logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 580

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 490

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 486

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 370

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 538

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 469

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 367

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 547

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 479

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 505

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 441

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 523

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
Сенбі, 30 Сәуір 2016 00:00

Жүрек жылыуы

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

beka2

«Тағдыр тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу мақса­тын­да жолға шық­тық. Жүйт­­­ки жөне­ліп, діт­теген жері­мізіге де келіп жеттік. Қаланың өкпе қысар тар ауасынан бо­са­­ған­ соң құша­ғымызды кеңге ашып, киелі ауылға ке­ліп, көңіл сарайымыз рахат­танып қал­ды. Кер­бұлақ ауданы, Алтын­емел ауы­лында көше бой­лап Берік­жан Жұмаділовтің ша­ңы­­рағына тоқ­та­дық. Үй іші ала­көлеңке. Түп­кі бөл­меде кіш­кентай бүлдір­шін­дермен бір­ге тігін машина­сының дау­сы шы­ғып тұр. Үйдің салқын­дығынан дене тоң­ғаны­мен жара­сым­ды әңгі­ме­мізден көңіл жы­лын­­ды.

Бойындағы ерекше байсал­ды­лығы мен сабырлығы үндес­кен кейіпкеріміз қойған сауал­дары­мызға байыппен жауап қатып отыр­ды. Қытымыр қыста дүние есігін ашқан ол осы маңға жақын Тасты­бастау ауы­лында ержетеді. Отба­сында сегіз ағайынды. Әке-шеше­сінің бойына сіңірген тәрбиесінің арқасында қазіргі кезде барлы­ғы тату-тәтті күн кешуде. Бас­тауыш сыныпты тәмам­да­­ған­нан кейін Алтынемелдің интер­натында жа­тып білімін шың­дайды. Осында мектеп аяқтап, Отан алдын­дағы борышын өтеу үшін әскерге аттана­ды. Ол жақтан оралған бойда бір­ден білек түре жұмысқа кіріседі. Өкініштісі, жан бағыстың қа­мы­мен шапқылап жүргенде тоққа түсіп, екі қолынан бірдей айырылады. Бастан өткен сол бір оқиғаны үлкен қынжы­лыспен баяндап берді.

Не керек, екі қолға бір күрек деп істей алатын шаруа­лардың барлы­ғын жасап жүр­дім. Элек­трик бір кісінің ор­нын­да жүріп, осындай жағ­дайға тап болдым. Тоққа түсіп, екі қолымның сүйегі күйіп кет­ті. Амалдың жоқты­ғынан кесу­ге тура келді. Мұның бәрі ең әуелі білместік пен білім­сіздіктен орын алды. Одан бері 16 жыл өтіп кетіпті. Шыны керек, мен осы жағдайды есіме алғым да, айтқым да келмейді, себебі, жүрек­ке ауыр тиетін, салма­ғы басым. Адамдар да менен көп сұрайды. «Қайтесің» деп қысқа қайыра саламын да жөніммен кете­мін, – деп біраз үнсіз отырып қалды. Сәл үзіліс­тен соң әңгіменің жібін қайта жалғады: – Мен тоққа түсіп ауру­ханада жатқанымда қа­сым­да Ма­ға­уия деген жігіт бірге болды. Сол кезде өзімді-өзім тастап жібердім, рухым да бірден құлап қалды. Жағ­дайым­ды сұрай әке-ше­шем, туған-туыстарым келіп жат­қанда қаба­ғымды тас қатып, теріс қарап жатып алдым. Сондай қиын кезде жұбатудың орнына маған Мағауия ұрыс­ты, ұрысқанда да кәдімгі үлкен кісілерше сүйегімнен өткізіп тұрып сөгіп алды. Қарап тұр­сам, не туы­сым емес, не жақы­ным емес, мен сияқты ауруы­мен келген біреу. «Сен бүйте берсең адам бол­май­сың» деп жүріп, бір жарым айдың ішін­де қайта адами қалпыма келуі­ме себеп­ші болды. Мағауия сол жерде болма­ғанда кім біледі, мен осылай оты­рар­мын ба, жоқ па? Оған Алла разы бол­сын, – деген сөздерінен ерекше ризашылық пен алғыстың лебі есіп тұрды.

«Бас екеу болмай, мал төр­теу болмайды» деген халықтың ұстаны­мымен осы оқиғадан кейін 2 жыл өткен соң Берікжан шаңырақ көте­реді. Тағдыр тақ­та­сында жазылып, маңдайына бұйырған жан жары Айна­мен отасып, екі жарты бір бүтін болады. Алғашында қос қолы­нан айырылған жарымкөңіл жігіт бір­түрлі күй кешкені рас. Бірақ жан жары Айна оны қайрай білді. Ешқа­шан мүсір­кемейді, керісінше, 12 мүшесі сау адамдай қабылдады. Осы­лайша, бір-бірін барынша түсі­ніскен қос жүрек, іздемесе тұра алмайтын хәлге жеткен. Берік­жанның осынша қиыншылыққа төзе біліп, алға қарай ұмты­луына, күресе жүріп талпы­нуына итер­меле­ген жандардың бірі Мағауия болса, екіншісі Айна. Айнаға қосылғаннан кейін намазға жығылып, өмірге деген құштарлығы одан бетер арта түскен. Осы екеуінің есім­дерін атаған сайын жүзі нұр­лана түседі. Міне, отау құрға­нына 15 жыл болған алтын құрсақты Айнасы 5 баланы дүниеге әкелді. Бүгінде солар­дың амандығы үшін, ауыз­дарынан жы­рып, күні-түні еңбек етіп келеді. Тастыбастау ауы­лынан Алтын­емел­ге көшіп келгелі бері 4 жыл уақыт өтіп­ті. Себебін сұраған едік, терең дем алды да, баяу ғана жауап қатты:

Ең алдымен, ол ауылдағы үйіміз тұруға жарамсыз бо­лып қалды. Содан соң ол жақ­та тек бастауыш сынып қана оқытылғаннан кейін балала­рым осы ауылға келіп, білім алып жүрді. Біздің кезіміз­дегідей интернат болмаған соң автобуспен тасымал­дайды. Соларды уайымдап, тыныш отыра алмаймыз. Өзімнің жиған-тергенімді қосып, әке-ше­шем мен ағайын­дарым бірігіп осы үйді алып берді. Бес мың долларға алған бұл үйдің де сапасы сын кө­тер­мейді. Сатып алғалы бері төбе­сін ауыс­тырып үлгердік. Жылыту қондыр­ғылары әлі күнге дейін орна­тыл­­маған. Қабырғаның жұқалы­ғымен қоса дұрыс сыланбағанынан үйіміз суық. Қазір адам жал­дап қайта сылатып жатыр­мыз. От жағамыз жылы­майды, болашақта жылыту қондырғыларын орнат­қым-ақ келеді. Оның үстіне, бұл жақ­та қыс ұзаққа созылады. Күні-түні жел үрлеп тұра­тыны тағы бар, балаларым да әлі кішкентай. Басқа жаққа кө­шіп кет­кім-ақ келген еді. Бір­ақ, оған жағ­дайым келмеді. Жыл сайын ақырын-ақырын осылай құрылыс жұмыс­та­рын жүргіземін. Үйге жаса­лып жат­қан құрылыс жұмыс­тары да қолды қысқартып тұр, – деп тұрағы туралы біраз сыр шертті.

Мемлекеттен айына көмек ретін­де жәрдемақы алады. Оның ішінде: мүгедектігі, жұбайына қарағаны үшін, малы мен дүниесі жоқтығы бар. Соңғы кезде өкіметтен рұқсат алып, бір сиыр ұстап жүр. Қазіргі ермегі сол – жал­ғыз сиыры. Күзде бұзауын сатып, бала-шағасына ала­тын киім­деріне жамау қылады. Өткен жылы зайыбына екеуі «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан тігін машинасын алған екен.

Басында құрақ құрап, көрпе тіктік. Өкінішке орай, ол баста­ғанымыз іске аспай, шығынды ақта­мады. Екі ай­дан бері перде тігіп жатыр­мыз. Бір кісіден қарызға қара­жат алып, тәуекелге бел буд­ық. Керек-жарақты Алматы­дан алып келеміз. Әйтеуір, тіккен­деріміз шай-тұзы­мыз­ды ажыра­тып тұр. Бірақ, 5 балаға бірдей жете бер­мейді. Ары тартып, бері тар­тып, жеткіземіз әйтеуір. Ара­сында Шеңгелдіден пияз алып келіп саудалаймыз, – деп ша­ғын кәсібін нәсібіне айнал­дырып отырға­нынан хабардар қылды.

«Статистикаға сүйенсек, қазіргі кезде ажырасушылар көптеп кезде­седі» деп кейіп­кер назарын қоғам­дық мәсе­леге де аудардық. «Сондық­тан отбасының берік болу үшін ең алды­мен не керек» деген сауа­лымыз да жауапсыз қалмады.

Отбасы керегесінің берік бо­луы үшін ең алдымен сабыр­лық керек. Үй болған соң ыдыс-аяқ сыңғырламай тұрмайды. Арамызда түсініс­пеуші­лік пай­да болып, жан­жал туын­­даса, мен шығып кетіп қала­мын. Мен ашу­лансам ол кісі шы­ғып кетеді. Ашуы­мыз басылған соң бір-бірі­мізден кешірім сұрап, кемші­лігімізді ұғынып жатамыз. Ол кісі ұрыс­қан сайын мен де ұрыс­сам оның арты жақсы­лыққа апармай­ды. Түбі ажырасуға алып келе­тіні айтпаса да тү­сі­нікті. Ашу деген уа­қыт­ша нәрсе тез ке­ліп, тез кететін. Сол себеп­ті, көп ашуға бе­ріл­мей, са­быр сақтауға тыры­самыз, – деп қысқа қайыр­­­ды. «Әке көрген оқ жо­нар, шеше көрген тон пішер» деп сұхба­ты­мыз­дың ауылын тәрбиеге бұрған едік, кейіпкеріміз іліп әкетті.

– Ата-бабамыз ер­те­ден ислам дінін ұс­тан­ғаны барша­мызға аян. Сондықтан мен шариғатқа және қазақы салт дәстүр мен ырым-тыйым­дарға сүйеніп, балаларымды тәр­бие­леймін. Шеге қағу, отын кесу, су әкелу деген жұмыс­­тар үлкен ұлым­ның мойнында. Диа­сым 4-сы­нып оқитын бала болса да, 10,11-сынып оқитын бала­лардың шаруа­сын атқа­рады. Мектептегі мұға­лім­дер де балаларымды мақтап жа­та­­ды. Кіші балам Ілиясты спорт­­қа берсем деген арманым бар, бірақ біздің ауылда спорт­тық үйірмелер жоқ. Жақын маңда Сарыөзек пен Қоғалыда бар, оған барып келудің өзі біраз уақытты алады. Сондық­тан 1-2 жыл Шеңгел­дідегі әпкемнің қолына берсем деген ойым да жоқ емес, – деп жос­пар­­лары­мен бөлісті.

«Қазақ ежелден жауынгер халық, басынан небір зұлмат замандар өтті. Ашаршылық пен соғыс жылдарында да қазақ көп балалы отбасы қағи­дасын сақ­тады. Қазіргі кезде сондай отбасылардың қарасы азайып бара жатыр», – деп көп балалы әкенің пікірін естімекке ниет­тендік.

– «Бір қозы артық туса, бір жусан артық өседі». Әр бала­ның өз несібесі бар. Солардың ішінде біреуі ғалым болып бүкіл әулетті көтеріп алуы мүмкін. Сондықтан, баладан бас тар­туға болмас, жеріміз кең, хал­қы­мыздың саны аз. Әйтеуір жан бағыстың амалы табы­лады. Әзірге кенжеміз Ақерке, Алла нәсіп етсе тағы перзент сүйгім-ақ келе­ді, – деп ағынан жарылды. Әңгіме­ден әңгіме туып, өткен шаққа қайта саяхат жасадық. 1994-1995 жыл­дары Шеңгелдіге жұмысқа барған көрінеді. Ол кезде аяқ-қолы балға­дай. Сол жерде Серік Үшкем­піров деген жігітпен танысқан. Қолын созып аман­дасқан еді, оның оң қолы жоқ болғасын, сол қолы­мен қиса­йып сәлемдеседі. Көлікке пияз тиегенде жолдасы екеуі бір қапты бірігіп көтеріп жатса, Серік болса бір қолымен сол қапты өзі жалғыз лақтырады. Уақыт өте келе Серік өзінің жеке шаруашы­лығы­мен айна­лы­сады. Қазір ол мектеп пен мешіт­ке, жағдайы жоқ отба­сыларға көп көмек береді. Әсіресе, күз келіп оқу бастал­ғанда. Сонда­ғы айтпағы мынау: «Жақында мүгедектермен кез­десу өтті. Сол жерде көзі көр­мейтін, құлағы естімейтін, жүре алмайтын адам­дар­ды кездес­тірдім. Сөйттім де бірден тәу­беге келдім. Сондықтан әрбір адам күн сайын шүкір етіп, тәубеге келу керек. Алла берген 12 мүшені тек жақ­сылыққа пайда­лану керектігін ұғын­дым», – дейді терең ойға шо­мып. Өзі де протез салдыр­мақшы болған, алай­да, жеті мың дол­ларлық құрылғыға оның қолы жетпеді. Жатып алмай өзі де күрек­ті иығына қысып алады да, малдың астын тазалап, есік алдын сыпы­рады. Осыларды баян­дай келе тағы да келешектегі мақса­тына тоқта­лып өтті.

– Қазір интернеттің дамы­ған кезі. Біз де тігетін перде­мізді сол жақтан қарап, үйре­неміз. Осы кәсібіміз алға басса, ауылды жер­де тұрағымыз болғаннан кейін бала­ларым ержеткен соң мал ұстағым келе­ді. Осылайша Алла­ның берген аманаты – ұлымды ұяға, қы­зым­­ды қияға қондыру басты мақ­са­тым. Үлкен азамат бо­лып өсіп халыққа адал қызмет еткендерін қалаймын, – деп үміт ұялаған көзімен терезеге ұзақ қарап отырды.

Біз де осы бүлдіршіндердің болашағын бір сәт көз алдымызға елестеттік. Берікжан Жұмаділовтің шаңыра­ғымен танысқан соң шаруасының алға басқанын шын жүректен қалап, бала шағасының аман-есен өсіп-өнгенін тіледік. Келген бағытымызға кері қайтып барамыз. Алдымызда ирелеңі көп жол. Иә, өмірдің өзі сол жолдардан тұрады емес пе?! Күресесің, талпынасың, күн кешесің...

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Оқылды 710 рет Қайталау: Жұма, 29 Сәуір 2016 12:57

Күнтізбе

« Маусым 2018 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сайтта: 126 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане