×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Басып шығару
Бейсенбі, 31 Желтоқсан 2015 18:00

Қариясы бар ел қазыналы

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Жаңа жыл қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, 50 жылдан астам ағарту саласында еңбек еткен жерлесіміз Тоқтарбай Қанапияновтың үйіне арнайы барған облыс әкімі Амандық Баталов ақсақалды мерекемен құттықтап, бағалы сыйлық табыстады.

Елі мен жері үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, бізге жарқын болашақты тарту еткен соғыс ардагерлерінің қашанда құрметке лайық екендігін айтқан аймақ басшысы Амандық Ғаб­басұлы: – Атамыздың аман-саулығын сұрап, ақ батасын алсақ деп келдік. Жаңа жыл шаңы­ра­ғыңызға қуаныш пен жақсылық әкелсін. Қарт­тары бар ел қа­зыналы. Сондықтан сіздер аман болыңыздар, – деп ізгі тілегін білдірді.

Облыс әкімімен бірге Тоқтарбай атаны құттықтауға Тал­ды­қор­ған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев пен облыстық ардагерлер ұйы­мының төрағасы Ардақ Сыдық және қалалық ардагерлер ұйы­мының төрағасы Мұрат Халық келді. Ақ дастарқан басында батасын берген ардақты ақсақал құтты қонақтарына барша соғыс ардагерлері атынан үлкен алғысын айтты.

Алты баласынан 15 немере мен шөбере сүйіп отырған Алматы облы­сының Құрметті азаматы Тоқтарбай атаны сөзге тарт­қа­ны­мызда өмір жолы жөнінде мазмұнды әңгіме өрбітті.

Мен 1924 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданының Қызыл­ағаш ауылында дүниеге келдім. Соғысқа бармас бұрын әуелі Таш­кенттегі әскери училищеде оқып, 1942 жылы 18 жасымда әскер қатарына шақырылдым. 1220-шы атқыштар полкының құра­мында 1-Украин майданында болып, Днепр өзенін жаудан азат етуге қатыстым. Қиян-кескі ұрыста оң қолымнан айырылдым. Бірақ Отан үшін бәріне шыдадық, – деп өткенді еске алған ардагер толқынысты күй кешті.

«Қариясы бар елдің қазынасы бар». Ендеше, осындай көпті көрген қарияларымыз барда біз расында қазыналымыз!

Меруерт МОЛДАҒАЛИЕВА

Оқылды 773 рет