logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 925

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 756

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 743

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 592

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 849

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 783

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 576

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 789

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 704

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 737

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 629

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 783

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Жұма, 29 Қаңтар 2016 18:00

Бейнеттің зейнетін қалай көреміз?

 
Дауыс бер
(1 Бағалау)

Зейнетақы жинақтары – бұл стратегиялық қаражат. Сенімді ақпарат көзінен білгеніміздей, бүгінгі таңдағы Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қорындағы зейнетақы қаржысы 5,36 триллион теңгені құраған. Бұл еліміздің ішкі жалпы өнімнің 11 пайы­зына тең. Шарттың барлық түрлері бойынша салымшылар 10 миллион бірліктен асқан. Бірыңғай зейнетақы жинақ­таушы қорының акционері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болса, қорды басқару Ұлттық банкке жүктелген.

Өткен жылдары 10-нан аса компа­нияның меншігіндегі зейнетақы жинақ­тарын бір ортаға шоғырландырып, мемлекеттік зейнетақы қоры құрылды. Осы кезде көпшілік өздерінің болашақ зейнетақыларының сақталуы мен кепіл­дендірілуіне зор үмітпен қарады. Әрбір салымшы мемлекет басқаруындағы қордың жұмысы, кірісі мен шығысы, елдің зейнетақы жинақтары қандай жобаларға салынуда, инвестициялық кіріс көлемі қандай деген мәліметтер барынша жария болады деп сенді. Алайда, мемлекет меншігіне өткенімен зейнетақы жинақтарының айналымы мен оларды басқарушы бірыңғай зей­нет­­ақы жинақтаушы қорының жұмысы бастапқыдай құпия болып қала берді. Десе де, азаматтардың зейнетақы жи­нақ­­тарын қорғау және индекстеу 2013 жылғы «ҚР зейнетақымен қамту тура­лы» Заңында көрсетілген механизмі бойынша атқарылады.

Зейнетақы мәселесі өткен жылдан бері өткір талқылана бастады. «Казах­станская правда» газетіне сұхбат берген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев зейнетақы активтерін қорғау мәселелеріне тоқтала келіп, қаржы нарығындағы ауытқулар, мәселен валю­та бағамының өзгеруі салдарынан тууы мүмкін шығындардың орны қалай өте­ле­тінін түсіндіріп берген болатын. Қазақстан экономикасы әлемдік эконо­микаға интеграцияланған және жаһан­дық нарықтағы жағдайға, соның ішінде энергиялық ресурстар бағасына тәуел­ді. Сондықтан мемлекет ұлттық валю­тадағы зейнетақы жинақтарының сақта­луына жауапкершілікті мойнына алды. Сондай-ақ, былтыр Парламент Мәжі­лісінде депутаттарға елдің эконо­мика­лық әлеуеті туралы есеп берген Ұлттық банктің экс төрағасы Қайрат Келімбетов банк секторы мен құрылыс саласына демеу беру үшін қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинақтарын пайда­лану мүмкіндіктері қарастырылып жатқа­нын мәлімдеді. Осы мәселеге орай Мәжі­лістегі Үкімет сағатында Ұлттық эконо­мика министрі Ерболат Досаев кәсіп­керлікті қолдау үшін Халықаралық қайта құру және даму банкінен 40 мил­лион АҚШ доллары көлемінде қарыз алу туралы келісімді мақұлдауды сұрады. Бұл ұсынысқа да депутаттар қарсы болмады. Ал ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін жаңғыртудың тұжы­рымдамасын түсін­діріп берді. Мұның бәрі де болашақ зейнетақы жүйесіндегі өзгерістердің бастамасы.

Бүгінде Қазақстанда 2 миллионға жуық зейнеткер болса, 665 мыңға тарта адам жәрдемақы алады. Елбасы Жол­дауында көрсетілгендей, 1 қаңтардан бастап зейнетақы 9 пайызға ұлғайды. Базалық зейнетақы төлемі 11 мың 965 теңге көлемінде белгіленді. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 25 мың 824 теңге болды. 2016 жылы зейнетақы төлемінің төменгі мөлшері ең төменгі зейнетақы мен базалық зейнетақыны қосқанда 37 мың 789 теңгені құрады. Сонымен қатар, биыл және алдағы уақытта мүгедектік пен асыраушысынан айрылу жағдайы бойын­ша мемлекеттік әлеуметтік жәр­дем­ақылар, мұғалімдердің жалақысы, шә­кірт­ақы, мәдениет саласы қызмет­кер­лерінің еңбекақы мөлшері өседі. Ол алдағы уақыттағы зейнетақы мөлше­рінің көбеюіне ықпал етпек. Қысқасы, биыл зейнетақы жүйесін үлкен серпіліс күтіп тұр.

Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берген «Бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасы Руслан ЕРДЕНАЕВ зейнетақы мөлшерін түсіндіріпті. Оның айтуынша, 2017 жылдан бастап базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді. Ортақ зейнет­ақы тағайындау тәртібі сияқты бұдан былай дифференциалды тәсіл қолданылады. Мәселен, егер еңбек өтілі 35 жыл болса, зейнеткер 1 ең төменгі күнкөріс көрсеткіші мөлшеріндегі зей­нет­ақы алады. Егер еңбек өтілі 10 және одан да аз жыл көлемінде болса, 0,5 ең төменгі күнкөріс көрсеткіші мөлше­ріндегі зейнетақы алады. Еңбек өтілі 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға 2 пайыз қосылып отырады. Сөйтіп, «те­ңес­тіру» мүмкіндігі базалық зейнетақы тағайындау кезінде шешім табады. Ал зейнетақының жинақтаушы бөлігі ең әділ үрдіске құрылған: яғни қанша жинадың – инвестициялық кіріс­терді қоса есептегенде, сонша зейнетақы аласың.

Сондай-ақ, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова: «2043 жылға дейін зейнеткерлік жасқа келетін адамдардың базалық зейнет­ақысы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілі және жинақ­таушы зейнетақы жүйесіне 1998 жылдан кейінгі қатысу өтілі ескеріле отырып есептелетін болады. Зейнеткерлікке 2043 жылдан кейін шығатын адам­дардың базалық зейнетақысы жинақ­тарына байланысты есептелетін болады. Сон­дай-ақ, 1998 жылы зейнетке шыққан адамның зейнетақысы 32 мың 182 теңгені құрай­ды. Оның 22 мың 732 теңгесі борыштық, 10 мың 450 теңгесі базалық болып саналады. Біздің белгілеу бойынша, енді оның 42 жылдық еңбек өтілі болса, оның борышты зейнет­ақысына 10 мың 450 теңге емес, 20 мың 900 теңге қосылатын болады», – деп базалық және борышты зейнетақы мөлшерін анықтап көрсетті.

Зейнетақы мөлшерінің жыл сайын инфляция деңгейінен 2 пайызға ілге­рілеп, индекстелуі қарастырылған. Бүгінгі болжам бойынша тұтыну баға­сы­ның индексі 6-8 пайызды құрап отыр. Сол себепті қаңтар айынан бастап зейнетақы 9 пайызға көбейді. Осыған орай әлеу­меттік жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байла­нысты 7 пайызға ұлғайса, мемле­кеттік сақтандыру қорынан төленетін әлеу­меттік төлемдердің де көлемі 7 пайызға артады. Демек, тұтыну баға­сының индек­сі төмендесе жәрдемақы мөлшері, сақ­тан­дыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем төмендейді, өссе өсіп отыра­ды. Бұл зейнеткерлердің мүддесін қор­ғаудың таптырмас тәсілі.

Тағы бір айта кетер жайт, «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне зейнетақымен қам­сыз­дан­дыру мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң­ның қабылдануына байланысты Бір­ыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің негізгі функциялары мен қағидат­тары­ның өзгеретіні туралы алыпқашпа әңгіме көп. Біз жұртты алаңдататын орасан өзгерістің бол­майтынын сенімді түрде айтқымыз келеді. Қор бұрынғысынша 10 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақы жар­наларын, 5 пайыз көлеміндегі міндет­ті кәсіби зейнетақы жарналарын қабыл­дайды. Олар салымшылардың жеке­меншігі болып табылады. Алайда, жаңа жүйе бойынша зейнетақы жинақтаудың тәсілінде бірқатар өзгерістің болатыны анық. Жаңа заңда жеке тұлғаның зейнет­ақы қорын жинақтауының үш түрлі тәсілі көрсетілген. Біріншісі, екі ком­поненттен құралған бюджет есебінен берілетін зейнетақы. Бұл 1998 жылдың 1 қаңта­рына дейінгі жағдай бойынша кемінде алты ай жұмыс өтілі бар адам­дарға төленетін ортақ зейнетақы, соны­мен бірге, 2017 жылдан бастап көлемі еңбек өтіліне байланысты болатын база­лық зейнетақы. Екіншісі, жұмыс беру­шінің жарналарынан құралатын жинақ­таушы зейнетақы. Оған 1998 жылдан бастап төлене бастаған жұмыс істеушінің ай сайынғы кірісінің 10 пайызы көле­міндегі мерзімді зейнетақы жинағы, 2014 жылдан бастап зиянды өндірісте еңбек ететін жұмыс істеу­шілерге жұмыс беруші өз есебінен төлейтін 5 пайыз көлеміндегі зейнетақы жинағы, 2018 жылдан бастап жұмыс беруші өзінің барлық қызмет­керлерінің шартты зей­нет­ақы есеп­шотына ауда­ратын жаңа 5 пайыз көле­міндегі жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жар­насы жатады. Үшіншісі, ерікті жинақтар. Осы топ­тағылар 1998 жылға дейін 1 ай көле­мінде де еңбек өтілі жоқ болса да 2030 жылдардың соңына таман зейнет­кер­лікке шыға бастайды. Олар ортақ зейнет­ақы алмайды, тиісінше зейнет­ақысының жалпы көлемі қыс­қарады. Айталық, жоғарыда аталған үш түрлі тәсіл бойын­ша төленетін зейнетақы адам зейнет­керлікке шыққаннан кейін 10 жыл өмір сүрсе де немесе 40 жыл өмір сүрсе де, яғни өмірбақи, тіпті шартты зейнетақы есепшотындағы қаржы біткен күннің өзінде де төлене береді. Бұл зейнеткерлік сақтандыру үрдісі болып табылады. Десе де, көп адамдар ерікті салынған зейнетақы жинағының қорға­луына күмәнмен қарауда. Алайда, алаң­дауға негіз жоқ.

 Егер әркім өзінің есепшотындағы қаржысы туралы ақпаратты білуге ниет­тенсе, оны пошта арқылы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры­ның бөлім­шелері арқылы қағаз түрінде ала алады. Ол үшін аталған қордың тұрғылықты жеріңіздегі филиалдарына барып, зейнет­ақы шотын тұрақты түрде бақылап отыратын логин және пароль алса бол­ғаны. Сонымен бірге, халыққа қызмет орталығы арқылы электрондық-сандық қол қою үлгісін алып, содан кейін e-gov порталы арқылы тұрақты түрде есеп­шоттың көшірмесін алып отыруға бола­ды. Бұл да зейнетақы жинақтарын кепіл­дендірудің бірден-бір жолы.

Қажет АНДАС

Оқылды 580 рет

Күнтізбе

« Тамыз 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сайтта: 109 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане