logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Сейсенбі, 12 Сәуір 2016 00:00

Тірегіміз – татулық

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

3Адамзаттың жады тым қысқа екендігін тарих тағы да дәлелдеп шық­ты! Бүгінге дейін небір зұлматтар мен ажал сепкен соғыстарды ба­сынан өткеріп, сан рет қайғы-қасірет шеккен әлемдік қауымдастық ен­ді соғыс өртін тұтатпайтындай болған.

Өкінішке қарай, жан мен тәнге түс­­кен бір жараның беті қабыршықтанбай жатып, екіншісін бастау дәс­түр­ге айналып бара жатқандай. Оған Таяу Шығыстағы қантөгістер дә­лел бола алады. Қазіргі заманда қанды қақтығыстар бір жерде орын алып қана қоймай, өзге де мемлекеттерге еркін еніп жатқанын кәрі құр­­лықтағы жарылыстардан көріп отырмыз. Жанкештілер жас пен кәрі де­мей, бейбіт тұрғын демей, халыққа неғұрлым көп зардап шектіруді мақ­сат етуде. Мұндай терроризм мен діни экстремизмнің күні ертең-ақ тыныш жатқан біздің елімізге келмесіне ешкім кепілдік бере алмасы анық. Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алуда жергілікті атқарушы органдардың рөлі» тақырыбындағы алқалы жиын осы мәселеге бағытталған болатын.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шаңырақ – Мәңгілік елдің тұ­ғыры» атты акция аясында қолға алын­ған бұл шараға облыстық дін іс­тері мен ішкі саясат басқармалары, Қа­зақстан халқы Ассамблеясы облыстық хат­шылығы және ішкі істер де­пар­та­мен­ті мен облыстық прокуратураның қыз­меткерлері, Жамбыл, Іле, Қарасай ау­даны әкімдерінің орынбасарлары, ішкі сая­сат, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт бөлімдерінің басшылары, ауыл­дық округ әкімдері, аудан проку­рор­л­а­ры, ішкі істер басқармаларының бас­шы­лары, аудандық, ауылдық мешіт имам­дары, ақсақалдар алқасы мен этномә­дени орталықтардың өкілдері қатысты.

Алқалы жиынды ашып, жүргізіп отырған облыс әкімінің орынбасары Бақ­тияр Өнербаев ел Президенті Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қо­ғам­дық келісім мен тұрақтылықты одан әрі ны­ғай­ту, еліміздің серпінді дамуын қам­та­ма­сыз ету, қоғамдағы экстремизм мен ра­дикализмнің кез келген кө­рі­ністеріне, ұлтаралық келіспеушілікке жә­не біздің азаматтарымыздың конс­ти­ту­циялық құ­қықтарына қысым жа­сау­ды көздейтін әрекеттерге қарсы қатаң әрі дәйекті сая­сатын орындау мем­лекеттік орган­дар­дың басты міндеті бо­лып табы­лады!» – деген тапсырмасын айта келіп, зайырлы қоғам құруды мақ­сат етіп қой­ған Қазақстанда қоғамдық-сая­си жә­не діни ахуалдың тұ­рақ­тылығының ар­қасында 130-дан аса эт­нос өкіл­де­рінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп отырғанын мақ­та­нышпен атап өтті.

– Өздеріңізге белгілі, биыл Қа­зақ­станның тәуелсіздік алғанына 25 жыл то­лып отыр, – деді Бақтияр Әлтайұлы сө­зін сабақтап. – Осы ширек ғасырда елі­міз үлкен тарихи жолды артқа тас­тады. Соның ішінде дінаралық тү­сі­ністікті қалыптастыру мақсатында Ел­басының бастамасымен Астана қа­ла­сын­да өткізіліп келе жатқан Әлемдік жә­не дәстүрлі діндер лидерлерінің құ­рылтайын бұрын-соңды еш жерде бол­маған құбылыс деп қараған жөн. Бұл бағытта жасалынып жатқан жұ­мыс­тар­дың барлығы бейбітшілікті, келісімді жә­не тұрақтылықты сақтауға бағы­т­тал­ған ұмтылысымыздың нәтижесі деп бі­леміз.

Осы ретте, дінді деструктивті мақ­сат­та пайдалануға жол бермеу үшін «Қа­зақстан Республикасындағы 2013 – 2017 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл тура­лы» бағдарлама қабылданғаны белгілі. Ол үшін мемлекеттік органдардың не­гізгі күші – аталған қауіп-қатердің ал­дын алуға, қоғамда толерантты діни са­наны және азаматтардың бойында ра­ди­калдық идеологияларға қарсы тұра алатын иммунитетті қалып­тас­ты­руға жұмылдырылуы тиіс. Сонымен қа­тар, елімізде заңмен тыйым салынған ді­ни ұйымдардың іс-әрекеттері туралы мәлі­меттерді кеңінен таратып, халықты ақпараттандыру мәселесіне де ерекше мән беру қажет. Міне, бүгінгі жиы­ны­мыз­да осы және өзге де өзекті мә­се­лелерді кеңінен көтеріп, оны шешу жол­да­рын табуға күш салмақпыз.

Жиында алғаш болып сөз алған облыстық дін істері басқармасы бас­шы­сы­ның міндетін атқарушы Қазыбек Ома­ров өлкеміздегі діни ахуалдың жай-күйі жөнінде хабарлама жасап өтті.

– Ал­ма­ты облысында үстіміздегі жылдың бірін­ші тоқсанында 559 діни бірлестік пен фи­лиалдары тіркелген, – деді Қазыбек Ры­салдыұлы өз сөзінде. – Оның 415-і ис­лам мешіті, 48-і пра­вос­лав, 10-ы Рим – католик, 84-і про­тес­тант­тық және 2-і дәс­түрлі емес бірлестіктер болып та­бы­лады. Облыста 15 миссионер тіркелсе, оның 11-і католицизмді, 4-і про­тес­тан­тизмді ұстанады.

Аталған бірлестіктермен Ішкі істер ор­гандары, Ұлттық қауіпсіздік қызметі ма­мандарымен жоспарлы түрде жұ­мыс­тар жүргізіліп келеді. Дәстүрлі емес діни ағымдармен өткізілген шаралардың нәтижесінде «Сәләфизм» бағытын ұс­та­ну­шы 60 азаматтың 34-і өзіміз ұс­та­на­тын ханафи мәзһабына толығымен өтті, ал 26-сы көзқарастарын дәстүрлі ис­ламға бағыттады. Сол сияқты, «Таблиғи жа­мағат» діни экстремистік ұйымының сенімін жақтаушы 15 азаматпен жүр­гі­зілген жұмыстың нәтижесінде барлығы да дәстүрлі ислам құндылықтарына ден қой­ды. Жалпы, дін саласында заңмен тыйым салынған бағыттарды ұстанушы, оны насихаттаушы адамдар дер кезінде анықталып, олармен түсіндірме жұмыс­та­ры өткізіліп, айыптылар жазаға та­р­ты­лып келеді.

Облыста құрамында 344 мүшесі бар 20 ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді. 2016 жылдың бірінші тоқ­са­нын­да ғана жоспарға сәйкес 6 «дөңгелек үс­тел», 16 семинар, 4 дәріс, 54 кез­десу, 2 конференция, 7 сынып са­ға­­тын, 1 пікірталас, 1 көпшілік ак­ция­сын өткізген. Оған 8666 адам қам­тыл­ғанын айта кету керек. Діни мәселелерге бай­ланысты 3602 түрлі әдебиет пен кітап­шалар жарық көріп, дін істері бас­қар­масының әлеуметтік желісінде жыл ба­сынан 100-ге тарта мәлімет түрлі сайт­тарға орна­ластырылды. Облыстық, аудандық бұқа­ра­лық ақпарат құрал­да­рында дін са­ласындағы мемлекеттік сая­­сат­ты тү­сіндіру, дәстүрлі құн­ды­лық­тарды на­сихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағыт­тал­ған 112 ақпараттық материалдар жа­рық көрген. Осындай ауқымды іс-ша­раларды жүзеге асыруға облыс әкімі Аман­дық Баталов аса қолдау көрсетіп, қомақты қаржы бөлуге ықпал етуде. Өлкемізде сақал қойып, балақтарын кес­кен аза­мат­тар әлі де болса бой көрсетіп жүр­генімен, жалпы діни ахуалды қа­лыпты деп айтуға болады.

«Экстремистік және террористік әре­кетке қарсы Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының ұлттық заңнамасы» тақы­ры­бын­да баян­дама оқыған Жамбыл ауданы про­ку­рорының орынбасары Айдар Ал­мас діни экстремизм негізінде қыл­мыс­тық әре­кеттер жасаған немесе заңбұ­зушы­лықтарға барған адамдар қандай жа­уапқа тартылатынын жан-жақты тал­дап берді. Өзіміздегі заңдармен қатар біз­дің еліміз терроризмге және экст­ремизмге қарсы күреске бағытталған 14 ха­лықаралық конвенциялар мен хат­тама­ларға қол қойған. Заңды білмеу – заң ал­дындағы жауапкершіліктен бо­сат­пайтынын айтқан ол діндарларды құ­қық­тық алаңда жұмыс істеуге ша­қыр­ды. Ал, облыстық ішкі істер де­пар­та­менті қыз­меткері, полиция подполковнигі Қа­либек Есімбаев Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сында экстремистік сипаттағы қыл­мыс жасаған тұлғаларға қатысты қыл­мыс­тық жауап­кершілік тақырыбында ха­барлама жасап, елімізде тыйым са­лын­ған діни ағымдар жөнінде ақпарат бе­ріп өтті. Соңғы кезде жиі орын алып жүр­ген телефонды терроризм үшін жа­уап­кершілік артып келе жатқаны да на­зар­дан тыс қалған жоқ.

Облыстық ішкі саясат басқар­ма­сының басшысы Ғалиасқар Сарыбаев «Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде діннің рөлі» тақырыбын өз сөзіне өзек еткен. Облысымызда осыдан 10 жыл бұрын бар-жоғы 36 мешіт болса, бүгіндері олардың саны 415-ке жеткені халқымыздың имандылыққа бет бұр­ғанын көрсетеді. Ғалиасқар Тө­лен­ді­ұлы бүгіндері өлкемізде дін саласында орын алып отырған оңды және теріс әре­кеттерді нақтылы мысалдар ар­қы­лы аша келіп, әсіресе имамдарды жас­тарды теріс жолға бастайтын ағым­дар­дан арашалауға шақырды.

Жарыссөзге шыққан Қазақстан хал­қы Ассамблеясы облыстық хатшы­лы­ғының басшысы Ғабит Тұрсынбай, Қай­назар ауылының имамы Бақытжан, ұзақ жылдар өлкеміздің әр аймағында әлеуметтік салаға басшылық жасаған Гүлжиян Сүлейменова, Жаңақұрылыс ауы­лындағы Айқым ата мешітінің имамы Әбділдә Әуезовтер жиында кө­теріліп отырған мәселе жөнінде өз ой­ла­рын ортаға салып, дәстүрлі дін мен хал­қымызға жат ағымдар жайлы та­ра­та айтып берді. Ислам діні қазақ жеріне қа­дам басқалы бері жергілікті ха­лық­тың тұрмыс-тірлігіне, салт-дәстүріне орай икемделіп, қалыптасқан көне де жаңа дінді алыстағы араб елінің ұста­ны­мына салып, бұлжымайтын заң ре­тінде қабыл­даудың терістігін тілдеріне тиек еткен олар жат пиғылдағы ағым­дардың елі­міздегі татулық пен ты­ныш­тыққа тигізер кері әсерін де түсіндіріп өт­кен.

Жиынды қорытындылаған Бақтияр Әлтайұлы әлемнің әр тарапында діни экст­ремизм мен терроризмнің сал­да­рынан кінәсіз адамдардың зардап ше­гіп жатқанын, бауырларымыздың соқыр сенімге еріп, жанкешті әрекеттерге баруынан сақтандыру жолында жат идеялардың алдын алу қажеттігін баса айтқан. «Дін атын жамылған экстремизм, сепаратизм мен терроризмді ауыз­дық­тап, еліміздегі тыныштықты сақтау бар­ша­мыздың ортақ міндетіміз болып та­бы­ла­ды», – деді ол сөзінің соңында.

«Шаң­ы­рақ – Мәңгілік елдің тұғыры» ак­ция­сы ая­сында өткен бұл басқосу жиналған қауым үшін өте пайдалы әрі әсерлі бол­ғаны анық.

Қуат Қайранбаев

Жамбыл ауданы.

 

 

Оқылды 2652 рет

Күнтізбе

« Шілде 2020 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сайтта: 126 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане