Адамзаттың ғарышты бағындырғанына жарты ғасырдан астам уақыт
өтіпті. Тарих үшін бұл тым аз. Демек, ғарышқа құштар ғалымдар үшін аспан әлемі әлі де жұмбақ. Расында, бала кезімізде осы тұңғиық кеңістікке қиял көзімен ұзақ қарап отырушы едік қой. Адамның сол асыл арманы орындалып, ең алғаш Юрий Гагарин ғарыш көгіне самғағанда ғылымда үлкен сілкініс орнаған болатын. Енді, міне, Алаштың ұлдары да бірінен кейін бірі ғарыш әлеміне тың зерттеулер жүргізіп қайтып жатыр. Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов – қазақтың үш қыраны еліміздің абыройын асқақтаты.
Жұмагүл СЕГІЗБАЙҚЫЗЫ,
Айдынның анасы:
– Айдынды алғаш құндақтап, құшағыма алған қуанышты күнім кеше ғана еді. Енді ғарышқа аттанып, аман-есен оралған тарихи сәтін көріп, көңілім толқып отыр, қайтейін. Тәй-тәй басқан күнінен томпаңдап, менен бір елі ажырамай жанымда жүретін. Ешкімді жатырқамай өсті. Кейбір балалар кішкентайында мазасыз әрі жылауық болады ғой. Айдын сәби кезінен тыныш, бір тоға, ешкімге соқтықпайтын салмақты мінезімен көзге түсті. Төрт-бес жасынан-ақ жолдасым Ақан екеумізге балалық қамқорлығы, жан-жағында ойнап жүрген өзі құралпас шуылдақтарға жанашырлығы байқалды.
Асылы, адамзат алғаш жаралған күннен аспанға ынтызар. Қырлы тастан үккіш жонып, ет кескен ежелгі қоғам да, мың сан техниканың тетігімен жұмыр жерді меңгерген бүгінгі өркениет те жұмбағы көп көк зеңгірге зер салғыш. Қоршаған ортаның қызыл-жасылды құбылысына қызыға қарап, өмірдегі әр өзгерістің себебін білуге ұмтылатын сәбилік шақта кім көкке көз тікпеді дейсіз? Кеше ғана көше шаңдатқан шуылдақ кез жадыңызда шығар әлі. Кілең ойын қуған кезбелер қас қарая аяқасты шоғырланып, бір ауық жұлдыздар жайлы жарыса сөйлеп жататын. Сонда шүпірлеген шибұттар тұңғиық ғаламды зіл батпан зымыранмен емес, әлі сызат түсіп көрмеген сәби сезімдерімен саяхаттап кетуші еді. Айдың арғы бетіне алып-ұшқан ақ қанатты арман, сансыз жұлдызды талмай аралайтын бала қиял басым еді бәрімізде...
Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу үшін Астана қаласында бас қосқан отандастарымыздың бұл күнгі қуаныштарында шек болған жоқ деуге болады. Осынау қуанышқа ортақтасайын дегендей, бұған дейін суытыңқырап кеткен ауа райы да дәл осы күні жадырап сала берген. Мұның өзі де көңіл-күйді одан ары шалқыта түскендей.
Бейсенбі күні ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет ИСЕКЕШЕВ ресми сапармен Жетісу өңіріне келді. Министр ең алдымен Алматы – Қапшағай автожолы құрылысында болып, жұмыс қарқынына назар аударды. Біткен істердің сапалық деңгейі қалай деген сұрақтарға жауап іздеді. Бұл жолдардың күні ертең ел экономикасының күретамырына айналатыны анық. Аталған нысан отандық қана емес, халықаралық маңызға ие. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ аймақтағы жол құрылысының қазіргі жайы мен оны дамыту мәселелері туралы әңгімелеп, жұмыс барысымен таныстырды.
Аспан әлемінде он күн бойы медициналық және биологиялық зерттеу жүргізіп, көкжиектен экологиялық қауіп-қатердің деңгейін анықтаған жерлесіміз Айдын Айымбетовтің құрметіне Талдықорған агротехникалық колледжінің студенттері мерекелік жиын өткізді.