logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama

Ұлт ұяты (9)

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып, мейірімі ар­та түседі. Өзін жаман іс­терден тыйып, жақ­сы­лық­қа жол салады. Күнәдан бойын аулақ са­лып, опа­сыздықтан қаша­ды. Сол арқылы адам­дар жа­мандықты тамыры­мен құртып, жан-жа­ғына жақ­сы­лықтың ұрығын жаяды. Ал бүгінгі таңда ай­нала­мыз­дан бай­қап жүр­ген те­ріс қы­лық­тар мен көр­генсіз кө­­рініс­терді неге жат­қы­замыз?! Бұл ұят се­зі­мінің азайып, жүректегі жы­лы­­лық­­тың жо­­ғал­­ғаны дер едік. Оның себебі ұят­­­тың ақи­қатын біл­мей, орын­сыз қым­­­сынып, теріс қы­лық көр­сет­­кен­дер­ден болса керек.

monyment

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін намыс отын айтсаңызшы?!

kokpar

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен салмасы анық.

bolashak

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

5specЖуырда Қаскелең қала­сының Мәдениет үйінде аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен, ата-ана­сынан айрылған және мүм­кін­дігі шектеулі бала­ларға Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемле­кет­тік академия­лық балалар мен жасөс­пірімдер театры қайырымдылық шара­сы аясын­да Өмірбек Боран­баев­тың «Ер Көжек» атты спектаклін тарту етті.

Қойылым алдында театр­­дың директоры, Қа­зақ­стан Мем­ле­кет­тік және Жастар сыйлығының ие­гері Сәбит Әбдіқалықов аталған шараның мән-ма­ғы­насын:

– Біздің театр былтыр АС­СИ­ТЕЖ – Халықа­ра­лық балалар мен жасөс­пі­рімдер театрлары ассо­циа­циясына мүше болып кір­ген еді. Негізі 1965 жылы қаланған бұл ұйымның қа­та­рында бүгіндері біз­ді қо­са есептегенде 84 мем­ле­ке­т­­тің өнер ұжымы бар. АС­­­СИ­ТЕЖ-дің негізгі мақ­­­­саты – жас ұр­пақты театр әлеміне шақыру, олар­­­дың өмірін театрмен тығыз бай­ла­ныс­тыру және ғажайып театр өне­рінің қыр-сырымен таныс­ты­рып, олар­ды әдемілік әле­мі­не бойлату бо­лып табы­лады.

Сонымен қатар, атал­мыш ұйым­­ның мүшелігіне кіру – көп­те­ген халық­ара­лық деңгейде өтетін фес­тивальдарға қатысу арқы­лы төл өнерімізді, салт-дәс­­түріміз бен мәдение­ті­міз­ді халықаралық дең­гейде на­си­хаттауға мүм­кін­дік бе­реді. Осылайша біз балалар мен жас­өс­пі­рім­дердің театр өнері ту­ра­лы түсі­ні­гін тереңдетіп, жал­пы осы саланы әлем­дік үлгілермен салыстыра отырып да­мы­ту­ға қол жет­кі­земіз. Бұл ұжым­ға Ғ. Мү­­сі­­ре­пов театры­­мен бірге Темірбек Жүр­генов атын­дағы өнер ака­де­мия­сы, Ас­та­надағы Жастар теат­ры, Өнер кол­ледж-интернаты, Жү­сіпбек Еле­беков атын­дағы эстрада жә­не цирк кол­леджі де мү­шелікке қа­был­данды.

АССИТЕЖ-дің тағы бір мақ­са­ты – қайырым­дылық акциялары аясында мүмкіндігі жоқ жеткіншек­терге тегін қойылымдарды ұсыну болып табылады. Бү­гін осы шараны біздің театр Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қала­сын­дағы мектеп оқу­шы­ла­рынан бастап отыр. Осы орайда, Өмірбек Боран­баев­­тың «Ер Көжек» спек­таклі жас көрер­мен­дері­міз­дің көңілінен шығады деп сенеміз.

Айтса айтқандай, қоян жүрек сұр көжектің басы­нан кешкен оқи­ға­ларын ба­ла­лар өте әсерлі қабыл­да­ды. Театр актерлері Дархан Сү­­­лей­­менов, Мақсат Сә­би­тов, Бейбіт Қа­маранов, Нұр­­гүл Мыңғатова, Сәния Ер­­­зат­қызы және Динар Аб­дул­­линалар сомдаған кө­жек, қозы, лақ, күшік, әтеш пен қасқырдың әре­кеттері еш­кімді бейжай қалдыр­маған. Кейіпкерлер қойы­лым бары­сында балалар­мен тікелей қарым-қаты­насқа түсіп, олар­ды сах­на­дағы оқиғаға қатысып оты­руға мүмкіндік тудырған. Сондағы жас кө­рер­мен­дер­дің жан-тәнімен беріліп, әр кейіпкердің тағ­дыры үшін алаңдап отыр­ғанын көру­дің өзі бір ғани­бет. Олар­дың кіршіксіз таза көңіл­мен шын қуанғанына, ала­қай­лап алақан соққан­да­ры­на қарай отырып, сәби­лерге шаттық сыйлағаннан артық не бар екен деген ойда қал­дық.

Қуат Қайранбаев

Қарасай ауданы. 

6gashikМахаббат – адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, қанат бітіретін күшті де ең асқақ сүйіспеншілік сезімі. Ол өмірдің мәні, әні мен жыры. Ал қазақ халқының махаббатының ұлылығы аңызға бергісіз ерліктерден тұратын болса, тазалығы тау суындай тұнық келеді. Сондықтан да сезім қылын шертіп, ғашықтық ғазалдары деп түн жастанып өр сезімін өлеңге қосқан шайырларымыз жетерлік. Заманымыздың заңғар ақыны Мұхтар Шаханов «Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір, ал қалғаны жай күндер», – деп жырлауы тегін емес.

Иә, ақындардың өмірлік жыры­на арқау болған махаббатқа жетер не бар, шіркін! Сол шайырлардың арасындағы шоқтығы биік жер­лесіміз Тұманбай «Сенің көзің қара да емес, көкте емес» десе, жас ақын Ақберен Елгезек «сенің көзің пейіш­­тегі гүл сынды», – деп аруын аспаннан түскен періштеге балайды. Ойды қозғап, қиялды қытықтайтын ғажайып жолдардың бәрі әсері бөлек махаббатқа деген құрметтен болар. Ал ертегідей болып бізге жеткен бір ғана «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры қазақ­тың мөлдір махаббатын, сезімге деген адалдығын, сол жолда жан қиюға бар екендігіне дәлел. Ол кемеңгер жұрттың арын атта­май­тын, ақиқаттан қиыс кетепейтін сертке беріктігінде. Сондай-ақ, сезім атаулыны бәрінен биік қой­ған­дығында.

Ал бүгінгі жастардың махабба­тына алдыңғы толқынның көңілі толмайтындығы белгілі жайт. Неге оларды қатарластарымыздың жұп құрып жарасып жүруі алаңдатады? Өйткені, кейбір жастар махаббатқа жеңіл қарап, жар таңдауға асы­ғыстық танытатындай. Тіпті, бірі- бірін көрместен әлеуметтік желі арқылы танысып, табысып жата­тындар да баршылық. Соның сал­да­рынан шаңырақ көтерместен ажырасуды қалап яки қыздың арын аяқ асты етіп кететіндердің саны артуда. Бұл жүрісінде қара нардай салмағы бар қайсар қазақтың ұрпа­ғына тән қылық емес.

«Болашақ жарын интернеттегі авасына қарап емес, үйдегі анасына қарап таңдап, сезімін смайликпен емес, шынайылықпен жеткізіп, отбасын ватсаппен емес, өмірлік мақсатпен құрған ата-бабаңды сағынасың кейде», – депті айтыс­кер ақын Мұхтар Ниязов. Жаны бар сөз. Сүйіктісінің сырын алып, сымбатына тойып, ақылы асқан жан болса ғана жар ететін атала­рымыздың жолын қуғандардың саны сирек. Ал өр мінезді, ердің қасиеті бар, салмақты да байыпты адам болса жұп құруға келісім беретін әжелерімізден өнеге алған нәзікжандыларымыз саусақпен санарлықтай. Сондықтан да, «жең­гетайы – желі» болып тұрған бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі сезімге келіп тіреледі. Табыспай жатып тарқасудың мәнін түсінбей дал болған алдыңғы толқынның жүрегі сыздап, жастарға аянышпен қарай­тындай.

«Отан – отбасынан басталады», – деуші еді шешен халқымыз. Әрбір шаңырақ көтерген жас отбасының Отанға қосар үлесі жетерлік. Ал уығын шаншып болмай жатып шаңырағын шайқалтып алған жандардың күйі ел абыройына нұқсан келтіретіндей. Ар­дың алдында тұрғанда дардың алдында тұрғандай күй кешетін данала­рымыз­дың елдің данқын әлемге аспандатқаны белгілі. Соларға қарап бой түзесек әсте адаспаспыз. Алайда, отбасын сақтай алмауға байланысты Отан анаға кір келтіріп жатқан жастарымыз тағы бар. «Борат» сынды қазақтың абыройын аяққа таптайтын кино түсірілгенде де ел ағалары намыстан нарттай болып, найза тілін безеп жауап берді. Жастар жағы көмбістікке салынып, үн қатқан­дарының қатары санаулы ғана болған­дығы да ақиқат. Міне, осының бәрі айналып келгенде тамырында қасиетті қаны бар қазақтың қаракөздерінің баба жолына көз салмай жүргендігінен.

Махаббат – парасаттылыққа бас­тайтын жол. Адам өмірін нұрландырып, бақытқа бөлер шынайы сезім. Қалқа­ман – Мамыр, Қыз Жібек пен Төлеген, Естай мен Қорланның шынай сезімін аңсайтын күйге жеттік. Естайдай 51 жыл арман ету түгілі, езу тартқанға есі кетіп елпілдейтін болдық. Қорландай әні мен жырына ғашық болып, ішкі сезімін жарты ғасыр ішіне бүгу тұрмақ, сөз салғанның соңынан еруге бар қарындастарымыздың қатары бірша­маға ұлғайды. Бұл әдебиет пен мәдение­тімізге, салт-дәстүрімізге дендей алмау­дың салдары болар деп те ойлаймыз. Егер, қызымыз Жібектей, ұлымыз Төле­гендей болуды арман етсе, қазақы махаб­баттың қалыбы бұзылмас еді-ау.

«Кешегі күні кім едік, батырлармен дүр едік», – деген Оразәлінің отты сөзі бүгінгі жастарға қаратып айтылса, жалын емес қоламта болып қалатындай. Сол айтылғандай кешегі күні арына берік ибалы қызы бар, серттен таймас серісі көп, жетімін жылатпаған, жесірін қаң­ғырт­паған жұрт болатынбыз. Қазақ халқына тән тұнық сезімі бар, ұялғанды ұяң жан емес ары бар деп түсінетін едік. Ал бүгінгі таңда «ұялсаң аш қаласың», – деген мәтелдің мәнісіне жетпей бас салып аруды алып қашпасаң, арманыңның орындалмағаны деп те қылжақтайтындар арамыздан бой көрсетуде. Жөнсіз әзіл желкемізді қиятын қыл арқаннан да қатерлі һәм қауіпті. Сол себепті де, өз тағдырым деп самарқаулықпен сыл­қымды таңда­май, қазақтың көсегесін көгертпесем де арына таңба баспайтын отбасы болайын деп мақсат қоя білсек жарар еді. Некесі қиылмай, шекесін сүйгізбеген әжеле­рімізге қарап қызда­рымыз, әр сөзін серттей көрген серілерге қарап ұлда­рымыз бой түзесе екен.

«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл». Бұл дана Абайдың қазақ халқының махаббатына берген бағасы деп білемін. Арым жанымның садағасы деп білген айбынды алты Алаштың сезімі де нәзік, тап-таза болған. Сондықтан да, әдемі, сүйкімді һәм шарапатты, ұлы істерге бастайтын ғашықтықтың бағасы бөлек. Махаб­батпен адамның күллі тіршілігі байла­нысты. Ол пенденің ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан-күйі. Алдыға жетелеп, мақсатқа құлшындыратын күш. Сол себепті, баһадүр бабалардың сара жолы тұрған­да батысқа қарап еліктеудің реті кел­мес. Тойын тойлап, мейрамын әспет­теудің керегі жоқ. Қазақтың жастары 14 ақпанды «Әулие Валентин» күні деп есі кеткенше махаббат үшін мерт болып, бір қабірде жатқан Қозы мен Баянның сезімін бағалап, төрт-бес жылдан бері айтылып келе жатқан 15 сәуірді «Ғашықтар күні» атап, мөлдір махаб­батқа ұлттық көзқарас, тұнық сезіммен қарағаны жөн болар еді. Сол себепті, біреудің қаңсығын таңсық етпей, өз мерекемізді тойлағанға не жетсін?! Әманда, ақындары жырлаған, халқы биік көрген ғашықтық сезімін ғұмыр­лы, шаңырағын тұғырлы қылған ұла­ғат­ты ұрпақтар санатынан болуды мақсат ете білейік.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Республикалық теле­арналарда қарапайым жаркенттік бозбала Әлибек Нұркеш туралы жайдарман жаңалық қайта-қайта көрсетілді. Әлем студенттері арасында оның жүз беделді тұлғалардың тізіміндегі американдық миллиардер Стивен Шварцманның грантын жеңіп алғаны барша қазақстандықтарды мақтанышқа бөледі.

Осыдан үш жыл бұрын С. Шварц­ман «Sehwarzman Schol­ars» жобасын жүзеге асыратынын жа­риялап, 100 миллион доллар бөлген бо­латын. Жақында бүкіл әлем, оның ішінде біздің отандас­тарымыз сол гранттың алғашқы жеңімпаздарының анықталғанын естіді. Солардың қатарында жер­лесіміз, Назарбаев универси­тетінің төртінші курс студенті Әлибек Нұр­кештің барын білдік. Ол үш мың­­ға жуық үміткер арасынан үз­дік шыққан жүздік қатарынан кө­рін­ді.

Жаркент қаласындағы Ш. Уә­­­­лиханов атындағы қазақ орта мектебін үздік тамамдаған Әли­бек, Қазақ-Британ техникалық университетіне оқуға қабылданып, алғашқы курсты тамамдасымен Астанадағы Назарбаев универ­ситетіне ауысты. Онысына ол еш өкінбейді. Өйткені Әлибек Аста­нада еліміздің ең жақсы оқу ор-нында терең білім алып, жоғары нәтижеге жетіп, бүкіл елі мен өзі білім алатын оқу орнын әлемге әйгіледі.

 Көптің көкейіндегі бір сауал – ел шетіндегі шекаралы өңірден шыққан қарапайым бозбала тұманды Лондонды қалай бағын­дырды? Өзінің айтуынша, бас­тапқы білімнің мығым іргетасын оның санасына ата-анасы қалап­ты. Анасы Рахила Жексенбиева Жар­кент қаласындағы Ш. Уәли­ха­нов атындағы орта мектепте ағыл­­шын тілі пәнінің мұғалімі болып, ұзақ жылдардан бері ең­бек етеді. Мектеп табал­дыры­ғын аттағаннан Әлибектің ағыл­шын тілін жетік меңгеруіне анасы көп еңбек сіңірді. Оның ағылшын тілін­де еркін сөйлеуі, барлық сабақ осы тілде жүргізілетін Назарбаев уни­верситетіне ауысып оқуына мүм­кіндік берді.

Назарбаев университетінің Әлеуметтік және гуманитерлық ғы­­лымдар мектебі» факультетінің соң­ғы курсында оқып жүріп, Әли­бек оқуын магистратурада жал­ғастыруды ойластыра бастады. Сөй­тіп жүріп ол Стивен Швар­цман­ның гранты туралы хабардар бо­лып, халықаралық доданың күрделі іріктеуіне қатысуға дайындалды. Ағылшын тілін білуі мен жинақ­таған білімі бұл іріктеуге жеткіліксіз екенін де сезінді. Негізгі салмақ кә­сіптік жетістік пен нәтижеге бай­ланатынын байқады. Өйткені оның бәсекелестері әлемнің ең озық оқу орындары саналатын Гарвард, Окс­форд тағы басқа білім ошақ­тары­ның студенттері болатын.

Әлибек әртүрлі тақырыпта төрт эссе жазып, алғашқы тап­сырманы табысты өткерді. Олардың бірінде әлемдегі күрделі халық­аралық мә­селені талдап, оны бейбіт жолмен шешудің кілтін табудың тұжы­рым­дарын жасады. Бәсекенің екінші кезе­ңі Ұлыбританияның аста­на­сын­да өткізілді. Онда грант үміт­керлері қатарында біздің Әлибек те Ислан­дияның президенті Оло­вюр Раг­нер Гримссон, «Morgan Sta­nley» және «Barciays» банктерінің төр­ағасы Джон Уолкер, Катар уни­вер­си­тетінің басшылығы және Сти­вен Шварцман сынды саясат­кер­лермен, банкирлермен қырық минут бойы сұхбаттасып, білімі мен білігін дә­лел­деді. Сөйтіп оған алдымен Қы­тайда бір жыл білім алуға, одан соң Лондон университетінде оқуын жалғастыруға грант тағайындалды.

Әлибектің әкесі Қанат Дос­майылов Панфилов аудандық әкім­дігінде мемлекеттік қызметкер. Үмі­ті мен арман-тілегін ақтаған ұлы­ның абыройлы жеңісіне ата-ана­сы­ның қуанышы ерекше.

Биыл жазда Әлибек Назарбаев университетін тамамдап, одан соң Қытайдың ең озық оқу орны Цин Хуа университетінің магис­трату­расында білімін жетілдірмекші.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Панфилов ауданы.

Жексенбі, 10 Сәуір 2016 02:59

Ынсап пен ысырап

9nsapТаудай табыс – тәубеден. Кешегі Құнанбай қажының баласы Абай байлығына масаттанып, барына мақтанып кеткен жоқ. Шыңғыстаудың етегін тұтас жапқан малы болса да, рухани байлыққа татымайтындығын ұқты. Сол себепті де өмірін дін жолына арнап, дәстүрін берік ұстанды. Оған «Патша құдай, сиындым тура баста өзіңе» деген өлеңі дәлел. Хәкімдік деңгейге көтерілген данышпан Алла жолына түскендіктен ақ пен қараны айқын танып, ажырата білген. Сондықтан да жырлары өміршең болып, Алаштың Ахметі айтқандай «қазақтың бас ақыны» атанды. Міне, сол данамыздың дара сөздері дін мен дәстүрімізді ұштастырып жатқандай. Әлқисса, сөз басында тәубемен жеткен табыстың таудай көріне­тіндігімен бастап, данышпан Абай­ды тілге тиек еттік. Неге? Хәкім жайлы айтар болсақ, дін мен ділді қазақта одан асырып жырлаған адам бар деп айта алмаспыз. Ал тәубе мен табыстың қабыспай тұрған жері болса, ол біздің тура­шыл­дықты ту ете алмауымыздан, дәстүрді толық білмегендігімізден. Салт-санаға бай бабаларымыздың ырысы шалқып тұрса да «ынсапты бол», – деп отыратыны ата жолын жетік меңгергендігінен. Ал бүгінгі күні кейбір жанның аузынан «бар бол, бай бол», – деген мардымсыз бата шығып жатады. Сол бар­шылық пен байлықтан не пайда, Алла жолында жұмсалып, пайдалы іске жарамаса. Бүгін ынсапқа кереғар пікір болған ысырап­шыл­дықтың оты өршіп, жалыны лаулап тұрған кез. Оған дәлел мен дәйекті алға тартудың қажеті жоқ. Айна­лаға мән беріп қарайтын болсақ жетіп жатыр.

Мысалы, бүгінгі заманның тойы мен асы ысырапшылдықпен өтеді. Шамамен 150 адамдық үс­телге 500 қонақты тойдыратын аста-төк дастарқан жайып жатады. Ондағы желінбей қалған астың мейрамхана артында орналасқан қоқыс салғышқа қотарылатынын да көзбен көріп жүрміз. Бұл бүгінгі заманның жазылмаған заңдылығы іспетті. Дәулетті болса мил­лион­даған көк ақшаны сарп етіп, ал кедейіміз несие алып тыраш­тана­ды. Мұның бәрі айналып келгенде Алланың азабына ұшырататын үлкен күнәнің бірі. Жаратқан иеміз Жәбірейіл (ғ.с) арқылы түсірген Құранында:

«...Және де ысырап етпеңдер! Расында, Ол (Алла) ысырап етуші­лерді жақсы көрмейді» (Әнғам сүресі, 114-аят), – деп қатаң ескер­ту жасаған. Осыдан кейін тәңірдің ризашылығына бөленгісі келетін жан болса ойлана жатар.

Рас, кешегі бай-манаптар, шен­ді мен шонжарлардың асы алты Алашқа сауын айтып, ат шап­тырған тоймен тең дәрежеде өткен. Ақан серінің Құлагері мерт болған Сағынайдың асы оған дәлел. Алай­да, ол заманмен бүгінгі күннің арасы жер мен көктей ғой. Алла жолында қисапсыз малды құрбан шалып, үш жүзге белгілі Сағы­найдың беделі болғандықтан бар қазақты шақырып ас беруі, Жарат­қан мен ел ризашылығын алу үшін жасалған дәстүрлі рәсім еді. Егер, кешегілерге ұқсағысы келген қал­та­лылар болса тек Абайдай болсын дер едік. Өйткені абыройы Сағы­найдан кем түспейтін Құнанбай қажының өмірден өткенде бала­лары: «Қазақтың салты бойынша әкемізге ас берейік», – дегенде Абай: «Асқа мал бөлейік. Бірақ ол малды сойып жұртқа жегізбейік, орыс мектебінде оқып жүрген қазақ балаларына жәрдемге бе­рейік», – дейді және осы айтқанын істейді де. Ол асқа шығарылған мал саны нақты мәлім емес. Бір деректерде 100 жылқы, 200 қой делінеді. Абай олардың барлығын сатып, Семейдің интернатында оқитын қазақ жастарына беруі Құнанбайдың өзге балаларына да, ағайындарына да, көршілес ел­дерге де ұнамайды. «Құнекеңді атаусыз қалдырды», – деп талай­лары ренжіген деседі. Міне, қарап отырсақ шариғи сауаты мол хәкім Абай нағыз мұсылманшылығын осылай танытқан.

Ысырапшылдықтың басқа да түрлері жетіп жатыр. Мысалы, кейбір адам Жаратушының берген рызық-несібелеріне шүкіршілік айту былай тұрсын, оларды қалай болса солай шашып, арам жолдарға сарп етеді. Қазақтың «Лас-Вегасы» деп жүрген Қапшағай қаласы соның басты ордасы іспетті. Әрине, дін мен дәстүрді жазып жатқан соң, ерте­гілер еліне саяхат жасамай, бүгінгі қоғамды ашып көрсеткен жөн. Сол Қапшағайдағы ойынханалардың сән-салтанаты былай тұрсын, ішін­дегі думан Алланың азабына ұшыра­татын дүние екендігін біріміз білсек, біріміз білмей жатамыз. Нағыз ысырапшылдық сонда жатыр. Көк ақшаны көсіп ұстап, көңіл көтеру үшін шашып жатқаны ысырап емей немене? Тапқан табысы шайлығына жетпей жатқан кей азаматтарымыз қалталылардан қалыс қалмау үшін сол жерге күнара ат сабылтады. Қайырлы һәм берекелі іс туралы ойланбайды да. Алла ризашылығы үшін садақаға қимаған соқыр тиы­нын қолдан судай сусытады. Ал Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) қалған хадисте: «Садақаның ең қайырлысы – отбасы, бала-шағасына берген садақа», – деген ғибратты сөз бар. Алайда, шариғи сауаты жоқ жандар, отбасы мен бала-шағаға қалай сада­қа береміз деп ойлауы да мүмкін. Ол өмірге алып келген ата-анаң мен балаларыңды, асыл жарыңды тамақ­тандырып, киіндірген жақсы сөз айтқаны емес пе. Міне, бүгінгі кейбір азаматтарымыз өз отбасын аш қалдырып, тапқан-таянғанын сол құмарпаздар ордасына құюда. Бекер­ден-бекер мал шашуда десек те артық айтқандық болмас. Осындай жағымсыз дүниені көзіміз шалып, көңіліміз құлазығанда тағы да салт-дәстүрі мен дінін жырлап өткен хәкімге жүгінеміз. Абай:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз, – деп жырлаған.

Халықты нарық билеген заманда судың да қадірін білмей жүрген жандар жоқ емес. Ал дәстүрін дәріп­теген кемеңгер жұрт «судың да сұрауы бар», – деп тәмсілдеуі шари­ғатты жетік біліп, қасиетті қазақ елінің ұстанымын ұран етіп жүрген­дігінің айғағы. Оған дәлел болатын мына бір оқиға: Бірде Пайғам­барымыз (с.ғ.с) сахабасы Абдулла ибн Амрдың (р.а) дәрет алып жа­тып суды мөлшерден тыс көп пай­да­ланғанын көреді де: – Бұл не деген ысырап? – дейді. Сонда Абдулла ибн Амр (р.а): – Дәрет суда да ысырап бола ма? – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.ғ.с): – Иә. Тіпті, ағып жатқан өзеннің жағасында болсаң да, – деп жауап берген екен. Демек, дарияның жағасында дәрет алып жатсаң да суды ысырап етпеу керек-ті. Кейбір адамдар ол тұрмақ, дүние­сін судай шашуда.

Сондай-ақ, қасиетті Құранның бір аятында мал шашып ысырап етушілерді шайтан-малғұнның аға­йын­дарына жатқызған. Міне, бұдан асқан қорқынышты әрі жиіркенішті дүние болмас. Сөзіміз нақты шығу үшін қасиетті кітап сөзін келтіре кеткен жөн болар. Алла Тағала былай дейді: «Жақын туыстарыңа, міскіндерге, жолда қалғандарға хақтарын беріңдер. Әрі еш ысырап қылма! Шындығында, ысырап­қорлар – шайтандардың ағайын­дары. Ал шайтан Раббысына анық қарсы келуші» (Исра сүресі, 26-27- аят). Демек, ысырапшылдық адам­затты ең төменгі дәрежеге түсіріп, лағынеттің қатарынан бір-ақ шыға­ратын, ақыр соңы жамандыққа апарып соқтыратын апатты іс екенін осыдан-ақ ұғынуға болады. Шын мәнінде бабаларымыздың дінін ұстанатын болсақ, Жаратқанның ескертулерін санамызға тоқып, ризашылығына бөленетін қауымның қатарынан болмасымызға кім кепіл? Алайда, ел болып салт-санасын меңгермеген, дәстүрін дәріптеп, дінін берік ұстана алмай жүрген жұрт емес еді деп айта алмаймыз. Біздің қазақ қашаннан да Алласыз іс бастамаған ел. Тек кейбір бауыр­ларымыздың санасына сол бір құндылықтарымыз сіңбей жатқан­дығы қынжылтады. Ақиқатында, Раббысының нұры түскен ұлттың тағдыры, отбасының мүшелері ешуақытта мұң шегіп, қайғы көрмесі анық. Бүгінгі қоғамның дерті сол дін мен хақ жолының тармағындай болған дәстүрдің төркінін ұқпай, тағылымын тани алмай жүрген­дігімізден деп ащы да болса ақиқат­ты айтқан дұрыс.

Ақиық ақын Мұқағалидың «Дәс­тү­рін аттамаған, анық басқан», – деген жалынды жыры еске түскенде көкірегіңді қуаныш кернеп, баба­лардың өміріне деген құштарлығың арта түседі. Абайдың тәлімін көрген Құдайбердінің ұлы Шәкәрім баба­мыз да дін жолында адал қызмет атқарып, өмірін сарп еткен тұлға. Ол қазақ елінің кіл қаймақтарының ішінде өзінің дара болмысымен, алдаспандай тіліп түсер өткірлігімен тарихта қалған. Ал сондай тақуа ақын өзінің қасиетті жұртының дәстүрін жетік білгені ақиқат. Шәкірім Құдайбердіұлы:

Ынсап, рақым, ар, ұят                          табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан,

– деп жырлаған. Яғни, бұл жырдан ынсапсыз адам өз өмірін өксітіп қана қоймай, қоғамын күйелештеп, был­ғайды деген сөз. Міне, бұл қандай ғұмыр кешсе де қазақтың хәлін патшадан кем ойламаған даныш­пандардың сөзі, ғибратқа толы жыры. Бір ғана Шәкәрімнің шығар­масын алсақ, ынсап пен ысы­рап жайлы біреше өлең табуға болады. Ол бір сөзді таптауырын қылып жаза бергендіктен емес, адамзат басын­дағы ең жағымсыз қасиет әрі күнәға бастайтын болған­дықтан жырға қосқан. Енді бір сөзінде «Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақпейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол шын адам болады», – деп ынсаптың адамға тән екендігін жеткізген. Иә, ақиқатында солай. Ішіп-жеу хайу­ан­ға да тән қылық. Алайда, олар белгілі бір мөлшерде тоят табады. Бізде ынсап болмаса мешкейленіп, саф алтынды сыңғыр­латып жүрсек те өзгенің дүниесіне көз сүзуіміз мүмкін. Ал бұл ақын айтқан нағыз адам болудан шығара­тын тайғақ жол.

Негізінде, ысырап арабтың «иср­аф» сөзінен шыққан. Бұл малын пайдалануда, сөз сөй­ле­генде шектен асып, ысырап ету деген мағынананы білдіреді. Амр ибн Шуғайыбтың атасынан жеткен риуаятында Алла Елшісі (с.ғ.с): – Ішіңдер, жеңдер және садақа берің­дер һәм ысырап пен тәкаппарлық танытпай киі­ніңдер, – деп ескерт­кен. Яғни, адамның тәкаппарлығын оятатын жарқыраған киімнің өзі күнә деп білген. Ал Ислам ғалым­дарының түсіндіруінше, ысырап ету мал-мүлікті, ақшаны пайдалануда кезде­сетін теріс қылық. Осыған орай ысырап екіге бөлінеді: мал-мүлікті, ақшаны арам нәрсеге жұмсамаумен ысырап ету және сол мал-мүлікті, ақшаны адал нәрсеге мөлшерден тыс жұмсаумен ысырап ету. Қарап отырсақ, таршылық пен баршы­лықты, жақсылық пен жамандықты тұтас қамтыған дін мен дәстүрі­міздің сыры тереңде жатыр. Оны түсіну үшін Құранды парақтап, Абай мен Шәкәрім қала берді Мұқағали ақындардың жырын жадымызға тоқып жүруіміз керек-ті.

Философ Ғарифолла Есімнің ай­туынша: «арлы адам, алдымен, құда­йына қараған, құдай мақұл­дамайтын іске бармайтын адам. Ар – әр адамның өз ісінің төрешісі». Ал біз ар алдында Абай айтқандай өзімізге бір сәт есеп беріп көрейікші. Ысы­рап жасамаған кезіміз болды ма екен? Ата дінді ұстанып, дәстүрі­мізден ғибрат алып ынсапсыздыққа жол бермей, ысырап етпеген күніміз бар ма? Ешбір адам «иә» деген жауапты бере алмасы анық. Алайда, қаны мен жаны таза қазақ елінің қос қанаты сынды дін мен дәстүрін жетік білген жан бұл сауалға күндер­дің күнінде тұшымды жауап берер деп үміттенейік.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

9asarБәрімізді жоқтан бар етіп жаратқан Алла тағала өте мейірімді. Ол біздің өмір сүруімізгебарлық жағдайды жасап қойды десек қателеспейтініміз ақиқат. Дегенмен, барлық адамның ойы бір арнадан шығуы мүмкін емес. Біз көбіне арайлы атқан таңымызға, аман-есен жер басып жүргенімізге шүкірлік етпей жатамыз. Олай айтуға бір себеп болуы керек секілді. Ол ол ма, тіпті, он екі мүшеміздің сау болғаны үшін де қуанбайтын кездер болады. «Бойым неге қысқа, арық болғанымда ғой. Неге мен осы әдемі емеспін?» дейтіндер де баршылық. Міне, осындай артық ауыз күпірлік сөздер бірінің соңынан бірі жаңбырша төгіле береді, төгіле береді. Мұндай сөздердің орнына қанағат етсек, қайыры болар еді. Әттең, мұны да біз кеш түсінеміз. Тек он екі мүшесінің бірі кем немесе көру, есту, сөйлеу мүмкіндігінен айрылған жандарды көргенде ғана сабырға келіп, сабамызға түсеміз. Жалпы, өмір болған соң оның соқтықпалы соқпағы да қатар жүретіні заңдылық. Сол сынаққа қарсы тұру үшін адамға қажымас қайрат керек. Ал бүгінгі біздің кейіпкерлер басына түскен қандай да бір сынақ болса да қасқайып қарсы алып, күліп шығарып салуға үйренген. Қысқасы, олар мұны өмірдің өзінен үйренген. Ендеше, солар жайлы ой қозғасақ. Бұл СІЗ бен БІЗГЕ үлкен сабақ болары сөзсіз.

«ДОС» деген

үш әріп артық

Ұлы дала төсінде кіндік қаны тамған арыстандай айбатты, жолба­рыстай қайратты яғни, «АСАР» ко­ман­­дасындағы жігіттердің бүгінгі тіршілігіне қарасаңыз бір марқайып қаласыз. Мәселен, тепсе темір үзетін, алайда ата-анасының немесе жары­ның мойнына салмақ салып отырған не болмаса алаяқтықпен айналысып жүрген азаматтардың әрекетіне қарап іш жыли қою қиын. Ал бұл жас­тардың істерін үлкен жетістік деуге болады. Ең бастысы оларда өздеріне деген СЕНІМ ба­сым.

Олар әр өңірдің тумасы. Бірақ тағдыр үшеуінің жолын бірге тоғыс­тырды. Бірінің жан жарасын екін­шісі сөзбен емес көзбен-ақ ұғып, түсінеді. «Біздің көздер тек жақ­сылықты, қуанышты көруге арнал­ған», – деп қояды жігіттер. Осындай сыйлас­тықтың, түсініктің нәтиже­сінде бұзыл­мас берік қамалға айнал­ған достық атты сарайды үшеуі бірлесіп қалаған. Ол алтынмен апталып, кү­міспен қапталмаған. Есесіне, ол зәулім ғимаратта ақ­пейіл, таза ниет, адалдық, сенім, адамгершілік, қанағат деген мейі­рімді тұрғындар өмір сүреді. Олар­дың басын қосып, жұ­мыл­ған жұды­рықтай біріктіретін қожайындары да осал емес.

Жалпы, өмір өкінішсіз бол­майды. Өткен күнге, істеген іске есеп бер­генде өкініштің өзекті өртейтіні шындық. Алайда өкініш­пен өмір сүру ол үлкен қателік. Басқа түскен әрбір істің қайыры болады. Тек сабырлық таныта біл­сеңіз болғаны. Мұндай ойға тоқ­тауымызға әсер еткен «асар­лықтар». Достықты бәрінен жоғары қойған атпалдай азаматтар бір ананың құрсағынан шыққан үш перзент секілді. Біреуінің жүрек түбіндегі сөзі екеуінің жүрегіне жетеді. Өйт­кені олардың тағдыры ұқсас. Өмір кеме­сінде арман, болашақ, мақсат, жоспар атты жолдастарымен бірге жүзіп келеді. Сол арқылы олар жетістіктің жеңісіне бірге жетті.

Күнделікті өмірде көңіліңе ша­па­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін адал доста­рыңның көп болғаны жақсы емес пе? Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек сана­лады. Мұндай көріністі асарлық­тардан байқауға болады.

«АСАР» БІЗДІҢ

 ҮЙІМІЗ

Қоғамды жасайтын адам. Бірақ онда өмір сүретін жанның бәрі бірдей емес. Олардың түсінігі, қарым-қабі­леті, дарыны, ойлау жүйесі сан алуан. Ал он екі мүше­сінің бірі кем жандар бүгінде қоғам­нан шеттетіліп жатқан жоқ. «Кері­сінше алма піс, ауызға түс», – деп отырған сап-сау жандар солар­дан үлгі алуда. Біздің орта осылайша толығып, толысып келеді. Тағдыр­дың жазуымен арбаға таңылған жандар үшін әрине, ортақ бір меке­менің жұмыс істегені абзал. Бұл идея атым­тай жомарт жандардың арқасында қаламызда бой көтерді. Негізгі жос­парды қолына алған Елдос Баялыш­баевқа көпшіліктің айтар алғысы шексіз. Ол қиын­дықпен бетпе-бет кездесіп қана қоймай, басқаларға да көмегім тисін деген оймен білек сыбана іске кіріскен. Бүгінгі таңда оның нәти­жесін жасы да жасамысы да көріп келеді. Осыдан біраз уақыт бұрын Талдықорған қаласының әкімі Бағ­дат Қарасаев шаһарымыздағы мүм­кіндігі шектеулі жандарға арнал­ған «Асар» фитнес-залының жұмы­сымен танысқан болатын. Қала басшысы кез келген уақытта қолдан келген көмегін аямайтынын айтып, жастарға жігер берген. Ол «Қара­тал» ықшам ауданында орналасқан. Біз де аталған орынға барғанымызда қызу жаттығудың үстінен дөп түс­тік. Өзде­ріне сенімді жандарды көріп қуаны­сып қалдық. Үлкен залда тұрған жаттығу құралда­рының бірі де бос емес. Жүзі жылы жандардың аман­дасқанының өзі бізге ып-ыстық сезіл­ді. Икемге зорға келетін нәзік саусақ­тарымен қимылдап, жаттығу жасап жүрген өмірге құштар жандар біздің іші-бауырымызды елжіретті.

Мұхиттың айтуынша, олар көп уақытын сол жерде өткізеді. Ар­найы «инвотакси» арқылы кез кел­ген уа­қыт­та келіп, спортпен шұғыл­дана алады. Жалпы, жігіттерге жаттығудың көмегі көптеп тиюде. Тіпті, Бахтияр осы кеселге ұшы­рағаннан кейін сау­сақ­тары мүлде қимылға келмей қал­ған-ды. Үйде ата-анасының көмегімен өзі білетін жаттығумен айналысқан. Кейінге таман ғаламтор арқылы өзі секілді арбаға таңылған ресейлік достарды тапқан. Олар Бахтиярға көп кеңес айтыпты. Танысқан доста­рының басым көпшілігі арбаны ары қойып, екі аяқтарымен нық қадам жасап кеткен. Біздің елде де сондай жан­дар бар неге олармен тілдеспедің деп сұрақ қойғанымызда ол ойлан­бастан: «Шетелдегі достарыммен әлі күнге дейін хабарласып тұра­мын. Айтқан ақыл-кеңестері ар­қылы күш-жігерімді шыңдадым. Олар өмірдің қандай сынағына болса да төтеп береді. Тырысады. Өздеріне деген сенім мол. Тәжі­рибелерімен бүкпесіз бөлісіп қана қоймай, бастарынан өткен ауыр жағдайларды айтып, сенің де қо­лың­нан келетіндей бойыңа сенім ұялатады. «Жылы сөз жан жады­ратады» дегендей, бірауыз сөзден-ақ марқайып қалатын, жаны нәзік жаратылыспыз ғой. Ал өз еліміздегі мүгедек жандармен мұндай тақы­рыптарда сөйлесу ауыр. Себебі, олар өздерін іштей жегідей жеп қана қоймай қиналып, соңында депрессияға ұшырайды. «Неге осы ауруға мен шалдықтым? Менің кінәм не? Неге мені осыншама ауыр жазалайсың?» деген сұрақтармен одан сайын құр­дым­ға кетеді. Адам барлық сынаққа төтеп беруі тиіс», – деп жауап берді. Нәтижесінде Бахтиярдың асқар тау­дай әкесі ұлының тік тұрып кетуі үшін үлкен жағдай жасайды. Тағдыр тәлке­гіне ұшыраған жандарға арналған клуб­қа өзі алып келеді. Ал Мұхит пен Мирас аталған орталық жайлы көп­шіліктен құлағдар болып, өздері келген. «Бір көрген таныс, екі көр­ген біліс» демей ме қазақта. Міне, осы сөз дәл үшеуіне айтылғандай. Осылайша олар бірімен-бірі таныс, дос, бауыр болып кетеді. Сондықтан да «АСАР» олардың басын қосқан құтты мекен.

Жақындардың

жан жылуы

Жігіттердің арбада отырып, ауыр жүкті арқалап жүргеніне таңғаласыз әрі сүйсінесіз. «Осынша қажыр-қайрат пен өмірге деген ұшан-теңіз құштарлық күшін қай­дан аласыз­дар?», – деген сұрақ қойғанымда олар сәл жымиып қана: – Жарық күннен, Жер-ананың бү­тін бауыры мен ыс­тық құшағынан, отбасынан, дос-жаран, жақын туған-туыстар­дан, төңірегімдегі қоршаған жақ­сы адамдардың жан жылуынан аламыз, – дейді өздерін ешқашан мүгедекпін деп мүсіркеп көрмеген қайсар азаматтар. Олар бір ауыздан «мен мүгедекпін, маған бәрі көмек­тесу керек» дейтіндердің пікірімен ешқашан келіскен де емес, келіс­пейді де. Мүгедекпін деп қоғамнан сырттамай, өмірден өз орындарын тауып жүрген жан­дарды көпке үлгі етеді. Сөзіміздің арасында мынаны айтсақ деп шеш­тік. Біздің кейіп­керлер қыдырып немесе іссапар­ларлап басқа қалаға жолдары көп түседі. Бірақ оларды басқа қаланың сұлу көркі, әсем табиғаты, зәулім-зәулім ғимарат­тары өзіне тарта бермейтін көрінеді. Жігіттер Тал­ды­қорғаннан сәл ұзай қалса болды, туған жері мен таза ауасымен қайта қауышуға асығады. Өйткені Тал­дықорған – жүрек түбінен орын алған қасиетті мекен.

Бір шаңырақ астында жаттығу жасап жүрген жігіттер өз уақыт­тарын желге ұшырмай, қалыпты іспен айналысуды қолға алған. Үш бауыр бірігіп, көңілді тапқырлар клубын яғни, «АСАР» командасын құрады. Құрылғанына аз уақыт болса да олар біраз жетістікке қол жеткізген. Тіпті, қазақстандық барлық коман­даның ішінде арбада отырып, ха­лық­ты мәнді де мағы­налы қалжы­ңы­мен қағытып отыр­ған тұңғыш команда да осы. Ең алғаш киелі сахна төріне шыққан кезде олар­дың бойында аз да болса қор­қыныш болған. Бірақ көрер­меннің ыстық ықыласы буыны бекімеген жас «жайдарман­шылар­дың» арма­нына нық қадам басуын зор ықпал етті. Ойынның сцена­рийін өздері жазады. Әзілдерін де өздері құрай­ды. Дәл қазіргі уақытта оларға Көксу ауданынан шыққан жас өнерпаздар қол ұшын беруде. Ойын арасындағы музыкалық бағ­дар­­ламаларды солардың ықпа­лымен көрерменге жолдап жүр. Сүрінсе де, құламаған жігіттер қала басшы­сымен әңгіме барысында «Жайдар­манның» маусымашар ойындарына қатысуға ниеттері барын айтып, қаржы жағынан қы­сы­лып отыр­ғандығын жеткізген еді. Жағдай­мен толыққанды танысқан қала әкімі кәсіпкерлерге ұсыныс жасап, көпшіліктің қолдауымен жігіттерге Астанаға бару мүм­кіндігін жасай­ды. Елордағы барып, Есен Елеукен басшылық ететін «Жайдарман» ойынына қытысып, көрерменнің көзайымына айнылып үлгерді. Содан кейін күні кеше ғана киелі Тараз өңірінде республикалық орталық Әулие ата лигасына қаты­сып, ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына орай өткен «Тәуелсіз елдің ұландары» атты қала әкімінің ку­богы үшін «Жайдарман» фести­валінде «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша Тараз қала­сының әкімі Н. Календеров мара­пат­таған. Осылайша, «Жайдарман» тариxында тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандардан құрылған құрама команда саxна төріне шық­ты. Шыны керек, еш қымсынбай көпшілік алдына шыға білген жігіт­тердің рухы бекем-ақ. Көпшілігіміз сөз арасында: «Қиындыққа мойы­май, онымен күресу керек», – деп жата­мыз. Алайда басқа іс түсіп жатса ол мүлде бөлек әңгіме болар еді. Абай атамыздың кітабын жас­танып оқи­тын олар: «Болмасақта ұқсап бағамыз», – дейді.

Осындай көрсеткішке олар тек өз күштерімен жете қойған жоқ. Қаз-қаз басып аяққа тұрған сәтінен қолтығынан демеген қала басшысы Бағдат Қарасаевқа және әкімдіктің барлық қызметкеріне риза.

Иә, бізде мына өмірде он екі мүшесі сау азаматтармен қатар мүгедек жандардың бары, олардың да ел қатарында болғы­лары келетіні енді ғана сезіліп келе жатқандай. Жер бетіндегі әр адамның тағдыры әрқилы. Дегенмен, сынақты да беліміз қайыспай көтере білуіміз қажет. Қысқасы, адам деген қасиетті атқа кір келтірмей, жаурағанға жылу беріп, қасіретке ұшырағанның көз жасын сүртіп, жетімді жебеп, мүгедекті демеп жібергеніміз жөн.

Қоржынның екі жағы болатындай, бұл жандарға жасалған жағдайдың да мәз емес тұстары бар. Мәселен, бүгінгі таңда әрбір ғимаратқа орнатылып жатқан пандустар қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де еркін қолданысқа ие болса, кәнеки? Қарабастың қамы ешқашан да жақсылыққа жетелемейді. Тек қамкөңіл жандарға сүйеніш бола білсек болғаны. Өмірге деген құштарлығы зор «АСАР» командасындағы жігіттердің өмірі – су ішінде тұрып өртке ұрынып жүрген талайларға үлгі болары сөзсіз. Олай болса, жігіттерге тек ДЕНСАУЛЫҚ пен СӘТТІЛІК серіктерің болсын дейміз.

Еңлік САҒЫНДЫҚОВА

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сайтта: 171 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане