logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Бейсенбі, 14 Сәуір 2016 00:00

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

 
Дауыс бер
(0 бағалау)

3

Наурыз айының 20-сы күні өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутат­тарының және барлық дең­гейдегі мәслихат депутатта­рының кезектен тыс сайлауы кезінде белсенділік танытқан «Нұр Отан» партиясының мүшелері Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың АЛҒЫС хатымен марапатталды.

Саяси науқан кезінде тынымсыз еңбек еткен жандарды облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ құттықтап, көпшілікке жүктелген жауапкершілік жүгінің ауырлығын айтып өтті.

– Бәріңізге белгілі, биылғы жыл өте ауқымды, маңызды шараларға толы болды. Со­ның ішінде, 20 наурызда өт­кен Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісі депу­тат­тарының және барлық дең­гейдегі мәслихат депу­тат­тарының кезектен тыс сай­лауы әрқайсысымыздың ел болашағы жолындағы жауап­кершілігіміз бен ауызбір­лігі­мізді көрсетті. Елбасы «Нұр Отан» партиясының фору­мын­да сөйлеген сөзінде облыс­тың жетістігіне ризашылық білдіріп, жерлестерінің қол­дауына ыстық ықыласын жет­­кізді. Облыстағы 990 021 сайлаушының 931 214-і, яғни, 94,1% сайлауға қатысып, «Нұр Отан» партиясына 787 883 азамат дауыс берді. Сол арқылы Жетісу жұрт­шы­лығы республика бойынша ең жо­ғары, 84,6%-дық көрсет­кішке қол жеткіздік, – деген Аман­дық Ғаббасұлы сайлау кезінде белсенділік көрсеткен жандар­ға құрмет көрсетті. Оның ай­туын­ша, наурыздағы сайлау халықтың ауызбірлігін, аза­маттық жауапкершілігін анық көрсеткен. Себебі, дауыс беру­ге келушілердің көпшілігі сая­си науқанның маңызды­лығын, құндылығын жақсы түсініп, өз даусының шешуші нәтиже бе­ре­тінін ұғынған. Сон­дықтан да облыстық, аудандық штаб мү­ше­лері уақытпен санас­пай талапқа сай жұмыс істеді.

– Сайлаудың барынша ашық өткендігіне, еліміздегі тұрақ­тылық пен демокра­тиялық қағи­далардың сақтал­ғанына халық­аралық бақы­лаушылардың да көзі жетті. Осының барлығы сай­лауалды насихат жұмыс­тары­ның жо­ғары болғандығына дәлел. Біз­дің облысымызда осы жетіс­тіктерге қол жеткізуге зор үлес қосқан 47 беделді азамат­тан құрылған облыстық штаб­­тың, 387 адамнан құрылған 19 аумақ­тық қоғамдық штабтың еңбегін атап өтуге болады, – деген облыс әкімі сайлау науқа­нына қатысқан органдар мен сала­лардың жұмы­сына жоғары баға берді. Амандық Ғаббасұлы атап өткендей, насихат жұмыстарын ұйымдастыруға елге танымал зиялы қауым өкілдері жұмыл­дырылған. Барлық сайлау учас­келерінде талапқа сай жұмыс жасалып, шалғайда орналасқан учаскелерге сайлау материал­дарын жеткізетін көліктер берілді. Ең бастысы, облыстық штаб, аудан­дық штабтар мен сайлау комиссияларының мүшелері жү­й- е­лі, адал қызмет жасады. Соның арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізілді. Одан бөлек, құқық қорғау органдарының, Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәс­лихат­тар депутаттарының жұмысы ерекше атап өтуге тұрарлық. Олар бүкіл облысты аралап, халықпен кез­десіп, елде жүргізіліп жатқан саясатты түсіндірді. Ал, құқық қорғау органдары қажетті мәлім­етпен қамтамасыз етіп, үлкен көмек көрсетті.

Амандық Ғаббасұлының ай­туын­ша, жаңа сайланған халық қалаулыларының кәсіптік деңгей­лері жоғары, әрқайсысы бір-бір саланың белді мамандары. Сол себепті, депутаттардың сапалық құрамы бұрынғыдан да жақсара түсті.

– Мәслихат депутат­тары­ның сапалық құрамы жайында айтар болсақ, халық қалаулы­ларының қатары кәсіби депутат­тармен толықты. Парламент Мәжілісіне де белсенділігі жоға­ры кан­дидат­тар өтті. Облыс­тық, аудан­дық мәслихат­тардың хат­шылары ірік­телініп алынды деп айта аламын. Жаңа­дан келген депутаттар да жақсы жұмыс үлгісін көрсетеді деп сенемін. Жалпы, облыс бо­йынша депутат­тардың орташа жас мөлшері 49 жасқа тең бо­лып отыр. Осыған қарап, де­пу­­тат­тар кор­пусының жасар­ға­нын байқауға болады. Өз­деріңіз жақсы біле­сіздер, іс­теген ісін жоғары баға­лап, сый-құрмет көрсетіп, жақсы тілек, жан­ашыр сөз айтса адам­ның көңіл күйі көтеріліп қалады. Сол себепті, бар­ша­ңызға өз атым­нан, облыс бас­шыларының аты­нан риза­шы­лығымды біл­діріп, рахмет айт­қым келеді.

Құрметті партияластар! «Мәң­­гілік Ел» идеясы тө­ңі­регіне тығыз топтасып, қоғам­дық келі­сім мен ұлтаралық жарастықты танытып отырған жер жан­наты Жетісу өңірі ел-жұртының респуб­ли­кадағы сая­си науқанға бір­кісідей қа­ты­сып, жоғары нә­тиже көр­сетуіне әр штаб мү­шесі, әр се­німді өкіл, «жас­отан­дық» өзіндік үлес қосты. Бар­ша­ңызға алғыс айта отырып, Қа­зақ­стан Респуб­ликасының Пре­зиденті Нұрсұл­тан Әбіш­ұлы Назарбаевтың АЛ­ҒЫС ХАТЫН және «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірін­ші орынбасары Асқар Иса­бекұлы Мырзах­ме­тов­тің АЛ­ҒЫСЫН тап­сыруға рұқ­сат етіңіздер.

Наурыз айындағы саяси дода кезінде күн демей, түн демей тынымсыз еңбек еткен Серік Мұқанов, Аян Айт­жа­нов, Свет­лана Гаитова, Ғабит Тұр­сынбай, Әсия Ах­метова, Мәу­лен Ма­мы­ров, Қал­мұ­қан­бет Донсе­баев, Лю­мила Ким, Рай­хан Сер­ға­зи­нова, Римма Салы­қова сынды азамат­тар­дың қата­рында «Же­тісу» газе­тінің тіл­шісі Қажет Андас пен «Огни Алатау» газетінің тіл­шісі Хасан Ес­панов та бар. Елба­сының Ал­ғыс Хатына ие болған әріп­тестерімізді мара­пат­тарымен құт­тықтаймыз.

Салтанатты жиын соңында партия ардагері, облыстың Құрметті азаматы Аян Айт­жанов, «Айналайын» балалар үйі директорының орын­баса­ры Несіпжамал Баймадиева, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік универ­ситеті факультет деканының орынбасары Дамир Дигай сөз сөйлеп, әріптестерін айтулы марапаттарымен құттықтады.

Мәди Алжанбай

Оқылды 2702 рет

Күнтізбе

« Шілде 2020 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сайтта: 129 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане