×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 158
Басып шығару
Сенбі, 26 Наурыз 2016 14:19

Жақсылықтың жарқын мейрамы

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

1Талдықорғандықтар Наурыз мерекесін тойлауға ерекше ден қойды. Қа­­ланың әр жеріне Наурыз нақыштарын білдіретін көрнекіліктер ілініп, ме­­рекеден алдын ала сыр шертіп тұрды. Биылғы мейрам Тал­ды­қор­ғанның көркіне көрік қосып, қайта жасалып, жанданған «Жастар» сая­ба­ғында алғаш рет ұйымдастырылды. Саябақ бүгінде қала жұрт­шы­лы­ғының демалатын, мәдени-көпшілік шараларды өткізетін орынға ай­налған. Оның ұлық мерекені тойлаудан басталуының өзі жақсы­лық­тың нышаны екендігі сөзсіз.

Мейрамның атшаптырым ау­мақ­ты алып, кең көлемде ұйым­дастырылғаны соншалық, саябақ маңындағы Қонаев көшесіне ақ­шаң­қан киіз үйлер бойлай тігіліп, мерекеден көрініс беріп тұрды.

 

Бұл күні облыс әкімі Аман­дық Баталов, ел ағалары бас­та­­ған топ қа­ла шетіндегі бұлақ­тар­­дың көзін ашып, бір-бір кесе мөл­­дір судан қанып ішті.

Жылма-жыл өткізіліп келе жат­­­қан «Бұлақ көрсең – көзін аш» атты дәстүрлі шарада Талды­қор­ған қала­лық ардагерлер ұйымы­ның төр­ағасы Мұрат Халық:

– Ұлыстың ұлы мерекесі

Нау­рыз құтты болсын,

Шаңырағымыз ырысты болсын,

Ақ мол болсын, Алла жар болсын, – деп батасын берді.

Бұдан соң алқалы топ «Жас­тар» саябағында өтіп жатқан мере­ке­ге бет алды. Ақ кимешек киініп, ақ тілегін ағытып, шашуын ша­шып, наурызкөже, ірімшік, жент, құрт, майын тосқан әжелеріміздің ақ пейілі де әлемді нұрландыра түс­кен­­дей. Киіз үй тіккен әр меке­ме ән-күйді шалқытып, салт-дәстүр­ден бір-бір көрініс көрсетті. Алты­ба­­қан құрылып, ұлттық ойындарға ерек­ше көңіл бөлінді. «Жастар» сая­­ба­ғында Наурыз мерекесіне ар­нал­­ған ән шырқалып, Б. Римова атын­­дағы облыстық театр әртіс­те­рі­нің қоюы­мен күн мен түннің теңел­­­­генін, Жер-ананың шапағат нұ­рына бө­лен­генін, көпшіліктің ор­тақ тай­қа­заннан көже ішіп, ал­да­ғы күн­нен жақсылық тілеп, бола­шаққа үміт­­пен қарайтындығын әс­пет­тей­тін театр­лан­дырылған көрініс сах­на­лан­ды.

Облыс әкімі Амандық Баталов көп­шілікті ұлық мерекемен құт­тық­тап, жүрекжарды тілегін ар­нады.

– Құрметті жетісулықтар! Қа­­дір­­лі қауым! Ұлыстың ұлы күні, бе­реке мен бірліктің бастауы, жыл ба­сы – Наурыз мейрамы құт­­­ты бол­­сын! Жақ­сылықтың жар­­қын ме­­рекесі – Наурыз тойын­­­да шын көңіл, ақ ниет­пен елі­мізге бақ-бе­реке, әр шаңы­раққа қуаныш тілей­мін. Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын! Жер жаннаты Жетісу жай­нап, гүлдене берсін!

Наурыз – жаңару мен жаңа іс­тің, ырыc пен ынтымақтың ал­тын ар­қауы. Елбасымыз Нұрсұл­тан Әбіш­ұлы айтқандай: «Дас­тар­қанға ақ то­латын, елге бақ қонатын, арай­лы шақ­­ты халқымыз – Ұлыс­тың ұлы кү­ні деп бекер ата­маған».

Күллі шығыс жұртына ортақ ме­­реке – Наурыздың тарихы тым те­­­рең­де жатыр. Күн мен түн теңе­­ле­тін, ыры­сы мол мереке жа­ны­мыз­ды шуақ­қа бөлейді.

Наурызда бұлақтың көзін ашып, ағаш еккен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар та­туласқан. Бұл күн – кешірім мен мейі­рімге, үміт пен сенімге толы ерек­ше күн.

Біз өткен жылы жасаған жұ­мы­сымызды саралап, келешекке жос­­пар құрамыз. Тәуелсіз еліміздің өр­кен­деп, өсуі жолында жаңа бас­та­ма­­лар­ға негіз қалаймыз.

Биыл – ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­­­дығын атап өтеміз. Айбыны ас­қақ, Көк туы көкте желбіреген Қазақ елі­нің болашағы жарқын, бақыты баянды.

Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды. Ұлты­на, діни сеніміне қарамастан Қазақ­стан­ды мекендейтін бар­лық ұлт пен ұлыс­тардың ортақ мерекесіне айналды.

Наурыз – бауырлас, туыстас, тағ­дырлас халықтарға ортақ, салта­натты той-думан. Наурыз – достық пен еркіндіктің мере­кесі. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл бола­ды деген наным бар. Ендеше, Тәуел­сіздігіміздің тұғы­ры берік болып, еліміздің қуаты арта берсін, – деді.

Наурыз мерекесін сыңғыр шол­­пы тағынған, бүрмелі көй­лек киін­ген аруларсыз елестету мүм­кін емес. Сұлулық пен ина­бат­тылық сайы­сы – «Наурыз аруы» байқауы­ның да жеңім­паздарын марапаттау осы мере­келі күнге тап келді. Сайыс­­та топ жарған он аруды об­лыс әкімі Амандық Баталов мара­пат­тап, бағалы сый­лықтар табыс етті. Барлық талап­тан шық­қан Же­ті­су мем­ле­кеттік универ­ситетінің студенті Шынар Ал­мат­қызы «Нау­рыз аруы» атан­ды.

Облыс басшысы «Жастар» сая­ба­ғына тал егіп, мерекеге орай ті­гіл­­ген киіз үйлер мен көр­мелерді ара­лады. Талды­қорған политехни­калық кол­леджі «Бет­ашар» дәстүрін көр­сетіп, шаңы­раққа құт-береке ала келетін келіннің орны қазақ үшін қас­терлі екенін білдірсе, «Нұр» мешіті «Балаға ат қою» рәсімінің маңыздылығын паш етті.

Өткен жылы дәл осы Наурыз мерекесінде Ө. Жолдасбеков атын­дағы экономика және құ­қық ака­де­миясы «Балаға ат қою» рәсімін өт­кізіп, жаңа туған сәби­ді Амандық деп облыс әкімінің есімімен атаған еді. Биыл бір жасқа толған Аман­дық­тың тұ­сау­кесері де көпшілік ал­дында өтті. Облыс басшысы тоқ ішек­пен, ел ағасы Әлихан Тойбаев көк шөп­пен тұсауын кесіп, об­лы­­сы­мыз­дың Құр­мет­ті азаматы Әлім­ғазы Райым­беков бата бер­ді. Жи­нал­ған қауым кіш­кен­тай Амандық­тың облыс әкі­мін­дей ел-жұртқа сыйлы, халық қа­мын ойлай­тын азамат бол­сын деген ақ тілегін ағытты.

Бұл күні жас отау тігіп отыр­ған Бо­та­гөз бен Нұрбектің неке қию рәсі­міне де көпшілік куә болды. Неке суын ішіп, мәңгі бірге болуға уәде­лес­кен жас­тарға облыс бас­шысы ақ ниетін біл­дірді. Еркін ауылдық ок­ругінің ұйымдас­ты­руымен өткен бұл рәсімде қыз ұзату, жас келін­нің отқа май құю дәс­түрлері де көр­сетілді.

Талдықорған құс фабрика­сының ұжымы «баланы бесікке бөлеу», об­лыстық кәсіпкерлер палатасы «тұ­сау­­кесер», «Тал­ды­­қорған жолдары фир­­ма­сы» ЖШС-і «қымызмұ­рын­дық», агро­­техникалық колледж «то­қым­­­қа­ғар», Өтенай ауылдық ок­ругі «қа­лау» дәстүрін ортаға сал­ды. І. Жан­сүгіров атындағы Жетісу мем­ле­кеттік уни­вер­ситеті айтыс жа­сап, ән-жырдан шашу шашты.

Қолөнер көрме­сіне ше­бер­лер қолынан шыққан ағаш бұ­йым­­­дар, құрақ көрпелер қо­йылды. Көр­кем­сурет мекте­бінің талантты оқу­шылары өз туын­дыларын жұрт­шы­лық наза­­рына ұсынды. Облыстық жастар сая­саты мәселелері басқар­масы қазақ күресінен сайыс өткізіп, жеңімпаздарға бағалы сый­лық­тар та­быс етті. Ұлттық мәдени орта­лықтар да Наурыз мере­кесіне үлес қосып, көрме жасап, ән-билерін тарту етті.

Мерекеге жиналған қауым эстра­­­­да жұлдыздары Құралай мен Мирас, «Арнау» дуэтінің, сондай-ақ, Сүйін­бай атындағы облыстық филар­мония, «Тал­ды­қорған әуен­дері» фольклор­­лық-этнографиялық ансамблі әнші­лерінің концертін тама­шалады. Міне, осындай ұлық мереке облы­сымыздың әр ау­да­­­нында аталып өтіп, Жетісу жұрт­шы­лығы әз Наурызды бар ықы­лас-пейілімен тойлады.

Алма ЕСЕНБАЕВА

 

Оқылды 2247 рет