logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama

Облыстық әкімдікте (10)

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

gosslyjba

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

3

Наурыз айының 20-сы күні өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутат­тарының және барлық дең­гейдегі мәслихат депутатта­рының кезектен тыс сайлауы кезінде белсенділік танытқан «Нұр Отан» партиясының мүшелері Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың АЛҒЫС хатымен марапатталды.

Облыс әкімдігінде жаңа кадрлық өзге­рістерге байланысты актив жиыны өтті. Оған облыстық деңгейдегі басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері және облыстық мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты.

Сейсенбі, 12 Сәуір 2016 00:00

Тірегіміз – татулық

3Адамзаттың жады тым қысқа екендігін тарих тағы да дәлелдеп шық­ты! Бүгінге дейін небір зұлматтар мен ажал сепкен соғыстарды ба­сынан өткеріп, сан рет қайғы-қасірет шеккен әлемдік қауымдастық ен­ді соғыс өртін тұтатпайтындай болған.

1b

Алматы мен Жамбыл об­лыстары шектесетін Қы­зыл­таң разъезінде ел өмі­рін­дегі маңызы зор оқиға бол­ды. «Алматы-1 – Шу» учаскесінің екінші темір­жолы құрылысы» нысанының дәл осы нүктесінде «Ақтөбе рельс арқауы зауыты» ЖШС-дан шық­қан тұңғыш отандық өнім – алғашқы рельс тө­сел­ді. Оған «Қазақстан темір жолы» ұлттық ком­па­ниясы» АҚ президенті Асқар Мамин мен облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысып, темір­жол­шы­ларды құттықтап, жұмысшылардың ісіне сәттілік ті­леді.

Бұл жоба «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Үдемелі-индустриялық-инновациялық даму» мем­лекеттік бағдарламасының табысы. «Қазақстан темір­жолы» ҰК» акционерлік қо­ғамының президенті Асқар Мәмин зауыт өнімінің Қа­зақ­стан экономикасы үшін ст­ра­тегиялық маңызды рөл ат­қа­ратынын және отандық өнді­ріске бағытталған кәсіп­орын­ның экспорттық әлеуеті зор екендігін атап өтті. «Ендігі жерде қажетті рельстер отан­дық өнім өндірушілерден алынатын болады», – деді ол. Арқаулы рельстер алдын ала дайындалған жерге алып кран­мен қойылғаннан кейін облыс басшысы мен аталған Ұлттық компания жетекшісі су жаңа шойынжол бөлік­терінің бір-бірімен түйісер тұстарының алғашқы бұран­дасын өз қолдарымен бекітті.

«Алматы-1 – Шу» теміржол телімінде 110 шақырымдық магистральдік желі және 10 шақырымдай стационарлық жол салынады. Қазірдің өзінде белгі беру және байланыс, электр желілері, 16 көпір мен 80 суөткел құбырының құры­лысы жүргізіліп жатыр. Жоба­ның бірінші кезегін биылғы жылы пайдалануға беру жос­парлануда. Аталған жоба жүзе­ге асқанда 1500 жұмыс орны ашылады. Бұл жобаның біздің аймақ үшін әлеуметтік-эконо­микалық маңызы зор.

Ақтөбедегі рельс зауыты­ның директоры Андрей Кузь­мин тілшілерге берген сұх­ба­тында бұл зауыттың Ел­ба­сы­ның тапсырмасы бойынша са­лынғанын және ТМД елде­рін­де теңдесі жоқ өндіріс орны екенін жеткізді. Оның айтуын­ша, бұған дейін елдегі шойын­жол құрылысына шетелдік өнім пайдаланылып келсе, жо­балық қуаттылығы бойынша жылына 200 мың тонна рельс шығаратын Қазақстандағы тұң­ғыш зауыттың арқасында магистральдік теміржол же­лілерін жаңғырту, жаңа желі­лер салуда отандық өнім қол­данылатын болады.

Халықаралық талаптарға сәйкес сапасы жоғары, жарам­дылық мерзімі ұзақ отандық өнімді кеңінен қолдану жо­лаушы тасымалында жылдам жүретін жаңа бағыттар ашуға мүмкіндік береді. Алматы мен Шудың арасында төселетін жаңа теміржол желісі іске қо­сылған кезде учаскенің өткізу қабілеті екі есеге артады. Жүк пойыздарының жылдамдығы артып, бағдардағы жүру мер­зімі қысқарып, қуат ресурсы үнемделмек. Яғни, қарсы ба­ғыт­тағы составты өткізіп жі­беру үшін разъезде кідіру деген бол­майды. Эконо­ми­ка­ның кү­ре­тамыры саналатын те­мір­жол саласындағы жар­қын жоба Қазақстанның тран­зит­­тік әлеуетінің өсуіне оң ықпал етеді.

Серік Сатыбалдиев

Жамбыл ауданы.

Көктем мен күз келгенде жылғалар бітеліп, айнала лас­та­на­тыны айтпаса да белгілі. Табиғаттың тынысын ашу мақсатында барлық өңірлерде тазарту жүргізілуде. Осыған орай об­лы­сы­мызда арнайы құрылған комиссия мүшелерімен бірге бірнеше ау­дандарды аралап санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру жұ­мыстарына шолу жасаған болатынбыз.

Кезекті сапарымызды Іле ауда­нының орталығы Өтеген батырдан бастадық. Үлкен мегаполистің қа­сын­да орналасқан елді мекеннің тазалығы көңіл көншітерлік. Ең алдымен бұл жұмыстың жүгі ау­дандық тұрғын-үй коммуналдық және шаруашылық басқармасына артылғаннан кейін, қызметкерлер тазалық үшін бар күш-жігерін сарп етуде. Дегенмен, шешімін күтіп отырған мәселелер де жоқ емес. Ең алдымен аудандағы қо­қыс сұрып­тайтын зауыттың на­шар­лығы. Ха­лық көп шоғырланған ау­мақты эко­логиялық жағынан да аса қауіпті. Сон­дықтан, бұл жерге қо­қыс өң­дейтін 180 млн. теңгеге бағаланған зауыт салынбақ. Зауыт болашақта 40 адамды жұмыспен қамтымақшы. 200 мыңға жуық тұр­ғыны бар ау­данда әр сәрсенбі та­зар­ту күні. Оған жас демей, кәрі демей барлығы бір­дей атсалысады. Осы­ған дейін 16 мыңға жуық адам тазарту жұмысына белсене ара­лас­қан. Ал, негізгі Ал­маты – Жетіген, Алматы – Қапшағай, Өтеген батыр – Құлжа автокөлік жолының бойы күнделікті та­зар­тылып тұрады. Жыл басынан бері аталмыш ауданнан 371 тонна қоқыс шығарылған. Аудан орталығы Өтеген батырда қоқыс шығаратын компания жұмыс іс­тейді, қоқыс тастайтын контейнерді де осы компания қам­тамасыз етеді. Аудан бойынша 749 көшенің 265-і тазартылған. Тазарту жұмыстары әр­мен қарай жалғасын тауып, бо­ла­шақта атсалысушыларың саны да арта түседі деп күтілуде.

Тазалық сақшыларымен бірге Қарасай ауданына да ат басын бұр­дық. «Аудан бойынша елді мекен­дерде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру екі айлығын өткізу туралы» қаулы бойын­ша Қарасай ауданының 47 елді мекені жұмыла жұмыс істеген. 218 мың тұрғыны бар ауданнан жыл басынан бері 900 тонна қоқыс шы­ғарылған. Бұл басқа ау­дан­дар­мен салыстырғанда едәуір үлкен көр­­сеткіш. Тазаланған автомобиль жол­дары мен арық жүйелері 245 шақырымды құрайды. Аудан бой­ын­ша 830 көше болса, оның 325-і та­зартылған. Бір ғана Үшқоңыр қала­сынан күніне 60 тонна қалдық шы­ға­рылады. 17 мың xалық шо­ғыр­ланған аталмыш ауылдық ок­ругтің тұрғындары да белсенді. Ал, Қас­келең өзенінің бойы бе­тон­далып, су жүйесінің көзі таза­ла­ныпты. Жа­нынан жастарға ар­нал­ған де­малыс орны ашылып, кө­шет­термен әрлене түскен. Тазалықтың сақ­талуын бар­лығы бір адамдай қадағалайды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы­ғарып атқарылған шаруалар татулық пен бірлік, бауыр­­малдық пен кіші­пейілділік, одан бөлек Табиғат-анаға деген құрметтің белгісі. Алдағы уа­қыт­тарда тазалық тексеру жұ­мыс­тары өз­ге де аудандарда жал­ғасын тап­пақ.

Мәулен Әнербай

Ұлт жоспарының 99-қадамында қоғамдық кеңестердің рөлін барынша күшейту қажеттігі, басты мақсат билік пен халық арасындағы қарым-қатынасты жақсарту екені нақты көрсетілген. Бір ай бұрын облыс орталығы Тал­дықорғанда қалалық қоғамдық кеңестің құрамы бекі­тіл­ген болатын. Жуырда өңірлік коммуникациялар қыз­ме­тінде Тал­ды­қор­ған қалалық қоғамдық кеңесінің тө­ра­ға­сы, Алматы об­лысының Құрметті азаматы Жексембай Мей­рембаев ал­да­ғы уақыттағы жұмыс жоспары мен тың идеяларын тар­қатып берді.

Қаланың қоғамдық кеңесін құру үшін мемлекеттік ор­ган­дар өкілдерінің және кон­курс­тық негіз­де коммерциялық емес ұйымдар өкілдері ара­сы­нан мәслихаттың ­ше­шімі ар­қылы арнайы жұмыс тобы құ­рылған. Қалалық қоғамдық ке­ңес құ­рамына кіруге өтініш біл­­дір­гендер жалпы саны 70 адамды құраған. Жұмыс тобы ұсы­ныл­ған канди­даттардың бес по­зи­циясы бойынша бар­лық құ­жат­тарды қарап шыққан. Осы­лай­ша қоғам­дық кеңестің құ­рам­­дық саны 21 адам болып бел­гіленді. Бұл тізімге мем­ле­кеттік орган өкілдерінен жеті адам тір­кел­ген. Олардың ішін­де қа­ла­лық мәс­лихаттың тө­ра­ғасы, қала әкімі ап­па­ратының же­тек­шісі, ішкі саясат, ең­бек­пен қам­ту, заң, экономика бө­лі­мінің бас­шылары бар. Соны­мен қатар қоғамдық ұйым құ­ра­мында кә­сіп­одақ, Ауған со­ғы­сы ар­да­герлері, мүгедектер, әйелдерді қолдау қоғамдық ұйы­мы­ның бел­сен­ділері, кә­сіп­керлер па­­ла­тасы, «Ауыл» ха­лықтық де­мок­ратиялық пар­тия­сының өкіл­де­рі мен зей­нет­керлер бар. Айта кетерлігі қо­ғамдық ұйым жұмысы жа­рия­лы түрде болады және ұйым мү­шесі өз еркімен кеңес құра­мы­нан шыға алады.

– Қоғамдық кеңес қыз­ме­тінің бас­ты мақсаты қо­ғам­дық мәні зор мә­селелер бойын­ша азаматтық қо­ғам пікірін жеткізу болып та­бы­ла­ды. Кеңес 4 комиссиядан тұ­ра­ды. Бі­ріншісі, бюд­жет­тік бағдар­ла­­малар­ды, ст­ра­те­гиялық жос­пар­лар мен даму жос­па­рын қа­рас­тыру. Екінші, аза­мат­тардың құ­қы­ғына, бос­тан­ды­ғы мен мін­дет­те­ріне қатысты нор­мативтік-құ­қық­тық актілерді жә­не мем­ле­кеттік басқаруды же­тіл­діру. Сонымен қатар, қала құ­ры­лысы, сәулет, инф­ра­құ­ры­лым­ды дамыту және кө­­гал­дан­ды­ру әлеу­меттік мәсе­ле­лер жө­нін­дегі ко­мис­сиялар. Кеңес құ­ра­мындағы 21 адам осы 4 ко­мис­сияға бөлініп жұ­мыс істеп жа­тыр, әзірге келіп түс­кен өтініштер саны аз, – дейді Жек­сембай Ар­ғын­­ғазыұлы.

Аталмыш ұйым болашақта ауылшаруашылығы, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар, спорт бөлім­де­рі­нің құрылымдарын арт­тырмақшы. Сон­дай-ақ, жыл бойы жеке және заң­ды тұл­ғалардың өтініштері мен арыз­­дары түскен жағдайда, қо­ғам­­дық тыңдау, бақылау, са­рап­тама жүргізу жоспарлануда.

Құралбек Сәбитов

2genderrАпта ортасында Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында Ал­маты облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-де­мог­ра­фиялық саясат жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы болып өтті. Облыс әк­імінің орынбасары Бақтияр Өнербаевтың жетекшілігімен өткен алқалы жиынға аталған комиссияның мүшелері, бірқатар департаменттердің бас­шы­­лары, аудан әкімдерінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасарлары, ішкі сая­сат бөлімдерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан еді.

Маңызы мен мазмұны өте жоғары бас­қ­о­су­дың күн тәртібіне қойылған «Жамбыл, Іле, Тал­ғар аудандарының әкімдері жанындағы ко­мис­сиялардың адамгершілік және жыныстық жа­ғынан тәрбиелеу мен ерте жүктіліктің ал­дын алу жөніндегі жұмысы туралы» мәселесі бойынша алғашқы болып сөз алған Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Ер­мек­бае­ва өздерінде қалыптасып отырған жайға жан-жақты тоқталып өтті. Ұстаздармен, дәрі­гер­лермен бірлесе жасаған жұмыстың нәти­же­сінде өткен жылдан бері ерте жүктіліктің тір­кел­мегенін тілге тиек еткен ол ауданда жас­өспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие бе­ріп, бос уақыттарын тиімді пайдаланулары үшін, қыз балалардың ерте жүктілікке ұрын­уы­ның алдын алу жолында көптеген ша­ра­лардың қолға алынғанын баяндады. Осы орайда, жыныстық жауапсыздық, одан сақ­та­ну үшін қажетті білімнің болмауы, жас­өспі­рім­дер­дің алдында тұратын сұрақтарға ата-ана­ла­рының жауап бере алмауы, жыныстық жол­мен берілетін аурулардың артуы кәмелеттік жас­қа толмағандарды жасанды түсікке не­ме­се ерте жастан ана атануына алып келіп, өз­ге де бақытсыздыққа ұрындырып жатады. Мі­не, осындай келеңсіз жағдайларға жол бер­меу үшін мектептерде түсіндіру және алдын алу шаралары молынан атқарылуда.

Осы мәселе бойынша екінші болып баян­да­ма жасаған Іле ауданы әкімінің орынбасары Дәу­рен Жүнісов ауданда тұратын 191 мыңнан аса халықтың 52 пайызы, яғни 99 мың 66-сы әйел азаматтар екенін айта келіп, гендерлік сая­сат бойынша басшы қызметтер мен кәсіп­керлікті дөңгелентіп жүрген нәзікжандылар ту­ралы мәлімет беріп өткен. Адамгершілік жә­не жыныстық жағынан тәрбиелеу, ерте жүк­ті­лік­тің алдын алу жұмыстары мұнда да бел­сен­ді жүргізіліп, мектеп жасындағы қыз ба­ла­ларға мұндай жауапсыздық салдарының неге апа­рып соқтыруы мүмкін екені жан-жақты тү­сін­дірілуде. Осы орайда үгіт-насихат, түсіндіру, ата-аналармен әңгімелесу шаралары, жас­тар­ды ерте бастан денсаулығын сақтауға үн­дей­тін түрлі тақырыптағы 35 кездесулер, 28 «дөң­гелек үстел» басындағы әңгіме, дә­рі­гер­лік кеңестер өткізілген. Бұл өзекті мәселе бұ­қаралық ақпарат құралдарында да кеңінен тал­қылануда.

– Жыныстық қатынасқа ерте түсудің ал­дын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанына қа­ра­мастан, өкінішке орай, мұндай жағдайлар іші­нара тіркеліп отыр, – деді Дәурен Қаб­дол­даұлы. – Мысалы өткен жылы прокуратура, ішкі істер бөлімі және әкімшілік бірлесе өт­кіз­ген тексерулердің нәтижесі бойынша 12 жа­ғ­дай анықталып отыр. Бұлардың төртеуі мек­теп жасындағы тұрғылықты қыз балалар бол­са, 8-і басқа облыстар мен Алматы қаласынан кел­гендер. Олардың көпшілігінің колледжде оқитынын айта кету керек. Екі қыз бала әке-шешелерінің келісімі бойынша тұрмыс құрып, отбасы болғандар. Бұл жерде белгілі бір ұлттардың дәстүрлері бойынша қыз бала­лар­дың 16 жастан тұрмысқа шығатыны тағы бар. Соған қарамастан аталған жағдайлар бойын­ша қажетті шаралар қабылданып, кемшілікке жол берген оқу мекемелерінің басшылары жа­уап­қа тартылған.

Талғар ауданында да жасөспірімдерді жы­ныстық мәдениетке тәрбиелеу, ерте жүк­ті­лік­тің алдын алу шаралары кең көлемде жүр­гізілуде. Өздерінде атқарылып жатқан жұмыс жайлы баяндаған аудан әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы өткен жылы ерте жыныстық қатынасқа түскен жалғыз ғана жағ­дай тіркелгенін тілге тиек етті. Оның өзі Ал­ма­тыдан келіп колледжде білім алып жатқан бой­жет­кен екені анықталған. Алдағы уақытта мұн­дай кемшіліктерге жол бермеу шаралары жан-жақ­ты жүргізілуде. Бұл жерде шетелдік көр­кем­фильмдер мен ғаламтор желілері арқылы келіп жатқан жатпиғылды ақпаратқа тосқауыл қоюды қолға алудың маңызы зор.

Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалиасқар Сарыбаев та көтеріліп отыр­ған мәселе жөнінде ой бөлісті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Балқаш, Қа­ра­сай аудандарының әкімдері жанындағы ко­миссиялардың әйелдерді саясатқа тарту жө­ніндегі жұмысы» туралы тиісінше аудан әкімінің орынбасарлары Сайран Смағұлов пен Ғалия Амановалар кең көлемде мәлімет беріп өткен. Бұл бағытта Елбасының тікелей қадағалауы бойынша нәзікжандылардың жауапты лауа­зым­­да­рға көптеп тартылып жатқанын айта кету ке­рек. Әсіресе, денсаулық сақтау мен білім беру са­ла­сында, биліктің үш тармағында, бизнесте олар­дың үлесі жыл санап көбейіп келеді. Ғалия Ма­танқызының баяндамасында көрсетілгендей, Қара­сай ауданында бұл жұмыс әсіресе қар­қын­ды жүргізуде. Қандай қызметте болса да өз міндеттеріне жауапты қарайтын нәзікжандылар өзгелерге үлгі көрсетуде.

Облыстық білім басқармасы басшысының орын­басары Гүлсара Исағұлова «Балаларға, жас­тарға арналған мектептен тыс мекемелер же­лісі мен бос уақытты өткізу орталықтарын да­мыту және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар» мәселесі бойынша баян­дама жасады. Бұл жерде өлкемізде тұ­рақты түрде жұмыс жасайтын мектептен тыс ме­кемелер, спорт үйірмелері, өнер ор­та­лық­тарымен қатар жаз айларында оқушылар де­ма­латын арнайы лагерьлер жөнінде де кең кө­лемде мәліметтер беріліп өтті. Ал төртінші мә­селе бойынша: «Ана мен бала өлім-жітімін азай­ту, түсік санын төмендету және ана қауіпсіздігі әдіс­терінің халық үшін қолжетімділігін қам­та­ма­сыз ету жөніндегі шаралар» туралы баяндама ж­а­са­ған облыстық денсаулық сақтау бас­қар­ма­сы басшысының орынбасары Сәуле Құс­мол­да­нова күн тәртібіне қойылып отырған тақы­рып­тың маңыздылығына тоқтала келіп, осы ба­ғытта атқарылып жатқан істерді көрнекі слайдтардың көмегімен көпшілікке ұғынықты етіп айтып берді. Сәуле Ырысбекқызы өлке­міз­де сәбилердің дүниеге келуі көрсеткішінің өсіп келе жатқанын айта келіп, жастардың жы­ныс­тық мәдениетін көтеру, ана болу жасындағы әйел­дердің денсаулығын жақсарту, ана мен сә­би өліміне алып келетін аурулар мен әлеу­меттік мәселелер төңірегінде маман кеңесін ортаға салған. Ал облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орын­ба­са­ры Алмат Үшкемпіров халық арасында сала­уатты өмір салтын қалыптастыру құралы ре­тін­де бұқаралық спорт пен денешынық­ты­руды насихаттау мәселесі бойынша атқа­ры­лып жатқан жұмыстарды жиналғандардың на­зарына ұсынды. Бұл бағытта да облысымызда қол жеткізген жетістіктердің жетерлік екендігі жұрт­шылыққа мәлім. Лондон Олимпиадасында біз­дің спортшылар алған биіктер, өзге де әлем­дік жарыстарда елімізге олжа салып жүр­ген жетісулық қыз-жігіттер жалпы жастарға спорт­пен айналысудың қажеттігін көрнекі түр­де көрсетуде. Ал соңғы жылдары өлкемізде бұ­қаралық спортты дамытуға күрделі қаржы бө­лініп, түрлі спорттық нысандардың бой кө­теріп жатқанына куә болып келеміз.

Күн тәртібіне қойылған мәселелердің ма­ңыз­дылығына назар аударған комиссия оты­ры­сының төрағасы Бақтияр Әлтайұлы жа­са­лынып жатқан жұмыстарға оң бағасын бере келіп, әлі де болса жасалынуға тиісті шара­лар­ды ашып көрсетті.

Басқосудың соңында Алматы облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және от­басылық-демографиялық саясат жөніндегі ко­мис­сия мен облыстық іскер әйелдер ассо­циа­ция­сының ұйымдастыруымен Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып «Іскер әйелдің имиджі» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренингті аталған ұйымның төрайымы, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңе­сінің мүшесі Р. Салықова кіріспе сөзбен бастап, әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ғы­лы­ми-зерттеу институтының директоры, фи­ло­софия ғылымдарының докторы Зәмзә Қодар жи­налғандармен әйелдердің көшбасшылық қа­білеттерін қалыптастыру жөнінде тәжірибе са­бақтарын өткізді.

Қуат Қайранбаев

Жамбыл ауданы

2lulz

Еліміздің жұлдызды сәті туып, Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі – бар­шамыз үшін үлкен мақтаныш. Ал оның әлемдік деңгейдегі беделі мен қоғамдағы орны, атқарар жұмысы туралы Қазақстан Респуб­ликасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия өткізген «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау­дың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбындағы оқы­ту семинарында жан-жақты айтылды.

Басқосуға мемлекеттік қыз­мет­керлер, үкіметтік емес ұйым­дар­дың өкілдері, жергілікті құқық қор­ғау және сот органдарының, білім беру, денсаулық сақтау және мә­де­ниет мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ, азаматтық қоғам инс­ти­туттарының өкілдері қатысты.

Еуропаның ынтымақтастық жә­не қауіпсіздік ұйымының негізі 1973 жылы қаланған-ды. Осы жы­лы Шығыс пен Батыс елдері ара­сындағы шиеленіскен жағдайды қалыпқа түсіру үшін Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшылары бас қосқан. Міне, сол кезде басталған келісімшарттың соңғы қо­ры­тын­дысы тарихқа «Хельсинки ке­лі­сімі» деген атпен енді. Бүгінгі таң­да бұл халықаралық ұйымға Еу­ро­па мен Орта Азияның, Солтүстік Аме­риканың 56 мемлекеті мүше. Бұл туралы облыстық ішкі сая­сат басқармасының басшысы Ға­лиас­қар Сарыбаев айтып берді.

Шара барысында тыңдаушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары саласындағы бақылау функцияларымен, адам құқықтары жөніндегі халықаралық кон­вен­ция­ларға қатысты БҰҰ құрған ба­қы­лау органдарының құзыретімен та­ныс­ты. Семинарда әлемдік эко­номикалық жағдайында Қазақстан Рес­публикасы азаматтарының, елі­міздің аумағында тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан өзге адам­дардың еңбек, әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық құқықтарын қорғаудың өзек­ті мәселелері қаралды. Тың­дау­шы­ларға қоғамда пайда болар еңбек және әлеуметтік жанжалдардың ал­дын алу және оларды шешу жол­дары да түсіндірілді. Сондай-ақ, қа­зақстандық қоғамның барлық топтарының құқықтық мәдениетін арттыра түсудің түйіні, шешілмеген түйткілдері де қарастырылды. Ал ел мен елдің арасындағы, өз ішіндегі шие­леністердің алдын алып, оның сал­дарын жоюды мақсат тұтқан ұйым­ның жұ­мы­сымен Президент жанын­дағы Адам құқықтары жөнін­дегі ко­миссияның хатшысы, физика-ма­тематика ғылымдарының кан­ди­даты, сарапшы-тренер Тастемір Әбішев таныстырды. Адам құ­қық­тары жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасының Кон­сти­ту­ци­я­сына сәйкес танылатын және ке­пiл­дiк берiлетiн адамның және аза­маттың құқықтары мен бос­тан­дық­тары мен кеңесшi органның жұ­мысына тоқталып, еліміздің қол жеткізген жетістіктерін мәлімдеді. Сондай-ақ, азаматтар мен аза­мат­шалардың өз құқықтары мен бос­тандықтарын қорғау механизм­дерін әлі де толық меңгермегенін жет­кіз­ді. Алдағы уақытта осын­дай кем­ші­ліктің орнын толтыру үшін елі­міз­дегі азаматтық қо­ғами инс­ти­туттар мен мем­ле­кеттік ор­ган­дар­дың әріп­тестік қатынас­тарын одан әрі дамы­ту мақсатында көптеп семинар-тре­нинг өткізу қолға алын­ды. Осы­ған орай, ең алғашқы кез­десу Алматы об­лы­сынан бастау алып отыр. Бола­шақ­та рес­пуб­ли­каның бар­лық айма­ғында іске асатын бо­лады.

Атап өтейік, аталған ко­мис­сия­ның құрылғанына биыл 22 жыл. Мамандардың айтуынша, тұр­ғын­дар­дан жылына 1000-ға жуық арыз-шағымдар келіп түседі. Оның 35 пайызы азаматтардың сот шеші­мі­мен келіспеуіне бай­ланыс­ты бола­ды екен. Нәтижесінде 100-ге жуық аза­­­маттың құ­қық­тарын қал­пы­на кел­тіруге қол ұшын берген. Олай бол­са, аталған ұйым еліміз үшін үлкен жұмыс атқарып келеді деп толық сенім артуға болады.

Қоғамдағы тыныштық, та­тулық, ынтымақтастық, сыйла­сым­дылық дегеннің бәріне қазақ даласында жүріп көз жеткіздім. Негізінде мемлекеттің ты­ныш­тығы өмір сүріп жатқан халқына байланысты. Мұндай бірліктің бастауын мен қазақ жұртынан көрдім. Бір сөзбен айтқанда, Қа­зақстанның болашағы жарқын, келешегі кемел боларына сенімім мол, – дейді венгриялық елші Дьердь Сабо.

Семинардың соңында Мем­лекет басшысының бес институ­цио­налдық реформасы мен «100 нақ­ты қадамдағы» міндеттерді іске асыру тетіктері егжей-тегжейлі талқыланды. Қаты­су­шылар адам құқықтарын қорғау мен көтер­мелеу саласындағы жұ­мыс тәжі­рибесімен алмасып, қа­за­қы дәс­түрге сай табаны жер жан­на­ты Же­тісуға алғаш тиген қонақ­тар­ға облыс әкімінің атынан естел­ік кі­тап­тар сыйға тартылды.

Еңлік Сағындықова

Күнтізбе

« Сәуір 2018 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сайтта: 85 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане