logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Сенбі, 23 Сәуір 2016 06:00

Қызыл тіл жанның мияты

 
Дауыс бер
(3 бағалау)

 

3suҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Серік ҮМБЕТОВ:

Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың маңызы ерен, орны бөлек. Шын мәнінде ақ түйенің қарны жарылған осынау қуанышты күнді ат үстінде күн кешкен батыр бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткенін, қасиетті жеріміздің әр сүйемі үшін боздақтар қаны төгілгендігін ескерсек, мереке маңызының бұрынғыдан да арта түсетіндігін көреміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы» деген жан толқытарлық сөздері де осындайда ойға оралады.

Азаттықтың арайлы таңын шат­тық­пен қарсы алып, алғы күнге үлкен үміт­пен, берік сеніммен көз тіккен да­на хал­қымыз шынында да өзге ұлт өкіл­деріне қиянат жасап көрген жоқ. Сол ақ пейі­лі­нің өтеуіндей бүгінгі таң­да байтақ өл­кеде тіршілік кешкен бар­ша ұлт пен ұлыстың басын бір ша­ңы­раққа бірік­ті­ріп, бақытты ғұмыр сү­ру­де.

Ел іргесін бекітіп отырған осынау ын­­­тымақтың көрінісін жақында ғана ата­лып өткен жарқын мереке – Алғыс ай­ту күні айқын көрсетті. Ұлтаралық қа­тынасты қалыптастырып, татулықты сақ­тауда бүкіл дүниежүзіне үлгі болып отырған Қазақстан халқы Ассам­блея­сының дүниеге келген күнінде – 1 нау­рызда аталып өткен мереке береке-бір­лігіміз бен ынтымағымызды бұ­рын­ғы­дан да арттыра түсті десем, ешбір асы­рып айтқандық бола қоймайды.

Тарих тұрғысынан алғанда қас қа­ғым сәт саналатын осынау ширек ға­сыр­лық уақыт ішінде еліміздің жет­кен же­тіс­тіктері ауыз толтырып ай­тар­лық­тай. Оны айналамыздағы ағайын­дар ғана емес, әлемдік қауым­дас­тық­тың өзі де мойын­дағалы қашан. Біздің міндетіміз – қол жеткен жетістіктерге тоқмейілсімей, керісінше, жаңа биік­тер­ді бағындыруға ұмтылу деп білемін.

Әрине, қоғамымызда бүгінгі күні көпшілікті толғандырып отырған өзек­ті мә­селелер жоқ емес. Сондай мәсе­ле­лер­дің бірегейі ретінде мен мем­ле­кет­тік тіл­дің дамуын, яғни ана тіліміздің қол­да­нылу аясын кеңейту, оны ғылым мен бі­лім, техникалық прогресс тіліне айнал­ды­ру жайын айтқан болар едім.

Мәселенің ресми жағына келетін бол­сақ, қазақ тілінің дамып, құлашын кең­ге жаюына еш кедергі жоқ. Қазақ­стан Республикасының Конституция­сын­­да қа­зақ тіліне мемлекеттік тіл ста­ту­сы бе­ріл­ген, соған орай мемлекет та­ра­пынан тиісті Заңдар қабылданып, ісқағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілге көшудің қажеттілігі белгіленген. Сонда да болса қандастарымыз тара­пы­нан тіліміздің әлі де болса мем­ле­кеттік мәртебесіне сай орнын ала ал­май отырғандығы жайын­да­ғы әңгі­ме­лерді естіп қалуға болады. Осындайда хал­қымыздың «Тілге шешен, іске ме­шел» деген тәмсілі еске түседі.

Ең бірінші кезекте қазақ тілінің қол­данылу аясын кеңейту жөніндегі жұ­мыс­тар төрттағандап тұрып қалды, әлі күнге дейін баяғы жаутаңкөз күйін­де боса­ғадан сығалап жүр деп ауызды қу шөп­пен сүрткенді қою керек. Өйт­кені осы 25 жылдың ішінде, жоғарыдай ай­тып өт­ке­німіздей, талай-талай то­лым­ды жұ­мыс­тар атқарылды. Ең бас­ты­сы, көптеген замандастар санасында сілкініс болып, көпшілік балалары мен не­мерелерін мемлекеттік тілде оқы­та­тын мектептер мен балабақшаларға беріп келеді. Нәти­же­сінде қазақ тілінде білім беретін мек­тептер мен бала­бақ­шалар саны еселеп ар­тып, жергілікті жер­лердегі жиындар мен бас­қо­су­лардың дені мемлекеттік тілде өт­кі­зілуде. Ісқағаздары да негізінен қазақ ті­лінде жүргізіледі. Мұның нәти­же­сін әлі де көретін боламыз.

Бұл жерде мен «...заман­дас­та­ры­мыз­дың санасында сілкініс болды» де­ген жерде көптеген деген сөзге екпін түсіріп отырғанымды бөліп айтқым ке­леді. Олай дейтінім, арамызда әлі де бол­са өз ана ті­ліне мұрын шүйіре қа­рай­тын заман­дас­та­рымыз кездесіп қа­лады. Күнделікті өмір барысында туын­дап тұратын тіл проб­лемалары осындай отан­даста­ры­мыз­дың кесірінен орын алып жатады десем, асырып айтқандық бола қоймас деп ойлаймын. Тұтастай дер­лік қазақ ұлты­ның өкілдері қатысып отырған жи­на­лыс­та өз қандастарымыз орыс тілінде баян­да­ма жасап, сол тілде сөйлеп жатса оларға не деуге болады?.. Бұған бір-ақ ауыз сөзбен – мұндай жағ­дай­лар ұлттық намыстың жоқты­ғынан орын алды деген баға беруге болады.

Өткен жылдың соңына таман Қыр­ғызстан премьер-министрі Темір Са­риев (жақында отставкаға кетті – С. Ү.) Үкі­меттің кезекті отырысында қырғыз тілін жетік білетіндіктеріне қарамастан баяндамаларын орыс тілінде жасаған үш министрге ескерту жасады. Жасы­ра­тыны жоқ, жаңа айтып өткенімдей, мұн­дай оқи­ғалар екі күннің бірінде біз­дің елде де орын алып жатады. Мем­ле­кеттік тілдің мерейін асырамыз десек, мұн­дай тәжі­рибеге тосқауыл қоятын мезгіл жетті.

Әрине, қазақ тілін жете мең­гер­меген басшыларға ондай талап қою әлі ер­терек. Ал қазақ тілін білетін лауа­зым­ды аза­мат­тар негізгі баяндамаларын қа­зақ тілінде жасап, кейбір жайттарға немесе туын­даған сұрақтарға орыс ті­лін­де жауап бе­ріп жатса, несі айып?..

Бұл жердегі әңгіме түйіні Елб­а­сы­мыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ қазақ­пен қазақша сөйлессін» деген тұжы­рымына келіп тіреледі. Басқаша айт­қанда өз тілімізде ең алдымен өзіміз сөйлемесек, күн сайынғы тәжі­ри­бе­міз­де өзіміз оны екінші орынға қойып жатсақ, өзге ұлт өкілдерінің тілімізді сыйлай қоюы неғайбыл...

Арамызда өзге ұлттың бірен-саран ғана өкілі болса да солардың көңіліне ке­ліп қала ма деп бірден жаппай орыс­ша­ға көшіп кететініміз де жақсы әдет­тер­дің қатарына жатады деп ойла­май­мын. Тек біздің ұлтымыздың ғана мен­талитетіне тән мұндай «кішіпейілдікті» бағалай­тындар да бар, оны белгілі бір дәрежеде әлсіздік көретіндер де жоқ емес. Соны байқаған орыс ұлтының бір азаматы қандастарымыздың осы бір ақпейілдігіне риза болып, қазақша үй­рену жөніндегі тоқтамға келіпті. Мұн­дай ризашы­лық­тың алдағы уа­қыт­та тіл білмейтіндердің барлығының бойынан туындай­тын­дығына қандай кепілдік бар? Оны қан­шалықты күтуіміз керек?..

Енді біраз жылда ел аумағында тұ­ратын қазақтардың саны 70 пайызға жуықтайды. Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш мемлекетқұраушы ұлттың пайдасына қарай өзгере бермек. Осын­шама адам бір-бірімізбен қазақша тіл­десуге, ісқағаздарын осы тілде атқару­ға көшсек, қалған жұртшылықтың да ара­ға көп уақыт салмай қазақшаға кө­шетіндігі сөзсіз.

Кейбір деректерге қарағанда қазақ қоғамының 60 пайызға жуығы орыс­ тіл­ді қандастарымыз екен. Ал енді осы­лар­дың барлығы бірдей ұлттық намыс­тан жұрдай, ана тілін менсінбейді деген тұжырым жасауға және болмайды. Олар­дың арасында да Қазақстанның шынайы патриоттары, ұлттық намысы жоғары азаматтар баршылық. Сон­дық­тан олар­дың түрлі жағдайлармен ана тілін білмей қалғандықтарына түсі­ніс­тікпен қарап, мемлекеттік тілді бірте-бір­те болса да меңгеруіне қол ұшын беруіміз, мораль­дық тұрғыдан қолдау көрсетуіміз керек.

Рас, кеңестік кезеңде орыс тіліне ба­сымдық берілуі себепті қазақ тілі ғы­лым, техника, өндіріс тілі ретінде да­мы­май қалды. Сол себепті де жекелеген ға­лымсымақтар қазақ тілі ешқашан ғылым тіліне айналмайды, сондықтан оның «тыныш өлуіне» мұрсат беру керек дегенге дейін барды. Бұл орай­да­ғы тұ­жырымдардың да сандырақ екен­дігін айтып жатудың қажеттігі бар ма? Ынта, ниет болған жағдайда қазақ ті­лі­нің мол мүмкіндіктерін ғылымның қай саласына болсын орайластырып қол­­дануға бола­ды, қолданылып та жа­тыр. Ұлттық намысы жоғары еврейлер бір заманда өлі тілге айналған ивритті жаң­ғыртып, бүгінде өркендеген елдің бір­­ден-бір мемлекеттік тіліне ай­нал­ды­рып отыр­ғанда, әлем ғалымдары мойын­дап отыр­ған бай тілін, толғауы тоқ­сан тағылымды тілін қазақтарға неге өркендетпеске? Олай болса, қазақ тілін барлық сала­ларда – үйде, мек­тепте, қоғамдық қа­рым-қатынастарда, бизнесте, саудада, өндірісте, мә­де­ниет­те және ғылымда қолданбалы тіл ету­дің уақыттың енші­сіндегі шаруа екен­дігіне еш күмәндануға болмайды.

Израиль мемлекетінің Қазақстан Рес­публикасындағы Төтенше және өкі­летті елшісі болған Ран Ишайдың мына бір сөздері адамға ой салмай қой­май­ды: «...Біздің тілдік ахуал­да­ры­мызда екі айырмашылық бар. Бірінші айыр­ма­шылық – біздің ойымызша, қазақ тілі­нің жағдайы көп жеңіл, себебі, біздің тіл ешқашан қолданыста бол­маған тіл. Екінші және ұтымды жағы – біздің жағдайымызда өзіміздің тілімізді жан­дан­дыру қажеттілігінен басқа жол бол­ған жоқ. Себебі, Израильге бүкіл дүние­жүзінен өзге мәдениетпен, өзге тілмен ауызданған эмигранттар келіп жатты. Біздің тәжірибеміз тілді қайта жаң­ғыртуға мүмкіндік бар екенін көрсе­теді. ...Бүгін Израиль халқының қол­да­ныс тілі – иврит. Тіпті ивритсіз из­раиль­дік өмірді елестетудің өзі қиын. Тура осы жайт Қазақстанда да болуы әбден мүмкін, тек қазақтар ғана емес, басқа ұлттар да казақ тілінде сөйлей ала­ды. Израильде де түрлі ұлттар тұ­рып жатыр, бірақ олар да ивритше сөй­лейді. Жалпы, Қазақстан халқын қазақ­ша сөйлетуге бөгет бар деп ойламай­мын...» – дейді.

Иә, мен де Қазақстанда қазақ тілін өркендетуге, отандастарымызды мем­ле­кеттік тілде сөйлетуге үлкен кедергі, бөгет бар деп ойламаймын. Бұл бағыт­тағы жұмыстарымызды жүйелі жал­ғас­тыра беретін болсақ, ортақ шаңырақ аясында тірлік кешіп жатқан барлық ұлт өкілдері қазақша сайрап тұратын күнге де жетеріміз ақиқат.

Сөз орайы келгенде еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің, ең алдымен, орыс­тар­дың мемлекеттік тілге тіпті де қарсы бо­лып отырмағандықтарын айта кеткен жөн. Олардың бір бөлігі қазақ тілін үйренуге жастары келіп қалғандығын не­месе ғылыми негізделген оқу­лық­тар­дың жоқтығы сияқты бірқатар кедер­гі­лерді себеп етеді. Жасы келіп қал­ған­дарды, тіпті орта жастағыларды да, жоғарыда айтып өткеніміздей, мәж­бүр­леудің қажеті жоқ. Біз бүгінгі күн жағ­дайында өзге ұлт өкілдеріне мем­ле­кеттік тілді меңгертуді балабақша мен мек­тептен бастап, жоғары оқу орын­да­рында жалғастырсақ та ештеңеден ұтылмай­мыз. Асығыстықтың, әсіресе, тіл мәселе­сіне келгенде ұшқарылыққа жол берудің соңының неге әкеліп со­ға­тындығын Украинаның жағ­дайы­нан кө­ріп-біліп отырмыз ғой. Демек, ұш­қа­рылыққа бой ұрмағанымыз жөн.

Қазіргідей жағдайда Абай атамыз айт­қан «ақырын жүріп, анық бас, ең­бе­гің кетпес далаға...» деген қағи­да­сы­ның пайдасынан өзге зияны жоқ­ты­ғы анық.

Содан кейін де Нұрсұлтан Әбіш­ұлы бір сөзінде: «Қазақ тілі мәде­ниет­тің бір бөлігі ретінде барлық қа­зақ­стан­дық­тарды біріктірудің қосымша фак­торы болуға тиіс. Ол барлық ұлт­тар мен ұлыстарға қазақ халқының мә­дениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұр­пын, тұрмыс-тіршілігін танып білудің негізі болып табылады. Оны оқып-үйрену мәжбүр ету арқылы емес, саналы түр­де, жұрттың барлығы үшін бала жас­тан басталуы, ұйым­дық және әдіс­темелік жағынан қам­та­масыз етілуі тиіс. Және де мұнда тұра­тын әрбір адам осындай көз­қа­растың қажеттігін айқын түсінуі ке­рек» деп айрықша атап өткен болатын. Бұл жолдарға түсі­нік­теме беріп жату­дың қажеттігі бола қоймас деп ойлай­мын.

Қазіргі қазақ қоғамы негізінен екі­тілді. Мұны қандастарымыздың кем­ші­лігі дегеннен гөрі артықшылығы деп ба­ғалауға болатындай. Болашақта үш­тұғырлы тіл саясатын қолданысқа ен­гізу­дің нәтижесінде заман­даста­ры­мыз үшін ағылшын тілі де үйреншікті тіл­ге айналмақ. Әйтсе де, мұның бәрі ана тіліміздің мәртебесін төмендете ал­майды. «Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген өлең жолдары да осындайда шыққан болар деп ойлай­мын.

Соңғы кезде білім беру саласында туындап жатқан тың жаңалықтар ата-аналар тарапынан қызу пікірталас ту­дыр­ды. Бұл орайда айтылып жатқан пі­кірлердің дені үш тілде оқытуға кө­шу жайын кеңінен ойластырып ал­май бол­майды, алдымен сол тілдерден са­бақ бе­ретін маман ұстаздарды дайын­дап, оқу­лықтар жазып, шығарып алу керек дегенге саяды. Ғалымдардың бірі бұған кем дегенде 2-3 жыл қажет десе, енді бір мамандар он жылдан асатын­дай уақыт қажеттігін айтады. Қалай де­генде де бұл мәселеде асығыстыққа бой ұруға бол­май­ды. Олай дейтінім, ағылшын, орыс тілдерін оқытатын ма­мандар әсіресе ауылдық жерде қазір­дің өзінде тапшы. Бар мамандардың білік­ті­лігінің де қандай дәрежеде екендігін анықтап алғанның артықтығы бола қоймайды. Ең бастысы, желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақ ең алдымен ана тілін меңгеруі қажет. Басқаша айтқан­да, балдырғанның тілі өзінің ана ті­лін­де шығуы тиіс. Сон­да ғана ата-баба ама­натына адалдық танытып, Отанын шын сүйетін, елі мен жерін, оның салты мен дәстүрін, тари­хын шынайы қастерлейтін ұрпақ тәр­биелей аламыз.

Республикалық «Егемен Қазақ­стан» газетінің биылғы 18 наурыздағы санын­да Нұрбай Елмұратовтың «Тіл – ұлт тұтастығының тұғыры» атты мақа­ласы жарық көрді. Қытай философы Конфу­цийдің: «Егер де маған мем­ле­кет бас­қару мүмкіндігі туса, ең алды­мен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі, тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұ­рыс жүр­гізілмейді. Идеология дұрыс жүр­гізіл­мей, ортақ түсіністік тап­па­ған елде бірлік болмайды. Сондықтан, бә­рінен де бұрын адамдар арасындағы бір­лікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды» деген пікірімен басталатын бұл мақа­лада бірталай жақсы ойлар айтылған екен. Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баевтың жүргізіп отырған саяса­ты­ның дүниежүзі мойындаған ой­шылдың пікі­рі­мен ұштасып жатқандығы да бекер емес қой деп ойлаймын.

Нақ осы тіл мәселесіне баса мән бе­рілгендіктен болар, барша ұлт пен ұлыс­тардың өкілдері ортақ түсіністік тапқан елімізде ұлтаралық келісім салтанат құрып отыр. Осы бірлігімізге сызат түспесін деп тілейік. Өйткені еліміздің басты байлығы – ынтымақ пен бірлі­гі­міз­дің арқасында бәрімізге шуағын ша­шып тұрған бейбіт күн екендігін ешқа­шан ұмытпауымыз керек. Сонда ғана ертеңіміздің жарқын, тәуелсіздігіміздің баянды бола түсетіндігі сөзсіз. Сон­дықтан «Артық сөйле, кем сөйле, тара­зыдай тең сөйле» дегендей, Тәуел­сіз­дігіміздің баянды, еліміздегі бейбіт өмір­дің мәңгілік болуын тілейік, қадірлі қауым.

Оқылды 570 рет Қайталау: Жұма, 13 Мамыр 2016 06:13

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сайтта: 53 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане