logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 824

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 671

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 653

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 526

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 750

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 659

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 510

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 693

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 607

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 658

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 558

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 674

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Сенбі, 26 Наурыз 2016 14:10

Селфилету сергелдеңнің басы

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

6Мешітке барған Арман Ерболды сыртта біраз күттіріп қойды. Шыдамы таусылған досы хабарласып тездетіп келуін өтінді. Сыртқа жүгіріп шыққан Арман досына қабақ шытып: «Біраз тоса тұрсаң болатын еді ғой. Әкім жұма намазға келіпті. Бәрімен суретке түсіп жатыр. Мен де селфилетіп, инстаграмға салып қояйын деп едім. Сенің кесіріңнен түсе алмадым. Бір суретке түсейін десе, қылқылдап тегі», – деп ренішін білдірді.

 

Қазір техниканың дамығаны соншалық, қай жерде, мейлі қай елде жүрсеңіз де, айшылық алыс жер­лерден жылдам хабар алуға болады. Оған сіздің қолыңыздағы титтей ғана құрылғыңыздың күші жетіп-артылады. Не деген жыл­дамдық десеңізші?!

 

Осыдан 114 жылдай бұрын адамзат тарихында «автопортрет» дейтін термин қалыптасқанға ұқ­сайды. Ханшайым Анастасия Рома­нова­ның 13 жасында өзін-өзі түсір­ген суреті алғашқы «селфидің» бастауы болған-ды. Өзінің бейнесін өзі айнаға қарап түсірген хан­шайым: «алғаш суретке түскен кезде қатты қобалжу, діріл болды», – деп айтқан дейді зерт­теуші ға­лымдар. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған осы бір жаңа­лықтың бүгінде айықпас пси­хо­логиялық дертке айналарын кім білген.

Бүгінгі қоғам дерті – селфи. Жастардың арасында кеңінен та­рал­ған бұл үрдіс бастапқыда кез келген адамның қызығушылығын оятқаны белгілі. Кейін келе қол­данушылардың арасында, әсіресе өмірге деген көзқарасы барынша қызуқанды жандардың ортасында таласқа түсті. Олар өздерінің «сел­фиін» әрлеп әрі әдемі қылу үшін биік-биік таулар мен қырларды аралап жүргендігі белгілі. ХХІ ғасыр – барынша қарқынды дамып, алға ұмтылуды басты мақсат еткен уақыт. Соның әсерінен селфи күн өткен сайын жаңаша формасын өзгертіп, адамдардың қалай болсын ыңғайына бағынуға, қолайлы бо­луы­на ықпал жасап келеді. Бұл ұғымның соңы үлкен «індетке» айналып та үлгерді. Олай айтуға негіз болар жағдай да жоқ емес. Әлем ғалымдары зерттей келе, селфиді психологиялық аурудың бір түрі деп атады. Осы бір тоқтамға келуге әсер еткен бірінші жағдай, британдық жасөспірім Дэнни Боу­ман күніне 200 селфи жасаған деседі. Әр селфиге кеткен уақыты ол үшін маңызды болған. Тіптен бір тәуліктің 10 сағатын осы дертке құрбан еткен. Қанша суретке түсіп, өзіне өзі баға бере алмай, бір де бір селфиі сәтті шықпаған бозбала өмір­ден баз кешіп кеткен. Іштей жегідей желінген 19 жасар жігіт осы аралықта 13 кг. салмақ тастаған деген дерек те бар. Достарымен де араласудан қал­ған. Осындай жағымсыз белгілерді сараптай келе ғалымдар бұл дерттің ақыры адам өміріне өте қауіпті екенін де баса көрсетті.

Елімізде болсын немесе шетел асып кетіп жатсақ бірден «селфи» жасап, әлеуметтік желіге енгізе­тінімізді жасыра алмаймыз. Ол кез келген адам үшін әдет және ауру. Содан соң түскен суретіңізге мынан­дай аннотация жазасыз: «Демалыс. Көк­шетау және Мен», «Алматы. Көктөбе. Махаббат». Осылай қайта­лана береді. Содан қойшы, тетік басылады, желіге кірген соң сіздің барғаныңыз, көрге­ніңіз, түйгеніңізді елдер талқылап пікір жазады. Содан «лайк» жинау басталады. Жарайды, бұл соған лайық деп ойлайық. Енді біраз артқа шегініп қасиетті ораза айындағы «Фейсбук» парақшасын саралап көрсек. Сәресі ішілетін уақыт­тан басталады, кешке ауыз ашқанға дейін бітпейтін селфи. Бұл жарнама ма? Әрине соның өзі. Тіпті, қасиетті айдың бір күні жарна­масыз өтпеді ғой. Содан қарап кімнің ауыз бекіткенін білуге болады. «Мен ауыз ашқалы отырмын, бекіткелі отырмын. Ниет қабыл болсын!», дейтін сөздерден көз талады. Жарна­мамен өткен қайран бір ай. Сонымен ораза-жарнама уақыты да бітті.

Енді аптаның ішінде қасиетті жұма күніміз бар. Жұма күні таңертең желілерді ашсаңыз, Алланың үйі мешіттің суреттері салынады. Ол бізге осы күнді есімізге түсіру үшін керек дейік. Ғибратты дүниелер жазылады. Оған да «лайк», «комент» қаптайды. Енді мына қызықты қара­ңыз. Түсте барлық мешітте «Жұма намазы» оқылады. Аллаға құлшылық ету мақсатында мешітке барып, ниет­теніп, Жаратушыдан кешірім сұрай­мыз. Өте дұрыс. Одан кейін Алланың үйінде суретке түсу рәсімі басталады. Бірден «фейсбукке» салынады. Су­рет­тің жоғары жағында: «Жұма қабыл болсын. Бүгін мешітте жұма нама­зына келген жамағат өте көп болды. Аман болайық!», – деген сөздер желдей есіп тұрады. Содан керекті пікір өз орындарынан табылады. Бұл да жарнама.

Сол жарнама жасаушылардың басым көпшілігі лауазымды қызмет­тегі жандар. Дәлел керек болса, парақша ақтарып көріңіздер. Ақыл айтатын, жастарға үлгі-өнеге көрсе­тетін ағаларымыз телефонға байла­нып, селфилетіп жүр. Оның орнына ұлағатты сөздер жазса әлдеқайда тәуір болар еді. Ол да дұрыс шығар. Олар да адам. Алайда, арбаның алдыңғы доңғалағы қалай жүрсе, соңы да солай бағыт алады емес пе? Осыны көкейімізге түйіп алуымыз қажет шығар.

Осы орайда, ғаламтор желісін көп қолданатын белгілі суретші Аңсаған Мұстафа өз ойымен бөліс­кен еді.

Жалпы жастардың арасында қазір «лайкомания» деген ауру бар. Олар өздеріне қызық дүние басқаға да қызық болуы керек деп ойлайтын сияқты. Әлеуметтік парақшаларға сурет салып, оған лүпіл басып, пікір жазу дегендердің барлығы да уа­қыт­ша. Ал енді оразада, жұма күні суретке түсіп, өздерін жария­лайтындар үшін әдет шығар. Рес­пу­б­лика бойынша «Суреттер сөй­лейді» деген көрме өткен, сонда мен ғаламторға байланысты біраз су­рет­тер салдым. Көпшілікке ұнаған сыңайлы. Сол жерде, әсіресе, бала тәрбиесіндегі аналарға арналған суреттерден-ақ біраз дүние түсінсе болады. Ал, мемлекеттік қыз­мет­кер­лерге келетін болсақ, олар ат­қарған жұмыстарын көрсету мақ­са­тында қолданатын секілді. Негізі, барлығы да уақыт өте келе қалады деп ойлаймын.

Жастар арасында насихатталып кеткен «селфидің» дерті үлкен жұл­дыздар шоғырына да келіп түсті. Демалыс орындарында, шетелде болып қайтқан сапарларын суретке түсіруді әдетке айналдырып алған жұлдыздар қатары қаншама. Ал әлеуметтік желі арқылы өз шығар­машылығын шыңдап, өзінің әнде­рімен қоса бейнебаяндарын парақ­шаға салуды қолға алған ата-баба ама­натын, яғни дәстүрлі әнді нақы­шына келтіріп орындап жүрген Гүлнұр Нұрасылованың пікірін білген едік:

Өз басым «фейсбукқа» осыдан екі жыл бұрын тіркелгенмін. Бірақ ешқандай сурет, видео салмай­тынмын. Ойламаған жерден өзімнің әнімді орындап, видеоға түсіріп, желіге салдым. Лүпілдер де басыл­ды, пікірлер де жазылды. Алғыс, қошемет айтылды. Өнерді бағалай­тын халық болғандықтан, көпші­лікке ұнағандықтан тағы да бейне­баяндар салдым. Достарым да кө­бей­ді. Жалпы, шығармашылығын ары қарай дамытамын деушілерге таптырмас тәсіл. Ал, енді таңның атысынан күннің батысына дейін суретке түсіп, «селфилетіп» жүр­гендер психологқа көрінулері керек шығар деп ойлаймын.

P.S: Уақыт – адам өмірінің баға жетпес құндылығы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Оны қалай пайдалану керектігі өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Ол бізбен санаспайды. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адам өмірінің қайратты да мүмкіндігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салыстыруға болады. «Көктемнің бір күні – жылға азық», – дейді халқымыз. Ендеше жастықтың бір күні – сенің бүкіл өміріңе азық деуге болады. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылған уақытты тұсыңа келгенде бас салмасаң, өтіп кеткеннен кейін қанша қусаң да жете алмайсың. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Дәл сол секілді түкке пайдасы жоқ «селфимен» айналысқанша өзіңе де, қоғамға да пайда беретін дүниемен шұғылданғанымыз әлдеқайда тиімді емес пе? Жоғарыда айтқан жарнамамыз дертке айналған уақытта техникамен емес, санамен ойлап, ақылмен саралағанымыз жөн.

Еңлік САҒЫНДЫҚОВА

 

Оқылды 301 рет

Күнтізбе

« Наурыз 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сайтта: 50 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане