көтерген жас жұбай­лар той күні дәл осы тұсқа келіп, естелікке суретке түсіп, «ырымдап» ағашқа бау байлайтыны баршаға мәлім. Жаңа жо­бада арка өзгеріп, «Тал­дықорған» деген жазу за­ма­науи келбетке ие болады. Сонымен бірге ар­найы тұрақ жасалып, Жетісу жерінің тарихы­нан сыр шертетін барельефтер орна­тылады. Ең бас­тысы, қаладан шыға берістегі Көксуға дейін­гі жол жаңарады. Қазір осы бағыт­тағы жұмыс­тар қызу жү­ріп жатыр.

Облыс әкімі өз кезегінде жол құрылысының қарқы­ны­мен де танысып шықты. Жол жөндеуші мамандар жұмыс­тың сапалы әрі жоспардағыдай жүргізіліп жатқанын қанша­лықты дәлелдеуге ты­рысқа­нымен, орын алған кемші­ліктер Аман­дық Ғаббас­ұлы­ның көзінен қағыс қалмады. Әсіресе, жол бойындағы аял­да­малардың жол көлік­терінің жүруі мен тоқтауына, жүргін­ші­лердің қауіп­сіздігіне ың­ғайлы орналас­тыры­луын тап­сырды.

Айта кетерлігі, облыс әкімі нысандарды аралау барысында белгіленген жоспар бойынша жүрген жоқ. Сондықтан жама­нын жасырып, жақсысын асы­рып дегендей алдын ала дайын­­дап қоятын жағдай бол­ған жоқ. Есесіне, қаланың барлық кейіп-кескінін әкім түгел көріп шықты. Тіпті, әкім назарынан тозығы жетіп, жыр­тылып, салбырап тұрған бил­бордтар да қағыс қалмады.

Өңір басшысы өзінің бір күндік жұмыс сапарын Бала­панов көшесі мен Қонаев кө­ше­сінің қиылысындағы жы­рым-жырым болып жырты­лып, жел шайқап тұрған бил­бордтың жанында аяқтады.

– Табиғаты таза Талды­қорғанды қоқыс ала­ңына ай­нал­дыратын жауапсыздық осы­мен тамам­далсын. Бұл соң­ғы ескерту. Келесі рейдте тағы да осындай келеңсіз жағдай орын алатын болса, онда әрбіріңмен басқаша сөйлесетін боламын, – деген қатаң ескер­тумен бір күндік тексерісін қоры­тындылаған өңір бас­шысы журна­листерге қала көр­кіне нұсқан келтірген жайт­тарды тұрғындарға жасырмай көрсету керектігін тапсырды.

 Қажет АНДАС,

 

 

 

 

 

Оқылды 2591 рет

Күнтізбе

« Желтоқсан 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сайтта: 130 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане