logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Руханият  Көрді: 686

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Толығырақ ...

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА
Руханият  Көрді: 592

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Толығырақ ...

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»
Руханият  Көрді: 570

Қызыл тіл жанның мияты

Толығырақ ...

Қызыл тіл жанның мияты
Аламан  Көрді: 443

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Толығырақ ...

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз
Аламан  Көрді: 659

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

Толығырақ ...

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды
Ұлт ұяты  Көрді: 555

Адаманан емес, Алладан ұял

Толығырақ ...

Адаманан емес, Алладан ұял
Облыстық әкімдікте  Көрді: 431

Бірлескен іс жемісті болмақ

Толығырақ ...

Бірлескен іс  жемісті болмақ
Облыстық әкімдікте  Көрді: 634

Жауапкершілігі зор міндет

Толығырақ ...

Жауапкершілігі зор міндет
Ұлт ұяты  Көрді: 542

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Толығырақ ...

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ
Ұлт ұяты  Көрді: 607

Қазақтың қанын тулатқан

Толығырақ ...

Қазақтың қанын тулатқан
Аламан  Көрді: 509

«Бөрілер» белдесуге дайын

Толығырақ ...

«Бөрілер»  белдесуге дайын
Руханият  Көрді: 609

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық

Толығырақ ...

Күліп қайттық көңілге көп дүние түйіп қайттық
Жетісу газеті

1liderkz

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан НазарбаевТЫҢ қатысуымен ҚР ІІМ-нің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жаңа жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығының көрсетілімі өтті.

Құрылды бөлімінде Басты бет

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы заңды құбылыс. Ең бастысы, осы арқылы да қазақстандық патриотизм танымы бойға сіңіп, ойға орныға бастады. Бәйтерек ауылында тұратын Бидахмет Сұлтановтың шаңырағына барғанда соның жарқын мысалдарын өз көзімізбен көрдік.

Құрылды бөлімінде Басты бет

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс залында «дөңгелек үстел» өтті. Жиын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Садық Әбдіқадыровтың төрағалығымен «Бірлік пен бірегейлік – бүтіндігіміздің кепілі» тақырыбымен өрбіді.

Құрылды бөлімінде Басты бет

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау адам – қоғамның ең құнды қазынасы. Ақ желеңділердің еңбегі – өлшеусіз. Жауапкершілігі жанмен бағаланады. Олардың жұмысында қателесу кешірілмес күнә. Халыққа қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін Әдеп жөніндегі кеңес қадағалайды. Кеңес құрамының басым бөлігін қоғамдық ұйым өкілдері құрайды.

Құрылды бөлімінде Басты бет

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың, абырой мен даңқтың мерекесі болған Жеңіс күні де жақындап келеді. Осы шуақты күннің қарсаңында «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты бірлесіп «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «25 қайырымды іс» акциясын бастап кетті.

Құрылды бөлімінде Басты бет

ali60baevТарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастырар өнердің өрті – ән мен күй. Бағзыдан тартсақ, Жошының өлімін естірткен, Қорқыттың зарлы күнін ғасырлар көшінде күресінге қал­дыр­май бізге жеткізген күй құдіреті болса, мәңгілік тағдыры таң­дандырады. Сал-серілер мен кешегі Үкілі Ыбырай, Мәди, Жаяу Мұсаның салған әні де өмір­шеңдігімен ел мұрасына айналды. Ал «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмшінің туында­ларының өзі бір кітапқа жүк боларлықтай. Бұл қазақтың ғажайып өнерінің көшін аспан­датқан адуынды да айбарлы перзенттердің еткен еңбегі мен төккен терінің нәтижесі. Өміршең өнердің өртіне күйіп, аязына қақ­талып, саң­лақ­тардың сара жолын жалғап жүрген жан­ның бірі – бүгінде алпыстың асуына шыққан компози­тор Әли Алпысбаев.

Құрылды бөлімінде Басты бет

beka2

«Тағдыр тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу мақса­тын­да жолға шық­тық. Жүйт­­­ки жөне­ліп, діт­теген жері­мізіге де келіп жеттік. Қаланың өкпе қысар тар ауасынан бо­са­­ған­ соң құша­ғымызды кеңге ашып, киелі ауылға ке­ліп, көңіл сарайымыз рахат­танып қал­ды. Кер­бұлақ ауданы, Алтын­емел ауы­лында көше бой­лап Берік­жан Жұмаділовтің ша­ңы­­рағына тоқ­та­дық. Үй іші ала­көлеңке. Түп­кі бөл­меде кіш­кентай бүлдір­шін­дермен бір­ге тігін машина­сының дау­сы шы­ғып тұр. Үйдің салқын­дығынан дене тоң­ғаны­мен жара­сым­ды әңгі­ме­мізден көңіл жы­лын­­ды.

Құрылды бөлімінде Басты бет

Syleimenova

Көктем алға қойған мақсаттарың іспетті. Жер-ананың төсіне сан түрлі дән егіп, күзде өнімі қалай боларын білмейтінің сияқты, әрбір мақсаттың біз ойлағандай іске аса бермейтіні тағы бар.

Құрылды бөлімінде Басты бет

kyandyk

Араға аз-кем уақыт салып «Жансарайдың» тағы бір орай­лы сәті келіпті.

Құрылды бөлімінде Басты бет

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында қазақтың өнер сахнасында жұл­дыз­дай жарқыраған үш Татьяна болды. Бірі домбыраның қоңыр үніне қо­сылса, екіншісі сырнайдың сиқырлы әуеніне ілесіп, ал үшіншісі тамаша соп­ра­носымен қазақтың әндерін мәнеріне келтіре орындап, қалың жұрт­шылықтың сүйіспеншілігіне бөленген еді. Өмір жолдары оларды әр қиырға әкет­се де үш асылы – үш Татьяна болды. Бүгін біз солардың біреуі – Татьяна Бурмистровамен болған аз ғана сұхбатымызды оқырман назарына ұсы­намыз.

– Татьяна апай, ұлттық өнердің мәртебесі мәз болмай тұрған сонау бір кезең қолыңызға домбыра алып, қазақ әнін әуелете шыр­қап­сыз.

– Мен Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келіп, жергілікті халықпен етене араласып өстім. Сондықтан қазақтың тілі мен дәстүрі мен үшін ешқашан бөтен болып көрген емес. Бала кезімнен ән салуға әуес едім. Ол құштарлығым мектепте де жалға­сын тапты. Бірде әлдебір мерекелік шараға дайындалып жатқанымызда бір оқушы дом­бырада құйқылжыта күй ойнады. Дом­бы­раның үні мені баурап алғаны соншалық, қайткенде де осы аспапты меңгеремін деп өзіме серт бердім. Шын талаптансаң алын­байтын асу бола ма, көп кешікпей дом­бы­ра­ның сүйемелдеуімен қазақтың әндерін сала бастадым. Менің бұл әрекетімді ата-анам да, ауылдың үлкен-кішісі де құп көріп, өнерімді жалғастыруға бағыттаған болатын. Ол кезде мен шамамен 10 жаста болатынмын. Содан бері қазақтың қасиетті домбырасынан ажы­ра­ған емеспін.

– Дәрігер мамандығын мең­гер­геніңізді білеміз. Емші мен әнші бір жүректе қалай тоғысты?

– Иә, Алматы медицина институтын балалар дәрігері мамандығы бойынша тамамдадым. Осы салада еңбек жолымды бастағанмын. Алайда, қамқор ағаларымның: «Татьяна, адамның тәнін емдеу әркімнің қолынан келеді. Ал, тамаша әнімен жұрт­шы­лықтың жанына шуақ құю, рухани емдеу екі­нің-біріне бұйыратын енші емес. Сондықтан өнер­ден қол үзбегеніңді қалаймыз?!» – де­ген сөздері өнерді таңдауыма басты себеп болды деп ойлаймын. Институтта оқып жүргенде де көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшесі болдым. Қазақ халқы қасиетті айтыс өнерімен қайта қауышқан тұста азуын айға білеген айтыскер ақындармен бірге На­деж­да апамның қолдаушысы болып сахнада тер­ме жанрын насихаттадым. Осылайша ұлттық өнердің тереңіне бойлай бергенімді де аңдамай қалыппын.

– Үш Татьяна – Бурмистрова, Пол­тавская, Мартыненко Татьяналар бірігіп, сахнаның сәнін кел­тір­ген­де­ріңізді, ұлттық өнерді сол кездегі одаққа насихаттағандарыңызды аға буын өкілдері ұмыта қойған жоқ. Бас­тарыңыз қалай тоғысып жүр?

– Бізді таныстырған да, табыстырған да – құдіретті қазақ өнері дер едім. Сонау сексе­нін­ші жылдары «Алтыбақан», «Тамаша» бағ­дар­­ламаларына қатысып, бірлесе ән салдық. Қа­зақ өнеріне құштар орыстың үш қызы – үшеуі де Татьяна болып аталуы тегіннен-тегін емес деп ойлаймын. Біздің өнерімізді жұрт­шы­лық аса жылы қабылдады. Қай жерге барсақ та сый-құрметке бөленетінбіз. Халықтың өзі ба­ға­лап, қошеметтеп жатқанда өнерді қалай өгей­сінеміз. Соның арқасында әрқайсымыз Қа­зақ­стан ғана емес, сол кездегі кең-байтақ Ота­нымыздың әр қиырын аралап, қазақ әнінің қа­сиетін өзге де ұлттар мен ұлыстарға таныттық. Біз өнерге басымызды исек, өнер біздің ба­сы­мыз­ды шыңдарға шарықтатты.

– Татьяна апай, сіздің қазақ поэ­зия­сын ұнататыныңызды, орайы кел­генде ақындардың өлеңін жат­қа оқып, әңгіменің әрін кір­гізетініңізді байқап жүрміз.

– Ұлтым орыс болғанымен қазақтың тілін де ана тілім деп қабылдаймын. Бе­сігімнен құлағыма сіңген бұл тілдің құ­нар­лылығын, байлығын, кеңдігін, терең­дігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әл­гінде айтысқа да түстім деп айттым емес пе?! Ал табан астынан орайын тауып ұтқыр сөз айту үшін қазақ тілі тіліңде ғана емес, жүрегіңде де болғаны абзал. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы...» – деп Ұлы Абай айт­қандай, поэ­зия тілдің өңдеуден өткен жауһары десе де болады. Өнер саласында жүріп өлең­ді қадірлемеу мүмкін бе?! Сондықтан Қа­дырдың, Мұқағалидың, өзге де ақын­дардың өлеңдерін жадыма тоқып, реті келгенде айтып жүретінім рас. Халық­тың поэтикалық тілін ұққан жан оның жа­нын да терең түсінеді. Мен осы арқылы ұлт­тың жан дүниесін тани түскенім анық.

– Соңғы жылдары сахнадан көре алмай жүрміз. Жеке концерт беру жоспарыңызда бар ма?

– Бұл күндері дәстүрлі өнердің тө­бе­сіне бұлт үйіріліп тұрғандай. Тіпті, кәсіби әншілердің өздері дәстүрлі әндерді сирек орындайтын болған. Әркім өзі шығарған әнді шырқап, мазмұны мен мағынасы бұлыңғыр дүниелер сахнаны жаулап алды ғой. Десе де, егер ұсыныстыр түсіп жатса сахнаға шығуға дайынмын. Әсіресе, бір кездері талай аралаған Алматы облысына барғым келеді. Амандық Ғаббасұлы өнерді қадірлейтінін білемін, сондықтан ел ішінде болып, қазақ өнерінің мәртебесін биіктетуге өз үлесімді қосқым келеді.

Қуат Қайранбаев

Алматы қаласы.

Құрылды бөлімінде Басты бет
Page 1 of 9

Күнтізбе

« Сәуір 2016 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сайтта: 22 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане