Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төрағалығымен өткен бұл жолғы жиында былтырғы жылыту маусымының қорытындысы талқыланып, алдағы қысқа дайындық барысы пысықталды. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық деңгейдегі басқарма, департамент басшылары, мәслихат хатшылары, аудан, қала әкімдері, салаға жауапты тұлғалар мен «Нұр Отан» партиясы филиалының, кәсіподақ ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден таныс. Бірақ бұл дерттің күн сайын үдеп бара жатқаны көпшілікті алаңдатады. Онымен күресу, жою мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Дегенмен, бұрқылдап қайнаған қазанның қақпағы әлі күнге дейін жабылған емес. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Серікбай НҰРҒИСАЕВ Елбасының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында аталған мәселені бір жақты ету мақсатында жиын өткізді.
Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келеді. Қай заманда да біздің еліміз ертеңгі күнге зор сеніммен қарап, рухын жоғары ұстаған. «Мәдениет – мәңгілік қазына, өнер – өшпес мұра» десек, қатарынан бірнеше жыл тойланып келе жатқан мәдениет және өнер қызметкерлері күнінің басты мақсаты – мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді дәріптеу. Әрине, басын тауға, аяғын шөлге, арқасын құмға төсеген берекелі жерді мекен еткен Жетісу өңірі бекзат өнерден кенде емес. Айтулы күнге орай І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында түрлі өнердің тізгінін ұстап, жұлдыздай жарқыраған бір топ жан мен рухтың қызметкерлері марапатталды. Шараға қатысқан облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ алдымен көрмені толық аралап шығып, өнер ұжымдарының жай-күйімен танысты.
«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» халық айтады. Қалып айтпайды. Оның айқын көрінісі – Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында облыс әкімі Амандық Баталовтың бас болуымен Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналған волейболдан ардагер ерлер командалары арасында X халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ» ЖШҚ майлау материалдарын шығаратын зауыттың алғашқы тасын қою рәсімі өтті. Жиынға облыс әкімі Амандық Баталов пен ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері және «ЛЛК-Интернешнл» ЖШҚ басшысы Максим Дондэ және тағы басқалары қатысты.
Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі жақсы қолға алынуда. Осыған дейін қаламыздағы бірнеше тұрғын үй ел игілігіне беріліп, көптеген жанның баспана мәселесі түбегейлі шешілген еді. Бұл үрдіс тағы да жалғасын тауып, кеше қаланың оңтүстік батыс құрылыс аймағында бой көтерген бір және екі бөлмелі 120 пәтерлі қос үй өз иесін тапты. Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы, «Арлан – Жоба құрылыс» ЖШС-нің жобасы бойынша мердігер компания «Люмен Электро ІІ» ЖШС-нің құрыш қолды құрылысшылары тұрғызған коммуналдық санаттағы қос ғимараттың құрылыс, абаттандыру, басқа да мақсаттағы жұмыстарына жергілікті бюджеттен қомақты қаржы игеріліпті. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысып, азаматтарына пәтер кілтін табыстады.
Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның қатысуымен келелі кеңес болып өтті. Оған Қарасай, Жамбыл және Іле ауданының ұстаздары, ата-аналар комитеттерінің мүшелері, арнайы оқу орындарының өкілдері қатысқан еді.
Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Баталов пен оның орынбасарлары, облыстық деңгейдегі басқармалар мен департамент басшылары, аудан-қала әкімдері, мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуына арналған брифингте Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев республикалық, облыстық және аудандық БАҚ өкілдерін жергілікті жерде қолға алынған тың істермен таныстырды.
Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған Мәңгілік алау жылытып тұрғандай.
Сайтта: 74 қонақ