logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 437

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 367

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 395

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 265

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 413

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 368

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 239

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 428

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 382

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 389

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 345

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 415

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
Бейсенбі, 12 Мамыр 2016 00:00

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын таныстыру мен тәжірибе алма­суға арналған басқосуда жар­кент­тік жүгері, жеміс-жидек, көк­өніс өсірушілердің іс-тәжірибесі кеңінен таныстырылды.

«Көктал-Агро» ЖШС егістік алқабында ұйымдастырылған кеңесті об­лыстық ауылшаруашылығы бас­қармасының басшысы Сексенбай Бекішов ашып, жиынның мақсат-міндеттеріне және маңызына тоқ­талды. Биыл облыс бойынша 76 мың гектардан аса алқапқа жү­гері дақылы өсіріліп, оның әр гек­тарынан 61-62 центнерден өнім жи­нау көзделуде. Райымбек, Бал­қаш аудандарынан басқа өңірдің бәрінде бар жүгерінің егіс көле­мінің 40 пайызға жуығын Пан­филов ауданы еншілейді. «Дала аруын» өсірумен шұғылданатын Жаркент өңірінің егіншілері бұл дақылды баптауда озық техно­логия мен тәжірибеге бай.

Семинарда егін шаруашы­лығы ҒЗИ-дың ғалымы Айман Ома­рова жүгері өсірудің қазіргі озық агротехникалық технология­ла­рына кеңінен тоқталды. Бұл дақылдан мол өнім алу үшін тек тыңайтқыштарды, басқа да технологиялық талаптарды қатаң сақтау жеткіліксіз. Ұзақ жыл үз­дік­сіз жүгері, қызылша өсіріл­ген алқаптардың топырағы құнарын әлсіретеді. Сондықтан, «дала аруын» баптауда ауыспалы егіс­тік жүйесін қолданған абзал. То­пы­рақ нәрін жоғарылататын жоңышқа, майбұршақ сынды да­қыл­дарды егіп, жер құнарын байытып отырған жөн.

Кеңес өткізілген егістік алқа­бында Жаркент өңіріндегі жүгері тұқымын өсіретін ірі деген 7 қо­жалықтың өндірістегі жетістігін көрсететін, озық тәжіри­бе­сін си­пат­тайтын көрмелер ұйым­дас­ты­рылды. Аудандағы жү­герінің эли­талық тұқымдарын өсі­ретін «Ер­нар» ЖШҚ төрағасы Тас­қын Жа­парқұл, «Көктал-Агро» ЖШС жетекшісі Жәнібек Оқанов, «Қо­жам­бердиев» ЖШҚ төрағасы Адылжан Қожамбердиев өз ша­руа­шылықтарының еңбектегі же­тістіктерін баяндап, қатысушы­лар­дың сауалдарына тұшымды жауап қайтарды. Сол сияқты егіс­тік алқаптарын жаңа техно­логия бойынша суландыру жөнін­де «Қазақстан ирригаторы» ЖШС ауылшаруашылығы депар­та­мен­тінің директоры Владислав Зайкин, диқандарды тыңайтқыш­тар және гербицидтермен қамта­масыз етудің ұтымды жолдары туралы «Әлем-Агро» кәсіпорнының Жаркент өңіріндегі өкілі Ромин Турдиев өз өнімдері мен құрал-жабдықтарын таныстырды.

Семинарда егістік алқапта­рынан мол, сапалы өнім өндіру­дің нақты тәжірибелері кеңінен көр­сетілді. Тіпті, жыл сайын мың гек­тардан астам алқапқа дәндік жүгері, 90 гектарға жуық жерге көпжылдық шөп өсіріп, мол өнім жи­нап жүрген «Көктал-агро» ЖШС-нің механизаторлары қыз­меті компьютермен реттелетін аме­рикалық жаңа тракторла­ры­мен жүгері алқабын кеңеске қа­ты­сушылардың көз алдында жыр­тып, топырақты уатып, тегіс­теп, тырма салып, тұқым себу тә­жірибесін іс жүзінде көрсетті.

Бұдан кейін семинарға қаты­су­шы­лар тиімді әдіспен жеміс өсі­рудің тәжірибесімен танысу үшін Ай­дарлы өңіріне жол тартты. Ай­дарлы елді мекенінің аумағында өткен жылдың соңғы айларында кәсіпкер М. Ыбраев құрған «Жар­кент-Фрукт» ЖШС жалпы аумағы мың гектарлық жеміс бағын өсі­руді мақсат етіп, бірден іске кі­ріс­­кен. Басты мақсат, игерусіз жат­­­қан құмды өңірді интенсивті бақ­қа айналдырып, жоғары сапа­лы, экспортқа бағытталған, бәсе­кеге қабілетті, экологиялық жағы­нан таза жеміс-жидек өнімдерін ішкі, сыртқы нарыққа шығару және құнарлы жерді шаруашылық айна­лымға қосып, ел игілігіне жарату.

Интенсивті бау-бақша өсіру үшін серіктестікке 1117 гектар жер телімі бөлінген, 19 миллиард тең­­геге жуық инвестиция тарту жос­парлануда. Жоба іске қо­сыл­ғанда 500 адамға тұрақты жұ­мыс орны ашылып, мың адамға мау­сымдық жұмыс беріледі. Мұн­да 4 су қоймасы жасалып, 550 гектарына испандық техноло­гия­мен «ергежейлі» сұрыпты алма ағашы егіледі. 2017 – 2018 жыл­дары қосымша 9 миллиард теңге инвестиция тартылып, сыйым­дылығы 20 мың тонналық жеміс-жидек сақтайтын қойма құрылысын салу жоспарланған.

Жоба толық іске асқанда жылына 45-50 мың тонна жеміс-жидек өнімдері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа кедергісіз жол тартуына іргедегі теміржол және 10 шақырым жердегі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автома­гис­тралі өнімді тасымалдауға кететін шығынды едәуір арзандатып, алып баратын жерге жеміс түрінің бүлін­бей тез арада жетуіне қолайлы жағдай жасайды. Инвесторға Үкімет тарапынан берілетін салық­тық преференция, инвестициялық суб­сидия, квотасыз шетелден жұ­мыс күшін алып келуі, тағы бас­қа­сы жоба құнының біршама арзан­дауына септігін тигізеді.

Осы Айдарлы ауылдық окру­гі аумағында интенсивті әдіс­пен қызанақ, құлпынай өсіретін жы­лы­жай бар. Мұнда «Бай­серке–Агро» ЖШС Оңтүстік корей кәсіпкер­ле­рімен бір­лесіп, 3,6 гектар аумақ­қа әлемнің ең озық үлгідегі жы­­лы­­­жай ке­шенін жасаған. Кәсіп­орын атауы «Кибанагро» жы­­­лы­жай ке­шені деп аталады. Жаңа жоба құны 1,9 мил­лиард тең­­ге. Кешенде жылына 1200 тонна қы­занақ өні­мі өн­ді­ріледі. Жылы­жай­да қазір 60 адам еңбек етеді. Жы­лы­жайдағы жұмыс барысын қонақтарға кешен ди­рек­­­тор­лар кеңесінің жетекшісі Бан Би Хо та­ныстырды. Кеңеске қа­тысу­шылар атшаптырым аумақты алып жат­қан өндіріс ор­нын аралап, тама­ша­лады. Мұнда қызанақтың бір­неше сұ­рыбы корейлік әдіспен өс­ірілуде.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Панфилов ауданы.

Оқылды 325 рет
Тағы осы тақырып бойынша: « Ержүрек ерлер Мол өнім негізі »

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сайтта: 179 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане