Басып шығару
Сенбі, 09 Сәуір 2016 12:00

Адам құқығының кепілі

 
Дауыс бер
(1 Бағалау)

2lulz

Еліміздің жұлдызды сәті туып, Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі – бар­шамыз үшін үлкен мақтаныш. Ал оның әлемдік деңгейдегі беделі мен қоғамдағы орны, атқарар жұмысы туралы Қазақстан Респуб­ликасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия өткізген «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау­дың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбындағы оқы­ту семинарында жан-жақты айтылды.

Басқосуға мемлекеттік қыз­мет­керлер, үкіметтік емес ұйым­дар­дың өкілдері, жергілікті құқық қор­ғау және сот органдарының, білім беру, денсаулық сақтау және мә­де­ниет мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ, азаматтық қоғам инс­ти­туттарының өкілдері қатысты.

Еуропаның ынтымақтастық жә­не қауіпсіздік ұйымының негізі 1973 жылы қаланған-ды. Осы жы­лы Шығыс пен Батыс елдері ара­сындағы шиеленіскен жағдайды қалыпқа түсіру үшін Хельсинкиде 33 мемлекеттің басшылары бас қосқан. Міне, сол кезде басталған келісімшарттың соңғы қо­ры­тын­дысы тарихқа «Хельсинки ке­лі­сімі» деген атпен енді. Бүгінгі таң­да бұл халықаралық ұйымға Еу­ро­па мен Орта Азияның, Солтүстік Аме­риканың 56 мемлекеті мүше. Бұл туралы облыстық ішкі сая­сат басқармасының басшысы Ға­лиас­қар Сарыбаев айтып берді.

Шара барысында тыңдаушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары саласындағы бақылау функцияларымен, адам құқықтары жөніндегі халықаралық кон­вен­ция­ларға қатысты БҰҰ құрған ба­қы­лау органдарының құзыретімен та­ныс­ты. Семинарда әлемдік эко­номикалық жағдайында Қазақстан Рес­публикасы азаматтарының, елі­міздің аумағында тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан өзге адам­дардың еңбек, әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық құқықтарын қорғаудың өзек­ті мәселелері қаралды. Тың­дау­шы­ларға қоғамда пайда болар еңбек және әлеуметтік жанжалдардың ал­дын алу және оларды шешу жол­дары да түсіндірілді. Сондай-ақ, қа­зақстандық қоғамның барлық топтарының құқықтық мәдениетін арттыра түсудің түйіні, шешілмеген түйткілдері де қарастырылды. Ал ел мен елдің арасындағы, өз ішіндегі шие­леністердің алдын алып, оның сал­дарын жоюды мақсат тұтқан ұйым­ның жұ­мы­сымен Президент жанын­дағы Адам құқықтары жөнін­дегі ко­миссияның хатшысы, физика-ма­тематика ғылымдарының кан­ди­даты, сарапшы-тренер Тастемір Әбішев таныстырды. Адам құ­қық­тары жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасының Кон­сти­ту­ци­я­сына сәйкес танылатын және ке­пiл­дiк берiлетiн адамның және аза­маттың құқықтары мен бос­тан­дық­тары мен кеңесшi органның жұ­мысына тоқталып, еліміздің қол жеткізген жетістіктерін мәлімдеді. Сондай-ақ, азаматтар мен аза­мат­шалардың өз құқықтары мен бос­тандықтарын қорғау механизм­дерін әлі де толық меңгермегенін жет­кіз­ді. Алдағы уақытта осын­дай кем­ші­ліктің орнын толтыру үшін елі­міз­дегі азаматтық қо­ғами инс­ти­туттар мен мем­ле­кеттік ор­ган­дар­дың әріп­тестік қатынас­тарын одан әрі дамы­ту мақсатында көптеп семинар-тре­нинг өткізу қолға алын­ды. Осы­ған орай, ең алғашқы кез­десу Алматы об­лы­сынан бастау алып отыр. Бола­шақ­та рес­пуб­ли­каның бар­лық айма­ғында іске асатын бо­лады.

Атап өтейік, аталған ко­мис­сия­ның құрылғанына биыл 22 жыл. Мамандардың айтуынша, тұр­ғын­дар­дан жылына 1000-ға жуық арыз-шағымдар келіп түседі. Оның 35 пайызы азаматтардың сот шеші­мі­мен келіспеуіне бай­ланыс­ты бола­ды екен. Нәтижесінде 100-ге жуық аза­­­маттың құ­қық­тарын қал­пы­на кел­тіруге қол ұшын берген. Олай бол­са, аталған ұйым еліміз үшін үлкен жұмыс атқарып келеді деп толық сенім артуға болады.

Қоғамдағы тыныштық, та­тулық, ынтымақтастық, сыйла­сым­дылық дегеннің бәріне қазақ даласында жүріп көз жеткіздім. Негізінде мемлекеттің ты­ныш­тығы өмір сүріп жатқан халқына байланысты. Мұндай бірліктің бастауын мен қазақ жұртынан көрдім. Бір сөзбен айтқанда, Қа­зақстанның болашағы жарқын, келешегі кемел боларына сенімім мол, – дейді венгриялық елші Дьердь Сабо.

Семинардың соңында Мем­лекет басшысының бес институ­цио­налдық реформасы мен «100 нақ­ты қадамдағы» міндеттерді іске асыру тетіктері егжей-тегжейлі талқыланды. Қаты­су­шылар адам құқықтарын қорғау мен көтер­мелеу саласындағы жұ­мыс тәжі­рибесімен алмасып, қа­за­қы дәс­түрге сай табаны жер жан­на­ты Же­тісуға алғаш тиген қонақ­тар­ға облыс әкімінің атынан естел­ік кі­тап­тар сыйға тартылды.

Еңлік Сағындықова

Оқылды 2461 рет Қайталау: Жұма, 08 Сәуір 2016 15:41
Жетісу газеті

Соңғы материалдар: Жетісу газеті