logo
  Алматы облыстық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет

АҚЫНДАР ТҮСТІ АЙТЫСҚА

Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫ қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» атанды

 Талдықорған қаласындағы «Жас­тар» спорт сарайында Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына орай облыс әкімінің жүлдесі үшін қазақ кү­ресінен «Жетісу бө­рісі» өз мәресіне жетті. Аталмыш до­дада он алты аудан, үш қаладан ірік­теліп келген отыз…

Қызыл тіл жанның мияты

  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ: Серпінді даму жолына түскен Қазақстан Республикасы жыл соңында айтулы мерейлі дата – Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Халқымыз үшін осынау ширек ғасырлық мерейтойдың…

Адаманан емес, Алладан ұял

Адам баласы өз мінез-құлқы арқылы өз­ге­ден ерекшеленіп, жақсы да, жаман да бо­ла алады. Ал адамға Алладан нығмет етіл­ген көркем мі­нез­дің бірі ол – ұят. Ұялу ар­қылы әр пенденің жү­регі жылып,…

«ӘУЛИЕ АТА» – жеңімпаз

Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталмыш додада рес­публикамыздың он бес командасы бақ сынап, бір апта бойы Жетісу жерін дүбірге бөледі.

Көрермен назарында – «Сыған серенадасы»

Дарыны дара, жалыны сұрапыл композиторды консерваториядан шығарып жіберді. Өмірдің өктемдігі мен адамдардың қысастығынан қажыған қайран сазгер тағдырын болжап берген сыған сұлуларына ілесіп кетті. Мәдениетімен танысып, өнерін тамашалап жүріп қазақ халқының…

Бірлескен іс жемісті болмақ

Қоғамдағы күрмеуі қиын шаруалардың түйткілін шешу тікелей қоғамдық кеңес мү­ше­леріне жүктелген міндет.

Жауапкершілігі зор міндет

Мемлекеттік қызметкер болудың өзі үлкен жауап­кер­ші­лікті талап ете­ді. Тіпті, сөйлеген әр­бір сөзі­ңіз, жүріс-тұ­ры­сыңыз, соңында үстіңізге іл­­ген киі­міңіз де мінсіз болуы тиіс.

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін…

Қазақтың қанын тулатқан

Сайын даланың төсін тұлпарлар тұяғы дүбірлетуде. Ілкім заманнан бері іргедегі елдер қазақ атқа қонса тіксінетін. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан ел жасағын ертіп, шашақты найзасын қолына ұстап, тыныш күнде түрен…

Жас ғалымдарға ашылған жол

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым. Ол ең алдымен хал­қы­мыз­дың бостандыққа ұм­тыл­ған асқақ армандары мен қай­сар рухының жемісі.

«Алтын Адамның» Құпиясы

Жуырда «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «Алтын Адамның» құпиясы» атты жинақтың тұсаукесері болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл игі шараға белгілі тарихшылар мен этнографтар, мәдениет өкілдері қатысты.

Айтыстың алтын діңгегі

Қазақтың айтыс өнері – Жаратқан Алланың берген сыйы. Мұндай нығмет әлемнің өзге елдерінде жоққа тән. Шымыр шумақ пен тапқыр әзілді орайластырып, ойындағысын ашып айту сайын даланың сағым жүзген келбетінен сыр…

«Бөрілер» белдесуге дайын

«Жастар» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай қазақ күресінен «Талдықорған бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Қала әкімінің жүлдесіне арналған бұл жолғы айтулы додаға 30 балуан қатысып, өзара күш сынасты.

АРҚАДАН АЛАТАУҒА ЖЕТКЕН ӨНЕР

Ұлттық рухани іргетасымыздың берік бекіп, адамгершілік-иман­дылық ұстаным­дардың қалыптасуына тәуел­сіздік құрдасы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музы­ка­лық драма театрының қосқан үлесі зор. Небір өтпелі кезеңді басы­нан кешірсе де өз биігін…
Жылыту маусымы қорытындыланды

Жылыту маусымы қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төра­ғалығымен өткен бұл жолғы жиында был­тырғы жылыту маусым...

Толығырақ ...

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС ортақ міндет

Әрқайсымыз үшін «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» – деген ұран етенеден та­ныс. Б...

Толығырақ ...

Бекзат өнердің бесігі

Бекзат өнердің бесігі

Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келе...

Толығырақ ...

Алдаспан ақын ардақталды

Алдаспан ақын ардақталды

«Өсетін елдің әкімі ақынына жақын болатынын» ха­лық айтады. Қалып айтпайды. Оның ай...

Толығырақ ...

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Ірі жобаның іргетасы қаланды

Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы аймағында негізін қалайтын бүкіләлемдік компания «ЛУКОЙЛ&...

Толығырақ ...

120 пәтер берілді

120 пәтер берілді

Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету м...

Толығырақ ...

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

КЕЛЕШЕК КІЛТІ КЕМЕЛ БІЛІМДЕ

Күні кеше Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Біл...

Толығырақ ...

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Батало...

Толығырақ ...

Даланы жандандырған 100 қадам

Даланы жандандырған 100 қадам

Елдің экономикалық дамуына серпін беретін 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «10...

Толығырақ ...

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Жеңістің жетпіс бірінші көктемі

Сұрапыл соғыс салып кеткен сан миллион жауынгердің жүрегіндегі суық сызды Жеңістің құрметіне жанған...

Толығырақ ...

Жамбыл – жырдың алыбы

Жамбыл – жырдың алыбы

Қазақ әдебиеті мен тарихында аты бедерленіп, хаты айшықталған әр тұлға – өз заманының перзенті...

Толығырақ ...

Тыныштық күзетінде

Тыныштық күзетінде

Сайын даланың тө­сінде салтанатпен ғұмыр кешкен елдің тыныш­тығын күзету – ер-азаматты...

Толығырақ ...

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

МӘДЕНИ МҰРАНЫ АРДАҚТАҒАН

Жеңіс мерекесі қалада жан-жақты аталып өтті. Ар­­дагерлеріміздің арамызда барына қошемет кө...

Толығырақ ...

Мол өнім негізі

Мол өнім негізі

Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округіндегі «Алмалы» сер­­­вис­­тік...

Толығырақ ...

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТАБЫС КЕПІЛІ

Көктемгі егін егу науқанына кіріскен облыс егіншілеріне, дала өн­дірісінің озық технологияларын...

Толығырақ ...

Ержүрек ерлер

Ержүрек ерлер

От пен суды қатар кешіп, басын бәйгеге тік­-кен­дер ел есінде мәңгі сақталмақ, жат­тал&s...

Толығырақ ...

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖЕР КОДЕКСІНДЕГІ ТҮЗЕТУЛЕРГЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАДЫ

Кеше Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексінің қо­...

Толығырақ ...

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Жеңісті жақындатқан жауынгерлер

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгі...

Толығырақ ...

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

ЖАНЫ НӘЗІК, РУХЫ ӨР

Отан қорғаушылар күнінде арқа сүйер ер-азаматтарымызды құттықтап, олардың ел ал­дын­дағы ер...

Толығырақ ...

Мен, мен едім, мен едім...

Мен, мен едім, мен едім...

Қайратына мінсе қара сөзбен қабырғаңды қайыс­ты­рып, шерленгенде шарайна жерді шайқар, айбат...

Толығырақ ...

Отан қорғау жолындағы отбасы

Отан қорғау жолындағы отбасы

Адам баласы тағдырының қалай жалғасатынынан хабарсыз. Сонда да болса жақсылықтан үмітті пенде дұрыс...

Толығырақ ...

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Бірінші тоқсан қорытындыланды

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төра­ғалығымен өткен жиында облыстың әлеу­меттік-экономикалы...

Толығырақ ...

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

ӘН-КҮЙ ӘУЕЛЕДІ

Еліміздегі бірлік пен берекенің, бейбітшілік пен ты­ныштықтың айқын үлгісі мамыражай мамыр айым...

Толығырақ ...

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

ЖОҒАРЫ ДАЙЫНДЫҚ БАЙҚАЛДЫ

Алматы облысының Заречный кентінде Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшыс...

Толығырақ ...

Ынтымағы жарасқан

Ынтымағы жарасқан

Көпұлтты отбасы қазір ешкімді таңғалдырмайды. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде ұлттардың араласуы...

Толығырақ ...

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

ЖЕРІМІЗ МЕРЕКЕЛІ, ЕЛІМІЗ БЕРЕКЕЛІ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Талдықорған қаласы Достық үйінің мәжіліс...

Толығырақ ...

Ақ желеңділер үлесі

Ақ желеңділер үлесі

Адамзаттың игілі үшін жан сала қызмет көр­сету­шілердің бірі – дәрігерлер. Дені сау ад...

Толығырақ ...

Ардагерді ардақтады

Ардагерді ардақтады

Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың артта қалғанына биыл 71 жыл. Нағыз табандылық пен батырлықтың...

Толығырақ ...

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

САЗӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

Тарыққанда тығырық­тан шығарар, қамыққанда мұң тарқатар, қуанғанда көңіліңді көкжиекпен астастыр...

Толығырақ ...

Жүрек жылыуы

Жүрек жылыуы

«Тағдыр – тара­зы­сы­ның» келесі кейіп­кері­мен сұхбаттасу ма...

Толығырақ ...

 obl  taldykorgannew zhetysutvlogo   alataulogo
3762
zharnama
Сенбі, 16 Сәуір 2016 00:00

АЛАҢДАҒЫ АЗАТТЫҚ РУХЫ

 
Дауыс бер
(1 Бағалау)

monyment

Бәрінен де бостандық бағалы. Бәрінен де азаттық қымбат. Әсіресе, үш ғасыр отарлық езгіден еңсе көтере алмаған Алаш баласы үшін еркіндіктің орны ерекше. Бәрінен бұрын жүрек түбінде жалын атып, буырқана жөнелетін намыс отын айтсаңызшы?!

Бұл – тентектердің арасындағы қарадүрсін төбелес кезінде туатын өтпелі ашу емес. Бұл ұлттың жүрек лүпілінде атой салған, ғасырларға жалғасқан қысымның кесірінен зеңгір көкке, бостандыққа қарай шаншыла атылған жанартау еді. Керек десеңіз, әр көкіректе тұтанған мұндай ұшқынның екпіні Алатауды тіктеген көк тастарды қарс айырып, аң арқасын бүруге қомданған сояу тырнақты қырандай Алматы алаңын дүр сілкіндіретін алапат күшпен тең-ді. Ол от – ұлттық намыс-ты кәдімгі. Ат жалында алдаспан сілтеген Қасым ханның, жекпе-жекте ата кегін қайтарған Абылайдың, қалың қазақты азаттыққа бастаған Кенесарының қаһары қайтып келді. Кешегі Алаш арыстарының қанаты қырқылған асқақ арманы, атамекен үшін оққа ұшқандардың асыл аманаты орындалатын ақсарбас күн туды.

Алатаудың бөктерінен бү­гін ызғырық жел есіп тұр. Алматының аспанын әдет­тегідей қалың бұлт торлаған. Әлмисақтан қазақ халқы бұл айды тектен-текке желтоқсан атамаса керек. Тұтас Алаш даласында қыс қаһарын сез­діріп, ақ түтек боран әлсін-әлі ұйытқып соғады. Ақ көрпеге көмкерілген алыстағы ауыл­дар төрт түлігін түгендеп, мемлекет белгілеген жос­пар­ды межесінен асыра орындап әлек. Қарасақ, қазаққа қой бағуда ғана шектеу қойыл­мапты. Қалған қай істе бол­ма­сын әр аттағаны – аңду, әр бас­қаны – бұғау. Тіпті, қалалы жер­де қазақша тіл қат­қан­дар­дың әр қадамына қылбұрау са­лынған. Түркілердің дә­уі­рін­де Тұран даласын әл­ди­ле­ген Алаштың тілі Алматыда аяқ­қа тапталып жатты. Іле аң­ғарындағы көне қаланы қамал жа­сап, көшпенділерден қор­ған­ған отаршылдар ақыры қа­зақ тарихына балта шапты. Ұраншыл еңбекшілерді жа­сақ­таған оспадар билік қа­ла­дағы қапас пәтерді паналап жүр­ген қазақтарға кешегі көш­пелі өмірін ұмыттырғысы кел­ді.

Оқығандарын оққа тосып, бас көтергендерін бостан­дық­тан айырған жарлылардың билігі расында атқа қонған Алаш заманынан қатты сес­ке­не­тін. Сол себепті де әу баста ха­лықтың жылқыларын жу­са­тып салып, етін жапа-тар­ма­ғай Ресейге жөнелтті. Ор­та­лықтандырамыз деп тұ­ран­дықтарды төрт түлігінен айы­рып тастады. Жоқ, ежелден ер­кіндікте өскен бұла халық мұндай жаныштаудың түбі жақсылыққа апармайтынын жақсы білді. Еңсесі езілсе де кеудеде жаңа ұшқын, жаңа от тұтанып келе жатты. Әсіресе, тарихқа бетбұрыс жасаған жазушылардың теңдессіз шы­ғармалары жастардың жігерін ұштап қана қоймай, қанында бар қайсар мінезді қайта ті­ріл­тті. Бір ғана Ілияс Есен­берлиннің «Қаһарын» оқып, хан Кененің ұлт жолындағы қиян-кескі күресін ой еле­гінен өткізген мыңдаған қазақ рухани серпіліс жасады. Қа­лам ұстағандар өткеніне ұм­тылып, тарих арқылы Алаш­тың әбден қалжыраған, әлсі­реген, титықтаған өзегіне су құйды. Балта шабылған та­мы­рын ерлік пен өрлікке толы та­рихымен жалғады.

Желтоқсанның желі дала­да үскірікке ұласып, мал­шы­лар­дың беті-қолын әбден дом­бық­тырып жіберіпті. Ал қала­да жанға жайсыз тиетін ызғы­рық толастамай, тұрғын­дар­дың тұла бойын қалтыратып қояды. Сейсенбінің таңында кешегі суық жел әлі басыл­мапты. Бүгін ортақшыл мем­ле­кеттің кіндік қаласында ке­зек­тен тыс кеңес өтті. Аны­ғын­да, шұғыл ауыс-түйіс. Бұл жо­лы да терістіктегі шешім асығыс және үстірт шыққан. Қазақтың тағдыры қайбір асық­пай, ақылмен шешіледі дейсіз?! Әдеттегіден де қысқа жиын. Миллиондаған ха­лық­тың, байырдан қалыптасқан тарихи отаны бар елдің бас­шысы небәрі он сегіз минутта тағайындалды. Ресейдің қиыр шетіндегі облыс басшысын кешегі хан Абылайдың хал­қына жетекшілік жасатып қой­ды. Құлақ естіп, көз үйренген, қалың қазақтың көз алдында жүрген көсем болса бір сәрі ғой.

Олай емес екен. Ұраншыл, әкімшіл, әміршіл орталық қа­зақ­ты тарихынан түпкілікті ажы­раттық, өткенін мәңгілікке ұмыттырдық деп тым ерте ойлап, тым ерте өрескел ше­шім шығарыпты. Қойдың са­нын елу миллиондық межеге жет­кіземін деп жанталасқан ха­лыққа жергілікті басшының қажеті шамалы шығар. Ауыл­дағы бірен-саран адамдар бол­ма­са, Алматыдай астанада ұлт­тық тұрғыда пікір айтатын еш­кім жоқтығы бесенеден белгілі. Айтпаса да түсінікті. Өйткені, миллоннан аса тұрғыны бар Алматыда бір ғана қазақша оқытатын білім ордасы қалған. Оның өзі санаулы жылда жа­бы­лады. Жоғары білім беру үшін де бірнеше сатылы ке­дер­гілер саяси түрде реттеліп қой­ған. Алдымен ерлері қару асы­нып, шекара асып екі жылын әскерге сарп етеді. Содан кейін тағы екі жыл малдың соңында шопан болады. Сонымен өзі де қара жұмысқа жегіліп, оқуға деген талпынысын күнделікті күйкі тіршілік күйретеді. Айт­қанға еретін еңбек адамына айналады. Мұндай адам мем­ле­кетке өте-мөте қажет әрі бө­тен ойы жоқ, қауіпсіз.

Әшейінде елді еңбекке жұ­мыл­дырып, материалистік өмір­де ешбір қателікке бой ал­дырмайтын жарлылардың ру­хани жарымжан билігі дәл осы жолы оңбай қателесті. Олар қазақтың намысын, қазақтың қанша жаныштаса да, үп еткен желге қайта тұтанатын қайсар мінезі мен ерен ерлігін ес­кер­мей қалды. Сейсенбіден сәр­сен­біге қараған түні Ал­ма­ты­дағы Алаш ұрпақтары жа­сы­рын жатақхана аралап, жастар тегіс атқа қонды. Бәрінің басын ұлттық намыс, жаншылған жігер, өгейден көрген қысым, бөтеннен тартқан теперіш, қитұрқылардан сезген қағажу бір тудың астына біріктірді. Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, жәудіркөз жастар бәрін үнсіз ұғынысты. Таң ала­кеуімде Алматы жастары алаң­ға ағылды.

Кремль алаңдағы қалың қазақ жастарын көріп, әбден әбігерге түсті. Мына кешегі көшпенділер әлі асау мінезінен айнымапты. Осыған дейінгі орыстандыру саясаты қайда қалды? Рухсыз, тілсіз, дінсіз идеология жүргізіліп, бәрі қой соңына түскен еңбекші болып кеткені қайда? Бұлар сонда намысын әлі ұмытпаған ба? Ұлт­тық намыс дейді? Сондай сипат болуы мүмкін бе? Жа­сырын жиында ортақшыл би­лік­тің көсемдері осы сауал­дарға жауап іздеді. Тәуел­сіз­дік­ке ұмтылған жастар туған та­ри­­хындағы сан мың бұл­қы­ныспен қайта қауышты. Сас­қан орталық әскери күш жұ­мыл­дырмас бұрын баяғы жы­мыс­қы идеологиясының бір ұшы­ғын пайдаланып көруді жөн санады. Олар қазақтың беткеұстар адамдарын, таны­мал тұлғаларын алаңдағы жас­тарға басу айтуға міндеттеді.

Нәтиже шықпады. Расында да, қазақ студенттері қайсар екен. Екі жыл қой бақтырып, төрт түлікке салып, ауыр ең­бекке жексе де, білімге деген құштарлығын ешкім жоя ал­мады. Көрдің бе, бұлар сол асу­лардың бәрінен өтіп, жоғары білім алып, ұлттық намыстың не екенін, жаныштаудың қан­дай болатынын, теріс идео­ло­гияның қалай іске асатынын түсініп қойыпты. Сексеуілді сексеуілге ұрып сындыру сая­саты аяқсыз қалды. Алаң ай­нал­дырған бір сағаттың ішінде толып кетті.

Бұл не сұмдық? Кремль шын састы осы жолы. Басқа бас­қа, дәл осы қазақтарда ұлт­сыз­дандыру саясаты тың­ғы­лықты жүріп еді ғой. Ә, мұның айласы енді табылды. Әлгі Геннадий Колбинді қайта тақ­тан тайдыру марксистік мем­лекетте өте ұят. Сондықтан, бұлардың сазайын жалған ақ­па­ратпен, негізсіз жаламен бе­ру керек. Биліктің басы қатты. Ашуға булыққан жастар мы­на­дай Лениннің мемлекетіне үл­кен талап қояды деп кім ой­ла­ған? Бірінші хатшыны негізсіз тағайындады деп шектелсе бір жөн. Жастар Қазақстанда туып-өскен адамды бас­шы­лық­қа қоюды сұрайды. Сұм­дық-ай! Мұндай оқиға сонау қазан төңкерісінен бері болмап еді. Сол кезде-ақ қазақтың осындай бас көтерерлері қыршынынан қиылып, жоспармен күн ке­ше­тін рухсыз, тарихсыз, тілсіз қо­ғам құрылған сияқты бо­ла­тын. Мынау қайдан шықты тағы? Бұлар шеттерінен нашақор, араққа салынған, бұзақы, ауыл­дан, қаладан, жан-жақтан жи­нал­ған маскүнемдер ғой. Иә, со­лай. Қарасаңшы, әне, түрлері сұс­ты. Айқайлағанына қара­ған­да ішімдікке сылқия тойған сияқты.

Жоқ, бұл жоспардың да ая­ғы аспаннан келді. Алаңды ға­сырларға жалғасқан азаттық ру­хы кернеп тұрған еді. Бірақ ор­талықтың жандайшаптары мұны ескермеді тағы. Әскери күш қолдануға көшті. Маман­дандырылған алып денелі жен­дет­тер Алаш ұрпақтарын аяу­сыз соққыға жықты. Жастар тайсалған жоқ. Өйткені, олар­дың соңында қағажу көрген қалың елі, бабалар аманаты тұр еді. Орталық ұлттық намыстың алаулап жанған отын суық сумен сөндіруге талпынды. Сол әскери әрекетімен бірге құ­дайсыз қоғам құрғысы кел­ген материалистер де құр­дым­ға кетіп, қабырғасы сөгілерін білген жоқ. Ғасыр басындағы дербестікке ұмтылған ұлт-азаттық көтеріліс 70 жылдан кейін Желтоқсан болып жал­ғас­ты. Бір сөзбен айтқанда, Жел­тоқсан көтерілісі Қа­зақ­стан­ның тәуелсіздігіне жол ашты.

«Мен алаңға Дінмұхамед Қонаевты да, басқаны да қор­ғау үшін барған жоқпын. Мен қазақ қыздарын шашын сүй­реп, тепкілеп жатыр дегенді ес­тіп бардым», – деп жазады Желтоқсан көтерілісінің қаһар­маны Қайрат Рысқұлбеков өзі­нің берген түсініктемесінде. Қарындасын қызғыштай қор­ға­ған қайран қазақ бостандық жо­лында не көрмеді?! Қайсар ха­лық тәуелсіздік үшін талай рет тұяқ серпіп, 300-ден астам көтеріліс жасапты. Қанды шай­қас­тарда қаншама боздақ бос­тан­дықты сезіне алмай ар­ман­да кетті десеңізші?! Бақытты күнің енді туды, Алаш!

...Осыдан отыз жыл бұрын ескен ызғырық қазір жоқ. Ас­пан шайдай ашық. Алаңда азат­тық рухына арналған екі ес­керт­кіш тұр. Бірі – бес қаруы сақадай сай сауытты қазақ сар­базы мүсінделген Тәуел­сіздік монументі. Бірі – «Тәуел­сіз­дік таңы» деп ата­ла­тын Желтоқсан құрбандарын еске алып, қолына құс қон­дырып тұрған алтын құрсақты ананың мүсіні. Маңайында азат елдің ұрпақтары ойнақ салып жүр.

Қуаныш Тұнғатар

Оқылды 381 рет

Күнтізбе

« Қаңтар 2018 »
Дсб Сб Срб Бсб Жұм Снб Жек
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сайтта: 192 қонақ

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане