Жер жаннаты Жетісудың жүрегіне айналған Талдықорған қаласының бүгінгі келбетіне қарап-ақ
Көктемнің бір күні – жылға азық» дейді дана халқымыз.
Әкемнің тау тұлғасы, нар тұлғасы әрдайым көз алдымда тұрады.
Талдықорғандықтар Наурыз мерекесін тойлауға ерекше ден қойды. Қаланың әр жеріне Наурыз нақыштарын білдіретін көрнекіліктер ілініп, мерекеден алдын ала сыр шертіп тұрды. Биылғы мейрам Талдықорғанның көркіне көрік қосып, қайта жасалып, жанданған «Жастар» саябағында алғаш рет ұйымдастырылды. Саябақ бүгінде қала жұртшылығының демалатын, мәдени-көпшілік шараларды өткізетін орынға айналған. Оның ұлық мерекені тойлаудан басталуының өзі жақсылықтың нышаны екендігі сөзсіз.
Кеше өңір басшысы Амандық БАТАЛОВТЫҢ қатысуымен жаңа құрамдағы VІ шақырылған облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Жиында ашық дауыс арқылы облыстық мәслихаттың хатшысы сайланып, сессия төрағалары бекітілді.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен әр деңгейлі мәслихаттың депутаттарын сайлау науқаны да мәресіне жетті. Саяси додаға араласқан алты партия жеңіске жету жолында аянып қалған жоқ. Астанадан ауылға дейін сайлауалды бағдарламасын насихаттап, жұрт ықыласына бөлену мақсатында ұйымдастырылған шаралар мен кездесулер аз болмады. Десе де, саяси науқан «Нұр Отан» партиясының айқын жеңісімен аяқталды. Сандарды сөйлетпесек те сайлау қорытындысы жұрт ниетінің Елбасы басшылық ететін «Нұр Отан» партиясымен бірге екендігін көрсетті. Соған орай «нұротандықтар» 21 наурыз күні республика бойынша «Жеңімпаздар форумын» ұйымдастырып, өздерінің нағыз халықтық партия екенін тағы да бір рет көрсетті.
Наурыз мерекесі қарсаңында Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешітінің жамағаты мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап дастарқан жайды. «Самұрық» мейрамханасында өткізілген мерекелік дастарқанға негізінен үйінен шықпай, төсекке таңылып жатқан жандар шақырылыпты. Бұл турасында облыс орталығындағы мүгедектердің басын қосатын «Ерлік» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Ақжаркенова айтып өтті.
«Той – қазына» дегендей, Қазақстан халқы биылғы жылды да айтулы мерекелермен бастап отыр. Мешін жылы аталып өтілетін қуаныштар қатарында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының ерекше орын алатыны рас. Осыған орай, қоңыр күзде келетін ұлтымыздың Ұлы мейрамын насихаттау жұмыстары қазірдің өзінде кең көлемде жүргізіле бастады. Астанадан шығып, кең-байтақ Отанымыздың барлық аймағын аралап шыққан «Мәңгілік Ел» пойызы күні кеше тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған өлкесі – Қарасай жеріне келіп тоқтады.
Мешітке барған Арман Ерболды сыртта біраз күттіріп қойды. Шыдамы таусылған досы хабарласып тездетіп келуін өтінді. Сыртқа жүгіріп шыққан Арман досына қабақ шытып: «Біраз тоса тұрсаң болатын еді ғой. Әкім жұма намазға келіпті. Бәрімен суретке түсіп жатыр. Мен де селфилетіп, инстаграмға салып қояйын деп едім. Сенің кесіріңнен түсе алмадым. Бір суретке түсейін десе, қылқылдап тегі», – деп ренішін білдірді.
Сайтта: 57 қонақ