logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 824

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 671

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 653

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 526

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 750

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 659

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 510

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 693

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 607

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 658

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 558

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 674

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Сенбі, 26 Наурыз 2016 14:12

Арқалап аманатын Астананың

 
Дауыс бер
(1 Бағалау)

4

«Той – қазына» дегендей, Қазақстан халқы биылғы жылды да айтулы мерекелермен бастап отыр. Мешін жылы аталып өтілетін қуа­ныштар қатарында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының ерекше орын ала­тыны рас. Осыған орай, қоңыр күзде келетін ұлтымыздың Ұлы мей­ра­мын на­сихаттау жұмыстары қазірдің өзінде кең көлемде жүргізіле бастады. Астанадан шығып, кең-байтақ Отанымыздың барлық аймағын аралап шық­қан «Мәңгілік Ел» пойызы күні кеше тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Пре­зи­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған өлкесі – Қарасай жеріне ке­ліп тоқтады.

Бұл күнгі наурыздың таңы Шамалған ауылындағы ша­ғын ғана теміржол бекетінде мерекелік қарбалас тіршілік­пен басталды. Қадірменді қо­нақтарды қарсы алуға ау­дан­ның ақсақалдары мен ақ жау­лықты әжелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкіл­дері, мұғалімдер мен мектеп оқушылары да келген екен. Тура белгіленген уақытта әде­мі етіп әшекейленген ар­найы пойыздан түскен Қазақ­стан­ның азаматтық альянсы ая­сын­дағы «Мәңгілік Ел» жал­пы­республикалық акциясы мүшелерін аналарымыз ұлт­тық дәстүр – шашумен қарсы алса, өнерпаз қыз-жігіттер әуе­лете арнау айтып, құрмет көрсеткен. Вокзал алаңында ұйымдастырылған салтанатты шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Ғалия Аманова алдымен мәртебелі мейман­дарды жер жаннаты Жетісу өл­кесіне аяқ басуларымен құт­­тықтады. Ел Тәуелсізді­гі­нің 25 жылдығына арналған бұл акцияның жастарды ел­жан­­дылыққа баулып қана қой­май, тұрғындарға меди­ци­на­лық, құқықтық, әлеуметтік тұр­ғыда көмек қолын ұсынып келе жатқанын тілге тиек еткен Ғ­а­лия Матанқызы ел тарихының шешуші де күрделі кезеңінде ұлтты ұйыстырып, болашақ ас­қар асуларға бастайтын ша­ра­ның маңыздылығына тоқ­тал­ды. Мемлекетіміздің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге, Ұлы Дала елінің жарқын да мәңгілік ғұмырын баянды ету­ге бағытталған Мәңгілік Ел тұ­ғырнамасы әрбір қарасай­лық­тың жүрегіне қонақтағаны шын­дық.

 

Қазақтың қандайда бір ізгі ша­расының қарияның бата­сын­сыз басталмайтыны анық. Қарасай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев берген бата да жи­налған жұртшылықты жі­гер­­лендіре түскен. Ақ батадан кейін сөз алған «Мәңгілік Ел» пойызының штаб басшысы Әміржан Әлпейісов Астана қа­ласынан Елбасының бата­сы­мен басталған акцияға қаты­су­шылардың 32 күннің ішінде Қазақстанның 14 облысында болып, 32 елді мекенде көпші­лік шаралар өткізгендерін, осы уақыт аралығында 52 мыңнан аса тұрғындарға түрлі дәре­же­де ақыл-кеңес беріліп, 33 мың адамға дәрігерлік кө­мек көр­се­тілгенін атап өткен. Ұлты­мыз­дың ұлы тұлғалары Қарасай, Райымбек, Наурызбай сынды батырлар мен рухани құнды­лықтарымызды қалып­тас­ты­руға өлшеусіз еңбек сіңір­ген дара дарындарды, қазақ хал­қының ғасырлар бой­ғы арма­нын жүзеге асырып, тәуелсіз­ді­гі­мізді баянды еткен Ұлт көш­басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың туған жеріне аяқ бас­қаны үшін қуанышын жет­кізген Әміржан Қайырұлы Тәуел­сіздіктің 25 жылдығына орайластыра өткізіліп отырған «Мәңгілік Ел» акциясының мәні мен мазмұны жайлы баян­дап берді. «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің атынан сөз алған Мөлдір Молда­ға­лие­ва «Мәңгілік Ел» жалпы­ұлт­тық акциясы еркіндікте өткен 25 жыл ішінде елімізде қол жет­кізген табыстарды айшық­тай отырып, халықтың бірлігін нығайтуға, жастарды жарқын болашаққа үндеуге бастай­ты­нын жеткізді. Шара барысында аудан өнерпаздары патриоттық әндерді әуелете шырқап, жи­нал­ған жұртшылықты әдемі әуенмен тербеді.

Алыстан ат арылтып келген мәр­тебелі меймандар осыдан кейін Наурызбай батыр ескерт­кішіне арнайы барып, даңқты бабаның басына гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады. Сон­дай-ақ, аудандық кітапханада жыр алыбы Жамбылдың 170 жылдығына арналған «Менің өмірім» атты кітап көрмесімен танысып, оқырмандармен кез­де­су өткізді. Шара барысында Әміржан Қайырұлы Астанадан бас­тау алған акцияның ат­қар­ған жұмыстарын жұртшы­лық­қа хабардар етсе, бас сарапшы Әбдімомын Асилов кітап­ха­на­ға арнайы алып келген кітап­тарын табыс етті. ҚР Ұлттық академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы Қазбек Қазкеновтың да айтары көп екен. Ол ға­лым­ға тән мәнерде аса биік өр­ке­ниетке жеткен мемлекеттерді та­бысқа бастаған ұлттық идея­лар жайлы әңгімеледі.

Қаскелең қаласындағы та­ри­хи-өлкетану музейі қонақ­тар­дың қызығушылығын ту­дыр­ғаны анық. Мұнда олар та­рихи жәдігерлермен танысып қана қоймай, Ұлт көшбас­шы­сы, еліміздің тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық, жастық шағының куәсі болған, бір сыныпта білім алған құрдастарымен сұхбат­тасуға да мүмкіндік алды. Сы­ныптасы Сайлаубек Қыдыр­алиев­тің Елбасының мектеп­тегі өмірі мен қоғамдық қыз­меті жайлы айтқан қызықты әңгімесі ешкімді бейжай қал­дырмады. Әрине, тарихи тұл­ға­лар­мен естелік суретке түсу де ұмыт қалған жоқ.

«Мәңгілік Ел» пойызымен сапарға шыққан жүзге тарта ма­мандар ел аралап, тәуелсіз­дікке тәу етіп қана қоймай, тұр­­­ғындарға жанды көмек көр­се­тіп келе жатқанын айттық. Осы орайда акция мүшелері халықтың әртүрлі мақсатты топ­тарымен кездесіп, әлеу­мет­тік көмек көрсету шараларын Қарасай ауданында да кең кө­лем­де жүргізді. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының орын­­далуы, зейнетақымен жә­не мүгедектерді жәрдемақымен қамтамасыз ету, құқықтық кө­мек көрсету, денсаулық сақтау саласы бойынша кеңес беру, білім беру мекемелерінің ұжым­­­дарымен кездесу, шағын және орта бизнес өкілдерімен сұх­баттасу, аудандағы этно­мә­дени орталықтардың жұмысы­мен танысу шаралары күні бойы толас таппаған. Ал кеш­кісін аудан өнерпаздары қадірлі қонақтарға арнап тамаша кон­церт қойып берді. Қасиетті Қа­расай жерінде осылайша же­міс­ті жұмыс жасаған «Мәң­гі­лік Ел» пойызының мүшелері келесі күні Алматы қаласына аттанып кетті.

Қуат Қайранбаев

Қарасай ауданы.

 

Оқылды 2057 рет

Күнтізбе

« Наурыз 2019 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сайтта: 59 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане