logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 1311

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 1074

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 1061

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 876

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 1221

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 1207

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 833

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 1046

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 1011

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 997

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 874

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 1086

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
Сейсенбі, 19 Сәуір 2016 00:00

ӨҢІРДЕ ӨРКЕНДІ ІСТЕР ҚАНАТ ЖАЯДЫ

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

akimbrifing

Біз – арманы асқақ, мақсаты айқын мемлекетпіз. Келешек үшін құрылған көп бағдарлы жоспарымыз, болашақта бағындыратын биік межеміз бар.

Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ бес институттық реформаны жүзеге асыру бағытында “100 нақты қадамды” бел­гі­леп, ел игілігі үшін Ұлт жоспарын жариялады. Аталған жоспар аясында Қазақстан бар­­шаға ар­­налған қазіргі заманғы мемлекет ретінде қалыптасады. Кеше облыс әкімі Аман­дық БАТАЛОВ ақпарат жаршыларының алдында өңірде Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша баспасөз мәжілісін өткізді. Баспасөз конференциясын облыстың өңірлік ком­муникациялар қызметі ұйымдастырды. Оған республика мен облыстан 40 шақты ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, халық пен билік арасына алтын көпір орнатты. Брифингте облыс басшысы ел мүддесін арқалаған төртінші билік өкілдерінің индустрияландыру, көлік инфрақұрылымы, әлеуметтік жаңғырту, құрылыс, білім, туризм тақырыптарында қойған көкейкесті сауалдарына жан-жақты жауап берді.

Биыл – Қазақстан үшін атаулы жыл. Атап айтсақ, ғасырлар бойы ар­мандаған ең асыл құндылығымыз – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ата­лып өтеді. Облыс басшысы Аман­дық Баталов кіріспе сөзінде қазақ үшін ең қастерлі осынау азаттықты тілге тиек етті. Сонымен бір­ге, Ел­ба­сы жариялаған Ұлт жос­па­рын ал­ғаш іс жүзіне жүзеге асы­ра­тын уа­қыт та осы 2016 жылдың ен­шісінде тұр.

– Құрметті баспасөз мәжілісіне қатысушылар! – деді облыс әкімі сөз басында. – Елбасы атап өткендей, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» қазақстандық арманымызды орын­дауға, ХХІ ғасырда 30 көшбасшы ұлт­тың бірі болуға жол ашады. Жоспарды жүзеге асыру үшін об­лыс­тық комиссия және бес жұмыс тобы құрылды. Қазіргі әлемде қа­лып­тасқан жағдайға қарамастан 2015 жылды жақсы нәтижелермен аяқтадық, алға қойған міндеттер орындалды. Биылғы жылдың бірін­ші тоқсанында экономикада қол жеткізген қарқын сақталды. Негізгі басымдықты өндірістің төмен­де­меуі­не, жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың өмір сүру дең­гейін әрі қарай көтеруге аударамыз.

Баршаға арналған қазіргі за­ман­ғы мемлекет құрудың бірінші та­лабы – кәсібилік. Бұл туралы Ұлт жос­парының 1–15 қадамдарында жан-жақты айтылады. Облыс әкі­мі­нің айтуынша, жыл басынан бері тек төменгі лауазымдарға орналасудың өзіне 69 байқау жарияланыпты. Бар­лығы 29 адам мемлекеттік сынақ мер­зімінен өтіп жатыр. Атап өтейік, «Бес реформаны жүзеге асыру ба­ғы­тын­дағы 100 нақты қадамның» бі­рінші қадамында мемлекеттік қы­з­мет­ке қабылдау ең төменгі лауазым­дардан басталатыны туралы жа­зыл­ған.

Облыс басшысы журналистерге жасаған баяндамасында «ҚР Мем­ле­кеттік қызмет туралы» Заңын алға тар­тып, іскерлік қасиеттер, құзырет, же­ке қасиеттер, жұмыс тәжірибесі жайында айтып берді. Әсіресе, ел ара­сындағы ашықтық ерекше ба­қы­лау­ға алынған. Байқау коми­с­сия­ла­рына міндетті түрде қадағалаушылар қатысады. Ұлт жоспарында көр­се­тілгендей, мемлекеттік қызмет­кер­лердің еңбекақысы нәтиже бойынша төленеді. Осы орайда облыста «А» корпусында еңбек ететін қыз­мет­кер­лермен келісімшарт жасалып үлгерді. «Б» корпусының әкімшілік мем­ле­кеттік қызметкерлерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілді.

Ұлт жоспарының 8-қадамында жекешелендіру құқығынсыз қыз­меттік пәтерлермен қамтамасыз ету туралы айтылады. Амандық Ғаб­бас­ұлы бүгінгі таңда облыс бойынша 139 қызметтік тұрғын үй барын, Тал­дықорған қаласында арнайы 55 пә­тер­лі үй салынып жатқанын тілге тиек етті. Ал мемлекеттік қызмет­кер­лерді үш жылда бір рет тұрақты оқы­ту жүйесі бойынша жыл басынан бері 76 мемлекеттік қызметкер қайта оқытылып, алдағы тоғыз айда тағы 885 адам біліктілігін шыңдайды.

Қазіргі таңда қоғамның жегіқұр­тына айналған жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында өңірлік жоспар қабылданған. Барлық мемлекеттік ор­ган­дарда сенім теле­фон­дары ор­на­тыл­ды, бұқаралық ақпарат құ­рал­да­рында арнайы ай­дар­лар ашылды. Облыс әкімі Ұлт жос­па­ры­ның екінші бағыты «Заң үс­тем­дігін қамтамасыз ету» бойынша нақ­ты төрт салада жұмыстар жүр­гізіліп жат­қанын атады. Жыл ба­сында ғана об­лыстық, аудандық және қалалық жер­гілікті полиция қызме­ті­нің бас­шы­лары тағайындалды. Олар­ға 1976 штаттық бірлік ашылды. Өз­дерінің ережесі және құрылымы бе­кітілді. Барлығы 60 қызметтік авто­көлік са­тып алынды. Енді олар қо­ғам­дық тәр­тіпті, көшедегі тыныш­тықты қам­тамасыз етеді.

Өңір басшысы құқық саласына қатысты полицияның ашықтығын, «нөлдік төзімділік» мәселелерін мә­лім­деді. Бұл төңірегінде Ұлт жос­па­рының 29, 30 және 31 қадамдарында қо­зғалады. Нәтижесінде, облыстық ішкі істер департаментінің жанынан 8 адамнан тұратын кеңес беру-кеңесу органы құрылған. Олар халық пен құзырлы мекеме өкілдерінің арасына алтын көпір салып, өзара туындаған түсініспеушіліктерді шешеді. Әкім сөз арасында «Қылмыстық құқық- бұзушылық картасы» әзірленіп жат­қанын, жер-жерде орын алған қыл­мыстық оқиғалар бір аптадан кешік­тірілмей ғаламтор порталына енгі­зілетінін баяндады.

Ұлт жоспарының үшінші бағыты – ин­дустрияландыру және эконо­ми­калық өсім. Алматы облысы – аг­рар­лық аймақ ретінде экономикалық өсімге қол жеткізіп отырған өңір. Десе де ауылшаруашылығын да­мы­тумен ғана индустрияландыру мә­селесі оң шешімін таппайды. Сон­дық­тан, әр аудан инвестицияның игі­лігін көруі тиіс. Амандық Ғаббасұлы баспасөз мәжілісінің негізгі бөлігін дәл осы экономика саласына арнады. Әсіресе, жер қатынастары, құрылыс, фискалдық саясат, инвесторлар кеңе­сі, трансұлттық компанияларды об­лысқа тарту жұмыстарын атап өтті.

Қазіргі таңда облыста нарықтық айналымға енбей бос жатқан жайы­лымдық және суармалы мақсаттағы жер учаскелері көп. Бұл мәселенің шешімін облыс әкімі электрондық жер картасы арқылы тапқан. Яғни, қолданысқа енгізу үшін әрбір жердің аумағы қағазға түсіріліп, талдау жүр­гізіледі. Нәтижесінде пайда­ланыл­майтын 272,7 мың гектар жер анық­талды. Ең бастысы, бұл жерлер ендігі жерде бос қалмайды. Керісінше, ел игілігіне жұмсалады. Сонымен бірге, аукцион арқылы сатылымға шығады. Биыл 1 шілдеден бастап жерді жалға пайдаланушы тұлғалар 10 жыл мер­зімге бөліп төлеу, кадастрлық құ­ны­нан 50 пайыз жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Бүгінгі таңда 10 мың гектарға жуық жерді сатып алуға 211 өтініш келіп түскен.

Облыста құрылыс қарқынды жү­ріп жатыр. Әсіресе, облыс орталығы статусы бар Талдықорған қаласы тал-терегімен, тазалығымен, жаңа құры­лыс нысандарымен танымал. Елбасы жариялаған Ұлт жоспарында құры­лыс жүргізуді оңтайландыру мін­дет­тері де айтылған. Бүгінгі таңда об­лыс­та құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы жүйесі енгізілді. 46-қадам өңірдегі құрылыс нысандарын құжат­тандыру жұмыстарын екі есеге дейін қысқартты. Бұл қадам бойынша об­лыс­та мемлекеттік қызмет көрсетудің төрт регламенті әзірленді. Олардың ішінде жылжымайтын мүлікті анық­тау, қайта жаңғырту, шешім шығару және эскиздік келісім бар.

– Ағымдағы жылдың үш айында сәулет және қала құрылысы сала­сын­да 6-15 жұмыс күндері аралы­ғын­да 150 мемлекеттік қызмет көр­се­­тілді. Эскиздік жобаны келісу әрекеті 60-тан 15 жұмыс күніне дейін қыс­қар­ды. Сол аралықта 65 эскиз­дік жоба келісілді. Ал құры­лысқа рұқсат беру әрекеті элек­тронды хабарламамен ауыстырыл­ды. Құрылыс-жөндеу жұмыстары басталғаны туралы не­ба­ры бір күн­нің ішінде 191 хабар­лама қарас­ты­рылды, – деді Амандық Ғаббасұлы.

Әкім 56-қадам аясында мемле­кеттік меншікті жекешелендіру, қал­пына келтіру және банкроттық әре­кеттерді жетілдірілу бойынша да мәліметтер келтірді. 2014-2015 жыл­дары 6 кәсіпорын жекешеленіп, 2020 жылға дейін тағы 53 нысан мен­шікке өтеді. Сонымен бірге, қарыз­данған кәсіпорындар банкроттық әрекетке ауысқан. Бүгінгі күнде 8 кә­сіпорын банкрот деп танылып үл­герді.

Облыс әкімі электр энергиясы жайына да кеңінен тоқталды. Ал­ма­ты облысы – республикадағы электр энергиясын ең көп тұтынатын ай­мақ. Әсіресе, Алматы қаласы мен Алматы өңірін электрмен жабдықтап отырған «Алатау Жарық Компания­сы­ның» тұтынушылары көп. Соған қарамастан, осыған дейін облыста бірде-бір электр жетіспеушілігі оқи­ғасы орын алған жоқ. Жалпы рес­пуб­лика бойынша энергия бере­тін ұйымдарды ірілендіру көзделуде, бұл энергия үнемдеу сенімділігін арттыруға, электр энергиясын беру шығындарын және тұтыну құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Ұлт жоспарының «Индустриа­лан­дыру және экономикалық өсім» деп аталатын үшінші бағытын жүзе­ге асыруда инвестиция тарту жер­гілікті атқарушы органдардың не­гізгі міндеті болып табылады. Осы­ған орай облыста өңірлік Инвес­торлар кеңесі құрылды. Инвестиция тарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. «Бір терезе» қағидасы бойынша инвесторларға қызмет көрсету өңірлік орталығы жұмыс істей бастады. Облыс әкімі осы тақырып төңірегінде алдағы мамыр айында инвестициялық форум өткі­зі­ліп, оған отандық және шетелдік инвесторлар шақырылатынын айт­ты. Амандық Баталовтың сөзіне сүйенсек, мұндай форум қорытын­ды­лары қант қызылшасын дамы­туға, Алакөл маңайын дамытып, туризмді қолға алуға мол мүмкіндік бермек.

Баспасөз мәжілісінде облыс басшысы өңірдің өркендеуіне үлес қосып отырған кәсіпкерлерді ерекше атады. Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер туғанын, рұқсат беру құжаттары қысқарғанын, индустриялды аймақтарда жер телімдерін беру әрекеттері жеңілдегенін атап берді. Сонымен қатар, облыста ең өзекті жұмыстардың бірі транс­ұлттық компанияларды тартып, эко­но­ми­калық өсімге қол жеткізу болып саналады. Амандық Ғаббасұлының айтуынша, Жетісу жерінде ірі компаниялардың кәсіптік идея­ларын орындайтын орындар жеткілікті.

Елбасы бір сөзінде: «Қазақстан ше­тел­дік капиталсыз, оның ішінде жаңа тех­но­логиялар мен тәжірибесіз жылдам эко­но­ми­калық өсім мен жаңартуға қол жеткізе алмайды», – деп атап өткен еді. Облыс әкімі осы бағытта үлкен жұмысты бастап отыр. Игілікті бастама бүгінде өз жемісін беріп үлгерді. Облыс аумағында брендтік өнім шығаратын «Coca-Cola», «Danone», «Food­Master», «Knauf», «Efes», «TerraNOVA» сияқ­ты белгілі компаниялар жұмыс жасап жатыр.

2015 жылы трансұлттық компания­лар­дың қатысуымен Қарасай ауданында фин­ляндиялық «Tikkurila» лак-бояу зауыты ашылды. Ал «Danone» және «Coca-Cola» өз өндірістерін дәл осы Жетісу жерінде кеңейт­ті. Әкімнің бұл бастамасы Елбасы бекіткен Ұлт жоспарының 55-қадамында айтылған. Ол жерде Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы және экспорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 тран­сұлттық компанияны тарту көзделген. Дәл осындай әлемдік компаниялар арқылы Қазақстан, оның ішінде, Алматы облысы өз өнімдерін нарыққа шығарып, сапасын арттыра алады.

Облыс әкімі баспасөз мәжілісінде әлемд­ік компаниялармен еншілес болған ірі отандық өндіріс орындарын атады. Бүгінде барлығы 32 өндіріс ошағы Елбасының Ұлт жоспары негізінде әлемге өз аттарымен танылып үлгерді. Біздің облыстан атасақ, абыройлы тізімнің ішіне төрт тағам өнер­кәсібі кірді. Олар –«АлельАгро» АҚ, «Galans Bottlers» АҚ, «АПК «Адал», «RG BRANDS Kazakhstan» ЖШС-тері.

Ұлт жоспарының 60-қадамы ауылда кооперацияны дамыту арқылы сүт өндіру және өңдеуге стратегиялық инвесторлар тартуды көздейді. Облыста 680 мың тонна сүт өндіріледі, оның 85 пайызы жеке ауыл- шаруашылықтарына тиесілі. Бүгінде осы салада «FoodMaster» және «Danone» екі трансұлттық компаниясы жұмыс жасайды.

Ал Алакөл ауданында «Қайыңды» ЖШС-мен бірге заманауи тауарлы-сүт фер­маларының құрылысына және қуаты тәу­лі­гіне 100 тонна болатын сүт өңдеу зауы­ты­ның құрылысына Германиядан «Agrial» ин­весторы тартылды. Қазіргі уа­қытта 5 гектар көлемдегі алаң дайындалды. Атап өтейік, Іле ауданында ҚР Ауыл­шар­уа­шы­лық ми­нистрлігінің бастамасы бойын­ша 24 шаруа қожалығын біріктірген 1480 басқа арналған кооператив құрылды.

Ел экономикасын өрге бастыратын келесі саланың бірі – ет өңдеу. Ет экспорттау – облыстағы ең іргелі жұмыс әрі аграрлық сала болғандықтан мүмкіндік те мол. Облыс басшысы 61-қадамдағы міндеттерді айтып өтіп, журналистерге мал шаруа­шы­лы­ғын­дағы басымдықтарды түсіндіріп берді. Ес­керте кетейік, Ұлт жоспарының 61-қа­да­мында дәл осы ет өндірісін өркендету үшін стратегиялық инвесторларды тарту жүк­телген.

Әкімнің айтуынша, үстіміздегі жылы 16,9 мың басқа арналған 12 бордақылау алаңы іске қосылады. Екі ет өңдеу зауы­тының құрылысы басталады. Олар – қуаты 8 мың тонна болатын ирандық «Империя Фуд» компаниясы және Қарасай ауданында қуаты жылына 10 мың тонна болатын «Үміт» ЖШС. Нәтижесінде жыл қоры­тын­дысы бойынша ет өндірісі 14,6 мың тоннаға артады. Сондай-ақ, облыс басшысы Пан­филов ауданындағы «Жаркент Фрукт» ЖШС «Ордабасы» корпорациясы инвес­торымен бірге 1000 гектар алаңға және «Raimbek Group» Ұйғыр ауданының «Алма Продэкс» ЖШС-мен бірге 150 гектар аумақ­қа бақ отырғызатынын айтты. Ал Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылында «Керуен» агрофирмасы неміс экотехнологиясы бойын­ша алма өсіру, сақтау және өңдеу жөніндегі кластер құрады әрі ағымдағы жылы бақтар алаңы 600 гектарға жеткізіледі. Әкімнің сөзінше, облыс инвесторлардың игілігін кө­ріп отыр. Мәселен, көршілес Қытай елімен, Иран, Кипр инвесторларымен 8 жобаны жү­зеге асыру мәселелері пысықталған. Оның ішінде энергетика саласындағы үш жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ іске асыра бастады.

Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі –туризм. Бұл туралы 57-қадамда жан-жақты айтылған. Облыс бас­шысы туризм саласында стратегиялық ин­весторларды тартуға қатысты «зәкірлі» жобалар тізіміне «Ақбұлақ» халықаралық туристік орталығы кіргенін мәлімдеді. Жобаны жүзеге асыру аясында Талғар ауданында «Ақбұлақ» шипажай-сауықтыру кешеніне апаратын «Бірлік – Алмалық – Рысқұлов – «Қазстрой» – Ақбұлақ» авто­жолының құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, Алакөл көлінде жағажай және сауықтыру туризмін дамыту үшін «Falcon Petroleum», «AQUAMARINE resort» ЖШС, «Каримов» жеке кәсіпкерлігі инвес­тор ретінде тартылған. Олар 400, 500 және 300 орынды қонақүй кешендерін салуда.

– Біз үшін 65-қадамның маңызы зор, оның аясында Еуразиялық транскон­тинен­тальді дәліз құру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда. Оның Қорғастан Ақтау портына дейінгі екінші бағыты облысымыздың ау­мағы арқылы өтеді, – деді Амандық Ғаб­басұлы журналистерге. – Қытай шека­ра­сында 2015 жылдың желтоқсанында «Қор­ғас Шығыс қақпасы» құрғақ портының бірінші кезегі іске қосылды. Мұнда 47 мың контейнер тасымалданды. Ағымдағы жылы 200 мың контейнерді өңдеу жоспарлануда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы ұзындығының 304 шақырымы «Алматы – Қорғас» тасжолының еншісінде. Сонымен қатар, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша екінші жартыжылдықтан бастап Тал­ды­қор­ған – Өскемен және Үшарал – Достық автожолының құрылысы басталады.

Облыс басшысы әлеуметтік жаңғырту жұ­мыстарына да тоқталды. Оның ішінде бас­тауыш білім бағдарламаларын сынау 2015 жылдың 1 қыркүйегінен Талдықорған қа­ласының №10 және Панфилов ау­да­ны­ның Х. Хамраев атындағы орта мек­теп­те­рінің бірінші сыныптарында басталғанын айт­ты. 2013-2014 оқу жылынан 1-сынып, ал 2015-2016 оқу жылынан 1-3-сынып оқу­шы­ларына ағылшын тілін оқыту енгізілді. Үш тілде оқытатын дарынды балаларға ар­нал­ған мамандандырылған 5 мектепте жа­ра­ты­лыстану-математикалық пәндер 7-сы­ныптан бастап ағылшын тілінде оқы­тылады.

Облыстың денсаулық сақтау саласында 80, 81, 82-қадамдардың аясында міндетті медициналық сақтандыруды, корпоративтік басқару қағидаларын енгізу, жекеменшік медицинаны дамыту көзделуде. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойын­ша «Жол картасы» әзірленді. Мұндағы негізгі міндет – өз ісімен шұғылданатын ха­лықтың кірісін заңдастыру болып табы­ла­ды.

Қазақстан есеп беретін мемлекетті қа­лыптастыруды жоспарлап отыр. Бүгінде ҚР Премьер-министрі мен облыс әкімі ара­сында 7 шешуші нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөнінде меморандумға қол қойылды. Қолданыстағы бағдарламалар оңтайландырылды, олардың саны екі есеге қысқарып, қазір небәрі 13 бағдарлама қалды. Облысты, аудандар мен қалаларды дамыту бағдарламаларының нысаны жеңіл­детілді. Әкім өз сөзінде облыс пен аудан, қалаларда 20 қоғамдық кеңес құрылғанын, өзінің облыстық кеңестің алдында есеп бергенін атап өтті. Облыстық қоғамдық кеңесте қызмет бағыттары бойынша 5 комиссия құрылды. Бүгінге дейін 3 отырыс өткізіп, 96 нормативтік-құқықтық актілер қарастырылды.

– Құрметті журналистер! Бүгін мен Ұлт жоспарын орындау жөніндегі жұмы­сы­мыз­дың негізгі бағыттарына тоқталдым. Алда өте ауқымды жұмыс күтіп тұр. Ал­ды­мыз­дағы мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын, – деді Амандық Ғаббасұлы сөз соңында.

Қуаныш Тұнғатар

Оқылды 886 рет

Күнтізбе

« Қыркүйек 2020 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Сайтта: 219 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане