logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 642

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 559

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 542

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 407

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 608

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 523

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 411

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 605

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 517

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 579

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 483

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 571

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
Сенбі, 30 Сәуір 2016 00:00

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

ali60baevТарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастырар өнердің өрті – ән мен күй. Бағзыдан тартсақ, Жошының өлімін естірткен, Қорқыттың зарлы күнін ғасырлар көшінде күресінге қал­дыр­май бізге жеткізген күй құдіреті болса, мәңгілік тағдыры таң­дандырады. Сал-серілер мен кешегі Үкілі Ыбырай, Мәди, Жаяу Мұсаның салған әні де өмір­шеңдігімен ел мұрасына айналды. Ал «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмшінің туында­ларының өзі бір кітапқа жүк боларлықтай. Бұл қазақтың ғажайып өнерінің көшін аспан­датқан адуынды да айбарлы перзенттердің еткен еңбегі мен төккен терінің нәтижесі. Өміршең өнердің өртіне күйіп, аязына қақ­талып, саң­лақ­тардың сара жолын жалғап жүрген жан­ның бірі – бүгінде алпыстың асуына шыққан компози­тор Әли Алпысбаев.

Әли Демегенұлы Алтыбайт тауының баурайындағы Мәулімбай деген ақын­ның ауылында, қарапайым отбасында дүниеге келген. Асқар таудай әкесі Демеген жылқышы, анасы Сұлу бала тәрбиесімен айналысқан қарапайым әйел. «Арғы үрім-бұтағымызда өнер адамдары болмаса да, маған ерекше дарын жұғысты болып­ты», – деп айтуына қарағанда, Әли бір әулеттің жарқ ете қалған жасыны, жалт еткен асылы. Туған жерге байланысты адам бойына дарын бітетіні әлімсақтан белгілі. Оның бір ғана мысалы, Хан-тәңірдің баурайында, Елшенбүйректің етегінде өмірді олжалаған Мұқағали тау ұлы болғандықтан мұзарт таудың мұзба­лағына, қазақтың ақиық ақынына айнал­ды. Ал Әлидің кіндік қаны тамған жерде екпіндей соққан желден қызыл кұмы күй таратқандай саз ойнатып, ән әуелейді де тұрады. Сол себепті де оның қазақтың осынау бір құнды музыка өнеріне жақын болмауы мүмкін емес. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді», – деп айтқан А. Затаевичтің осы сөзінен кейін, сазды пұшпақта өмір есігін ашқан Әлидің композитор атануы да табиғи заңдылық болса керек-ті. Ал қызыл құмы­ның өзі сырнайлата сұлу әуен туды­рып, жас талантты өзіне құмартса, кейін­нен сазгер кең даласының дүбірін «Дала», «Әке арманы», «Құлагер», «Элегия» атты оркестрге арналған поэмаларына арқау ете білген. Сөйтіп, Жер-анаға деген перзенттік борышын музыкалық аспап­тардың пер­несінен іздеп, мәңгілік ескерт­кіш орнатты десек де болатындай.

Туған жерге деген теңдессіз сезімнің жөні бөлек. Сол мекеннің киесін ұғынып, қасиетін түсінудің өзі ерек әңгіме. Ал сезім атаулының бәрін жүрек сүзгісінен өткізіп, өлмейтін де өшпейтін тақы­рыптарды домбыраның ішегіне, қобыз­дың шанағына сала білу, сазгерліктің сан азабын татып, сыры мен сыны кетпейтін саз туындатудың машақатына төзу үлкен махаббаттан туыныдаса керек. Осы жолға тұтас өмірін арнап келе жатқан Әли:

– Мен сазгерлік, жалпы музыка өне­ріне төтеден килігіп, тосыннан қосылған жан емеспін деп білемін. Ақ жөргекке әнмен оранып, күймен буылып, тал бесікте ана әлдиін тыңдап өстім. Құлын­дай құлды­раңдап өскен шағым бүгінге дейін көз алдымнан кеткен емес. Сол кездегі ауы­лым­ның әжелері салған тама­ша әуендер әлі де құлағымда жүр. Осы­ның өзі әнге әуес, күйге құмар болып өскендігімнің айғағы. Сол себепті, қазақ­тың өрт өнері һәм мәрт өнеріне кездей­соқ келмедім деп айтуға тұтастай құқым бар, – деген сөзінің өзі музыка өнеріне тумысынан бейім болғанын аңғартады. Сол бір жүрек­ті кернеген құштарлықпен Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы Мәде­ниет инсти­тутына түсіп, оны ойдағыдай бітірген соң, музыкалық білімін Алма­тыдағы Құр­манғазы атындағы консерва­торияда жетіл­дірген. Консерваторияның оркестр дири­жері класында Қазақстан Республи­касы­ның еңбек сіңірген әртісі, профессор Жалғасбек Бегендіковтен, аспаптар кла­сында Ерсайын Басықараевтан дәріс алған. Кейіннен Талдықорған қаласы Мәдениет сарайының жанындағы «Ал­тын дән» ансамбліне дирижер әрі көр­кемдік жетекші болуымен қатар Қанабек Бай­сейітов атын­дағы саз колледжінде, сондай-ақ І. Жан­сүгіров атындағы Жетісу мем­лекеттік университеттің ән және музыка факуль­тетінде ұстазтық етіп, дәріс берген. Өмір жолы мен атқарған қызметін жіпке тізген­дей етіп, шығармаға арқау етсек көп-ақ. Қысқаша айтқанда, қазақ үшін сіңірген еңбегі ерен.

Бүгінгі таңда І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының директоры қыз-­метінде. Өнер ордасындағы өзі басқарған ұжымды қанаттандырып қана қоймай, талай белестерге бастап шыққан басшы. Алпысты алқымдаған ел ағасының бағын­дырған асуларының өзі бір кітапқа арқау боларлықтай. Оған дәлел, былтыр Ел­ордамыз Астанада өткен VI респуб­ли­калық «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған кон­курс­тың «Қазақ хандығының 550 жыл­дығы және Қазақстан халқы Ассам­блеясы жылы аясында халықтар достығын бейне­лейтін ірі және кіші көлемді ең үздік музыкалық шығарма» номинациясы бойын­ша «Ор­бұлақ таңы» шығармасы үшін Әли Алпыс­баев Гран-при иегері атанды. Сондай-ақ, Астана қаласы мемлекеттік филармо­ниясының қазақ халық аспаптар оркестріне дирижерлік етіп, кешегі Нұрғиса Тілендиев сынды тұлғалар салған сара жолдың саңлағы екендігін де тағы бір дәлелдеп қайтты. Бұл әрине, бір ғана жетістігі. Саз өнерінің сайыпқыраны қонған тұғыр мен өткен ғұмырындағы қиған мәресіне жеке­лей тоқталмай, осы бір бәйгені мысал ету, көзі қарықты оқырманға Әли ағаның дарынын даралап беруге жеткілікті десек артық айтқандық болмас.

Қоғамның келеңсіз тұстарын шығар­масына арқау еткен алдыңғы толқын қаламгерлер, ұрпақтың одан аулақ болуын қалағандықтан ашына жазып, баса айтып жүргені белгілі. Ал өнер жолындағы өзекті мәселелер де жетіп артылады, ол дерттің бірі серілер мен саздың сайып­қаран­дарынан бізге жеткен ән өне­ріне жұққалы қашан. Той-думанда қалта­сын ақшамен қампиту үшін жиынға арналған жын-ойнақтың даңғаза әнін жазып жүрген сазгерлер саны жетерлік. Мұны көзімен көріп, көкейіне түйіп жүрген Әли Деме­генұлы:

– «Ауылдағы той» деген әнді алғаш­қылардың бірі болып мен жазып едім. Алайда, жиындарда әнім шырқалсын деген мақсатта емес, тойшыл халқымның игілігіне жарасын деп. Хәкім Абайдың 150 жылдық мерейтойы осы әніммен ашылған болатын. Кез келген думанның сәні мен мәні бола білген бұл ән әлі күнге дейін шырқалып келеді. Қазіргі қаптап кеткен той әндерінің бейнебаянына, шумақ­тарына, әншілердің орындау мәнеріне қарап, сауаты шамалы екенін сезіп, қарным ашады. Шынымды айтсам, көбісі ауылдың қарапайым тірлігін мазақ етуге айналған. Ал ырғағына мән берсек, араққа сылқия тойып алып жер тепкілегенге жақсы. Осындай туынды­ларды өмірге алып келен сазгерлерге таңданамын. Кемеңгер жұрт композитор деп атаған соң, соған сай болу керек-ті. «Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояған» жаман әдеттен аулақ болғанымыз жөн, – деп саз өнерін мәз қылмай жүрген кейбір жандарға деген сезімін айқындап берген. Рас, өнер халықтікі. Сондықтан да ұлттық құнды­лықтардың қатарына саф алтындай жарқы­раған туындаларды қоспаса, жеңіл ырғақты әндерді тарту етудің қажеті шамалы. Бұл жағынан Әли ағаны ел ықыласына бөлен­ген Дәнештей дарын­дылардың қатарына жатқызуға болады.

Халқына сыйлы дирижер, дарынды композитор І. Жансүгіров атындағы уни­вер­­ситет профессорларының ғылыми кеңесінде «Құрметті профессор» атағын иеленеді. Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері және «Құрмет» орденінің иегері. Тәңірдің табаққа салып берген тартуындай талантты шыңдап, сан салалы қызметтің көрігі болып қыздырып, елін рухани байытып, өнер қамбасына қазынасын құйып жүрген Әли Алпысбаев «Элита Казахстана», «Қазақстанның Құрметті азаматтары» атты кітаптар мен «Жетісу» энциклопедиясына енген. Сондай-ақ, Қа­зақ­­стан Композиторлар одағының Алма­ты облыстық филиалының төрағасы Әли Демегенұлы «ҚР білім беру ісінің үздігі», өнердегі жетістіктері үшін «Астана», «Қазақстан Республикасының 10 жылды­ғы», «ҚР Конституциясының 10 жылды­ғына» байланысты мерейтойлық медаль­дармен марапатталған. Сондай-ақ, Қазақ­стан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хатының иегері. «Елім менің», «Тәуелсіздік толғауы», «Астана Бәйтерек» композиторлар кон­курсының бірнеше дүркін лауреаты атан­ғаны да Әлидің әнін тыңдап, өміріне бойлап жүрген жандар үшін белгілі жайт. Оған қоса, мәдениетті қолдауға арналған рес­публи­калық драма­тургтер мен ком­позитор­лар байқауында «Елге арнау» күй-поэмасы үшін мемлекеттік грант­тың иегері атан­ған.

Өмір мен өнер жолын електен өткі­зіп, алпыс жасқа дейінгі жайдарман шақ­тарын алдыға тартсақ, бір ғана Жетісу өңіріне емес, мұқым қазақтың Әлиіне айналғанын байқаймыз. Бұның өзі та­лант­ты жетіл­діру жолындағы табан­дылық пен шы­ғар­машылықтың шыжы­ғына төзе білген, алтын уақытын халқы­ның қасиетті өнеріне арнағанды­ғының жемісі деп білеміз. Жетісу өңірін­де «Әли – әуен, Әли – жыр» атты ән бар, осыған орай компо­зитордың артынан ерген аңыз да жетер­лік. Оңтүстік жаққа барғанда компо­зитордың «Досым» деген тамаша әнін тыңдаған тойда отырған кәсіпкер азамат­тың бірі қалтасынан жеңіл авто­көлігінің кілтін шығарып, Әли ағаға сыйға берген екен. Мұның өзі ән қана­тында тербелген азаматтың жомарт­тығы болса, тыңдар­манды сондай күйге түсір­ген туындыны өмірге алып келген сазгер­дің талантына жасалған құрмет деп білеміз.

Сазгерліктің жүгін иығына асып жүрген дарын иесі, сонымен қатар қоғамдық-саяси жұмыстар мен мәдени өмірге белсене араласатындығы исі қазаққа болмаса да жетісулықтарға белгілі. Бұл жағына келгенде:

– Өмір жолын өнер мен мәдениетке, елге қызмет етуге арнаған жанмын. Осы жас­қа келгенше, яғни алпыстың асуына шыққанша өзім қалаған мәде­ниет сала­сында қызмет атқарып келе­мін. Облыс­тық Сүйінбай атындағы филар­мония­ның, Мұқан Төлебаев атын­дағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Талдықорған төрінде орна­ласқан І. Жан­сүгіров атындағы Мәде­ниет сара­йының директоры қызмет­терімен қатар жуыр­­­­­­да өткен сайлауда қала сайлау­шылары мені облыстық мәслихаттың депутаты етіп сайлады. Қандай қызмет атқарсам да мәдениет қызметкерлерінің мүддесін қорғап жүрген өнер жанашыры болудан тан­бас­пын, – деп ағынан жарыл­ған еді.

Иә, адам қандай қызмет атқарса да, қай төбеден көрінсе де өзін елге әйгі­леген өнердің туын жығуға құқылы емес. Тіпті, әлемге аты жайылған теңдессіз әрі қай­таланбас талант болса да. Алайда, Әли ағамыздың бойында бабадан қалған тек­ті­ліктің бары анық. Оған дәлел, орнында отырса да қазақтың мәрт өнері мен сол жолда жүрген өнерпаздарға қамқорлық танытып, әрқашан мұқым елдің мәңгілік мұрасын жиі насихат­тайтындығында. Негізінде, Әли Алпыс­баев саз өнерін көкке көтерумен қатар өзіне де сол тұғырдан орын сайлаған жан. Сан мәрте концерттік сапармен Қытай, Түркия, Польша, Үндістан, Болгария және Ресей­дің ірі қалаларында болып, көптеген халықаралық музыкалық форум мен фестивальдерге қатысып келген бола­тын. Сонымен қатар дирижер-композитор ретінде отандық ірі сахна­лар­да өзінің өнерін сан мәрте мойын­датып, тыңдар­мандарын сүйсінтіп келеді. Өзінің ай­туынша, жүздеген әннің, әлденеше ірі күй-поэмалардың және домбыраға арнап жазылған 3 бөлімді концерттің авторы. Театрда сахналанған 10-ға жуық қойы­лымға музыка жа­зып, әндері мен шығар­маларынан құра­ған «Ауылдағы той», «Әнімді сізге арнадым» атты жинақтары жарық көрген. Бұл ертеңге аңыз болар бір адамның шығармашылық әлеуетінің көрсеткіші, есімін әйгілеп тұратын дарынның ғұмыр­намасы.

АСЫЛ СҰЛТАНҒАЗЫ

Оқылды 786 рет Қайталау: Жұма, 29 Сәуір 2016 13:06

Күнтізбе

« Қазан 2018 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сайтта: 18 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане