Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ отандық өндірушілерді қолдауға шақырып, «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясын жүзеге асыруды ұсынған болатын. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде аталмыш бастама аясындағы игі істер өзінің жалғасын табуда. Қазақстанның орта және шағын бизнесті дамытуға қолайлы жағдай туғызып отырған мемлекет екендігі бүкіл әлем назарын аударуда. Қазіргі таңда әлемдік қауымдастық қазақ елінің қауқарын мойындап отыр. Дамыған елдерде халықты еңбекпен қамтитын сала – орта және шағын бизнес.
Бүгінгі қоғамда тұрмыстық жағдайдың төмендігінен балаларын мектепке апара алмай отырған немесе оларды сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен қамтып, киіндіруге шамасы жете бермейтін отбасылардың аз да болса бары рас. Осы мәселенің шешімін тауып, балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» атты республикалық акциясын жыл сайын өткізіп келеді. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтитын акцияға әр облыс, аудан мен қала үн қосуда. Биылғы акция «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізіледі.
Көзді ашып-жұмғанша жадыраған жаз маусымының екінші кезеңіне де аяқ бастық. Ал қыс қамын ерте ойлағандар осы бастан іске кірісіп, дала төсін дүбірге бөлеуде. Біз бұған арнайы іссапар барысында көз жеткіздік. Айта кетейік, биылғы жаздың аптап ыстығы кім-кімге болса да оңай тиіп тұрған жоқ. Соған қарамастан шаруалар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдық таныта тер төгуде.
Көзін тауып еңбектене білсең, кез-келген кәсіпті нәсіпке айналдыруға болады. Соның ішінде ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан төл кәсібіміз – төрт түлікті өсіріп, ырыздығын көріп отырған жандар жетерлік. Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округінде тұратын Айдархан Берікбаевтің бұл бағыттағы сәтті қадамдары өзгелерге үлгі боларлықтай.